Семинар сабақтарына әдістемелік нұсқау



бет1/20
Дата13.10.2022
өлшемі79.12 Kb.
#462613
түріСеминар
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Тарих кафедрасы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЗАҢ ФАКУЛЬТЕТІ
ТАРИХ КАФЕДРАСЫ

«Алғашқы қоғам тарихы» пәні бойынша


ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН


050114 тарих мамандығына арналған

Семей, 2013
Құрастырушы: Тарих магистрі, Керейбаева А.С.

Кафедра отырысында бекітілді.


«_____» ______________ 2013 ж. Хаттама № _____

Кафедра меңгерушісі: т.ғ.к._________________ Мұхамеджанова Н.А.


Гуманитарлық-заң факультетінің оқу-әдістемелік кеңес отырысында талқыланды.


«_____» ______________ 2013 ж. Хаттама № _________


Оқу-әдістемелік кеңес төрайымы, п.ғ.к. _________ Тохметова Г.М.


Гуманитарлық-заң факультетінің Ғылыми кеңесінде бекітілді.

«_____» ______________ 2013 ж. Хаттама № _________


Гуманитарлық-заң факультетінің деканы т.ғ.к., _________ Мамырбеков А.М.


Мазмұны




  1. Пән бойынша глоссарий ……………………………………………… 4-5




  1. Пән бойынша жұмыс бағдарламасы………………………………….. 5-7




  1. Дәріс сабақтарының тезистері …………………………………………7-14




  1. Семинар сабақтарына әдістемелік нұсқау………………………..........14-16




  1. ОСӨЖ және СӨЖ бойынша әдістемелік нұсқау………………………16-19




  1. Бақылау тапсырмалары ...............................……………………………19-34

\


  1. ГЛОССАРИЙ

«Археология»- «архайос»(гр)-көне, «логос»(гр)-ғылым.


«Австралопитек»-«аустралис»(лат)-оңтүстік, «питекос»(гр)-маймыл.
Антропогенез –«антропос»-адам(гр) және «генезис»- пайда болу. Антропогенез – адамдардың шығу тегін зерттейтін антропологияның бір бөлімі.
Антропология – адамның биологиялық жақтарын зерттейтін ғылым.
Антропометрия – адамның денелік өлшемін зертейтін антропологияның бір саласы.
Антроморфизм – адамда болатын қасиеттерді затта, табиғат құбылысында, хайуанатта бар деп түсінетін алғашқы адамдардың ойлауы.
Архантроп – көне адам.
Антропосоциогенез – (антропос – адам, лат. Социатос- қоғам және генезис- пайда болу) – адам мен адамзат қоғамының қатар пайда болуы .
Гоминидтер – (лат. Һомо-адам) – тұқымдастар және адам тектес тұқымдастар.
Гомининдер – (лат. Һомо-адам) – адам тұқымдастар.
Гомо примингенус (лат) – алғашқы адам.
Гомо сапинес (лат. Һомо сапиенс)- саналы адам.
Гомо хабилис (лат. Һомо хабилис) – шебер адам.
Гомо эректус (лат) – түзуленген, тік жүретін адам.
Дриопитектер (гр. Дрис – ағаш және питекос - маймыл) – адамтектес маймылдар қазындысы.
Идеография (гр. Идеа-идея және графо - жазу)- жазудың түрі, таңбалар тұтас сөз ұғымын береді.
Иеороглифтер (гр. Хиерос –қасиетті және глифо-кейіп, ою салу) – (тасқа қасиетті таңбаны ойып салу) – гректердің египет идеграфиясына берген атауы.
Логография (гр. Логос – сөз, графо-жазамын) – жазу түрі, таңбалар сөздің тұтас ұғымын береді.
Неонтроп (гр. Неос -жаңа)- қазіргі адам түрі.
Ономастика (гр.онома-есім) – жеке есімдерді зерттейді.
Палеоантроп (гр. Патайос-көне) – көне адам.
Палеоантропология – қазылып алынған адамдарды зерттейді.
Палеонтология – қазылып алынған организмдерді зерттейді.
Парантроп (гр. Пара-маңайы, ұқсас) – адамтектес маймыл қазындысы (австралопитекке ұқсас).
Петроглиф (гр. Петра – тас және глифе – ою, өрнек) – жаңатасқа болмашы тереңдетіле бейнеленген ою.
Пиктография (лат. Пиктура –суреттер көрінісі және гр. Графо-жазу)- (жабайы және қарапайым түрдегі суретті жазу). Негізінен еске сақтуға арналған жабайы суретті жазу.
Плезнантроп – адамтектес маймыл қазындысы, австралопитекке жақын.
Популяция (гр. Популус-халық) – адамдар тобы, өз ішінде неке қиылады.
Социогенез (лат. Сосиктас-қоғам) – адамзат қоғамының пайда болу процесі.
Топонимия (гр. Топос-жер және онома-есім) –ономастика бөлімі, географиялық атауларды зертейді.
Ру –ру, тұқым –алғашқы тұрмыстық қоғамдағы ұжымдық қауым.
Племя – тайпа –рулық бірлестік.
Тотем («от-отем»-одживбе-үнділер тілінің сөзі –мағынасы «оның ру және тұқымы») –жануарлардың кез-келген түрін, өсімдіктерді, оданда тереңірек заттарды және табиғат құбылысын қаны бір туыс деп санау, кейінірек –арғы ата деп тану.
Трибализ (лат. Трибус-тайпа) –тайпалық тұрғыда басқалардан жіктелу, бөліну.
Тотемизм –тотеммен тығыз байланыс барына сену.
Фетишизм – (португал. Фетишо –тұмар, бой тұмар) – жансыз заттардың ерекше қасиеттеріне деген сенім.
Шаманизм (эвенкі сөзі -өз-өзінен шыққан) –белгілі адамдардың аса қуанышты немесе желігін, шабыттану күйінде рухпен қатынасуына деген сенім.
Этнология –(гр. Айтия –себеп) –себепті түсіндіру, пайда болуын түсіндіру.
Этнография –этникалық деректер жинаумен айналысады. Далалық жұмыс мәліметтері мен жазбаларының қордалануы.
Этноним –(гр. Этнос –халық және онома –елім) –термин (халықтың атауын білдіреді).



  1. ПӘН БОЙЫНША ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет