Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы


«Рабғұзи қиссалары» (Қисас-ул әнбиа) –



Pdf көрінісі
бет112/126
Дата01.11.2023
өлшемі2.92 Mb.
#482164
түріБағдарламасы
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   126
4100d37a29d9cd8e6f0c6385f1c84be9

«Рабғұзи қиссалары» (Қисас-ул әнбиа) – ХІІІ-ХІҮ ғасыр әдебиетінің 
жинағы, әртүрлі жанрдағы шығармалар қамтылған, өз дәуірі әдебиетінің 
негізгі ерекшеліктерін аңғартатын құнды мұра. Шығарма 1310 жылы 
(710 қыжыра) Насреддин Тоқбұға бекке арналып жазылған. Авторы 
– Рабат Оғыз қыстағының қазысы Бүрһанеддин ұлы қазы Насреддин. 
Рабғұзи – автордың туған жеріне байланысты алған лақап аты. «Рабғұзи 
қиссаларының» негізі – шығыстан ислам арқыл келген әңгімелерден 
тұрады. Ежелгі діни кітаптардан бірден бірге ауысып келе жатқан 
сюжеттерден құралған аударма-нәзира шығарма.
«Рүстем-Дастан» – парсы ақыны Ә.Фирдаусидің «Шаһнама» 
эпопеясы негізінде Т.Ізтілеуов жырлаған дастан. Дастанның көлемі – 24 


380
мың жол, 30 тараудан тұрады, 11 буынды қара өлең үлгісінде жазылған, 
7 – 8 буын жыр үлгісі де кездеседі. Дүниежүзілік әдебиетте жоғары 
бағаланатын «Рүстем-Дастан» қазақ танымына мейлінше жақын етіп 
жырланған, ол арғы-бергі ертегі-аңыз оқиғаларға толы. Дастанның 
үлкен бір бөлігі М.Әуезовтің алғы сөзімен 1961 жылы басылып 
шықты. «Жәмшитнама» (12 мың жол) және «Дарапнама» (4 мың жол) 
бөлімдерімен толықтырылған нұсқасы 2004 жылы «Шаһнама. Рүстем – 
Дастан» деген атпен жарық көрді.
«Сейфүлмәлік-Бәдіғұлжамал» – оқиғасы «Мың бір түннен» 
алынып, ел арасына кең тараған ғашықтық дастан. Тұңғыш рет 1807 
жылы «Сейфүлмәлік» деген такырыппен шағатай тілінде жарияланды. 
Осы кітаптан кейін қазақ арасына кең тараған жырдың екі нұсқасы он 
шақты рет басылып шықты. 1870 жылы В.В. Радлов жинағында басылған 
нұсқа, оны Ж.Шайхысыламұлы қайта жырлап, 1903, 1908 жылдары 
Қазан қаласында бастырған. Радлов жинағындағы және Жүсіпбек 
бастырған нұсқаның тілі таза, араб-парсы сөздері аз, көп сөзділік, 
қайталау кездеспейтін көркем туынды. «Сейфілмәлік-Бәдіғұлжамал» 
дастаны шығыс сюжетіне құрылса да, қазақ халқының ауыз әдебиетімен 
орайласып, үйлесіп кеткен шығарма. Дастан «Ғашыкнаме» жинағына 
енді (1979).
«Таһир-Зуһра» – ғашықтық дастан. Дастанның сюжеті өзбек
татар, ноғай, әзербайжан, түрікмен, қазақ арасында кеңінен танымал, 
батыстың «Ромео – Джульеттасы», шығыстың «Ләйлі – Мәжнүнімен» 
үндес. Қазақстан Ғылым Академиясының Орталық ғылыми кітапхана 
қорында дастанның екі нұсқасы сақтаулы: бірі – А.Оразаев (1834 – 1883) 
бастырған нұсқа, ол 1889 – 1908 ж. аралығында Қазан қаласыннда қазақ 
тілінде 9 рет басылып шыққан. Екіншісі – 20 ғасырдың басында өмір 
сүрген қиссашыл ақын Ақылбек Сабалұлы өлеңмен жырлаған нұсқа. 
«Тотынама» – хикаяттар жинағы. Үнді және Орталық Азия 
халықтарына ежелден мәлім. Әлемдік әдебиетте «Тотынаманың» 
85 нұсқасы бар, оның 20-ға жуығы Ресей архивтерінде сақтаулы. 
«Тотынама» сюжеті қазақ арасына парсы әдебиеті арқылы еніп, кең 
тараған. Хикаяттың бір үлгісі 1892 жылы Қазан қаласында татар тілінде 
жарық көрген. Көтерген тақырыбы – әйел мекерлігі, олардың түрлі 
қулық-сұмдықтары туралы оқиғалар. Жинақ – циклдену процесінен 
өткен шығарма, «Тотынама» нұсқаларының бірінде 52, бірде 70 түннен 
тұратын хикаяттар баяндалады. Оның халықтық және авторлық 
нұсқалары бар. Ә.Қоңыратбаев және Т.Қоңыратбаевтардың аударуымен 
1991, 2005 жылдары «Тотынама» деген атаумен қазақ тілінде шыққан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет