Өрмекші - жыртқыш жәндік, оның әрбір аяғының ұшында қозғалмалы өткір тырнақ тәрізді бунақ болады. Аяқтың түбінде у өндіретін улы бездер орналасады. Шыбынға уды бүркіп өлтіреді. Өрмекшінің құрсағының артқы жақ ұшында өрмек сүйелдері болады. Сүйелдердің астында бездерден өрмек жібі шығады.
Орта Азиялық Республикаларда ұзындығы 2 см қара өрмекші - қарақұрт мекендейді. Оның шаққанынан адам өледі.
Бунақденелілер класы — өте көп, олардың адам өмірінде маңызы зор. Табиғатта жиі кездесетіндер - қоңыздар. Бірінші тобы жәндіктермен қоректенеді. Оларды өсіріп өсімдіктерге зиян келтіретін жәндіктерді жоюға бақшаға жібереді. Екінші тобы іріп-шіріген өсімдіктер мен жануарлар қалдықтарымен қоректенеді, олар табиғатты тазалайды: өлексе қоңыздар. Үшінші тобы өсімдіктердің бөліктерін жейді: зауза, колорад қоңызы. Жер бетінде қоңыздар 300 мыңнан астам.
Хордалылар типі. Бүл денесінің арқа жағынан таяныш арқауы -хорда немесе омыртқа жотасы өтетін жануарлар.
Балықтар - су жануарлары. Терең суда және су бетінде мекендейтін балықтардың дене пішіні сүйірлеу болып келеді. Құйрық жүзбе қанаты күшті дамиды. Бүл оның ізіне түскен жауынан құтылып, аулайтын жемін қуалауына, шапшаң жүзуіне жәрдемдеседі. Су түбінде тіршілік ететін балықтар әдетте баяу жүзеді, олардың денесі жалпақ болғандықтан, аулайтын жемі мен жауына байқалмай қалады. Қаулап өскен ашық түсті, маржан арасында тіршілік ететін балықтар түрлі-түсті ашық реңді болып келеді. Үңгір су қоймаларында қап-қараңғы жерлердегі балықтарда түс болмайды.
Алабұга — баяу ағатын өзендер мен көлдерде мекендейді, денесі сүйірленіп келеді. Басы,тұлғасы, құйрығы бар. Бастың сүйірленген алдыңғы жағында кең ашылатын ауызы, еріндері болады. Басында екі танау (иіс сезу) тесіктері мен екі үлкен көзі орналасқан, денесін сүйекті қабыршақтар қаптап жатады.
Тағамдық өнім ретіндегі негізгі құндылығы дене қүрамындағы ақуызға байланысты. Балықтан май, дәрумендер, мал жемдеуге арналған азықтық үн алынады. Балық еті қайнатылған, қуырылған, ысталған, тұздалған, консервленген түрде пайдаланылады.
Қосмекенділер - суда да, құрлықта да мекендейтін омыртқалы жануарлар. Оларда екі-екіден аяғы жөне өкпесі болады. Олар өсімдіктердің әр түрлі зиянкестерін жейді. Құрбақалар жалаңаш шырыштарды, жасыл бақалар масаларды жояды. Зертханаларда бақалармен тәжірибелер өткізіледі.
Жорғалаушылар - терісін құрғақ мүйізді қабыршақтар жауып тұратын омыртқалы жануарлар.
Кесіртке - далада, орманда мекендейді. Жасыл-қоңыр немесе қоңырлау реңі болады. Түнде індерде, тастардың астында жасырынып жатады, күндіз бунақденелілермен қоректенеді.
Құстар - ұшуға бейімделген жоғары сатылы омыртқалы жануарлар. Олар бүкіл жер шарына таралған. Бұл кластың 8000-нан астам түрлері бар деп есептеледі.
Құстың денесін қауырсындар жауып жатады, алдыңғы аяқтары қанатқа айналған, ішіне ауа толғандықтан (пневматикалы) сүйектері өте жеңіл. Бауырымен жорғалаушыларға қарағанда құстардың қан айналу жүйесі едәуір жетілген. Жүрегі төрт камералы. Артерия қандары мен вена қандары бір-бірімен араласпайды.
Құстар - жылы қанды жануарлар. Күре тамыр және көк тамыр қан ағыстарының бөлінуінен қан айналуы шапшаңдайды да, газ алмасу қарқынды жүріп, дене температурасының жоғары, орташа 42° қа тең болуына себепші болады. Зат алмасуының күшеюіне байланысты, құстар өз денесінің салмағына тең мөлшердегі жәндіктерді жейді. Бауырымен жорғалаушыларға қарағанда жүйке жүйесі де едәуір жақсы дамыған. Сондықтан құстардың мінез-қылығы да едәуір күрделі. Олар шартты рефлекстерге оңай дағдыланады.
Бұрын қарастырып өткен жануарлар типіндегі өкілдердің ұрпаққа қамқорлығы болымсыз ғана еді. Құстар болса ұя салады, жұмыртқа басып шығарады, балапандарын қоректендіреді.
Құстар жетілген балапанды және қызылшақа балапанды (болжыр балапанды) болып екіге бөлінеді.
Жетілген балапанды қүстардың балапаны жұмыртқадан шығысымен едәуір бейімделіп: көздері бар, қозғалуға қабілетті, жемін теріп жейтін болады. Жетілген балапанды құстарға тауықтар, үйректер, қаздар, құрлар, т.б. құстар жатады.
Қызыл шақа балапанды құстардың балапандары жұмыртқадан: денесі қауырсынсыз, соқыр, ата-анасы қоректендіретін дәрменсіз болып шығады.Қызылшақа балапанды қүстарға барлық сайрағыш қүстар, қарғалар, кептерлер, т.б. жатады.
Құстар жіктелімі (классификациясы) күрделі болады. Отызға тарта отрядтар бар деп есептеледі.
Сүт қоректілер - омыртқалы жануарлардың ең жоғары құрылысты класы. Орталық жүйке жүйесінің ерекше дамуы оларға тән қасиет. Балаларын ана құрсағында көтеріп, сүтпен қоректендіреді. Дене температурасы біршама тұрақты.
Жануарлардың денесін жүн қаптаған. Тері бездері жақсы дамыған. Сүт қоректілердің тістері өте ерекше: жануарлардың әр түрлі топтарында тістерінің саны, пішіні және атқаратын қызметі жөнінде елеулі айырмашылықтар бар. Жүрегі төрт камералы.
Сүт қоректілер бүкіл жер шарына таралған. Сүт қоректілердің сыртқы бейнесі де алуан түрлі. Басқа омыртқалы жануарларға қарағанда олардың құрылысы едәуір күрделі.
Жұмыртқа салушылар ең қарапайым сүт қоректілер болып табылады. Олардың басқа сүт қоректілерден өзгешелігі - жұмыртқа салып көбейеді.
Қалталылардың қүрылысы едәуір жоғары болғанымен, оларда бірқатар қарапайым белгілер де бар. Олар баласын шала туады да, оны анасы ұзақ уақыт қалтасына салып көтеріп жүреді. Қазіргі сүт қоректілердің ең көп тобы - жоғары сатылы аңдар. Алғашқы аңдар: үйрек-тұмсық ехидна.
Бунақдене қореқтілер: кірпі, көртышқан, сұртышқан.
Кеміруші сүтқоректілер: тиін, егеуқұйрық, саршұнақ, ондатр, үй тышқаны, сушошқа, қоян, суыр. Кемірушілердің кейбіреуі жұқпалы ауру таратады.
Тиін - терісі бағалы, дене түрқы 20-32 см, құйрығының ұзындығы 19-31см болатын кішкене, ойнақы кеміруші жануар. Ағашта ғана тіршілік етеді, өсімдік текті азықпен қоректенеді.
Жыртқыш аңдар: аққұлақ, аю, қасқыр, ши бөрі, түлкі, борсық, күзен, жолбарыс, арыстан. Мәлін, ит көбі етпен қореқтенеді, терісі өте бағалы.
Тарбағатай тауында тіршілік ететін мысық тәрізді үлкен аңды жергілікті халық ілбіс деп атайды, бұл - барыс. Оның түлғасы өте ірі. Аяқтары келте де мығым. Оның дене тұрқы 120-150 см, құйрығының ұзындығы 90 см-ге дейін жетеді, салмағы 23-43 кг тартады. Жүні өте қалың, жұмсақ, аздаған теңбілдері болады. Ол адамға шабуыл жасамайды, мысықша мияулап, қатты үн шығара құлақтарын жымқыра ырылдағаны болмаса, залалы жоқ аң. Жемін аулауға көбінесе іңір қараңғылығында шығады. Негізгі қорегі - әр түрлі тұяқты аңдар. Саны азайып бара жатқандықтан барыс қорғауға алынған. Барыс қыста немесе жазғытұрым үш күшік туады. Бұлар биік тауда мекен ететін жыртқыштар.
Теңіз сүтқоректілері: итбалық, морж, кит, дельфин, кашалот.
Тұяқты сүтқоректілер: бұлан, түйе, жираф, зебр, бұғы, арқар, сиыр, қой, ешкі.
Дәріс тақырыбы: Экологиялық факторлар
Дәріс жоспары:
1. Экология туралы ұғым
2. Экологиялық факторлар
Тірі ағзалар өзара және айналадағы табиғи орта жағдайларымен үнемі қарым-қатынаста, әрі өзара тығыз байланыста болады. Оны ғылым тілінде экологиялық немесе табиғи тепе-теңдік құбылысы деп атайды.
Экология деген сөзді ғылымға алғаш рет енгізген көрнекті неміс ғалымы Эрнест Геккель (1834-1919 жж). «Экология» сөзі гректің «ойкос» сөзінен алынған, «қоқыс, мекен ететін жер», «тұратын үй» деген мағыналарды білдіреді. Геккельдің піңірі бойынша, экология ғылымы тірі ағзалардың бір-бірімен өзара қарым-қатынасын және олардың айналадағы табиғи орта жағдайларымен байланысын зерттейді.
Экология ғылымының негізгі міндеттеріне ағзалар мен айналадағы орта арасында болатын өзара қарым-қатынастарды, тығыз байланыстарды зерттеу жатады. Сонымен қатар, оған тірі ағзалардың өз ішінде болатын байланыстарды да және айналадағы орта жағдайларының сол ағзалардың құрылысына, тіршілік әрекетіне, таралуына және мінез-құлығына тигізетін әсерін анықтау да қамтылады. Мысалы, Қазақстан жерінің 70%-ға жуығын шөлді және шөлейтті аймақтар алып жатыр. Ондағы өсетін өсімдіктер мен тіршілік ететін жануарлар арасынан және олардың айналадағы жағдайлары арасынан да өзара тығыз байланыстылықты көруге болады. Бұл аймақта өсетін сексеуіл, жүзгін, қоянсүйең, қияқ, құмаршық, изен, бүрген т.б.өсімдіктер шөлді жердің табиғатына мейлінше бейімделген. Олардың жапырақтарының пішіні тікенекті-ине тәрізді немесе жапырағы ұсақ, ал тамырлары өте тереңге таралған.
Тірі ағзалардың таралуы негізінен экологиялық жағдайларға тікелей тәуелді болады. Әрбір орта жағдайы түрлі ағзаларға түрліше әсер етеді. Сондықтан да ағзаларға, популяцияларға, бірлестіктерге, экологиялық жүйелерге және биосфераға ықпалын тигізетін, табиғи ортаның әрбір жеке құрамды бөліктерінің жиынтығы экологиялық факторлар деп аталады. Экологиялық факторлар негізінен үш топқа бөлінеді: абиотикалық, биотикалық, антропогендік.
Достарыңызбен бөлісу: |