Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


Әдебиет: Философия. Энциклопедический словарь. – М., 2004



бет71/401
Дата08.12.2023
өлшемі1.5 Mb.
#485985
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   401
treatise187525

Әдебиет: Философия. Энциклопедический словарь. – М., 2004.


АХМЕТ ИҮГІНЕКИ, Югнаки Адиб Ахмед ибн Махмуд (ХІІ ғ-дың соңы, Түркістан өңірі – ХІІІ ғ-дың басы, сонда) – ортағасырлық ақын, хакім, ойшыл. Иүгінеки (қазақша Жүйнек) қ-нда туып, өскен. А.И-дің ғұмыры, өмір сүрген ортасы туралы деректер тым тапшы. Зағип болып туып, фәни жалғанның жарық сәулесін көрмей бақиға озған Ахмед жастайынан ілім- білімге құмартып, түркі тілдері мен араб тілін жетік меңгерген. Шариғат қағидаларын жан-жақты зерттеп-танып, терең іліміне сай «Әдиб Ахмед» деген құрметті атқа ие болған. Ақыл-ойы толысып, діни танымы әбден кемелденген шағында А.И. қысқаша тақырып-тақырыптарға бөліп, Ислам құндылықтарына негізделген өлең-жырларын өмірге келтіре бастайды. Кейін бұл жәдігерліктердің басы біріктіріліп, «һибат ул-хақаиқ» («Ақиқат сыйы») деп аталатын дидактик. өлеңдер жинағына айналған. Мазмұны, танымдық нәрі жағынан алғанда «Ақиқат сыйы» – Әбу Насыр әл-Фараби, Махмұд Қашқари, Жүсіп Баласағұни, Қожа Ахмет Ясауи мұраларымен іштей астасып, IX–XIII ғ. аралығындағы түркі дүниесінің рухани қазына- ларының жарқын туындысына айналды.
А.И-дің «Ақиқат сыйы» біздің заманымызға жетпей, біржолата жоғалып кеткен. А.И. мұрасының XIV–XV ғ-да жасалған 3 түрлі көшірмесі, 3 түрлі үзіндісі бар. Оның ішінде ең ескісі – 1444 ж. Самарқанда Арсылан Қожа тархан Әмірдің қалауымен Зәйнүл Әбідін бин Сұлтан Бақыт Жужани Құсайын көшіріп жазған нұсқа. Көне ұйғыр, арагідік арабша хатқа түскен нұсқаның жалпы көлемі – 508 жол. Бұл мұра қазір Стамбулдағы Айя-София кітапханасы қорында сақтаулы; 2-нұсқа Стамбулда 1480 ж. Шайх зада Абд әр-Раззақтың ұйғыр және араб жазуымен көшірілген, 506 жолдан тұратын үлгісі. Парсыша, тәжікше түсініктемелері бар, Стамбулдағы Айя-София кітапханасында сақтаулы бұл жәдігерлікті Н. Әсім 1915 ж. алғаш жарияла- ған; «Ақиқат сыйының» үшінші арабша нұсқасы XIV ғ-дың ақырында, немесе XV ғ-дың басында 524 жол өлең көлемінде көшірілген. Ол Стамбулдағы Топ-Қапы сарайында сақтаулы. Сол сияқты «Ұзын көпірдегі Сейіт Әлі» деген кісінің кітапханасынан табылып, Анкара кітапханасына табыс етіліп, кейін мүлдем жоғалып кеткен А.И. мұрасы туралы дерек бар. Анкарадағы Маариф кітапханасынан табылған ( көлемі төрт бет), Берлин ҒА-нда сақтаулы тұрған (1 бет) өзге нұсқалардың із-жосықтары А.И. еңбектерінің қаншалықты кең көлемде таралғанын дәлелдей түседі.
А.И. үшін бұл дүниеде тұрақты ешнәрсе жоқ, бәрі де өзгереді. «Жас қартаяды, жаңа ескіреді», «Барлық толған (нәрсе) азаяды, түгел кемиді».


94

Сол себепті бұл дүниенің қызығы да жалған, өкінішті. Мұнда «менікі» деген жоқ. Өйткені «менікі деген» ертең «өзгелердің еншісі» болып шығады. Сондықтан дүниеқорлық пен ашкөздік адамға бос бейнет әкеледі, ал оны ойлай берсең, ол сенің тек «уайым-қайғыңды көбейтеді, (одан да) еңбек ет» деп тұжырымдайды. Кішіпейілділік пен жомарттықты, сабырлық пен көнбістікті мадақтайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   401




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет