Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет186/297
Дата19.05.2022
өлшемі1.97 Mb.
#457501
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   297
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
болса, сол жұртты бір қамшымен айдайтын болды. Бұрынғы 
жүйірік шешен билерден келе жатқан әз, әділ билік жорасы жаман 
қарапайым тұғыр би парасына аяқ асты болды. Пара беріп ақты қара, 
қараны ақ қылатын күн туды» [11, 167–168 бб.] – деп қынжыла жазған 
еді. Алаш көшбасшысы қазақ арасында билік құру өнерінің тамаша 
үлгісі болғандығын сөз еткенде, билер әділеттілігін мақсат тұтты. 
Өйткені дәстүрлі билер билік құрған кезде қазақ ортасында «пара 
беру» деген ұғым болмаған. Қазақты орыс судьясына қаратуды да, 
шариғатқа қаратуды да жақтап қол қоймаймыз дегені, қазақта өзінің 
әдет-құқығы мен билер институтының үлгісі қалыптасқандығына 
сүйенген еді. Үлгілі жұрттардың үздік, озық жақтарынан үйренуге 
шақырды. Алдыңғы қатарлы дамыған ұлттардың ел билеу өнері 
жайында сараптамалар жүргізе келе, қазақта да өзіміздің дәстүрлі 
билеріміз салған жолдың болғанын, соны орынды пайдалана білу 
керектігін ескерткен болатын. Өзіміздің төл мұраларымызды 
жаңғыртып, саралап, бүгінгі күннің кәдесіне жаратсақ одан ұтпасақ, 
ұтылмаймыз. Қазіргі Қазақстан жағдайында халқымыздың рухани 
мұраларын жаңғырта отырып асыл мұраларды, жәдігерлерді, 
тарихи тәжірибелерді жинақтап қазіргі кезеңнің игілігіне жұмсауға 
мол мүмкіндіктер бар. Әрбір қолына билік тиген азамат үшін халық 
мүддесін жеке бастың мүддесінен жоғары қою қажет. Орыстың 
ұлы жазушысы Лев Толстой да, әлеуметтік мәселелерді шешеуде 
адамның адамгершілігін жетілдіруден бастап, тәрбиелеу мен рухани 
кемелдікке мылтықтың қажеті жоқ деген болатын. 
Халқымыздың билік құру өнерінің жетістіктерін зерделей 
отырып, мемлекеттілігімізді жаңғыртуда өзіміздің түп-тамырымызға 
үңілу қажеттілігін байқаймыз. Шоқан Уәлихановта қазақ сахарасында 
реформаларды қабылдау кезінде жергілікті жағдайларды ескеру 
керектігін баса көрсеткен болатын. Ұлы ағартушы-ғалым азаматтық 
заңдарымызды жасауда, би сайлауында қалыптасқан дәстүрлерімізді 
қайта жаңғыртуды армандап кеткен еді. Қазақ хандығы тұсындағы 
билер институты тек ел ішіндегі мәселелерді реттеп қоймай, сыртқы 
саяси қатынастарға да араласты. Билердің мәмлегерлік міндетті де 
атқарғандығы тарихтан белгілі. Көрші мемлекеттермен болған келіс-
сөздер жүргізуде тамаша табыстарға жеткен Қаз дауысты Қазбек би 
туралы аңыз әлі күнге мәмлегерлік ойдың шыңы болып есептеледі. 
Жеке адам еркіндігінің әлеуметтік азаттық мәселесіне қарай сөзсіз 
ойысатындығын бағамдаймыз. Немесе, адамның ішкі еркіндігі 
сыртқы әлеуметтік еркіндіксіз түк те емес екендігі түсінікті жайт.
Мәселені шешу тәсілінің өзі, ұрымтал тұсты дөп басатын сан 
қырлы әдістерге толы болды. Бұл әдіснамалар ақиқаттың мәңгілік 


 
189


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   297




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет