КІСІЛІК- қазақ дүниетанымының категориясы, адамгерішілігі. мол, ағайын-бауыр, дос-жаран арасында, жалпы қоғамда беделді адам дегенді білдіреді.
МӘДЕНИЕТ
КІСІЛІК- қазақ дүниетанымының категориясы, адамгерішілігі. мол, ағайын-бауыр, дос-жаран арасында, жалпы қоғамда беделді адам дегенді білдіреді.
МӘДЕНИЕТ- адам қызметін ұйымдастыру мен дамытудың ерекше тәсілі, материалдық және рухани еңбектің нәтижелерінде, әлеуметтік ережелер мен мекемелер жүйесінде, материалдық және рухани құндылық-тарда, адамдардың табиғатқа, өзара және өздеріне қатынастарында көрінеді.
МӘДЕНИЕТ ФИЛОСОФИЯСЫ- мәдениетті оның тарихи қалыптасуын және құрылымдық ерекшеліктерін толық қамти отырып зер-тейтін философиялық пән.
МЕНТАЛИТЕТ- ұжымдық және жеке сананың терең деңгейі. бейсаналыны да қамтиды. Менталитет - индивидтің немесе әлеуметтік топтың іс-әрекетке, ойлауға, дүниені белгілі бір түрде сезінуге және қабыл-уға дайындығының, ұстанымдарының және бейімділігінің жиынтығы.
Абулия – ми патологиясында пайда болатын iс-әрекетке итермелегiш күштiң болмауы, шешiмдi қабылдап әрекет ету немесе оны орындау керектiгiн түсiнуiндегi қабiлетсiздiгi.
Агглютинация – алғашқы ойдың сақталуында, әртүрлі сөздердің мифологиялық құрылымдары мен түрлі механизмдердің құрастырылуы.
Агрессия – адамның басқа адамдарға қатынасындағы, оларға зиян немесе нұсқан келтіруге бағытталған мінез-құлық, әрекет.
Агрессивтік мінез-құлық – адам әрекетінің ерекше формасы, мұндай мінез-құлық субъектің нұқсан келтіру мақсатымен өзінен басқа адамға немесе адамдар тобына өз артықшылығын білдіріп, қыр көрсетуі немесе күш қолдануға тырысуымен сипатталады.
Аккомодация – көздің әр түрлі қашықтықтан көруге бейімделуі, үйренуі.
Антропогенез – адамның (Ноmо sаріеns) шығу процесі, оның физикалық типінің қалыптасуындағы тарихи-эволюциялық процесс.
Антропология – адамзатты зерттеу, адамның шығу тегі және эволюциясы туралы ғылым. Антропологияның негізгі бөлімдері: адам морфологиясы, антропогенез, нәсілтану туралы ілім.
Апатия – сылбырлық, көңілдің еш нәрсеге соқпауы, ұнжырғаның түсуі. Өмірге немқұрайлы қараудан, көңіл-күйдің басылып, көмескіленуінен болады. Апатияға салынған адам туған-туысқандарына, жақын дос-жаранына селқос қарайды, идеялық мүдделерден, мәдени дағдылардан айырылады, эмоциялық сергектігі бәсеңдеп, сөне бастайды.
Апперцепция – адам психикасының дүниені қабылдау процесі, сыртқы дүниенің әсер етуіне, басынан кешкен тәжірибесіне, біліміне, мақсат-мүддесіне, әдет-ғұрпына байланысты болатын адам психикасындағы маңызды қасиеттерінің бірі.
Аралық ми – барлық омыртқалы жануарлар мен адам миының бір бөлігі. Ол алдыңғы ми көпіршіктерінің артқы бөлігінен дамиды. Аралық ми орта мидың алдында тұрады. Оған: иіс сезу, көру, есту, дәм сезу, тері, ет және сіңір рецепторларынан импульстер келіп, одан әрі мидың басқа бөліктеріне тарайды.
Арман – психологияда: адамның келешекке бағытталған қиялы. Жетсем деген мақсат, мұратын, орындалу барысын ойша елестетуі, көксеуі. Іс-әрекетпен тікелей байланысып жатпағандықтан, оны шығармашылық қиялдың дайындық сатысы деуге болады.