1.Орта ғасыр философиясындағы теоцентризм. Патристика және Схоластика.
2.Орта ғасыр философиясындағы номинализм жән реализм.
3. Араб философиясындағы орта ғасырдағы антикалық мұра.
4.Шығыс орта ғасырындағы классикалық философиясының дамуы. Араб тілді философиядағы әмбебаптық, пантеизм, перипатетизм.
Әдістемелік ұсыныстар
Орта ғасыр философиясы теологиялық өрісте дамығанына ерекше көңіл аудару керек. Ол діни ілімнің құлы болды. Оның негізгі бағыттары ─ апологетика, патристика, схоластика, догматизм. Орта ғасыр Шығыс философиясының өзінідік ерекшеліктері бар. Қиыр Шығыста ежелгі философиялық мектептер сақталып, дінге бет бұру байқалады. Араб философиясында антикалық мұра (перипатетизм) кең пайдаланылып, нақты ғылымдырдың дамуына аса зор ықпалын тигізіп, Батысеуропалық философияның жаңаша дамуына жол ашты.
Бақылау сұрақтары -
1.Батыс Еуропадағы Орта ғасыр философиясы. Номинализм мен реализм
-
арасындағы пікірталас.
-
Шығыс Ренессансының философиясы. Әл-Кинди, әл-Фараби, Ибн-Сина (Авицена), Ибн-Рушд (Аверроэс).
-
Орта ғасырдағы мұсылман философиясы.
-
Христиан және Ислам діндерінің негіздері.
-
Араб елдеріндегі философия, ғылым, өнер, тәрбие.
-
Орта ғасырдағы Батыс Еуропа мәдениетінің ерекшеліктері.
-
Философия мен идеологияның айырмашылығы неде?
-
Араб философиясының өзіндік мәні?
-
Номинализм және реализм күресінің негізі неде?
Баяндамалар мен рефераттар тақырыбы
Орта ғасырлық христиан ойшылдарының философиядағы жаңалықтары.
Орта ғасыр мұсылман философиясындағы кемелденген адам мәселесі.
Орта ғасыр философиясындағы сенім мен ақылдың арақатынасы.
Батыс Еуропадағы орта ғасыр философиясындағы теоцентризм.
Орта ғасыр философиясының негізгі кезеңдері. Патристика және схоластика.
Әмбебаптылық мәселесі және номиналистер мен реалистердің айтысы.
Орта ғасырдағы мұсылман философиясы.
Араб мұсылман мәдениетіндегі антикалық ғылыми және философиялық мұралар.
Шығыс перипатетизмі. Әл-Фараби, Әл-Кинди және Ибн-Сина философиясы.
Философиялық мәтіндермен жұмыс істеу
-
Антология мировой философии. В 4-х т. М.: 1969-1972.
-
Абеляр П. История моих бедствии. М.: 1992.
-
Августин А. Исповедь. М.: 1992.
-
Августин А. О граде божие. М.: 1994.
-
Боэтций. Утешение философией. М.: 1992.
-
Избранные произведения мыслителей стран Ближнего и Среднего Востока. IX-
XIV вв. М.: 1961.
-
Кентерберийский Ансельм. Сочинение. М.: 1995.
-
Мир философии: Хрестоматия в двух частях. М.: 1991.
Әдебитеттер тізімі
-
Алтаев Ж., Ғабитов Т. ж.т.б. Философия және мәдениеттану. Алматы, 1998.
-
Алтаев Ж., Қасабек А., Мұхамбетали Қ. Философия тарихы. Алматы, 2000.
-
Әл-Фараби. Философские трактаты. Алма-Ата, 1970.
-
Әбішев Қ. Философия. Ақыл кітабы, 2000.
-
Әлемдік философиялық мұра. 1-20 тт Т. 2-5 Алматы. Мектеп, 2005-2007.
-
Есім Ғ. Фәлсәфа тарихы. Алматы. Раритет, 2004.
-
Ибн-Сина. Избранные философские произведения. М.:1980.
-
Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия. Алматы. 2003.
-
Қасабек А. Тарихи-философиялық таным. Оқу құралы. Алматы. КазГЗУ.2002.
-
Майоров Г. Г. Формирование средневековой фиилософии. М.: 1979.
-
Мәдени-философиялық энциклопедиялық сөздік. Т.Х.Ғабитов, А.Т. Құлсариева.
Алматы. Раритет 2004.
-
Мырзалы С. Қ. Философия әлеміне саяхат. Қостанай, 2000.
-
Нысанбаев Ә., Әбжанов Т. Философия тарихы. Алматы, 1999.
-
Сыбанбаев Қ., Затов Қ. Философия. Алматы, 2000-2004.
-
Соколов В. В. Средневековая философия. М.: 1979.
-
Философия. (Т. Ғабитов Алматы. Раритет 2005).
-
Философиялық сөздік. 1996.
1.4 Қайта өрлеу және Жаңа Заман философиясы
Қайта өрлеу бір замандағы, яғни б.з.д. V ғ., шарықтаған грек философиясының, мәдениетінің, өнерінің, әдебиетінің 1500 жыл бойы қыспақта болып, енді жаңадан жаңғырып оралуын білдіреді. «Ренессанс» - «Қайта өркендеу», жандану, жандандыру, қайта даму, қайта туу.
Қайта өркендеу деп ─ Батыс және Орталық Еуропадағы мәдениеттің XIV-XVI ғғ даму кезеңін айтады. Бұл кездегі ойшылдар шіркеу догмалары мен Орта ғасырлардағы адам тағдырының Құдай ырқына тәуелді екендігі туралы түсінікке күмән келтіреді. Адамды әлем мәселелерінің ортасына қойып, олар оның өзін ғана емес, сонымен бірге іс-әрекеттерінің де мәнін жоғары көтерді.
Қайта өрлеу дәуірінің негізгі сипаты, оның адамға бағытталуы болды. Ежелгі антикалық философтар дүние ортасына күш-қуат берген, рух, жігер туғызатын Космосты, ортат ғасырда Құдайды, Қайта өрлеу дәуірінде Адамды қойды. Сондықтан, қайта өрлеудің ерекшелігі - антропоцентризм. Енді зерттеудің орталық мәселесі - Құдай емес, адам болды. Адамның әлемдегі орны, оның бостандығы, тағдыры Леонардо да Винчи, Микеланджело, Эразм Роттердамский, Николло Макиавелли, Томас Мор, Мишель де Монтень секілді ойшылдарды толғандырды. Адам мен оның тағдырына, шығармашылық бастамасына тұрақты көңіл аударғаны үшін, оларды «гуманистер» деп атады. Гуманизм қайта өркендеу дәуірінде дін мен феодализм құрсауынан адам баласын босатып, еркіндікке жетелеуді мақсат еткен әлеуметтік қозғалыс.
Қайта өрлеу дәуіріндегі гуманистік ойлар: «Гуманизм» терминін (латынның humanitas ─ адамшылық) белгілі Римнің саяси қайраткері, Цицерон б.з.д І ғасырда қолданды. Оның ойынша humanitos – адамның тәрбиесі және білімі, оның жоғарғы дәрежеге жетуіне мүмкіндік туғызады. Адамның рухани табиғатының жетілуінде негізгі рөл грамматика, риторика, поэзия, тарих, этика пәндеріне беріледі. Атап айтқанда, ренессанс мәдениетінің теориялық негізі ─ осы пәндер. Оларды studia humanitas (гуманитарлық пәндер) деп атады.
Гуманизмнің негізін қалаушы-ақын, философ Франческо Петрарка (1304-1374жж.). Өз шығармаларында католик шіркеуінің рухани қыспағынан құтылуға ұмтылуды, адамдардың бостандығы туралы идеяны қозғады. Петрарка антикалық мұраны бағалауда жаңа тәсіл қолданды. Ол әдебиет, өнер, ғылымның жаңа сатыда дамуы үшін, негізін қалаушылардың ойына еліктеуден гөрі, антикалық мәдениеттің жоғарғы сатысына ұмтылуды, сонымен бірге қайта ой толғай отырып кей жағдайда одан басым болуға шақырды. Петрарка салған жолда антикалық мұра, гуманизмнің жетекшісі болды. Қайта өрлеу ─ дәуірдің басты субъектісі ретінде адамды қойды.
Джованни Пико Дела Мирандолла (1463-1494 жж.). Шіркеу қағидаларына қарамай, ол адамды құдай өзіне ұқсас етіп жаратпаған, адам өзін-өзі жасаған деді. Адам бойындағы ізгі қасиеттерді биік дәрежеге көтеру, абыройын қорғау ─ әр адам алдына қойылған мақсат, ол оның ғана жетістігі мен бақыты болып есептеледі.
Никколо Макиавелли (1469-1527 жж.) Қайта өрлеу дәуіріндегі әлеуметтік- философиялық ойлау өкілі, ортағасырлардағы Құдайдың бәрін алдын ала болжау концепциясын «фортуна» (кез, бақыт) идеясымен ауыстырды. Адамды қажеттілікке байланысты әрекеттенуге, пайда болған жаңа жағдаймен санасуға шақырды. Тағдыр адамды жартылай билейтіндіктен, сондықтан қалыптасқан жағдаймен күресу керек дейді ол. Фортунамен бірге ол тарихтың қозғаушы күші ретінде Виртун (virtu) – адамның жігерлігін, іскерлігін талантын іске асыру - терминін енгізді.
Жалпы алғанда, қайта өрлеу философиясында гуманистік дәстүр, тек қана антикалық мұрамен емес, Рухани және Христиандықпен де көп байланысты болды. Феодалдық қоғам ішінде өндіріс пен ғылымды дамытуға мүдделі болған күштер пайда бола бастады. Бұл жаңа туып келе жатқан буржуазия еді, олар феодалдық тәртіптерге, дін іліміне және схоластикалық философияға қарсы шықты. Шіркеудің зорлық-зомбылықтарына қарсы батыл күрес, әсіресе, XV-XVII ғасырларда, Қайта өрлеу дәуірінде күшейе түсті. Бұл кезең Батыс Еуропа елдерінде табиғатты танып білуге ұмтылушылық, ертедегі Грецияның тәжірибелі білімі мен алдыңғы қатарлы философиясына көңіл аударушылықтың қатты күшейген уақыты болды.
Жаңа құндылықтар жүйесі пайда болды, алғашқы болып адам және табиғат, одан кейін ғана дін және оның мәселелері тұратын болды. Бұл дәуірдің тағы бір ерекшелігі ренессанстық мәдениет пен философияның дінді ғылымнан, саясаттан, моральдан бөлуі (секуляризациялануы) болды. Секуляризация - қоғамның, адамның дін ықпалынан арылуы, шіркеу меншігінің мемлекеттік меншікке ауысуы. Енді мемлекет, мораль және ғылым мәселелері дін арқылы қаралмады. Болмыстың әртүрлі саласында бұлар өз бетінше, діннен тыс өмір сүретіні, өзінің заңдары бары мойындалды. Тек оларды философтар әзірше көп қарамады, тәжірибелік ғылымның қалыптасуына байланысты жалғыз ақиқат табиғат туралы білім болып саналды (Коперник, Кеплер, Галилей, Бруно).
Осы кезде жаңа философиялық бағыттар пайда болды. Олар деизм мен пантеизм. Деизм ─ әлемді Құдай жаратқан, бірақ күнделікті қоғам өмірі мен табиғат дамуына оның қатынасы жоқ дейтін діншіл философиялық ағым. Деизм - аспандағы «парламентаризм». Деистердің көбі әлем туралы өз түсініктерін жаратылыстану ғылымының жаңа салаларында қалыптастырды. Діннен ғылымның тәуелсіздігін қорғады.
Пантеизм - (pan - бәрі және tcheos - Құдай) - Құдай мен әлем біртұтас деп танитын, Құдіретті табиғатпен балаған философиялық ілім. Осы бағыттың өкілі католик шіркеуінің қайраткері, кардинал, Германия легаты, атақты философ ─ Николай Кузанский (1401-1464), шын аты Кребс. Ол «Білместік ғылымдары туралы», «Шығу тегі туралы», «Мүмкіндіктің болмысы туралы», «Жер шарының айналуы туралы» еңбектерін жазды.
Ол әлем дүниесі мен Құдай бір бүтін деп, жаратылыстану ғылым зерттеулерін құптады, яғни рационалдық білімді қолдады әрі адамның бұл қызмет саласына діннің араласпауы керек деді. Дүниені Құдай жаратқан, бірақ дүние шексіз, материалды және қарама-қарсылық арқылы қозғалады. Адамды Н. Кузанский аса жоғары сатыға қояды. Сонымен бірге Құдайдың адамға қатысы барлық құбылыста, ең алдымен табиғатта бар деп есептейді. Құдай - әлемнің ортасы және оның шегі. Ол бүтін, ал дүние әлемі - оның бір бөлігі. Дүние әлемі Құдайда жиналады және Құдай оны әлемге айналу барысында күшейтеді. Ақиқат ─ барлық кезде таным процесі, Құдайға жету. Дүниенің бәрін, адамды да құдай жаратты, бірақ Кузанский пантеистік пікірді дамыта отырып, Жаратушының өзін табиғат деп, Құдайды аспаннан жерге түсірді, шын мәнінде Жаратушының рөлін жоққа шығарды.
Коперник Николай (1473-1543 жж.) поляк астрономы, әлемнің гелиоцентрлік жүйесін жасаушы. Негізгі еңбегі - «Аспан денелерінің айналуы туралы». Схоластар және шіркеу өкілдерінің орта ғасырлық дәстүріндегі Аристотель - Птолемейдің геоцентристік теориясына қарсы шықты. Жердің Күнді айналуы және Жердің бір тәулік ішінде өз кіндігін айналып шығуы туралы теориясын ежелгі грек ғалымы, Аристрах Самоскийдің пікіріне сүйеніп ұсынды:
- Жер әлемнің орталығы емес. Күн жерге қарағанда ортада тұр, Жер Күнді айналады;
- Барлық ғарыштық денелер өзінің траекториясы бойынша жылжиды. Ғарыш шексіз;
- Ғарыштағы процестер, табиғи көзқарас бойынша түсінікті, «қасиеті» қағидалар мәтінінде түсініксіз.
Джордано Бруно (1548-1600 жж.). Оның орталық категориясы біртұтастық, ол бір мезгілдегі болмыстың болу себебі және болмыс заттарының өзі. Бруно: «Табиғат деген ол заттардағы құдай, табиғаттың өзі құдай не құдай заттардың ішінде»,- дейді. Тұтастық материя түрімен үйлеседі, ал руханилығы денемен сәйкес болады. Материяға келетін болсақ, ол бұл жағдайда әлемдік заттардың басы мен соңы болады. Онда түр пайда болып, және жоғалады, материяның өзі мәңгілік, «себепсіз себеп» бола береді.
Табиғат өздігінен табиғи қозғалыста болады. Күн жерге қарағанда ортада, бірақ әлем дүниесінің ортасы емес, әлем - шексіз. Әлем дүниесі галактикадан тұрады. Барлық аспан денелері және ондағы бардың бәрінің қозғалу қасиеті бар. Әлем дүниесінен бөлек құдай жоқ. Бруноның көзқарасын шіркеу идеологтары аса жек көрді. Ол 1592 жылы түрмеге жабылды. Инквизация одан өз көзқарасынан бас тартуды ұсынды. Ол көнбеді. 1600 жылы Римде Орталық «Гүл» алаңында оны отқа өртеп жіберді. Негізгі еңбектері: «Себептілік бастама және біртұтастық туралы», «Әлемнің және заттардың шексіздігі туралы».
XVII ғасырда материализмнің жаңа отаны ағылшын елі болды. Бұл буржуазиялық революция жасаған алғашқы елдердің бірі еді. Жаңа заман материализмінің негізін салушы, схоластикаға қарсы шыққан Фрэнсис Бэкон (1561-1626). Ол Жаңа Заман материализмі мен тәжірибелік ғылымының негізін қалаушы, «білім - күш, күш - білімде» деген қағиданы насихаттады. Оның еңбектері: «Ғылымдар табысы;», «Жаңа Органон», «Жаңа Атлантида».
Ф. Бэкон Лондонда жоғарғы қызметкердің отбасында дүниеге келді. 20 жыл бойы оның әкесі мөр сақтаушы, болып, өмірінің соңна, дейін мемлекет орындарында қызмет атқарады. Шешесі Анна Кук өте білімді болған, ежелгі грек, латын тілдерін, теология және өнерді терең білген. Ағылшын тіліне бірнеше діни шығармаларды аударды. Бэконның өзі 1573 жылы. Кембридж колледжін бітірді. Лорд - канцлер дәрежесіне жетті. Ол Аристотель, Платон, Софокл, Эврипид, т.б. ойшылдардың еңбегін оқып, зерттеді. Оларға сыни көзбен қарады.
Бэкон ақиқатқа жету үшін адам ақылында кездесетін жалған пікірдің әр түрлерінен, (идолдардан) елестерден құтылуды ұсынды. Ол елестердің 4 түрін көрсетті:
-
«Тектік» елестер. Ол адам табиғатының өзінен, адам ақылы мен сезім мүшелерінің жетілмеуінен шығады.
-
«Үңгір» елестері. Ол адамның қоршаған дүниені субъективтік қажеттілік түрде қабылдауымен байланысты.
-
«Нарық» (немесе базар алаңындағы) елестері, ол дұрыс емес не дәл емес сөздердің нәтижесінде туады.
-
«Театр» елестері беделге, соның ішінде дәстүрлі философиялық жүйелерге сөзсіз сенуге негізделген.
Ол танымның жолындағы кедергілерді алып тастауды ұсынады, адамды жаңа ақиқатты игеруге шақырады. Елестерді жоюдың негізгі құралы ─ тәжірибеге жүгіну және нақты деректерді ғылыми әдіспен талдау дейді. Мұндай бағыты эмпиризм деп атайды. Ақиқат әдісті таңдау проблемасын Бэкон аллегориялық (әдебиетте, өнерде дерексіз ұғымды деректі, нақты бейнелер арқылы көрсету), әсіресе мысалдарда, ертегілерде көп қолданылатын әдіс-тәсілдермен шешеді. Оның пікірінше, танудың үш жолы бар: өрмекші, құмырсқа және ара жолдары. Бұлардың әрқайсында өзінің жағымды және жағымсыз жақтары бар:
«Өрмекшінің жолы» - ақиқатты «таза» санадан шығару әрекеті. Бұл жол фактілер мен шындықты менсінбейді. Мұндай әдіспен алатын қорытынды білім гипотеза, ғылыми болжам түрінде болады. Олар ақиқат немесе жалған болуы мүмкін. Бұл әдісті догмаларды ұстанушылар мен рационалистер қолданады. Өрмекшінің өрмегі секілді, олар да өз ақылдарын тоқиды.
«Құмырсқа жолы» - біржақты эмпиризм, тек фактілерді жинау. Эмпириктер құмырсқа секілді жекеленген фактілерді табандылықпен жинайды, бірақ бұл әдіс аз нәтиже береді, себебі зерттеуші зерттеу затының мәнін толық қорыта алмайды.
«Ара жолы» алғашқы екі әдістің жақсы жағын біріктіреді. Олардағы кемшіліктер қайталанбайды. Соның көмегінің арқасында эмпириядан теория көтеріледі. Өсімдіктердің гүлінен нектар жинайтын, оны балға айналдытын ара іскер болуы керек.
Бэкон теория мен практиканың танымда сезім мен рационалдықтың бірлігін жақтады. Бірақ жаратылыстанудың дамуында математиканың рөлін кемітті, Коперниктің гелиоцентрлік жүйесін мойындамады. Осыған қарамай ол, эксперименттік ғылымның негізін қалады. Бэконның басты шығармасы «Жаңа Органон», ол - ғылыми танымның методологиясы. Бэкон негізгі әдіс ретінде индукцияны ұстанады. Ол тәжірибе мен экспериментке сүйенеді, сонымен бірге сезімдегіні қорытындылау және талдау әдісі арқылы айқындайды. Индукция ─ жеке жағдайлардан жалпы қорытындылар шығаратын ойлау тәсілі.
Томас Гоббс (1588-1679 жж.) 6 жасында латын және грек тілдерінде сөйлеп, өте ерте Оксфорд Университетіне түседі. Негізгі еңбектері: «Азамат туралы философиялық ілімнің бастапқы негіздемесі», «Левиафан». Ол теологиялық схоластиканы жоққа шығарды. Философияның мақсаты: адамның іс-әрекетінің практика жүзінде нәтижеге жетуіне және ғылыми-техникалық прогрестің дамуына мүмкіндік туғызу. Гоббс дүние денелерден тұрады, денесіз субстанцияны мойындау денесіз дене бар дегенге сай. Денелер материяның туындысы.
Танымның әдісі ретінде Т. Гоббс индукция мен дедукцияны қолдануды ұсынады. Адамның дүниені тануы сезімдік қабылдау арқылы іске асады. Бұл сезім мүшелері (көз, құлақ. т. б.) арқылы қоршаған орта туралы алынатын шартты белгіні ары қарай өңдеу. Бұл белгілерді Гоббс «таңба» деп атайды. Таңбаларды былайша топтастырды:
-
Сигналдар - жануардың өз қимылдарын білдіретін дыбыстар шығаруы (құстардың әні, мысықтардың мияуы, жыртқыш аңдардың ырылдауы).
-
Адамдардың бір-бірімен қатынасуы үшін ойланып табылған әртүрлі белгілер.
-
Табиғи белгілер - табиғат сигналдары (найзағай, күннің күркіреуі).
-
Жасырын әдіспен, кодпен жазу, сөйлеу. Көпке түсініксіз ғылыми тіл, дін тілі, жаргон - жеке топтар тілінің сөздері;
-
Белгілердің белгісі, атаулардың атауы - әмбебаптық ұғым, түсініктер.
Гоббс механикалық материализмнің өкілі ретінде қоғамдық құбылыстарды механикалық жаратылыстану тұрғысында қарады. Оның пікірінше геометриялық, математикалық әдістер әмбебаптық ғылыми әдістер болып есептеледі. Сондықтан адам және қоғам саласында қолдануға болады. Адам мен жануарлар - күрделі машина, адамның аяғы мен қолдары - доңғалақ, жүрегі мотор механизімі деді.Қоғамды, мемлекетті үлкен механизм ретінде қарады. Олардың негізгі элементтерін жіктеп, оны қарапайым табиғат заңдарымен түсіндіреді.
Гоббс қоғам тарихын екі кезеңге бөлді: Табиғи, Азаматтық. Табиғи дегеніміз адамдардың қоғамға дейінгі жағдайы, адамдар табиғат заңдарына сәйкес өздерінің құштарлығына бағынады. Табиғат бізге, бәрін береді деген пікір басым болады. Табиғи кезде адам адамға қасқыр, бұл жағдайда олардың жойылып кетуі мүмкін.
Гоббс философияның маңызды проблемасы, қоғам мен мемлекет деп есептеді, мемлекеттің теориясын дайындады. «Левиафан» (Чудовище - құбыжық жәндік) деген философиялық еңбегінде алғашқы мемлекеттің пайда болуында қоғамдық келісім жатыр деген идеяны ұсынды: 1. Адам қоғам мен нақты мемлекетте қызмет істеп, өмір сүреді. 2. Адамның табиғатында ең бастан-ақ зұлымдық бар. 3. Адам әрекетінің қозғаушы күші - жеке басының қамы, ол эгоизм, құмарлық, қажеттілікті тудырады, долдану аффектілер қысқанда, естен адастырады. 4. Әр адамның барлығына және басқаларға назар аудармауы, оның еркі, бірақ ол «бәрінің бәрімен соғысына» әкеледі. Бұл жерде жеңіп шығу қиын, адамдардың бірігіп өмір сүруі және экономикалық прогрестің болуы мүмкін емес. Қоғам құру үшін адамдардың келісімін алу, қоғамдық шартқа отыру, билеушілерге өз еркімен бағыну керек. Бұл - мемлекет, қоғамның өмірін жөнге салу механизмі. Адам өз қызметін нәтижелі атқаруы үшін мемлекет қуатты болу керек. Гоббс бойынша мемлекеттің үш түрі бар: демократия, аристократия, монархия. Философтың ойынша ең жақсысы ─ монархия, монарх әр уақытта өзінің халқының рухани және материалдық тұрғыдан озық болуын, экономикалық дамуын, моральдық дәрежесін көтеруді мақсат тұтады, әрі қамтамасыз етеді.
Декарт Рене (1596-1650 жж.). Ол философияның, физиканың, математиканың және физиологияның дамуына үлкен әсер етті. Декарт дуализм мен рационализмнің өкілі. Дедуктивтік - рационалистік таным әдісінің негізін қалады. Геометриялық оптиканы, аналитикалық геометрияны, координаттар жүйесін жасады, рефлекс идеясын ұсынды. Космологияда (дүниенің құрылымы), космогонияда (планеталардың пайда болуы және дамуы), физика және физиологияда Декарт материалист. Ол дүниенің өздігінен жаралғанын, оның объективті даму заңдылықтарының бар екенін, бірақ олардың механикаға негізделгенін айтты. Психологияда, таным теориясында ол идеалист - «Мен ойлаймын, олай болса өмір сүремін»2 (Cogito, ergo zum) - деген қағидаға сүйенеді:
-
Әлемде адамға түсініксіз көптеген заттар мен құбылыстар өмір сүреді. Олар бар ма? Олардың қасиеті қандай? Мысалы, Құдай бар ма? Дүние әлемінің шегі бар ма?
-
Қай затқа, қай құбылысқа күмән келтірмеуге болады? Қоршаған орта өмір сүре ме? Күн жарқырай ма? Жан мәңгілік пе?
-
Олай болатын болса, тек күмәндану анық факт және оны дәлелдің еш қажеті жоқ.
-
Күмәндану ─ ойдың қасиеті, демек шын өмір сүретін адам күмәнданады, ойлай алады, яғни адам күмәндана ойлайды.
-
Сондықтан ойлау болмыстың да, танымның да негізі. Ол ақыл-ойдың жұмысы, олай болса, болмыс пен таным тек ақыл-ойда бар.
Декарт болмыс проблемасын зерттеу барысында болмыстың мәнін сипаттайтын ұғымды шығаруға тырысады, оны субстанция деп атайды. Субстанция - ішкі бірлігі жағынан қаралатын объективтік шындық, қозғалыс формалары біртұтас, үздіксіз дамып отыратын материя. Субстанция – дүниеде бардың бәрі, өз өмірінде басқаға еш сүйенбейді, тек өз-өзіне ғана тәуелді. Ең жоғарғы субстанция – Құдай, ал жаратылған субстанциялар оның туындысы, яғни екіншілер және оған тәуелді. Материалдық (заттар) субстанциясының қасиеттері:
Негізгі қасиеті - ұзындығы. Ол материалдық субстанцияларға тән жалпы белгі, кеңістікке көсілуі (ені, биіктігі, тереңдігі, т.б) және шексіз бөлінуі.
Модустар (лат modus- өлшем, тәсіл) түпнегізден, субстанциядан туындайтын қасиет. Кеңістікте - форма, қозғалыс, тұратын орын. Адамды - сезім, ықлас, түйсік. Адамның жаратылған субстанция ретіндегі сипаты: бір-бірінен айырмашылығы бар екі субстанциядан - материалдық (дене, кеңістік) және руханидан (ойлайтын) тұрады. Жалғыз тіршілік иесінде адамда ғана екі субстанция бірігеді, бұл оған табиғаттан жоғарғы көтерілуге рұқсат етеді. Барлық рухани субстанциялардың түп негіздік қасиеті - ойлау.
Декарттың көзқарасы бойынша философияның «негізгі мәселесінің» шешілуіне байланысты не бірінші - материя немесе сана деген пікір таласының жөні жоқ. Олар әр уақытта бірге өмір сүреді және біртұтас болмыстың әртүрлі көрінісі. Бұл дуалистік ілім. Дуализм - дүниенің негізі бір-біріне бағынбайтын тепе-тең екі нәрседен – Рух пен материядан басталады деп, материализм мен идеализмді үйлестіруге тырысатын ағым.
Декарт ақыл-ой сезімдік түйсінуге мұқтаж емес, себебі рационалдық ойлаумен заттарды, құбылыстарды «туа біткен идеяларға» сүйеніп тануға болады дейді. «Туа біткен идея» түсінігінде Құдай, сан мен фигура, дене құрылым, ұзындық және ырық идеясы жатады. Бұл теорияның мәні: көптеген білімге дедукция арқылы жетеміз және білімнің ерекше түрі бар, ол қандай да болсын дәлелдеуді керек етпейді. Берілген білім бастан-ақ ақиқат, ең айқын және анық болады. Бұл - Құдай, адамның ақыл-ойында, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Декарт философиясы өз идеяларымен кейінгі философияға өте зор ықпал жасап, техниканың дамуына жол ашты.
Бенедикт (Барух) (1632-1677жж.) Спиноза ауқатты еврей отбасында, Амстердам қаласында дүниеге келді. Әкесі қаланың бай судагері еді. Ол баласын діни училищеге берді, онда ол зеректігін көрсетті. Декарттың шәкірті ретінде, рационалистік бағытты ұстанды. Ол өзінің философиясында одан көптеген ұғымды, әсіресе, екі бастаманы - ойлау мен ұзындық ілімін алды. Декарттан Спинозаның ерекшелігі ─ заттардың табиғатында екі субстанцияның жоқтығын көрсетуі.
Спиноза философиясының түп негізгі - субстанция, оны Құдай, жиі-жиі Табиғат деп атайды. Субстанция, Құдай, Табиғат ─ өзара ауысып отыратын түсінік. Субстанцияда екі атрибут (қасиет) бар: ойлау және ұзындық. Спиноза - монизмді жақтай отырып, субстанцияның материялдық сипатын көрсетеді. Дүниедегі заттар - табиғат модустары (түрлері). Модустар дүниесі, субстанцияның жай-күйі мен іс-әрекеттері қозғалыста болады. Бірақ бұл қозғалысты Спиноза жай айналу деп түсініп, механистік детерминизм принципін қорғады. Ойлау да - модус, өзінде көптеген адамның ренжуі, қайғыруы, түсінігі және идеялары болады. Адам да күрделі модус ретінде субстанцияда көрінеді.
Әлемді субстанция, атрибуттар, модустар арқылы талдай отырып, ол категорияның, жалпы ұғымдардың айқын иерархиясын тұрғызды, оны әлемнің теориялық суреті деп атауға болады. Көптеген философиялық түсініктерді қарастырып, Аристотельдің категорияларды сараптау дәстүрін жаңғыртты.
Спинозаның философиясында этика ілімі орталық мәселе болып есептеледі. Оның «Бостандық - танылған қажеттілік» деген формуласы кейін марксизмнің бостандық түсінігінің негізі болды. Бірақ, Спинозаның бостандық туралы ілімнің жағымсыз жағы, оның айтарлықтай фаталистік болуы. Адам өмірі тағдырға байланысты, оны адам мойындауы керек және оған күрессіз көнуі тиіс. Адам еркін, бірақ өлім туралы көп ойламайды, оның даналығы да өлім туралы емес, өмір туралы ой толғануы.
Оның материализмі атеистік ілімінің негізгі, Құдай жоқ деп ол Библия қағидаларын сынады, оны ойдан шығарылған өтірік деп жариялады. Сол себепті ол Синагогадан да қуылды. Спинозаның философиясы өміршіл, ақыл-ой негізінде жарыққа жол ашады. Оның еңбектері: «Діни саяси тракт», «Этика».
Джон Локк (1632-1704 жж.) Бэкон мен Гоббстың философиясын жалғастырды. Негізгі еңбегі «Адам ақылының тәжірибесі туралы» (1690 ж.). Ол Р. Декарттың «туа біткен» идеясын жоққа шығарды. «Жаңадан туған жанның санасы - таза тақта, ол тәжірибе арқылы толтырылады. Барлық білім тәжірибеге сүйенеді» - оның негізі тезисі. Бұл материалистік эмпиризм, сенсуализм ағымы.
Тәжірибенің екі түрі бар: сыртқы және ішкі тәжірибе. Біріншісі - сезім, екіншісі - рефлексия. Сезім идеясы - бастапқы сырттан келген құбылыс. Рефлексия – сананың өзінің ішкі психикалы күйіне ой жүгіртуі. Сезім идеясы арқылы біз заттардың сапасын білеміз. Ол екеу: бірінші сапалы идеялар ─ денелердің түрі, саны, орны, қозғалысы, салмағы, көлемі, т. б. қасиеттері жатады. Бұларды объективтік шындықта қандай болса, тура сол күйінде қабылдаймыз. Екінші сапалы идеялар: денелердің иісі, түсі, дәмі, т. б., бұларды субъективтік тұрғыдан қабылдаймыз. Оның сапаны осылай талдап зерттегені - үлкен ғылыми ілгері басқандық болды. Оны көбіне субективтік идеалистер мен агностицизм өкілдері кең пайдаланды. Д. Локк өз заманының көрнекті қоғам қайраткері. Мемлекет туралы ойлануында табиғи қалыптан азаматтыққа өту идеясын қолдады, мемлекеттің мақсаты ─ еркіндік пен еңбекпен жиналған меншікті қорғау деді. Ол алғашқы болып биліктің заң шығарушы және атқарушы тармақтары туралы ойлар айтты, халықтың саяси белсендігін қолдады.
Давид Юм (1711-1776 жж.) - агностицизм өкілі. Білім болмысты тану үшін емес, күнделікті өмірде жол нұсқаушы ретінде ғана керек. Ақиқат білім тек математикада бар, қалғандары логикаға бағынбайтын деректерге сүйенген дағдылы сенім дейді. Құбылыстардың бірінен кейін бірі өтуі ─ олардың себепті байланысын көрсете алмайды, тіпті дүние бізден тәуелсіз объективті өмір сүре ме?- деген сұраққа да жауап айта алмаймыз. Сонымен қатар ол, сезімдердің айқын болу дәрежесіне сүйеніп, олардың реттілігін айтады, практикаға соның өзі жеткілікті деп санайды. Соған сену теориялық білімді қажет етпейді.
Юм утилитаризм ілімін таратты, ақиқаттың, өнегіліктің өлшемі пайда деді. Діннің өнегелікке, азаматтық өмірге тигізетін зиянды әсерін қатты сынады. Негізгі еңбегі «Адам ақылы туралы зерттеу» (1748). Оның агностицизмі қазіргі неопозитивизмнің бір бастауы.
Джордж Беркли (1685-1753 жж.) - субъективті идеалист, епископ. Негізгі еңбегі «Адам білімінің бастауы туралы трактат» (1710). Оның пайымдауынша, адам тек өз «идеясын» (түйсік, сезіну) қабылдайды, заттың өмір сүруі - сезімде қабылдануында. Идеялар ақыл мен ерікке тәуелді. Осы солипсизмнен (тек бір танушы субъектінің өмір сүретінін мойындайтын философиялық ілім) құтылу үшін ол рухани субстанцияның көптігін, «шексіз рух - Құдайды» мойындайды. Кейін неоплатонизмді, идеялардың Құдай ақылында мәңгілік өмір сүретінін жақтады. Атеизмді қаралау үшін «материя» ұғымын сезімде берілмейді деп жоққа шығаруға тырысады. Локктің бірінші және екінші қасиеттері ілімін сынайды.
Жаңа Заман философиясында XVIII ғ. ерекше орын алған бағыт, ағартушылық кезең. Көрнекті өкілдері: Францияда - Вольтер, Руссо Ж., Гельвеций К., Ламетри Ж., Дидро Д., Гольбах П., Германияда - Лессинг, Гердер И., Англияда - Локк Д., Толланд Д., Юм Д. Ағартушылық кезеңдегі ойшылардың бәрін қайта өрлеу дәуіріндегі адамның шексіз мүмкіндігіне сену, өмірді ақылға сүйеніп өзерту, жаңа ғылым жетістігіне ұмтылу біріктіреді. Ағартушылар шіркеуді, дін ұстанымдарын сынап, абсолютизм мен метафизикаға қарсы шықты. Дін атаулының бәрі - надандықтың, жоққа нанудың және қаталдықтың ертедегі ескерткіші деді Гольбах. Олар қоғам өмірінің барлық жағын реформалаудың тиянақты концепциясын қарастырып, қоғамдық игілікке бағыттады. Олардың бар көңілі белсенді әрекеттенуші адамға, оның дүниені танып өзгертуіне, ақылға сүйеніп әлемнің қожасы болуына арналды.
Француз ағартушыларының өкілі Вольтер (1694-1778 жж.) жазушы, философ және публицист. Аса қатаң түрде шіркеуді сынады, оны үстем таптың мүддесін қорғаушы, ғылым мен білімнің жауы деп санады. Ол әрекетсіз оптимизмге күлді, еркін ойшылдыққа, өз бақыты үшін күресетін іскер адам болуға шақырды. Ол материяның мәңгілік және таралмайтындығы, тәуелсіз өмір сүретіні және мәңгі қоғалыста болатыны, табиғи және қоғамдық құбылыстардың себептілікке бағынатындығын мойындады.
Жан Жак Руссо (1712-1778 жж.) феодалдық қоғамды қатаң сынады, адам теңдігін, демократияны, азаматтық қоғам идеяларын дамытты. Теңсіздікті жекеменшіктен көрді, Гоббстың табиғи жағдайда «бәрінің барлығымен күресін» сынап, ол кезде керісінше бауырластық пен үйлесімдік болғанын дәлелдейді. Педагогика ғылымының теоретигі, еңбек арқылы белсенді азаматтарды тәрбиелеуге шақырады. Оның «Қоғамдық келісім» (1762), атты еңбегі бар.
Ағартушылық кезеңде француз материалистері қоғамда ерекше орын алады. Дени Дидро (1713-1784 жж.) материя мен қозғалыстың бірлігін қуаттап, абсолюттік тыныштықты қолдамады. Барлық табиғат мәңгі қозғалыс пен дамуда болады, «қозғалыс - материяның өмір сүру тәсілі» деген идеяны қолдады. Ол адамды сезгіштік пен ес дарыған құрал-сайманға ұқсатады. Адам санасы барлық материяға тән бейнелеу қасиетінің жоғарғы формасы деп, диалектикалық болжам айтты. Агностицизмді сынап, дүниенің танылатынын жақтады. Француз материализмі метафизикалық деңгейде қалғанымен, механистицизмнен толық арылды деуге болады.
Ағартушылар ─ «адамның мінез-құлқы мен қылықтарына қоғамдық орта мен тәрбиесі жауапты» - деген өте прогресшіл қағида ұсынды. Адамды қоғамдық орта қалыптастырады. Осыдан ─ ағартушылар адамды, оның мінез-құлқын өзгерту үшін, ең алдымен ортаны өзгерту керек деген революциялық қорытынды шығарды. Ағартушылар философиясы XVIII ғасырда ең прогресшіл философия болды. Ол қазіргі замандағы табиғаттану ғылымы мен қоғамдық ғылымның дамуына зор әсер етті.
Семинар сабағының жоспары:
Қайта өрлеу дәуіріндегі антропоцентризм және гуманизм.
Ғылыми революция және таным тәсілдері: эмпипризм мен рационализм.
Жаңа заман философиясындағы материализм мен идеализмнің ерекшеліктері.
Ағартушылық дәуір философиясы және оның идеологиясы.
Әдістемелік ұсыныстар:
Қайта өрлеу дәуірінде антропоцентризм және пантеизм жетілді, бұлар ғылыми танымға жол ашты. Жаңа заманда жаңа ғылыми жаңалықтарды философиялық тұрғыдан талдау қажеттілігі туып, танымның жалпы әдістемесі қарастырыла бастады. Сондықтан екі негізгі бағытты толық талдаған жөн. Олар: эмпиризм және рационализм.
Бақылау сұрақтары:
-
Жаңа заман философиясында таным методологиясы неге өзекті болды?
-
Танымның индуктивті және дедуктивті әдістерінің ерекшелігін ашыңыз.
-
Жаңа замандағы философияның негізгі бағыттарын атаңыз.
-
Қайта өрлеу дәуірінің өзіндік белгілері, олардың философиялық ойларда
бейнеленуі.
-
Қайта өрлеу философиясының антропоцентризмі және гуманизмі. Пантеизм
және натурализм.
-
ХVІІ-ХVІІІ ғасыр философия ( Ф. Бэкон, Р. Декарт, Т. Гобс, Б. Спиноза, Дж.
Локк, Г. Лейбниц).
-
ХVІІІ ғ. ағартушылық кезеңдегі философиясы (Ж. Ламерти, Д. Дидро,
К. А. Гельвеций, П. Гольбах, Вольтер).
-
Француз материалистерінің діни көзқарастары.
-
Қайта өрлеудегі натурфилософия мен диалектика (Дж. Бруно, Н. Кузанский).
-
Жаңа заман философиясындағы негізгі субьективтік идеализм өкілдері (Д. Юм,
Д. Беркли).
Баяндамалар мен рефераттар:
-
Қайта өрлеудегі антропоцентризм және гумманизм.
-
Адам идеалы: адам өзін-өзі жасаушы бастапқы тұлға.
-
Құдай, әлем және адам туралы Ренессанс философиясының гуманистік мәні.
-
Философия және өнер: индивидуалдылықты игеру (Данте, Петрарка, Леонардо да
Винчи, т.б.)
-
Ғылыми револиция және ХVІІ ғ философиясының ерекшелігі.
-
Діни догматизмді, орта ғасырлық схоластиканы сынау.
-
Бэконның индуктивтік әдісінің мәні.
-
Бэкон Ф. мен Р. Декарт. ілімдерінің қайшылықтары.
-
Метафизикалық онтология: субстанция мәселесі ( Декарт, Спиноза, Лейбниц).
Философиялық мәтіндермен жұмыс істеу
-
Антология мировой философии в 4-х т. М.: 1969-1972.
-
Гобсс Т. Левиафан или материя, форма и власть государства церковного и
гражданского. Гоббс. Сочинения. в 2-х т. М.: 1989 Т 2.
-
Декарт Р. Правила для руководства ума. Соч. В 2-х томах. М.:
-
Кузанский Н. Соч. В 2-х томах. М.: 1979-1980.
-
Лейбниц Г.В. Монадология. Соч. В 2-х томах. М.:
-
Локк Дж. Опыт в человеческом разуме Локк Дж. Изб. Философские
произведения. В 2 т. М.: 1986 Т 1.
-
Мир философии: Хрестоматия в 2-х частях. М.: 1991 Т 1.
Әдебиеттер тізімі
-
Алтаев Ж., Касабек А., Мухамбетәли Қ. Философия тарихы.Алматы, 2000.
-
Асмус В. Ф. Декарт М.: 1956.
-
Әбішев Қ. Философия.Алматы. Ақыл кітабы, 2001.
-
Гайденко П.П. Эволюция понятие науки (ХҮІІ-ХҮІІІ вв.) М.: 1987.
-
Зайченко Г.А. Джон Локк. М.: 1973.
-
Есім Ғ. Фәлсафа тарихы. Алматы. Раритет, 2004.
-
Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия. Алматы, 2003.
-
Қасабек А. Тарихи-философиялық таным. Оқу құралы. Алматы, ҚазГЗУ. 2002.
-
Мырзалы С. Қ. Философия әлеміне саяхат.-Қостанай, 2000.
-
Нарский И. С. Готфрид Лейбниц. М.: 1973.
-
Нысанбаев Ә., Әбжанов Т. Философия тарихы. Алматы, 1999.
-
Соколов В.В. Спиноза М.:1977.
-
Соколов В. В. Европейская философия ХҮ-ХҮІІ веков.- М.: 2003.
-
Философия Ғабитов. Т. Алматы. Раритет. 2003.
-
Философиялық сөздік. Алматы. 1996.
1.5 Немістің классикалық философиясы
Немістің классикалық философиясы ─ адамзат мәдениеті мен философиялық ойлау дамуының маңызды сәті. Бұл философияның негізін салған Иммануил Кант (1724─ 1804 ж.), Иоганн Готлиб Фихте (1762-1814 жж.), Фридрих Вигельм Иозеф Шеллинг (1775-1854 жж.), Георг Вильгельм Фридрих Гегель (1770-1831жж.) және Людвиг Андреас Фейербах (1804-1872 жж.). Аты аталған философтар өз жүйелерін жасады, олардың идеялары мен тұжырымдары аралығындағы ерекшеліктердiң болғанына қарамай, бір рухани ортаны қалыптастырды.
XVIII ғасырдың аяғымен XIX ғасырдың басында Германия экономикалық, саяси жағынан артта қалған бытыраңқы жартылай феодалдық ел болды. Ұлт буржуазиясы әлсіз болғандықтан, өкіметке қарсы ашық күресе алмады және революциядан қорықты, сондықтан феодалдармен ымыраға келді. Неміс классикалық философиясының өкілдері де, жай қала халқынан (бюргер) шыққандықтан, тек жалпы философиялық мәселелермен айналысты. Олар өз заманының білімді адамдары болды, университеттерде сабақ беріп, ғылыммен шұғылданды; сол кездегі Англияда болған өнеркәсіп төңкерісi, оның негізінде табиғаттану ғылымының дамуы, 1748-1794 жылдары Францияда болған буржуазиялық революцияның прогресшіл идеяларының Герман буржуазиясына тигізген әсеріне көп көңіл қойып, ой қозғады.
«Неміс классикалық философиясы» деген атауды Энгельс беріп, оны былай деп түсіндіреді:
-
Сана, сезім, ақыл-ой, таным мәселелерін зерттеу;
-
Ертедегі көне диалектиканы жаңа негізде көтеру;
-
Субъективтік идеализмнен объективтік идеализмге революция жолымен көшу.
Иммануил Кант 1724 жылы қарапайым қолөнерші семьясында Кенигсберг қаласында дүниеге келді. Әкесі тері илеуші, құрал - сайман шебері болып жұмыс істеді. Отбасындағы 9 баладан 3 қызбен інісі екеуі ғана тірі қалды, бала кезінде өте көп ауырды. Өмір бойы бойдақ болып өттi. 1745 жылы Кенигсберг университетінің теологиялық факультетін бітірді. Сонымен бірге, университетте бірқатар жаратылыстану және философиялық пәндерді зерттеп таныды. Университеттен кейін 9 жыл үйде сабақ беретiн мұғалім болып және өзі білімін жетілдірумен айналысты. 1755 жылы приват-доцент болып орналасқан соң логика, метафизика, математика, табиғи құқық, философия, механика, минерология, теология, этика, география, антропология, дін және физикадан дәріс берді. Философия мамандығымен 47 жыл бойы шұғылданды. Өзінің жеке басында философиялық әңгімелерге көңіл бөлмеген. Оның ойынша ол тыңдай білмейді, оқыта біледі. Бүкіл өмірі есептеліп, өзіне ыңғайлы өтіп жатты. Кешкі сағат 1000-да ұйықтап, таңғы 500-те тұратын болған. Ол 1900 сағатта қыдыруға шыққанда, қала тұрғындары онымен сағатын туралайтын деген аңыз бар. Бұл әдет соңғы 30 жыл бойы бұзылмаған.
«Пролегомендер» деген еңбегінде Кант өз философиясының жай-жапсарын қысқаша баяндап береді. Ол еңбегі алғаш рет 1783 жылы басылып шықты. Канттың ғылыми еңбектерi екi кезеңге бөлiнедi: «Сыни кезеңге дейінгі» және «Сыни кезеңдегі».
Сыни кезеңге дейінгі кезеңінің мәні ─ «Жалпы бірдей жаратылыстану тарихы және аспан теориясы» деген еңбегі бойынша талданады. Бұл еңбекте:
-
Материяның бірлігі, қозғалысы және оның заңдары туралы жаңа ойлар айтты.
-
Жаратылыстану ғылым теориясының саласында тарихи екі жаңа гипотеза
ұсынды:
а) күн жүйесінің табиғи жолмен пайда болуы (ғылымға бұл Кант-Лаплас гипотезасы болып кірді). Күн жүйесінің газ тектес тұмандықтан пайда болғандығы туралы идеясы тек астрономияға ғана қосқан үлесі емес, жалпы дүниетанымдық, әдістемелік маңызы бар жаңалық болды. Оның космогониялық ілімі неміс философиясына үлкен әсер етті. Бұл ілім дүниеге деген қалыптасқан метафизикалық көзқарасты жеңді.
б) тасқындар салдарынан жердің айналуының бәсеңдеуі.
-
«Дүние жаратылды» деген пiкiрдi жоққа шығарып, жаратылыстану туралы еңбегінде оны материализм тұрғысынан шешті. Планеталардың алғашқы газға ұқсас тұмандардың қоюлануы арқылы, өзіне тән тартылыс және серпіліс секілді қарама-қарсы күштердің арқасында өздігінен, ешқандай сыртқы күштердің әсерінсіз, пайда болатынын айтты. Хайуандардың пайда болуы, бүкіл дүниеге қалай таралғандығы жайлы, адамның табиғи жолмен шыққандығы туралы идеялар ұсынды.
-
Кант философиясының тарихы, маңызы, оның диалектикалық ойлауды дамытуында болды.
Кант екінші кезеңде өзінің философиялық жүйесінің орталық мәселесі етіп адамды, оның тану мүмкiндiгiн қойды. Адамға керегі бостандық, бірақ ол адамда жоқ. Адамда бардың бәрі табиғи қажеттіліктің арқасында қалыптасты. Адамның рухани тілегі мына философиялық сұрақтарға байланысты:
-
Нені біле аламын? (Метафизика немесе философия). «Таза ақыл-ойды сынау». (1781 ж.)
-
Нені білуім керек? (Мораль, этикалық ілім). «Практикалық ақыл-ойды сынау» (1788 ж.)
-
Неге сенуге болады? (Дін) «Ақыл шеңберіндегі дін» (1793 ж.).
-
Адам деген не? «Антропология» (1798)
Кант философиясы болмыс, әдептілік және дін туралы мәселелерді қарастырмастан бұрын, танып-білу мүмкіндігінің шегiн белгілеп алуды ұсынады.
«Таза ақыл-ойды сынау» деген еңбегінде таным мәселесін талдайды. Канттың пікірінше, таным процесі үш сатыдан өтеді: 1. Сезім-түйсік сатысы. 2. Сараптаушы ақыл-ой. 3. Таза ақыл-ой. И. Кант дүниені өздігінен, біздің санамыздан тыс өмір сүретін «өзіндік зат» (вещь-в-себе) – заттар мен құбылыстардың мәнi, біздің санамызда берiлген «біздік зат» (вещь-для-нас) - заттар мен құыбылыстардың сыртқы көрiнiсi немесе табиғат, деп екіге бөледі. Бұл дуалистік көзқарас. Өйткені, ол материалдық заттардың объективтік өмір сүруін мойындайды, алайда мәнін танып - білуге болмайтын «өзіндік зат» бар деп агностиктік ұйғарымға келеді. Зат ішіндегі мәнді ешуақытта таза ақыл-оймен анықтауға болмайды. Бұл трансцендентальдық, яғни логикалық ойлаудан, тәжірибиеден тыс.
Агностиктік білімнің пайда болуына байланысты, заңды сұрақ туады: егер жеке заттарды және тұтас әлемді тану мүмкіндігі жоқ болса, ғылыми білімнің тегі мен мәні қандай? Кант осыған өзінің гипотезасы мен теориясын жасады? Осы мәселелерді түсіндіру үшін, ол өзінің таным теориясына априорлық білім түсінігін енгізді, бұл ─ тәжірибеге дейінгі және тәжірибеден тыс алынған білім болды. Априорлық ─ ақыл-ойда әуел бастан бар және дәлелдеуді керек етпейді. Мысалы, «Адам өмірі уақытпен өтеді», «Барлық дененің ұзындығы бар». Тек априорлық білім дәлелді және сенімді, жалпылық және қажеттілік қасиетіне ие бола алады. Ол априорлық білім түрлеріне біздің кеңістік пен уақыт туралы түсінігімізді жатқызды. Бірлік, көптік, тұтастық, нақтылық, терістеу категориялары тәжірибеге дейін адам басында таза идея күйінде пайда болады деп жазды. Олар «бiздiк заттардың», табиғаттың ретсiздiгiн жоюға, жүйеге келтiруге қолданылады, яғни соңғыларды бiздiң санамыздың өзi жасайды - бұл Кант философиясының субъективтiк идеализмге ауытқуы.
Априорлық білімге байланысты адамның өзінің жеке эмпириялық тәжірибесінен шығу қабілеті туады. Осыдан, ол өзінің философиясын ─ транцендентальдық деп атады. Канттың априорлық формаларынан адамзат мәдениетінде қалыптасқан (заттандырылған) дағдылық, іскерлік және қабілет тыс қалған. Атап айтқанда, мәдениеттің негізінде ғылым, техника, өнер бар, біздің білім жеке адамға көп тәуелді емес. Бұлар шынында да жеке адам тәжірибесінен бұрын, қалыптасқан және олар үшін априорлық болады. Бірақ таным субъектісі адамзат болғандықтан, бұл білім апостериорлықтан, яғни тәжірибеден алынған.
Апостериорлық білім ─ тәжірибеге негізделген, әрі қолда бар материалдардың деректеріне сүйенген. Мысалы, адам тәжірибеден білетіні барлық металдар балқиды, бірақ теория жүзінде балқитынын дәлелдеуге болмайтын металдар бар. Сондықтан тәжірибеден алынған білімнің (эмпириялық, апостериорлық) дұрыс және толық болмауына байланысты, ол жалпылық болуға таласпайды.
Кант ілімінде танымдық қабілеттің негізгі мәселесі: ақыл-ой мен антиномиялар туралы, осы ілімнің ықпалы ерекше еді. Бұл жаңа заман философиясының ең маңызды, әрі терең жетістіктерінің бірі болды. Әр ойдың кері түрі бар деген диалектикалық заң ретіндегі антиномияға мыналар жатады:
Кеңістік және уақыт:
Дүние уақыт жағынан да, кеңістік жағынан да шекті.
Дүние уақыт жағынан да, кеңістік жағынан да шексіз.
Қарапайым және күрделі:
Әрбір күрделі зат қарапайым бөлшектерден тұрады.
Дүниеде қарапайым зат мүлде жоқ.
Бостандық және себептік:
-
Дүниеде табиғи заңдар бойынша себептілік қана емес, бостандық та бар.
-
Бостандық жоқ. Дүниеде бәрі де қатал себептіліктегі табиғи заңдар бойынша жасалады.
Құдай және мән:
-
Құдай бар - сөзсіз тіршілік иесі, барлық тіршіліктің себебі, дүние ме?
-
Құдай жоқ - дүние мәнсіз. Ешбір абсолютты тіршілік иесі жоқ.
И. Канттың осы антиномиясы Гегельдің қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі деген диалектика заңын ашыуына үлкен ықпал жасады.
1783 жылы «Пролегомендер» («кіріспе») кітабында философиялық категориялар тәжірибеден тыс, оған дейін адам басында таза идея күйінде пайда болады деп, олардың 12-сiн атап көрсетті. Сараптау парасатының түрі - категориялар (жалпы ұғым), солардың көмегі арқылы алғашқы түйсіктегіні «жүйе координатында» ұғыну және реттеу жүредi. Канттың пікірінше, сараптау категориясының көмегімен түйсіктегі ретсіздікті ақыл-ойдың сөресіне орналастырып, ойлау қызметін нәтижелі етуге болады. Ол 12 категорияны көрсетіп оны 4 топқа, әр топта үштен орналастырды. Сонымен бірге алғашқы әр топтың екі қатегориясы қарама-қарсы топтың қасиеті, сипатты, үшіншісі ─ олардың - синтезі:
Сан категориясы
|
Сапа категорияс
|
Қатынас категориясы
|
Модальдық категориясы
|
Бірлік
|
Нақтылық (реальность)
|
Субстанциональдық (Уақытша бәсеңдейтін жеңіл-желпі заттардың қасиеті)
|
Мүмкіндік және мүмкін емес-тік.
|
Көптік
|
Терістеу
|
Себеп және салдар
|
Өмір сүру және өмір сүрмеу
|
Тұтастық
|
Шектеу
|
Әрекеттестік (екі жақтың өзара қатынасы)
|
Қажеттілік пен кездейсоқтық
|
Бұл сатыда априорлы категориялар арқасында жаңа реттелген түйсіктер жиынтығы қорытындыланып, тұжырымдалып, заңдылыққа бағынып жаңа білім пайда болады. Осы екі сатыдан шығатын білімді ─ транцендентальдық білім дейді. Транцендентальдық дегеніміз ─ логикалық ойлаудан, тәжірибеден тыс, заттың өзін емес, априорлы танып-білу мүмкіндігінің осы затты қандай деңгейіне дейін түсінуін айтады.
Ақыл-ойдың таза түрі жоғары идеялар, мысалы, Құдай идеясы, жан идеясы, дүниенің мәні идеясы, т. б. Философия ─ Канттың пікірінше, жоғарғы мәлімет идеясы туралы ғылым. Таза ақыл-ой тануға болмайтын әлемдi, «өзіндік заттардың мәнін, табиғатын түсінуге» ұмытылады, бұл қайшылыққа, қиялға, антиномияға алып келеді.
Кант адам мінезін, парызын және құдайдың барлық мәселелерін өзінің «Практикалық ақыл-ойға сын» еңбегінде талдайды. Оның «таза ақыл-ойы», «практикалық ақыл-ойды» құруға қажетті негіз болды. Мораль қандай болу керек? Адамның әдептілігі, оның мінез-құлқы дегеніміз не? Таза әдептілік - қоғам санасындағы адамгершіліктің барын мойындауы, яғни әр жеке адамның оны өз бойына біткен қасиет ретінде түсінуі. Таза әдептілік пен нақты өмірдегі адамның мүддесі, іс-әрекеті (қылығы), ниеті арасында өте күшті қайшылық бар. Ал мораль адамның мінез-құлқынан, қоршаған ортадан тәуелсіз, тек моральдық заңға ғана бағынуы керек. Канттың пікірінше, мораль абсолюттi және міндетті.
Жоғарғы және сөзсіз орындалатын, бәріне бірдей әдептілік заңын ол ─ әдептілік императиві деп атады. Кант: «Жалпыға тән заңға айналғанын, өзің қалай алатын ұстанымды ғана өзіңе жетекшілікке ала отырып әрекет ет»3 - дейді. Әдептілік императиві - қоғамда қалыптасқан әдептілік заңдарын сыйлау, өз міндетіңді өтеу, сол ғана әдептілік іс болып саналады. Ол адамдардың игіліктерге, бақытқа ұмытылуын немесе сүйіспеншілік, жақсы көру секілді адамға тән құбылыстарды әдептілік императив шеңберіне енгізбейді. Әдептілік пен әдепсіздік ара қатынасында тәжірибе көрсеткендей сәйкестік жоқ. Өмірдегі ең бір үлкен табыс пен олжаға әдепсіз, көргенсіз, адамдық қасиеті жоқ жандар жетеді, сондықтан, әдепті жандар шет қалып отыр. Бұл біздің әдептілік санамызға қарсы келетіндіктерін, әділеттіктің кепілі ─ Құдай дейді.
Адамның мінез-құлқы, іс-әрекеті басқалар үшін үлгі болуы керек. Адам ─ басқа адамға ойланушы жан не өте сирек тұлға ретінде саналуы керек, сөйтіп жәй құрал ретінде қаралмауы тиiс оның «Пайымдау қабілетіне сын» еңбегінің негізгі идеясы - жалпылық мақсат идеясы.
Эстетикадағы мақсат. Адам өз қабілетін өмір мен мәдениеттің саласында барынша ойдағыдай пайдалануы керек.
Табиғаттағы мақсат. Табиғатта бәрінің өз мәні бар - тірі табиғаттың және өлi табиғаттың ұйымдасуы, тірі дененің құрылымы, көбеюі, дамуы.
Рухани мақсат - Құдайдың барлығы.
Канттың ілімі бойынша Дінге тек сену керек. Себебі, Құдайдың бар - жоқтығын тәжірибие арқылы дәлелдеу қиын.
Фихте Иоганн Готлиб 1762 жылы Раменау, Лужицк өлкесінде тоқымашы отбасында дүниеге келді. Бала кезінен бастап станокта жұмыс істей бастады.Оның білім алуына кездейсоқ жағдай әсер еткен фабрика иесі, барон ─ Милиц байқап қалды. Соның арқасында гимназияға қабылданды, кейіннен Иен университетінің теология факультетін бітірді. Фихте шығармалары: «Ғылым туралы ілім» (1794), «Адамның міндеті», «Әрқилы жауаптылықты сынау».
Фихте тарихи тұрғыдан алғанда немістің классикалық философиясына жаңа импульс берді. Фихте - субъективтік идеалист. Оның пікірінше, нақты өмір сүретін біздің санамыз. Материалдық дүние, болмыс, табиғат - тек біздің санамызда, сезімімізде, елесімізде, ұғымымызда болады. «Мен» (Субъект-сана), «Мен еместің» (табиғат-объект) анықтаушысы. «Мен» алғашқы бастама кезінде, ақыл-ойдың нақтылығына қарама-қарсы жағдайда, «Мен емеске», одан кейін екеуінің өзара қарым-қатынасына айналады. Енді «Мен де» - рух, жігер, өнегелік, сенім ұғымдарды қалыптасады, «Мен емес» нақты өмір сүреді және «Менге» әсер етеді, кейде оның іс-әрекетін айқындайды. «Мен емес» Канттың «өзіндік заты» секілді санадан тыс өмір сүрмейді, ол - сананың ерекше қызметінің туындысы. Бұл қызметтің ерекшелігі ─ санада осы қызмет жүріп жатқанда, адамда ол туралы саналы ойлау қабілеті болмайды. «Мен» өтімді, белсенді. «Мен» «Мен еместі» өзінің қарама-қарсылығы ретінде, өзінің белсендігіне қолдану үшін жасайды. Бұл қарама-қарсылық күрестің нәтижесінде, адамның сана-сезімі дамиды. Философиялық шығармашылықта Фихте екі кезеңді көрсетеді: а) философиялық әрекеттің кезеңі;
ә) философияның абсолюттік кезең.
«Мен» әрекеті, Фихтенің ұғымы бойынша, адамның әдептілік мінез-құлқы. Адам әрекетінің мақсаты - моральдық заңдар мен парызды орындау. Бұл мақсатты жүзеге асыруда, қоршаған ортамен тығыз байланысты адам болмысынан туындайтын, оның табиғи қабілеттері қарсы болады. «Менге» қарсы тұрып, оны іс-әрекетке итермелейтін «Мен емес» дегеніміз айналып оралып отырады. «Мен емес» деген өзінше өмір сүрмейді, оны өзінің қызметінің әрекетін дамыту үшін «Мен» тудырады. Бұл - антитезис, тезистен сөзсіз шығарылатын жай. Сол себептен Фихте өзінің әдісін «антитетикалық» деп атайды.
Фихте өзінің философиялық жүйесін Канттың философиялық бағытымен жасауға ұмытылды. Философия - бұл ғылымдардың бәрінің бастаушы негізі, яғни «Ғылымдар туралы ғылым», сондықтан өзінің басты еңбегі «Ғылыми ілімнің жалпы негізін» («Основы общего наукоучения») ғылым мәселелеріне арнайды. Өз философиясында алғашқы зерттеу объектісі жеке «Мен», адамның туындысы ─ «Мен емес» немесе көптеген адамдардың «Мені» емес, барлығын қамтитын абсолюттік «Мен» дейді. «Мен»,- деп жазды Фихте - өзінің ойлауында таза «Меннен» шығады және оны ойлағанда өз әрекетін заттар арқылы анықтау үшін емес, соны заттардың анықтаушысы ретінде қабылдау үшін керек. Мұнымен Фихте өзінің принципін басқа тәсілмен қалыптастырады, «Мен» - «Мен» де.
-
«Мен», барлық адамның «Мені» - нақтылық, құдіреті - шығармашылық, жасаушы күш және ең соңында бүкіл адамзат сана-сезімінің бір кезі.
-
Фихтенің «Мені» ақыл-ой ғана емес, ол ырық, тек таным ғана емес, әрі ол бәрінің бір жағын ғана біріктірмейді, «Мен» олардың мәні.
-
Фихте «Мені» алғашқы жағдайдан шығу немесе ойды нығайтудың қарама-қарсылық қозғалысы.
Фихте Кантқа қарағанда қандай болсын, сыртқы объектінің субъектінің ақыл-ойынан тәуелсіз өмір сүруін қабылдамайды, жоққа шығарады. Оның «Мені» тек бірғана нақтылық абсолют ─ әлемді жасаушы, бәрін құрушы.
Фихте «Жабық сауда мемлекеті» деген еңбегінде: Қоғам жеке адамдардың теңдігін ғана емес, сонымен бірге бостандығын реттеу керектігін айтады.
Парасатты мемлекетте тең құқықты адамдардың үш тобы бар:
-
Өндірушілер (ауыл тұрғындарын айтады).
-
Мастерлер ─ қаладағы қолөнершілер.
-
Сатушылар.
Фихте жерді жекеменшікке беруге қарсы болған, оның пікірінше: жердің иесі құдай, жер адамға тек өңдеп пайдалана алатын қасиеті үшін беріледі. Жерді сондықтан сатуға болмайды. Батыста оны социалист деп атады.
Шеллинг Фридрих Вилагельм Иозеф Шеллинг (1775-1854 жж.) 1775 жылы Леонбергте, протестанттық пастордың отбасында дүниеге келді. Сол кездегі философия мен әдебиеттегі бостандық оны қанағаттандырды. Ол құпия түрде Спинозаны, Руссоны және Шиллерді оқыды. 19 жастағы студент кезінде өзінің бірінші трактатын жазды. «Философия түрінің жалпы алғандағы мүмкіндігі» деген еңбегі таң - қалдырды.
-
Оған сол кездегі саяси оқиғалар өте үлкен ықпал жасады, әсіресе француз революциясының рөлі ерекше болды. Рухани құбылыстардан, Кант философиясы әсері айтарлықтай болды. Канттың сыни еңбектерінің арқасында оның теология мен шіркеуден алшақтауына тура келді.
-
Алғашқыда Фихте философиясын жалғастырғанымен, көп ұзамай субъективтік идеализмнің мүмкіндігінің жоқтығын түсінді.
-
Шеллинг философия эволюциясының ең маңыздысы ─ табиғат философиясын жасады.
-
Шеллингтің табиғат философиясының жетістігі ─ ол табиғат пен оның құбылыстарын зерттеуде диалектика әдісін кіргізді. Ол табиғатты зерттеуде ізденудің қажеттілігін, табиғат реальдығын, динамикалық қарама-қарсылығын көрсетеді. Шеллингтің табиғат философиясы, табиғаттың идеалистік диалектикасына айналды.
-
Натурфилософияның мақсаты ─ табиғаттың дамуындағы ең төменгі түрден, жоғарғы түрге бірте-бірте өтуді ашу. Мұнда табиғатты ақыл-ой өміріндегі сансыздықтың көрінісі ретінде баяндайды. Объективтік дүние алғашқы санасыз рухтың поэзиясы дейді.
-
Жаратылыстанудағы механистицизмді сынап, барлық құбылыстарды табиғаттағы өмір негізінде жатқан бiр принциптің көмегімен түсіндіруге ұмтылды.
-
Эмпирикалық нақтылықта табиғат заттары кейбірде рухани көріністе табылады. Демек, олар бір-бірімен тепе-теңдік жағдайда болады. Бұл идея оның басты және негізгі мәселесі.
Шеллинг құдайды жеке тұлға ретінде қарастырады. Құдай мен жеке тұлғаның айырмашылығы ─ құдай бостандығы шексіз болса, адамда шектеулі. Фихттемен бірге Шеллинг бостандық ұғымын қажеттілік деп түсініп, бостандық құбылысын жекелеген адамның ерлігі емес, қоғамның жетістігі деп білді. Алайда осы көзқараста қайшылық бар, Шеллинг бостандық проблемасын логикаға айналдырады, оны дүниедегі зұлымдық проблемасымен байланыстырды. Сөйтіп ол рационализмнің шектен шыққан түрінен иррационализмге бет бұрып, өзінен кейін қалыптасқан иррационалистік философиялық бағыттың негізін қалаушыға айналады. Дүниенi түсiнуде ақыл-ойдың шектеулі екенiн айтып, ол соңғы кезде аяндық философияға (философия откровения), «интеллектуалдық интуиция», мистика жолына түстi.
Георг Вильгельм Фридрих Гегель (1770-1831 жж.). Гейдельберск, одан соң Берлин университеттерінде профессор. Бірінші болып қызмет атқарды өз заманның атақты, әрі бүкіл Еуропаға белгілі беделді философы, әрі неміс классикалық философиясының шоқтығы биік өкілі.
Гегель философиясының үлесі және ерекшелігі:
-
Ол объективтік идеализм теориясын жасады. Оның философиясының негізгі өзегі абсолюттік идея - әлемдік Рух.
-
Гегель, Канттың, Фихтенің және Шеллингтің еңбектерін зейін қойып зерттеп, идеалистік диалектиканың жалпы теориясын жасап, және оны білімнің әртүрлі салаларына қолданды.Өзінің диалектикалық әдісінде ол қозғалыс дамуының үздіксіз екенін үйретті.
-
Гегель өз философиялық жүйесінде дүниежүзілік ақыл-ойдың абсолюттік және әбден жетілген көрінісін жасауға тырысты. Гегельдің жүйесі мен әдісі бір-біріне қайшы, кер тартпа.
Бұдан шығатын қорытынды:
а) философиялық жүйесі метафизикалық.
б) диалектикалық әдісі прогресшіл жағынан көрінеді.
Гегель жүйесі. Гегель нақтылықты (немесе бүтін болмысты) түсiнуде, идеяның мәні ретіндегi - әлемдік ақыл-ойды, Логосты, Рухты, Сананы, Субъектіні ─ Абсолют деп атады (барша дүниенің, бүкіл болмыстың пәрменді бастамасы, жаратушысы). Абсолюттің маңызды қасиеті - шығармашылығы, белсенділігі, дамуы және күшеюі. Ол өзінің дамуында әртүрлі сатыдан өтеді, өзінің өмір сүру формасында әртүрлі көріністе болады. Сонымен бірге өзінің жоғарғы мақсаты ─ өзін-өзі тануға ұмтылады.
Абсолют үштік түрде құрылған, Еуропалық философияда ертеден бар және дәстүрлі христиан діні іліміндегі үштікпен байланысты. Абсолюттік идеядан ─ Табиғат, Табиғаттан ─ Рух туады, бірақ, қалай тууы түсіндірілмейді, тек шыққан нәтижені факт ретінде көрсетеді.
Гегель философиясының негізі әлемдік Рух, абсолюттік идеяның бүкіл дүниені жаратқаны. Табиғат - әлемдік рухтың таза идеядан абсолюттік идеяға айналуы. Идея ешқандай мазмұнсыз «таза болмыс» немесе «ештеңе» болып табылады. Содан пайда болу, «туу» деген ұғым шығады. «Нақты болмыстың пайда болуы» - заттар мен құбылыстар дүниесіне әкеледі, яғни идея материалдық заттарға айналады: механикалық құбылыстар, химиялық қосылыстар, тіршілік, адам мен адамзат қоғамы түрiнде дамиды.
Адам пайда болғаннан кейін, идея адамның санасында ойлау формасына қайта айналады. Адам санасы дамыған сайын идея материядан қол үзіп, алшақтай береді. Ол өзінің бүкіл өткен жолын ұғына келе өз дамуын аяқтайды, бастапқы өз күйіне келеді. Ендi «Таза болмыс» ретінде емес, бүкіл өз мазмұнын барынша өрістеткен болмысқа айналады. Гегельдің пікірінше, табиғат абсолюттік идеяның екінші өмірі, бірақ ол дамымайды, дамитын тек идея.
Диалектиканы жасай отырып, Гегель бүкіл дүниені - табиғатты, қоғамдық өмірді және ойлауды - шексіз қозғалу, өзгеру және даму процесі деп көрсетуге тырысты. Ол диалектиканың негізгі принциптерін, заңдарын, категорияларын белгілеп берді. Табиғаттың, қоғамның, ойлаудың дамуы диалектика заңдарына бағынады деген оның идеясы өте игілікті болады. Алайда, объективті идеалист болғандықтан, Гегель дүниенің барлық құбылысының негізінде қайдағы бір абсолюттік идеяны, әлемдік рухты алды. Ұғынудың жоғарғы сатысы өзiнiң философиясында берiлген, әрі ендi Гегель басқа философияның болуы мүмкiн емес деп, өзiнiң диалектикалық iлiмiне қайшы пiкiр айтады. Бұл оның философиялық жүйесi мен ойлау тәсiлiнiң арасындағы қарама-қайшылық.
Оның ең маңызды еңбегінің бірі «Логика ғылымы» үш бөлімнен тұрады: 1. Болмыс. 2. Мән. 3. Ұғым.
Гегель өзінің логикасында шындықтың өз- өзінен қозғалуы және өз-өзінен дамуы жөнінде пайдалы пікір ұсынды. Бірақ ол шындықты ойлаумен теңестірді. Бұл еңбекте диалектикалық үш заңды ─ идеалистік тұрғыдан зерттеп көрсетеді:
1. Қарама-қарсылықтың бірілігі мен күресі заңы - дамудың негізгі қайнар көзі.
2. Санның сапаға айналу заңы - барлық болмыс қалай өзгеретiнiн ашады.
3. Терістікті терістеу заңы - өзгеріс қай бағытта болады деген сұраққа жауап береді.
Тарих философиясында:
1. Адамзаттың тарихын кездейсоқ оқиғалардың тізбегі немесе ұлы адамдардың өмірінің тарихы емес, заңды процесс деп көрсетті.
2. Географиялық ортаның рөлі жөнінде, экономика жөнінде, әлеуметтiк таптардың күресі және басқалар жайында бірсыпыра қызықты идеялар айтты.
3. Мемлекеттің кемеліне келіп гүлденуінің негізгі шарты - ерікті жеке меншіктің дамуымен байланысты деп санады.
Л. Фейербах 1804 жылы Лансугутта туып, 1872 жылы Нюренберг қаласының маңында, Рейхенберг деген жерде қайтыс болған. Негізгі еңбектері: «Христиан дінінің мәні», «Діннің мәні», «Гегельге қарсы сын». Философияға Гегельдің идеалистік философиясын сынау арқылы келеді. Фейербах: «Гегель нақты ойлауды нақты адамнан айырып, шындықты жасаушыға айналдырды», - дейдi.
Фейербахтың пікірінше, жаңа философия ─ теологиялық емес, антропологиялық болуы керек. Антропологизм - адам мен табиғаттың айырғысыз бірлікте және адамды табиғаттың жемісі деп қарау. Антропология - адамның биологиялық жақтарын зерттейтін ғылым. Табиғат рухтың негізі болғандықтан, ол философияның да негізі. Табиғаттан сезім мен ақыл-ой дарыған. Адам жер бетіндегі тірі жан, табиғаттың бір бөлігі екенін мойындай отыра, оны қоғам мен және тарих дамуынан тыс, абстракты түрде алып қарайды. Адам мен табиғаттың өзара әрекетінің негізі, қоғамдық-тарихи практика екенін түсінбеді.
Таным туралы. Фейербах: «Дүниені танып білу дүниенің өзі секілді шексіз. Таным сезімнен басталады, шындықтың дәйегі - іштей туған сапа». Қоршаған ортаны тануға болады, ақыл-ойдың мүмкіндігі шексіз. Бірақ, бұл бірден пайда болмайды, ол адамның эволюциялық дамуы, тәжірибенің жиналуы, ғылыми-техниканын өсуіне байланысты болады. Фейербах: «Біз танымағанымызды, біздің ұрпағымыз таниды»4 - дейді. Фейербахтың бүкіл материализмі секілді, таным теориясы да сырттай пайымдаушылық сипатта болды - бұл практикалық іс-әрекет рөлінің маңызын түсінбеушілік. Ойлау адамнан тыс және одан тәуелсіз өмір сүре алмайды. Ол адам миымен ажырамас байланыста болады. Тарихты түсінуде тарихи процестің қозғаушысы деп объективтi заңды емес, ақыл-ойды мойындайды.
Фейербах: «адамның өзіннің түпкі төркіні санасына байланысты, дін адамды емес, адам дінді жасайды»- деді. Адам қандай болса құдайы сондай деп, Фейербах діннің негізін қиялдан (фантазиядан) іздейді. Фейербах материализмнің күшті жағы - оның дінмен ашық күресіп діннің психологиялық түп-тамырын ашып беруiнде. Құдайы бар дінді жойып, оның орнына құдайсыз, адамдардың сүйiспеншiлiгiне негiзделген жаңа дінді жасауды ұсынды.
Семинар сабағының жоспары:
1. Классикалық неміс философиясының әлеуметтік, тарихи алғышарттары.
2. Классикалық неміс философиясындағы метафизика мен натурфилософия.
3. Классикалық неміс философиясындағы диалектикалық әдіс пен идеалистік жүйе.
4. Л.Фейербахтың философиялық іліміндегі антропологиялық материализм және
гуманизм
Әдістемелік ұсыныстар:
Негізгі назарды мына мәселелерге аудару керек: немістің классикалық философиясы И. Кант, И. Г. Фихте, В. Ф. Шеллинг, Г. В. Гегель, Л. Фейербах аттарымен белгілі. Олардың әрқайсысы өзіндік ерекшелігі бар ойшыл ретінде танымал. Сонымен қатар, ілімдердің әрқилығына қарамастан олар белгілі – бір идея мен принципті үстанған.
Бақылау сұрақтары:
1. Немістің классикалық философиясы жаңа философияның қайнар көзі.
2. И. Канттың сын кезіндегі философиясының мәні неде?
3. Гегельдің диалектикасын қалай түсінуге болады?
4. Фейербахтың антропологиялық материализмінің маңызын ашыңыз?
5. Классикалық неміс философиясының тарихи алғышарттары, оның негізгі иедеялары мен принциптері.
6. Кант агностицизмі.
7. Канттың сынға дейінгі және сыни кезеңдерінің ерекшеліктері
8. Гегель философиясының қайшылықтары.
Достарыңызбен бөлісу: |