«Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты» КеАҚ
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
6В01301 – Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі
(мамандықтың шифры және атауы)
мамандығының білім алушыларына арналған
«Жаратылыстану негіздері» пәні бойынша
(пәннің толық атауы)
Арқалық, 2021
Педагогика және филология факультеті
Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасы
Оқу түрі: күндізгі
Мамандық: 6В01301 – Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Оқу-әдістемелік кешен
ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазанындағы № 604 қаулысымен бекітілген жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
«24» 02 2021ж. хаттама №9 Ғылыми кеңес бекіткен 6В01301 – Бастауыш оқыту мен әдістемесі мамандығының білім беру бағдарламасы
«Жаратылыстану негіздері» пәнінің оқу-әдістемелік кешенін магистр, аға оқытушы Қара Әсел Бейсенбайқызы (+77016269624, asel_kara@mail.) дайындады және Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының мәжілісінде ұсынылды, «08» 04 2021 ж., хаттама №9.
Құрастырушы Қара Ә.Б.
Кафедра меңгерушісі Дуйсебекова А.Е.
Институттың ОӘК отырысында мақұлданды, 2021ж. «21» 04 №5 хаттама.
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты
|
Педагогика және филология факультеті
|
|
Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасы
|
6В01301 – Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі
|
«Жаратылыстану негіздері» пәні бойынша жұмыс оқу бағдарламасы (Syllabus)
|
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазанындағы №604 бұйрығымен бекітілген жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
Ғылыми кеңестің 2021 жылғы 24 ақпанындағы мәжілісінде (№9 хаттама) бекітілген 6В01301 – Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі білім беру бағдарламасы негізінде әзірленді.
|
Магистр, аға оқытушы Қара Ә.Б. әзірледі және Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының 2021 жылғы 4 сәуіріндегі мәжілісінде (№9 хаттама) ұсынылды.
|
Құрастырушы: Қара Ә.Б.
|
Кафедра меңгерушісі Дуйсебекова А.Е.
|
Институттың ҒӘК-нің 2021 жылғы 20 сәуіріндегі мәжілісінде (№5 хаттама) мақұлданды.
|
1. Қара Әсел Бейсенбайқызы – asel_kara@mail.ru
2. Студенттерге кеңес беру уақыты (ОСӨЖ): сәрсенбі, жұма 15.00-16.00
3. Аудитория: 439
4. Курстың қысқаша сипаттамасы: Пән мазмұны валеология, экология, өзін-өзі тану, жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы пәндерімен кіріктірілген байланыста жасалады. Бұл курс келесі «Дүниетану пәнін оқыту әдістемесі», «Жаратылыстану пәнін оқыту әдістемесі» курстарын оқуға негіз болады.
5. Курстың мақсаты: Студенттерге жаратылыстану ғылымдары негіздерінен теориялық білім берумен қоса болашақ мамандардың практикалық іс-әрекетін дамытып, біліктері мен педагогикалық дағдыларын жетілдіру.
6. Курсты оқу нәтижелері:
Осы пәнді сәтті аяқтаған студент:
- жаратылыстану ғылымының теориялық негіздерін біледі;
- биосфера, биоценоз, экология, өсімдіктер және жануарлар дүниесінің бір-бірімен байланысын түсінеді;
- оқушылардың табиғатқа деген қызығушылығын, белсенділігін, байқағыштығын арттырудың тиімді жолдарын қолданады;
- адамның табиғаттағы орнын, жергілікті жердің өсімдіктері жануарларын және экологиясын талдайды;
- оқушыларды дамытудағы қоршаған ортаның маңызын бағалайды;
- құзіретті маманға қойылатын талаптарға сәйкес коммуникативтік дағдысы қалыптасады.
7. Пререквизиттер: Педагогикалық кәсіпке кіріспе
8. Постреквизиттер: Өндірістік тәжірибе
9. Курстың саясаты: студент сабаққа қатысуға міндетті және кешікпей келуі керек; барлық тапсырмалар уақытылы орындалып тапсырылуы керек; барлық жазбаша жұмыстар плагиатқа тексеріледі, талап етілген деңгейден төмен көрсеткішке ие болған жұмыс 0-мен бағаланады; бақылау жұмысы, межелік, қорытынды бақылауларда рұқсат етілмеген көмекші материалдар мен құралдарды (шпаргалка, конспект жазылған дәптер, қосылған не ажыратылған ұялы телефон, өзге де электронды құрылғылар т.б.) қолдануға болмайды; ерекше білім беру қажеттіліктеріне ие студенттер межелік және қорытынды бақылауды қолайлы формада тапсырады.
10. Оқу жоспарынан көшірме
Курс –1
Семестр –2
Кредит саны – 4
Дәріс – 10 сағат
Практикалық сабақ – 30 сағат
ОСӨЖ – 20 сағат
СӨЖ – 60 сағат
ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
(академиялық сағатпен)
Апта №
|
Дәріс
|
Практикалық сабақ
|
СӨЖ (үй жұмысы)** (жоба, эссе, шығармашылық жұмыс, есеп шығару, кейс шешу, семестрлік жұмыс, курстық жұмыс т.б.)
|
1-апта
|
Жаратылыстану негіздері пәніне кіріспе - 1 сағ
|
Жаратылыстану дамуының негізгі кезеңдері – 2 сағ
|
Күн жүйесінің ғаламшарлары
|
2-апта
|
Жер – Күн жүйесінің планетасы – 1 сағ
|
Жер және галактика – 2 сағ
|
Кометалар - аспан денелері
|
3-апта
|
|
Жердің құрылысы – 2 сағ
|
Пайдалы қазбалар және олардың адам өміріндегі маңызы
|
4-апта
|
Литосфера – 1 сағ
|
Қазақстанның жер бедері – 2 сағ
|
Өзендердің халықшаруашылық маңызы
|
5-апта
|
Гидросфера – 1 сағ
|
Құрлық сулары – 2 сағ
|
Жауын-шашынның жер шарында таралуының негізгі заңдылықтары
|
6-апта
|
|
Судың халық шаруашылық маңызы – 2 сағ
|
Атмосфераның айналымы
|
7-апта
|
Атмосфера – 1 сағ
|
Ауа райы және климат – 2 сағ
|
Қазақстанның таулы аймақтары
|
8-апта***
|
Сұлба және карта – 1 сағ
|
Сұлба және карта – 2 сағ
|
Географиялық қабықтың дамуындағы климаттың ролі
|
1-межелік бақылау жазбаша түрде қабылданады. Тапсырма теориялық және практикалық сұрақ тардан тұрады. Тапсырманы орындауға 30 минут уақыт беріледі
|
9-апта
|
|
Биосфера – 2 сағ
|
Қазіргі таңдағы қоршаған ортада, табиғатта адам әрекетінен болып жатқан түрлі өзгерістер
|
10-апта
|
Тірі организмдер құрылысы – 1 сағ
|
Тірі организмдердің жер қабықтарына әсері – 2 сағ
|
Қоршаған дүние объектілерінің бір-бірімен байланысы, бір-біріне әсері
|
11-апта
|
Өсімдіктердің көптүрлілігі - 1 сағ
|
Топырақ – 2 сағ
|
Топырақ түзудегі тірі организмдердің, минералды заттардың, климаттың және жер бедерінің ролі
|
12-апта
|
|
Өсімдіктер – 1 сағ
Тұқымды өсімдіктер – 1 сағ
|
Өсімдіктердің санитарлы-гигиеналық және эстетикалық маңызы
|
13-апта
|
Жануарлар әлемінің алуан түрлілігі – 1 сағ
|
Жануарлар – 2 сағ
|
Құстардың адам өміріндегі және табиғаттағы маңызы
|
14-апта
|
Экологиялық факторлар - 1 сағ
|
Сүт қоректілер экологиясы – 2 сағ
|
Қазақстандағы қорықтар
|
15-апта***
|
|
Абиотикалық факторлар және өсімдіктердің тіршілік формасы – 1 сағ
Биотикалық факторлардың өсімдіктерге әсері – 1 сағ
|
Адам мен табиғаттың байланысы
|
2-межелік бақылау жазбаша түрде қабылданады. Тапсырма теориялық және практикалық сұрақ тардан тұрады. Тапсырманы орындауға 30 минут уақыт беріледі
|
Қорытынды бақылау
|
Емтихан жазбаша түрде қабылданады. Билет теориялық және практикалық сұрақ тардан тұрады. Тапсырманы орындауға 50 минут уақыт беріледі
|
11. Негізгі және қосымша әдебиет тізімі
№
|
Автор, атауы, шыққан жылы
|
Ақпарат көзі
|
Бары (дана)
|
Негізгі әдебиет
|
1
|
Естұрсынова М.К., Набидоллина Ш.С. Жаратылыстану негіздері және дүниетануды оқыту әдістемесі
|
Астана., 2007
|
10
|
2
|
Иманалиев Б. Мен және қоршаған әлем
|
Алматы., 2006
|
4
|
3
|
Иштаева Ф., Набидоллина Ш., Молдағалиева Ж. Экология
|
Астана., 2016
|
1
|
4
|
Булекбаева К.Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау
|
Алматы., 2016
|
5
|
5
|
Асқарова Ұ. Экология және қоршаған ортаны қорғау: оқу құралы
|
Алматы., 2008
|
10
|
6
|
Бейсенова Ә. Экология және табиғатты тиімді пайдалану
|
Алматы., 2004
|
1
|
Қосымша әдебиет
|
1
|
Түменбаева Н. Қоршаған ортаны бақылау
|
Астана., 2009
|
1
|
2
|
Еликова С.Ф., Вязовая О.И., Москаленко Е.А. Я и мир вокруг меня
|
Кокшетау, 2013
|
1
|
12. Оқу нәтижелерін бағалау жүйесі
Оқыту нәтижелерін бағалау жүйесіндегі студенттің жұмыс түрлерінің үлесі:
Сабаққа қатысуы – 10%,
Бақылау жұмысы – 10%,
Үй жұмысын орындауы – 10%,
1-межелік бақылау – 15%,
2-межелік бақылау – 15%,
Емтихан – 40%,
Барлығы – 100%.
Ағымдағы бақылау (семестрдің 1-7 және 8-15 апталары барысында өткізіледі).
1. Студенттің қатысқан әр сабағы 100 балмен бағаланады, қатыспаған сабағы – 0 балмен. Орташаарифметикалық шамасы студенттің сабаққа қатысуының көрсеткіші болып табылады(Қ).
2. Семестр бойы пән бойынша кемінде 3 (үш) бақылау жұмысы өткізіледі, олардың әрқайсысы максималды 100 балмен бағаланады. Орташаарифметикалық шамасы студенттің бақылау жұмысын орындау көрсеткіші болып табылады(Б).
3. Үй жұмысының орындалуы максималды 100 балмен бағаланады. Орташаарифметикалық шамасы студенттің үй жұмысын орындау көрсеткіші болып табылады (Ү).
Межелік бақылау (семестрдің 8- және 15-апталарында өткізіледі).Межелік бақылауда (МБ) орындалған жазбаша жұмыстың / ауызша жауаптың / норматив тапсырудың / шығармашылық тапсырманың орындалуы максималды 100 балмен бағаланады.
Студенттің қорытынды бақылауға (емтиханға) жіберілу рейтингі (Р) келесі формуламен есептеледі:
Қорытынды бақылау (емтихан) (Е) аралық аттестаттау (емтихан сессиясы) кезінде өткізіледі. Емтихан жазбаша жұмыс / норматив тапсыру / шығармашылық тапсырма түрінде қабылданады және максималды 100 балмен бағаланады.
Қорытынды баға (ҚБ) келесі формуламен есептеледі:
Төрт балдық жүйе бойынша сандық эквивалентке сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі
Әріптік жүйедегі баға
|
Балдың цифрлік эквиваленті
|
Пайыздық мәні
|
Дәстүрлі жүйедегі баға,бағалау критерийлері
|
А
|
4,0
|
95-100
|
Қарастырылатын тақырып бойынша ақпаратты жинақтайды (дереккөздерден), талдайды, сыни тұрғыда ой қорытып, ғылыми тұрғыда дәлелдеулер келтіріп, тұжырымдама жасайды. Білім алу деңгейін үнемі жетілдіріп, жеке тұлғалық әлеуетін дамытуды жоспарлайды. Жаңа білім мен білікті өз бетінше игеріп, өзін өзі үнемі белсендіреді, инновациялық ойларға бастамашылық етеді. Өз еңбегінің нәтижесіне рефлексия жасап, өзін-өзі бағалауды жүзеге асырады.
|
А-
|
3,67
|
90-94
|
Тақырып бойынша ғылыми-теориялық және әдіснамалық тұрғыда талдау жасап, олардың өзара байланысының мәнін толық түсінгендігін көрсете біледі.
Бағдарламада ұсынылған негізгі және қосымша әдебиеттермен жұмыс жасап, өз ойын жүйелі мазмұндайды. Талқыланып жатқан мәселеге жан-жақты талдау жасайды. Қорытындысы дәлелді және нақты материалға негізделген. Жауап беру кезінде білім алушының өздігінен түзетілген, сұраққа байланысты тақырыптан 1-2 жеңіл-желпі үйлеспеушілік пен қателердің бар болуы.
|
В+
|
3,33
|
85-89
|
Материалды толық меңгерген. Ұсынылған тапсырмаларды орындауда нақты дәлелдеулер жасайды. Тақырыптың мағынасын ашады және жауабында логикалық, жүйелі бірізділік бар. Бірақ, жауап беру кезінде білім алушының сыни ойлау дағдысының жеткіліксіздігі байқалады. Студент жіберген қателерін оқытушының көмегімен түзете алады.
|
В
|
3,00
|
80-84
|
Оқытылған материалдардан негізгі тұжырымдарды өздігінен көрсетеді. Дәлелдер мен мысалдар негізінде қорытынды жасайды. Баяндау кезінде кейбір жіберген қателерін оқытушының жетекші сұрақтарына жауап беру арқылы өз жауабын түзей алады.
|
В-
|
2,67
|
75-79
|
Жалпы студент берілген сұраққа дұрыс жауап береді, бірақ жауап беру үдерісінде маңызды деректердің жоқтығы, негізгі материалды меңгергенімен, оны талдауда нақты дәлелдеулер жасай алмайды. Баяндау кезінде кейбір жіберген қателерін оқытушының жетекші сұрақтарына жауап беру арқылы түзей алады.
|
С+
|
2,33
|
70-74
|
Студент берілген сұраққа толық әрі жүйелі жауап бермейді. Тақырыпқа байланысты жауаптарында елеулі кемшіліктер айқын байқалады. Тақырып мазмұнын жетекші сұрақтардың көмегімен ашады.
|
С
|
2,00
|
65-69
|
Тақырыптың мағынасын аша алмайды. Өздігінен іздену жұмыстарын жүргізбейді. Сөздік қорының жеткіліксіздігі, материалды толық меңгермегендігі байқалады.
|
С-
|
1,67
|
60-64
|
Көптеген маңызды фактілер келтірілмейді, қорытынды
жасалмайды. Фактілер қарастырылып жатқан мәселеге сәйкес келмейді, негізгі мәселені көрсете алмайды. Білім алушы оқытушының көмегінен кейін ғана жауабын түзетуі.
|
D+
|
1,33
|
55-59
|
Студент берілген сұраққа толық жауап бермейді. Студент берілген сұраққа толық жауап бермейді. Студент жауабында талқыланып жатқан мәселелермен іргелі, әрі негізгі түсінігінің жоқтығы байқалады.
|
D
|
1,00
|
50-54
|
Студент сұраққа нашар жауап береді, тақырыпты толық меңгермеген, жауаптарында елеулі қателер бар. Тақырыпты меңгермегендігі байқалады. Қосымша сұрақтарға жауап бере алмайды.
|
F
|
0,5
|
25-49
|
Студент сұраққа өте нашар жауап береді, сұрақтың мағынасын түсінбейді. Ойын жүйелі жеткізе алмайды. Оқытушының жетекші сұрақтарын түсінбейді. Оқу үдерісінде белсендігік танытпайды.
|
FX
|
0
|
0-24
|
Студент сұраққа өте нашар жауап береді, сұрақтың мағынасын түсінбейді. Оқу үдерісінде белсенділік танытпайды.
|
13. Бағдарламалық сұрақтар
13.1 1-7 апталардың сұрақтары
1. Жердің күн жүйесіндегі жайы.
2. Күн жүйесі, оған енетін планеталар.
3. Жердің тығыздығы мен температурасы
4. Жер магнитизмі
5. Жердің шар тәрізділігінің дәлелділігі
6. Жердің тәуліктік айналуы
7. Галактиканың құрылысы, құрылымы және пайда болуы.
8. Күн мен Ай және олардың географиялық қабықтағы процестерге әсері.
9. Сұлба. Сұлбаның суреттен айырмашылығы.
10. Географиялық карта
11. Жердің сұлбасы мен географиялық картаның шаруашылық маңызы.
12. Жер шарының тас қабығы – Литосфера.
13. Жердің қыртысының үстіңгі бетін өзгертетін ішкі процестер.
14. Жер сілкіністері.
15. Жанартаудың жер бетінде таралу заңдылықтары және географиялық қабаттағы маңызы.
16. Жер бетін өзгертетін сыртқы күштер.
17. Ағын су және оның әсері.
18. Жел және оның әсері.
19. Күн энергиясы және оның әсері.
20. Қазақстан жер бедерінің даму тарихы.
21. Қазақстан жер бедерінің ерекшелігі.
22. Жазықтықтардың (абсолютті биіктігіне қарай) түрлері: ойпаттар, қыраттар, үстірттер.
23. Тау және тау құрушы факторлар
24. Минералдар мен тау жыныстары.
25. Минералдар және оның маңызы.
26. Пайдалы қазбалар және олардың адам өміріндегі маңызы.
27. Жердің су қабығы – Гидросфера.
28. Дүниежүзілік мұхиттар: Тынық мұхиты, Атлант мұхиты, Үнді мұхиты, Солтүстік мұзды мұхит.
29. Мұхиттар мен теңіздер және олардың қозғалысы.
30. Теңіздер, шығанақтар мен бұғаздар.
31. Жерасты суларының пайда болуы және олардың қасиеттері.
32. Минералды сулар және олардың маңызы.
33. Өзендер. Өзендердің маңызы.
34. Көлдер. Көлдердің пайда болуы мен жіктелуі.
35. Батпақтар. Батпақтардың пайда болу жағдайлары.Батпақтардың маңызы.
36. Географиялық қабықшаның тіршілігі мен дамуындағы гидросфераның маңызы.
37. Судың табиғаттағы және халық шаруашылығындағы маңызы.
38. Табиғаттағы су айналымы. Суды қорғау.
39. Жердің газ тәрізді қабығы – Атмосфера. Атмосфераның құрамы мен құрылысы.
40. Атмосфераның қысымы және оның жер бетіне таралу ерекшеліктері.
41. Бұлттар және олардың типтері.
42. Атмосфералық жауын-шашынның түрлері.
43. Жауын –шашынның жер шарында таралуының негізгі заңдылықтары.
44. Ауа массалары мен фронттар. Циклондар мен антициклондар.
45. Ауа райы.
46. Климат. Климат типтері.
47. Климат және климат құрушы факторлар.
48. Ауаның ластануы. Ауаны қорғау.
49. Жер шарының халқы. Нәсілдері.
50. Табиғат пен адам байланысы.
51. Адамның қоршаған ортаға әсері.
52. Топырақ. Топырақ құрамы.
53. Топырақ қабаттарының сипаттамасы.
54. Топырақ түзуші факторлар.
55. Топырақ түзудегі тірі организмдердің, минералды заттардың, климаттың және жер бедерінің ролі.
13.2 8-15 апталардың сұрақтары
1. Тірі организмдердің тіршілік ортасы.
2. Биосфера туралы ұғым.
3. Биосферадағы географиялық заңдылық.
4. Организмдердің жер қабықтары атмосфера, гидросфера және литосфераның дамуындағы рөлі.
5. Тірі организмдердің клеткалық құрылысы.
6. Ағзалардың көбею формалары.
7. Экологиялық факторлар.
8. Абиотикалық және биотикалық факторлардың тірі организмдерге әсері.
9. Жарық пен жылудың өсімдіктерге әсері.
10. Су мен ауаның өсімдік тіршілігіндегі рөлі.
11. Тірі организмдердің бір-біріне, қоршаған ортаға жағымды және жағымсыз қарым-қатынасы.
12. Өсімдіктер. Өсімдіктің мүшелері.
13. Өсімдіктердің көбеюі.
14. Төменгі сатыдағы өсімдіктер.
15. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер.
16. Қос жарнақты өсімдіктер класы.
17. Даражарнақты өсімдіктер класы.
18. Өсімдіктердің көптүрлілігі және олардың маңызы.
19. Жануарлардың морфологиясы мен физиологиясы.
20. Жануарлардың түрлері.
21. Үй жануарлары.
22. Біржасушалылар патшалық тармағы, кластары, өкілдері құрылысындағы ерекшелігі.
23. Көпжасушалылар патшалық тармағы.
24. Ішекқуыстылар типі.
25. Жалпақ құрттар типі.
26. Жұмыр құрттар типі.
27. Былқылдақденелілер типі.
28. Буынаяқтылар типі.
29. Бунақденелілер класы.
30. Хордалылар типі. Балықтар. Қосмекенділер. Жорғалаушылар.
31. Құстар класы.
32. Сүтқоректілер. Сүткоректілердің экономикалық маңызы.
33. Қызыл кітап.
34. Қорықтар.
35. Жер флорасы мен фаунасын қорғау.
14.Глоссарий
Достарыңызбен бөлісу: |