Аннекция – басқа мемлекеттің, халықтың жерін тұтас, я бір бөлігін күштеп жаулап алу немесе басқаға алып берушілік.
Антагонизм – мүдделі қарама – қарсы күштердің, қостасқан топтар, партиялар және т.б. арақатынасының шиеленіскен түрі.
Антисемитизм – еврейлерге қарсы бағытталған, оларды қудалауға арналған саясат пен идеологияның түрі.
Апартеид – нәсілдік жағынан бөлу, қорлау саясаты. Ол сайлау құқығынан айыру, бірдей еңбекке төмен ақы төлеу, көшіп – қонуды шектеу және т.с.с. көрініс береді.
Апартидтер – ешбір мемлекеттің азаматы болып саналмайтын адамдар. Олар қай елде тұрса, сол елдің заңына бағынады, бірақ саяси құқықтары болмайды.
Аристократия −Ақсүйектер әулеті, билік жүргізетін мемлекеттік басқарудың түрі.
Ассамблея – халықаралық ұйым мүшелерінің жалпы жиналысы.
Ассоциация – белгілі бір саяси, ғылыми, шаруашылық, мәдени және т.б. мақсаттарға жету үшін ұйымдасқан адамдар немесе мекемелердің бірлестігі.
Астыртын партиялар – заң бойынша тыйым саланып, жұмысын астыртын, жасырын жүргізген партиялар. Әдетте, олар үстемдік етіп отырған құрылысты күшпен өзгертуді мақсат етеді.
Атқарушы билік – биліктің тармақталуы негізінде істейтін мемлекеттік басқару орындарының жүйесі. Оған үкімет пен әкімшілік жатады. Парламенттік республикаларда оларды заң шығарушы өкілдік органдар қалыптастырады. Сондықтан атқарушы билік алдында есеп береді.
Әлеуметтік саясат – қоғамның ең жақсы дамуын қамтамсыз етуге, әлеуметтік мүдделер мен қажеттіліктерді қанағаттандыруға лайықты өмір салтын орнатуға бағытталған саяси шешімдер мен іс-әрекеттер жиынтығы. Оған ең алдымен халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту, жалақыны көтеру, денсаулық сақтау, білімін көтеру, тұрғын үймен қамтамасыз ету және т.б. жатады.
Әмбебап партиялар – мүше санын емес, сайлаушылар санын көбейтуге тырысқан партиялар. Сондықтан оларды сайлаушылар партиясы деп те атайды. Мұнда әлеуметтік, этникалық, діни және т.б. өзгешеліктеріне мән берілмейді. (мұндай партиялардың саны соңғы жылдарда Еуропа мен Аметика елдерінде етек алуда).
Достарыңызбен бөлісу: |