Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң



бет1/15
Дата01.07.2016
өлшемі2.73 Mb.
#171117
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15


Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2014 жылғы « »

№ бұйрығына

қосымша
Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2014 жылғы «15» желтоқсандағы

№ 1-1/665

бұйрығымен бекітілген



Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң

2014 – 2018 жылдарға арналған

стратегиялық жоспары

1-бөлiм. Миссиясы мен пайымы
Миссиясы
Мемлекеттік саясатты тиімді қалыптастыру, үйлестіру және іске асыру жолымен агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, су, орман шаруашылығы мен жануарлар дүниесінің орнықты дамуы үшін жағдай жасау
Пайымы
Бәсекеге қабiлеттi агроөнеркәсiптік кешен, су, балық, орман және аңшылық шаруашылығының орнықты дамуы.
2-бөлiм. Ағымдағы жағдайды және қызметтің тиiстi салаларының (аяларының) даму үрдiстерiн талдау
1-стратегиялық бағыт. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту
Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі өндірісінің көлемі 2013 жылы 2386,1 млрд. теңгені құрады, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 11,7 %-ға және 2011 жылмен салыстырғанда 4,4%-ға жоғары.

2013 жылы ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі 781,8 мың теңгені, 2012 жылы – 612,1 мың теңгені және 2011 жылы – 641,6 теңгені құрады.

2013 жылы ауыл шаруашылығының негізгі капиталына инвестициялардың ағыны 2011 жылмен салыстырғанда 32,2 млрд. теңгеге, 2012 жылмен салыстырғанда 2,1 млрд. теңгеге артып, 139,6 млрд. теңгені құрады.

2013 жылы агроөнеркәсіптік кешенді (бұдан әрі – АӨК) қолдауға республикалық бюджеттен 190 млрд. теңге, 2012 жылы – 230 млрд. теңге бөлінді

Бұл ретте, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер (бұдан әрі – АШТӨ) мен халық болып табылатын негізгі тұтынушыларды (игілік алушыны) мемлекеттік қолдау субсидиялау, жеңілдетілген кредит беру, жеңілдетілген салық салу, қызметтерді өтеусіз негізінде көрсету және басқалар арқылы жүзеге асырылады.

Өсімдік шаруашылығы.

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша 2014 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы 2013 жылдан (21,3 млн. га) 200 мың га немесе 2012 жылдың (21,2 млн.га) көрсеткішінен 300 мың га арта отырып, 21,5 млн. га құрады.

Дәнді дақылдар алқабы, 15 млн. га 2013 жылы 15,8 млн.га, 2012 жылы 16,3 млн.га құрап, дыл сайын азаюда, бидай алқаптары тиісінше 2012, 2013, 2014 жылдары 13 464 мың га-ды, 13 088,7 мың га-ды және 12 391,8 мың га-ды құрай отырып, 2012-2014 жж. аралығында 1 072,2 мың га-ға (8%) қысқарды.

2012, 2013, 2014 жылдары мынадай дақылдардың алқаптары ұлғайтылды: жаздық арпа – (2012 ж. – 1 825,1, 2013 ж. – 1 857,4, 2014 ж. – 2 004,1 мың га), (2012 ж. – 101,5, 2013 ж. – 108,5, 2014 ж. – 127,3 мың га), рапс – (2012 ж. – 228, 2013 ж. – 263,1, 2014 ж. – 303,3 мың га), соя – (2012 ж. – 85,3, 2013 ж. – 103,2, 2014 ж. – 119,1 мың га), зығыр – (2012 ж. – 419,4, 2013 ж. – 410,1, 2014 ж. – 709,4 мың га), көкөніс-бақша дақылдары – (2012 ж. – 210,5, 2013 ж. – 215,4, 2014 ж. – 415,1 мың га), жемшөптік дақылдар – (2012 ж. – 2 517,4, 2013 ж. – 2 866,8, 2014 ж. – 3 316,2 мың га).

Астықтың өңдеуден кейінгі салмақтағы жалпы жиналымы сәйкесінше 11,6 ц/га, 8,6 ц/га, 16,9 ц/га астық өнімділігінде 2013 жылы 18,2 млн. тоннаны 2012 жылы 12,9 млн. тоннана, 2011 жылы 27 млн.тоннаны құрады.

Майлы дақылдардың жалпы жиналымы алдыңғы жылдармен салыстырғанда 2012 жылы 978,6 мың тоннаны құрай отырып, 165 мың тоннаға қысқарды, бұл ретте 2013 жылы 1 498,0 мың тоннаны құрады, бұл өсімдік майына ішкі қажеттілікті 280 %-ға қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Көкөніс дақылдарына ішкі қажеттілік 187 %-ға, картопқа деген қажеттілік – 278 %-ға жабылады (2013 жылы осы дақылдар бойынша жалпы жиналым 6,5 млн. тоннадан астам құрады (картоп – 3,3 млн. тонна, көкөніс – 3,2 млн. тонна) сәйкесінше 2012, 2011 жылдары 6,5 млн. тонна және 6,2 млн. тоннаны).

2013 жылы жабық топырақтағы көкөністер алаңы 575,9 га құрады, оның ішінде 230 га жоғары технологиялық жылыжайлар алып жатыр. Бұл ретте жалпы жиналым 90,2 мың тонна құрады, бұл маусым аралық кезеңіндегі елдің ішкі қажеттілігін 67 %-ға қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 2012 жылы жабық топырақтағы көкөністер алаңы 504,9 га құрады, оның ішінде 20,9 га жоғары технологиялық жылыжайлар алып жатыр (өнімділігі 20 кг/м2), жалпы жиналым 60,2 мың тонна құрады, бұл маусым аралық кезеңіндегі елдің ішкі қажеттілігін 66 %-ға қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

2014 жылы облыстық ауыл шаруашылығы басқармаларының деректері бойынша ылғал ресурстарын үнемдегіш технологиялар 12,9 млн.га алқапта (84 % астық алқабы) қолданылды, бұл 2013 жылдың деңгейінен 2,6 %-ға (12,6 млн.га) артық, 2012 жылы алаңдар 12,4 млн.га құрады. Тамшылап суарудың алқаптары 2014 жылы 47,8 мың га-ға жетті, бұл 2013 жылдың деңгейінен 49,9 %-ға артық.


Негiзгi проблемаларды талдау
Өсімдік шаруашылығы саласында мынадай проблемалар бар: табиғи-климаттық жағдайларға жоғары тәуелділік, сақтау қуаттарының тапшылығы, білімнің жеткіліксіздігі және АШТӨ агротехнологиясын ендірудің төмен деңгейі, көктемгі–дала және егін жинау жұмыстарын жүргізу кезінде қаржы қаржатының жетіспеушілігі, қажетті өтімділігі жоғары кепілмен қамтамасыз етудің болмауы, АШТӨ қаржы институттары алдындағы жоғары кредиттік берешектері, қаржы қаражаттарының төменгі қолжетімділігі, сақтандырумен қамтылған алаңның төменгі үлесі, ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдарын әртараптандырудың индикативті көрсеткіштеріне қол жеткізілмейді.

Гидрогеологиялық-мелиоративтік қызметтің жағдайы суармалы жерлердің мониторингін жүргізу үшін қаржының жетіспеуімен сипатталады. Қолда бар автокөліктер мен бұрғылау құралдары 80 %-дан астам тозумен сипатталып, компьютерлік және офистік техника, сондай-ақ арнайы дала және зертханалық жабдықтар да дәл осындай жағдайда. Соңғы жылдары материалдық-техникалық жабдықтау бағдарламасы бойынша активтерді сатып алуды қаржыландыру тоқтатылды.

Қызмет жұмыскерлері еңбек ақысының төмен болуына байланысты кадрлардың жетіспеушілігі байқалуда және ротация жүргізілмейді.
Негiзгi сыртқы және iшкi факторларды бағалау
Өсімдік шаруашылығында орын алып отырған өзекті мәселелерді шешу және сектордың тартымдылығын арттыру мақсатында АШТӨ-нің (игілік алушының) өсімдік шаруашылығының өнімін өндіру кезіндегі шығыстарын субсидиялау арқылы мемлекеттік қолдау жалғастыратын болады.

Осылайша, өндірістік процесте игілік алушыларға қажетті тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру мақсатында жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық екпелерін және өсіру ЖЖМ және басқа да ТМҚ өсіру құнын, көктемгі-дала және жинау жұмыстарын жүргізуді субсидиялау жалғасады.

АШТӨ-ні өсімдік шаруашылығы өнімдерінің түсімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған іс-шараларды жүргізуге ынталандыру мақсатында минералды тыңайтқыштар мен гербицидтердің экономикалық қолжетімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдауды жалғастыру жоспарлануда, сондай-ақ тұқымдардың сорттық және егістік сапаларының сараптамасын қамтамасыз ету жоспарланған.

Тауарлы шаруашылықтарға бірінші репродукциялы тұқымның (1-буын гибридтерінің) қолжетімділігін арттыру, уақтылы сорт алмастыру және сорт жаңарту жүргізу мақсатында тұқым шаруашылығын субсидиялау тетігі жетілдірілетін болады, ол 2015 жылдан бастап асыл тұқымдарды субсидиялауды салып тастауды және бірінші репродукциялы тұқымдарды (1-буын гибридтерін) субсидиялауға көшуді көздейді. Сондай-ақ АШТӨ өткізген жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық екпелерінің құнын субсидиялау жалғасатын болады.

Отандық мақта талшығы және мақта шикізаты сапасының сараптамасы бойынша қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру мақсатында сараптамалардың көрсетілген түрін жүргізуге субсидиялар бөлуді жалғастыру жоспарланып отыр. Сараптамалар өткізу өнімді сертификаттауға және оны анағұрлым қымбат бағаға сатуға мүмкіндік береді, ол АШТӨ және мақта шикізатын қайта өндірушілердің кірісін арттыруды қолдауға мүмкіндік береді.

Ауыл шаруашылығы дақылдарын суару үшін су жеткізу бойынша су жеткізушілерден алынған қызметтердің шығындарын өтеу мақсатында бекітілген суды қолдану лимитінің шеңберінде АШТӨ-ні мемлекеттік қолдау жалғасатын болады.

Бұл ретте, Қазақстан Республикасының жаңа бюджеттік саясатының тұжырымдамасын іске асыру мақсатында аталған іс-шараларды қаржыландыру және іске асыру жергілікті бюджеттер шығыстарының базасына берілді. Тиісінше аталған мемлекеттік қолдау шараларының тиімділік көрсеткіштері облыстардың аумақтарын дамыту бағдарламаларында көрініс табатын болады.

Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізудің саланы дамытуға әсер етудің сыртқы факторы ретінде табиғи-климаттық жағдайлардан жоғары тәуекелді ескере отырып, ауыл шаруашылығы өнімі өндірісінің тұрақтылығын кепілдендіру үшін өсімдік шаруашылығындағы сақтандыру жүйесін одан әрі дамытудың қажеттілігі бар.

Осыған байланысты, өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру жөніндегі қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру мақсатында сақтандыру компаниялары жұзеге асырған сақтандыру төлемдерін субсидиялау нысанында АШТӨ-ні мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру жоспарланып отыр.

АШТӨ үшін қаржының экономикалық қолжетімдігін арттыру мақсатында ауыл шаруашылығы техникасының (бұдан әрі – ауыл шаруашылығы техникасы) кредиті және лизингі бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау түрінде мемлекеттік қолдау көрсетілетін болады, қарыздарды кепілдендіру мен сақтандыру бойынша шара іске асырылатын болады.

Бұдан басқа, өндіріске енгізу үшін жоғары өнімді сорттарды анықтау мақсатында шаруашылық-құнды белгілер мен қасиеттер кешені бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының ең жақсы сорттарын анықтай отырып, отандық және шетелдік селекциядағы жаңа сорттардың шаруашылық пайдалылығына мемлекеттік сынаулар мен патент қабілеттілігіне сараптама жүргізу жалғастырылатын болады.

Сондай-ақ жерлерді ұтымды және тиімді қолдану және топырақтың құнарлығын арттыру мақсатында топырақтың агрохимиялық құрамын анықтау бойынша қызмет көрсету жалғастырылатын болады.

Суармалы жерлерді қолдану тиімділігін арттыру мақсатында және мелиоративтік жағдайын жақсарту үшін жердің тұздану дәрежесін диагностикалау үшін құралдар мен заманауи әдістерді, картаға түсіру және жайғастыру жүйесін қолдану, спутниктік ақпаратты қолдану арқылы мониторинг жүргізу қажет.

Болашақта, республиканың суармалы жерлерінің мониторингін қамту арқылы (2,1 млн. га алқапта) гидрогеологиялық-мелиоративтік қызмет аймағын кеңейту жоспарланып отыр.

Жас мамандар ағынының жалақы деңгейіне тікелей тәуелділігін ескере отырып, азаматтық қызметкерлердің (ауыл шаруашылығы қызметкерлері үшін) еңбекақы жүйесін жетілдіру қажеттілігі бар.

Мал шаруашылығы.

2013 жылдың қорытындысы бойынша барлық санаттағы шаруашылықтарда сойыс салмақта ет өндірісі 871,0 мың тоннаны құрады, бұл 2012 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3,1%-ға ұлғайды, ал 2011 жылы 7%-ға қысқарды. Сүт өндірісі 2012 жылғы көрсеткіштерден 78,7 мың тоннаға артық, бірақ 2011 жылғы көрсеткіштен 256 мың тоннаға аз 4 930,3 мың тоннаны құрады. Жұмыртқа өндірісі 2011 жылдан 2013 жылға дейінгі кезеңде 5,2%-ға ұлғайды. Жүн өндірісі 2013 жылы 2,1 %-ға төмендеді және 37,6 мың тоннаны құрады.

Сонымен бірге, агроқұрылымдарда 2011 жылдан бастап 2013 жылдар аралығында ет өндірісі көлемінің 25,7 %-ға ұлғаюы байқалады, бұл 2013 жылы 290,0 мың тоннаны; сүт тиісінше 801, мың тонна немесе 29,9 %, жұмыртқа


2 593,3 млн. дана немесе 9%, жүн-14,0 мың тонна немесе 16% құрайды.

Сондай-ақ мал шаруашылығы саласында мынадай проблемалар белгіленеді: қажетті өтімділігі жоғары кепілмен қамтамасыз етудің болмауы, АШТӨ қаржы институттары алдындағы жоғары кредиттік берешектері, қаржы қаражаттарының төменгі қолжетімділігі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің деректері бойынша 2012 жылғы көрсеткіштен 161,2 мың басқа және 2011 жылы 145,3 мың басқа артық бола отырып, 2013 жылдың қорытындысы бойынша ірі қара малдың саны 5 851,2 мың басты құрады; қой және ешкілердің саны 2012 жылмен салыстырғанда 72,4 мыңға, 2011 жылмен салыстырғанда 482,7 мың басқа қысқарып, 17 560,6 мың басты құрады. Жылқы басы 2012 жылмен салыстырғанда 98,2 мыңға, 2011 жылмен салыстырғанда 233,4 мыңға артып, 1 784,5 мың басты құрады. Түйелердің мал басы 2011-2013 жылдар аралығында 8 мың басқа қысқарды. Құстардың барлық түрлері 2011-2013 жылдармен салыстырғанда 1 281,1 мың басқа артқан.

Жалпы ауыл шаруашылығы құрылымдарындағы мал мен құс санының ұлғаюында оң серпін байқалады. Сонымен, ІҚМ өсімі 12,3%-ды құрады және 1 816,7 мың басқа жетті, қойлардың өсімі 7%-ды құрады және 6,5 мың басқа жетті, жылқы өсімі 12,8%-ды құрады және 789,5 мың басқа жетті, құс өсімі – 0,1 %-ды құрады және 21,7 млн. басқа жетті. Шошқа саны 1,1%-ға төмендеді.

2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығының базасын 614 шаруашылық субъектісі ұсынған. Оның ішінде ауыл шаруашылығы жануарларының асыл тұқымды төлін өсіру және сатумен 591 субъекті, оның ішінде 36 асыл тұқымды зауыт, 543 асыл тұқымды шаруашылық және 12 асыл тұқымды репродукторлар айналысады.

Ауыл шаруашылығы жануарларын өндіргіштердің тұқымдарын өндірумен және сатумен асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы 23 субъекті, соның ішінде 2 асыл тұқымды және 21 дистрибьютерлік орталық айналысады.

Сонымен бірге, республиканың мал шаруашылығы әлі де ауыл шаруашылығы жануарларының генетикалық әлеуетінің төмен деңгейімен сипатталады.

2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша республикадағы шаруашылықтың барлық санатында асыл тұқымды ірі қара мал басының үлес салмағы жалпы мал басының 8,8 %-ын құраған, бұл сәйкесінше 2013 және 2012 жылдар кезеңінде 8,2% және 7%-ды құраған көрсеткіштен жоғары. Асыл тұқымды қойлардың мал басы 2013 жылғы қатынастан өзгермей – 14,0 %-ды құрады. Асыл тұқымды шошқалардың мал басы 16,3 %-ды құрады, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 13%-ға көп, бірақ 2013 жылмен салыстырғанда 19%-ға аз. Асыл тұқымды жылқы басы соңғы үш жылда – 0,1 %-ға ғана артып 7,1%-ды құрады. Асыл тұқымды түйелердің басы 2013 жылы – 11%-ды, 2012 жылы – 10%-ды құрай отырып, 12,5 %-ды құрады. Асыл тұқымды құстардың саны 2014 жылғы 1 қаңтарда 8,7 %-ды құрады, бұл сәйкесінше 11,8 және 12,1%-ды құраған 2013 және 2012 жылдардың ұқсас кезеңінен төмен.


Негiзгi проблемаларды талдау
Мал шаруашылығы өнімінің үлкен үлесі халықтың жеке қосалқы шаруашылықтарында өндірілетініне байланысты мал шаруашылығы саласы жануарлардың төмен генетикалық әлеуеті, күтіп-бағудың заманауи технологияларының және басқа технологиялардың аз қолданылуы сияқты сипаттамаларға ие, бұл төмен өнімділікке және өнімнің төмен сапасына әкеліп соғады, ішкі нарықтағы артып отырған сұранысты қамтымай, мал шаруашылығы өнімінің өзіндік құнының жоғары болуына және бәсекеге қабілеттіліктің төмендеуіне апарады, импортқа тәуелділіктің қалыптасуына алып келеді.

Сонымен қатар, жануарларды суаруға арналған су көздерінің қолжетімсіз болуына байланысты табиғи жайылымдардың әлеуеті пайдаланылмайды.


Негiзгi сыртқы және iшкi факторларды бағалау
Мал шаруашылығы саласын дамыту және тауар өндірушілерді өндірісін технологиялық жаңғыртуға ынталандыру, сондай-ақ өндірілген мал шаруашылығы өнімдерінің көлемі мен сапасын арттыру мақсатында мал шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді мемлекеттік қолдауды жалғастыру ұсынылады. Мемлекеттік қолдау ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің (игілік алушылардың) мал шаруашылығы өнімдерін өндіруге жұмсалатын шығындарын өтеуге бағытталатын болады.

Асыл тұқымды малдардың үлес салмағын арттыру және ауыл шаруашылығы жануарларының өнімділік сапасын ұлғайту мақсатында тауар өндірушілердің асыл тұқымды материал (малдар, тұқымдар және эмбриондар) сатып алу бойынша шығындарын өтеу жалғастырылатын және ауыл шаруашылығы жануарларының сапалық құрамы мен тұқымдық сапаларын жақсартумен айналысатын тауар өндірушілерге асыл тұқымды аналық басты және асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды күтіп-бағу бойынша, сондай-ақ селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар жүргізу бойынша шығындарын субсидиялау түрінде қолдау көрсетілетін болады.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді мемлекеттік қолдау қой шаруашылығын, жылқы шаруашылығын, түйе шаруашылығын және құс шаруашылығын дамытуға да таралатын болады, бұл ауыл шаруашылығы жануарларының жалпы табынындағы асыл тұқымды мал басының үлесін ұлғайту үшін жағдай жасайды және олардың өнімділігін арттырады.

Отандық құс фабрикаларына асыл тұқымдық материал (тәуліктік балапан және инкубациялық жұмыртқа) сатып алу бойынша қолдау көрсетілетін болады.

Бұл ретте, Жаңа бюджеттік саясат тұжырымдамасының ережелерін іске асыру мақсатында аталған іс-шараларды іске асыру жергілікті бюджет шығындарының базасына берілді. Тиісінше аталған мемлекеттік қолдау шаралары тиімділігінің көрсеткіштері облыс аумақтарын дамыту бағдарламаларында көрсетілетін болады.

АШТӨ үшін қаржының экономикалық қолжетімдігін арттыру мақсатында ауыл шаруашылығы техникасының кредиті және лизингі бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау түрінде мемлекеттік қолдау көрсетілетін болады, қарыздарды кепілдендіру мен сақтандыру бойынша шара іске асырылатын болады.

Бұдан басқа шалғайдағы мал шаруашылығын дамыту және жайылымдық учаскелерді қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің шығындарын инвестициялық субсидиялау енгізілетін болады.

АӨК өнімінің өндірісі және оны қайта өңдеу.

2013 жылы тамақ өнімдері өндірісінің көлемі ақша түрінде 970,1 млрд. теңгені құрап, 2012 жылмен салыстырғанда 5,6 %-ға (856,6 млрд. теңге) өсті. 2011 жылы өндіріс көлемі 828 млрд. теңгені құрады.

2013 жылы 2012 жылмен салыстырғанда ұн, жарма, өсімдік майы, өңделген сүттің, ірімшік пен сүзбенің, қышқыл сүтті өнімдер, шұжық өнімдері мен етті консервілердің өндірісі өсті.

Елдің ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібінің өнімдері бойынша сыртқы саудадағы тауар айналымының көлемі 2013 жылы 4 251,8 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2012 жылғы көлемнен (4 044,3 млн. АҚШ доллары) 5,1 %-ға артық және 2011 жылдың көлемімен салыстырғанда (3 798,8 млн. АҚШ долл.) 11,9 %-ға артық.

Бұл ретте ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібінің өнімдері бойынша экспорт көлемі 2013 жылы 2012 жылмен салыстырғанда (1 085,9) 7,5 %-ға және 2011 жылмен салыстырғанда (964 888,4 мың АҚШ долл.) 20,9 %-ға артып, 1 167,0 млн. АҚШ долл. құрады.

2013 жылы импорт көлемі 2012 жылмен салыстырғанда 4,3 %-ға және 2011 жылмен салыстырғанда 8,8 %-ға артып, 3 084,8 млн. АҚШ долларын құрады.

Импорттың нақты негізгі көлемі негізінен Кеден одағы елдерінен және алыс шетелден әкелінетін жеміс-көкөніс консервілеріне, сүт өнімдеріне, құс етіне, кондитерлік өнімдерге тиесілі.


Негiзгi проблемаларды талдау
Қайта өңдеу секторын дамытуды бәсеңдететін негізгі факторлар шикізаттың төмен сапасы және тапшылығы, сауда-логистикалық инфрақұрылымның және шикізатты дайындау, тасымалдау және сақтау бойынша логистиканың дамымауы, қайта өңдеу кәсіпорындары жабдықтарының сапалық және табиғи тозуы, шикізатты сатып алуға айналым қаражатының болмауы болып табылады.
Негiзгi сыртқы және iшкi факторларды бағалау
Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласында отандық өнім сапасын арттыру, азық-түлік тауарларының түр-түрін кеңейту және сол арқылы Кеден одағы бойынша біздің негізгі сауда серіктестерімен бәсекелестікке тең жағдайлар жасау үшін өндірісті техникалық және технологиялық қайта жарақтау бойынша жұмыс жалғастырылатын болады.

Осыған байланысты, негізгі және айналым құралдарын сатып алу үшін алынған кредиттердің сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау арқылы ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу кәсіпорындарын мемлекеттік қолдау жалғастырылады.

АӨК-нің техникалық жарақталуы.

Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер соңғы бес жылда озық шетелдік өндірушілердің барынша өнімділігі жоғары техникаларын сатып алуда.

2013 жылы 2012 жылмен салыстырғанда 87-ге көп, ал 2011 жылы 11-ге аз болатын 1 146 астық жинайтын комбайн, сәйкесінше 2012 және 2011 жылдарға қарағанда 349 және 823-ке көп 2 205 тракторлар және 2012 және 2011 жылғы көрсеткіштерге сәйкесінше 3 және 111-ге асатын 210 егіс кешені сатып алынған.

Нәтижесінде 2013 жылы ауыл шаруашылығы өндірісін энергиямен қамтамасыз ету 2012 жылмен салыстырғанда 19,6 %-ға және 2011 жылы 30%-ға өсті және егіндіктің 100 гектарына 169 жылқы күшін немесе 125 кВт құрады.


Негiзгi проблемаларды талдау
Машиналар мен жабдықтардың абсолютті санының өсу серпініне қарамастан, Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы техникасы паркінің 80 %-ы тозған. Пайдаланудың нормативтік мерзімі 8-10 жыл кезінде 80 %-дан астам астық жинау комбайндары мен тракторларының орташа пайдаланылған жылы 13-14 жылды құрайды, 71 % астық жинау комбайндары, 93 % трактор мен 95 % тұқым себетін машина есептен шығаруға жатады.
Негiзгi сыртқы және iшкi факторларды бағалау
Ауыл шаруашылығы техникасының паркін жаңарту және кеңейту мақсатында технологиялық жабдықтар мен шаруашлығы техникасының кредиті, сондай-ақ лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін және субсидиялау арқылы АШТӨ-ге мемлекеттік қолдау көрсету жалғасатын болады.

АӨК-ні ғылыми қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің (бұдан әрі – ҚР АШМ) құрылымында 2007 жылы «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «ҚазАгроИнновация» АҚ) құрылған болатын, оның құрамына салалық ғылыми-зерттеу ұйымдары мен ауыл шаруашылығы тәжірибелік станциялары енген.

2009 жылдан бастап «ҚазАгроИнновация» АҚ құрамында білімді тарату жүйесі, технологияларды коммерциялаудың салалық офисі, «Асыл-Түлік» асыл тұқымды мал шаруашылығының республикалық орталығы қызмет етуде.

Бағдарламалық-нысанды қаржыландыру аясында аграрлық ғылымды қаржыландыруды жыл сайын арттыру жүргізіліп жатқанын, осылайша аграрлық ғылымды қаржыландыру 2,8 млрд теңгені, 2012 және 2013 жылдары жылына 3,3 млрд. теңгені, ал 2014 жылы 5,3 млрд теңгені, соңғы үш жылда орта есеппен жылына 3,9 млрд. теңгені құрағанын айта кету керек.

2014 жылы бағдарламалық-нысанды қаржыландыру аясында мынадай нәтижелер алынды:

- ауыл шаруашылығының дәнді, жемдік астық, дәнді-бұршақты, жарма, майлы дақылдардың, көкөніс-бақша және картоп, жемшөп және техникалық дақылдардың, жеміс-жидек дақылдарының 110 сорты мен гибриді жасалды және мемлекеттік сорт сынауға берілді;

- қазақтың құйрықты қылшық жүнді тұқымының Ақбастау зауыттық түрі, қойлардың ордабасы тұқымының бадам тұқымішілік зауыттық түрі, қазақ бактрианының құланды зауыттық түрі, жылқылардың көшім тұқымының жанғалы зауыттық түрі, ірі қара малдың Әулиеата тұқымының Оңтүстік Қазақстан зауыттық түрі құрылды;

- технологиялар бойынша 51 ұсыным, оның ішінде 30 ұсыным - егіншілік, өсімдік шаруашылығы, өсімдіктерді қорғау және карантин саласында, 9 – су шаруашылығы және топырақ құнарлығы саласында, 12 – орман шаруашылығы саласында әзірленді;

- мал шаруашылығы үшін емдеу препараттары мен вакциналардың 11 атауы жасалды;

- ауыл шаруашылығы салаларына арналған машиналар мен жабдықтардың жаңа үлгілеріне 9 техникалық құжаттама әзірленді;

Отандық селекция сорттары егілген дәнді дақылдар егістік алқабының үлесі жалпы егіс алқабының 47,5 %-ын құрады.

АӨК-ге ресурс және энергия үнемдегіш экологиялық қауіпсіз технологияларын енгізу алаңы 12,9 млн. га құрады. 11 білім тарату орталығында ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге семинарлар өткізу, бұқаралық ақпарат құралдарында ғылыми зерттеулерді насихаттау арқасында өсімге қол жеткізілді.

Кадрлар даярлау.

АӨК кадрларының даярлығы 18 мамандық бойынша үш бейінді аграрлық ЖОО-да (Қазақ ұлттық аграрлық университеті (ҚазҰАУ), С.Сефуллин атындағы қазақ агротехникалық универсиеті (ҚазАТУ), Жәңгір хат атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті (БҚАТУ), 5 жоғары білім беру мекемесінде және 25 мамандық бойынша 167 техникалық және кәсіптік білім берудің ауылдық білім беру мекемесінде жүргізіледі.

Агрономдар, зоотехниктер, ветеринариялық-санитариялық дәрігерлер мен фельдшерлер, фермер-менеджерлер, инженер-механиктер, ет және сүт өнімдерінің, астықты қайта өңдеу және нан пісіру өнеркәсібінің инженер-технологтары, техник-технологтар, техник-электриктер, техник-жерге орналастырушылар, шебер-жөндеушілер, электромонтерлер, тракторист-машинистер және тағы басқа мамандықтар ең көп қажет етіледі.


Негiзгi проблемаларды талдау
Қазақстанның аграрлық ғылымының қазіргі жай-күйі жеткіліксіз қаржыландырумен, ғылыми әзірлемелерді енгізудің қиындығымен, білім тарату жүйесінің жеткіліксіз дамуымен, алдыңғы қатарлы шетелдік технологиялар трансфертінің дамымаған деңгейімен, инновацияларды енгізудің бастапқы сатыларында қолжетімді қаржыландырудың жоқтығымен, инновациялық әзірлемелерге деген дамымаған сұраныспен және т.б. сипатталады.

Бұдан басқа, аграрлық сала үнемі жоғары кәсіптік мамандардың жетіспеушілігін сезеді. Ол, ең алдымен, саланың ерекшелігіне байланысты. Біріншіден, сала жалақысы ең төменгілердің қатарында (Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша 2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ауыл шаруашылығындағы орташа айлық жалақының мөлшері 52534 теңге, өнеркәсіпте 135405 теңге, жалпы республика бойынша 104654 теңге).

Екіншіден, ауылдық жерлердің әлеуметтік инфрақұрылымы қалалықтан айтарлықтай артта қалуда.

Үшіншіден, ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің еңбек жағдайлары басқа сала қызметкерлерінің еңбегінен анағұрлым қиындау. Осы аталған себептер аграрлық мамандықтар түлектерінің жұмысқа орналасуының төмен деңгейіне себепші болды.


Негiзгi iшкi және сыртқы факторларды бағалау
Агробизнес субъектілерін қазіргі заманға сай технологияларға және АӨК-тегі озық ғылыми әзірмелерге қол жеткізу мақсатында аграрлық ғылымды реформалау бойынша жұмыс жалғастырылатын болады.

Реформалаудың нәтижесі ретінде АӨК-тегі генерация және бәсекеге қабілетті инновацияларды таратудың тұрақты жүйесін құру болып табылады.

Мемлекет тарапынан ғылыми зерттеулер нәтижелерінің нәтижелілігін, тиімділігін және бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында қажетті ұйымдық жағдайлар құрылады және отандық аграрлық ғылымды реформалауды аяқтау және оны әрі қарай дамыту үшін қаржылық ресурстар бөлінеді.

АӨК-дегі инновацияларды құру және енгізу саласында мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту мақсатында аталған салаға жеке инвестицияларды тарту үшін жеке инвестициялар үлесін қарқынды ауыл шаруашылығы бар елдердің деңгейіне дейін жүйелі арттыру.

Білім беру қызметтерінің және аграрлық ғылым нәтижелерінің экономикалық қолжетімділігін арттыру мақсатында ғылыми әзірлемелерді енгізу бойынша жұмыс субсидиялар түрінде агробизнесті мемлекеттік қолдауды жүзеге асыруды болжайды.

АӨК субъектілері мен мемлекеттік құрылымдар, аграрлық ғылым мен кәсіптік білім беру жүйесі арасында тиімді кері байланысты қолдау мақсатында білімді тарату жүйесі шеңберінде АШТӨ тегін консультациялық көмек көрсету жалғастырылатын болады.

Кадрларды даярлау агроөнеркәсіптік саламен сабақтас екенін және ҚР Білім және ғылым министрлігінің құзыретіне кіретінін ескере отырып, ҚР АШМ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне АӨК мамандықтары бойынша аграрлық секторды кадрлармен қамтамасыз ету мониторингіне сәйкес жыл сайын ағымдағы оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру үшін кадрлар қажеттілігі туралы өтінім жолдайды.

Фитосанитариялық қауіпсіздік.

Қазақстан Республикасындағы фитосанитариялық қауіпсіздік деңгейі қанағаттанарлық күйде, Қазақстаннан өсімдік шаруашылығы өнімдерін шығаруға тыйым салу жағдайларының саны төмен.
Негiзгi проблемаларды талдау
Фитосанитариялық қауіпсіздік жүйесін дамытудың түйінді проблемалары карантиндік объектілерді айқындау жөніндегі мониторингтік іс-шаралардың және зертханалық сараптамалардың ескірген әдістері мен жеткіліксіз деңгейі, фитосанитариялық қауіпті жүйелі талдаудың болмауы, фитосанитариялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік мекемелердің төмен жарақталуы болып табылады.
Негiзгi сыртқы және iшкi факторларды бағалау
Фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында заманауи жабдықтарды қолдана отырып, карантиндік, ерекше қауіпті және зиянды организмдердің дамуы мен тарауының мониторингін уақтылы жүргізу, олардың таралу болжамын жасау, карантиндік зиянды организмдердің таралу ошақтарын оқшаулау мен жою жөніндегі және зиянды, әрі ерекше қауіпті организмдерге қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды өткізу үшін олардың таралу координаталарын айқындау қажет.

Ветеринариялық және азық-түлік қауіпсіздігі.

2013 жылы өткір жұқпалы аурудың 211 ошағы тіркелді. 2012 жылмен салыстырғанда аусыл ошағы санының 7 ошаққа, эмфизематозды карбункулдың 3 ошаққа, энтеротоксемияның 4 ошаққа төмендеуі байқалып отыр. 2011 жылы аусыл ошағының саны 2012 жылмен салыстырғанда 4 ошаққа аз, бірақ 2013 жылмен салыстырғанда 4 есеге көп, эмфизематозды карбункул 2012 және 2013 жылдарға қарағанда 12 және 15 есеге көп, энтеротоксемия 2012 жылмен салыстырғанда 4 ошаққа аз.
Негiзгi проблемаларды талдау
Ветеринариялық және азық-түлік қауіпсіздігі жүйесін дамытуды бірқатар факторлар бәсеңдетеді. Олар ветеринария саласындағы заңнамалық базаның жетілмегендігі, ветеринария саласының институционалдық жетілмегендігі, ветеринарлық жүйені өрістетудің және жабдықтаудың кемшілігі, ветеринарлық іс-шараларды жүргізудің төмен сапасы, халықаралық стандарттарға сай келмеуі және халықаралық ұйымдармен әлсіз интеграция.
Негiзгi сыртқы және iшкi факторларды бағалау
Ветеринарлық зертхана қызметтерін халықаралық стандарттардың талаптарымен сәйкестендіру мақсатында 2007 жылдан оларды материалды-техникалық жай-күйін жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда 115 объект, соның ішінде 11 облыстық және 104 аудандық ветеринарлық зертханалар пайдалануға берілген.

Сатып алынатын ветеринариялық препараттар мен диагностикумдардың сапасын қамтамасыз ету және оларға деген талапты күшейту мақсатында, атап айтқанда 2013 жылы кейбір диагностикумдарды сатып алу халықаралық талаптарды ескере отырып сатып алынды.

Дүниежүзілік сауда ұйымына жоспарланып отырған кіру АШТӨ-ден халықаралық тамақ қауіпсіздігі стандарттарына сәйкес келетін сапалы және қауіпсіз өнімді жеткізуді талап етеді. Осыған байланысты, халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық шеңберінде заңнамалық база жетілдіріледі, жануарлардың ауруларына қарсы күрес стратегиялары қайта қаралады, ауруларды бақылау, қадағалау және мониторинг үшін ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі бар зертханалардың кең таралған желісі құрылатын болады.

Бұдан басқа, алдын алу іс-шараларын жүргізу тиімділігінің негізіне халықаралық стандарттарға сәйкес келетін ветеринариялық диагностикалық және иммундық алдын алу препараттарын қолдану жүйесі, оның ішінде әлемнің жетекші өндірушілері қатысатын отандық биоөнеркәсіпті кезең-кезеңімен дамыта отырып GMP/GLP алынатын болады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет