Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі «Кəсіпқор» Холдингі коммерциялық емес акционерлік қоғамы


IV.БАҒА ҚОЮ МЕХАНИЗМІ.........................................................................80



Pdf көрінісі
бет3/85
Дата05.06.2022
өлшемі1.55 Mb.
#458973
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85
Критериалды бағалау технологиясы

IV.БАҒА ҚОЮ МЕХАНИЗМІ.........................................................................80 
4.1. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша балл қою.............................................80 
4.2. Тоқсандық баға қою......................................................................................81 
4.3. Жылдық баға қою..........................................................................................82 
4.4. Бағалау нəтижелерін тіркеу журналы.........................................................85 
Өзіндік жұмысқа арналған сұрақтар мен тапсырмалар................................86 
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................89 
ГЛОССАРИЙ......................................................................................................90 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ƏДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................95 
ҚОСЫМШАЛАР................................................................................................96 


4
КІРІСПЕ 
Білім беруді жаңғыртудың қазіргі заманғы үрдістері, негізгі жəне кəсіби 
құзыреттілікті қалыптастыруға бағдар алу, студенттің жеке жəне кəсіби өзін-
өзі тануына мүмкіндік беру - осы оқу құралын даярлауға негіз болды.
Оқу құралы 0105000 - «Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша 
0105083 - «Ағылшын тілін білетін бастауыш сынып мұғалімі» біліктілігінің 
жаңартылған оқу бағдарламасы мен техникалық жəне кəсіптік білім беру 
бағдарламаларын ескере отырып дайындалды. 
Оқу құралында критериалдық бағалау жүйесінің теориялық жəне 
практикалық аспектілері қамтылып, жоғарыда аталған бағдарламаның «Оқу 
үдерісін əдістемелік қамтамасыз ету» модулі бойынша оқытудың нəтижесіне 
қол жеткізуге жəне білім беру үдерісінде əрбір студентті жеке жетілдіруге 
қажетті алғышарттар құруға мүмкіндік береді. 
Оқу құралының бірінші тарауында критериалдық бағалау жүйесін 
дамытудың негізгі үрдістері, бастауыш білім беру мамандығы білім 
алушыларына оқу жетістіктерін бағалау механизмі жəне оның құрылымына 
сипаттама берілген. 
Екінші тарау мазмұны студентке қалыптастырушы бағалау үдерісін 
жоспарлау мен ұйымдастырудың мəнін, кері байланыс беру ерекшеліктерін 
жəне бағалау нəтижелерін талдау жолдарын түсінуге мүмкіндік береді. 
Үшінші тарау мазмұнында жиынтық бағалау үдерісін ұйымдастыру 
жəне оны жоспарлау, сондай-ақ жиынтық бағалау нəтижелерін модерациялау 
мəселелері қамтылған. 
Студенттер оқу құралының төртінші тарауындағы материалдар 
бойынша меңгерген білімін тоқсандық, жылдық бағалау механизмі, балды 
бағаға ауыстыру кестесін қолданып оқушылардың жетістіктерін бағалау, 
нəтижелерін тіркеу, білім алушылардың оқу бағдарламасы мазмұнын 
қаншалықты тиімді меңгергенін, қандай дағдыларды игергенін талдау үшін 
қолдана алады. Сонымен бірге, студентке аталған ақпараттың келешекте 
қалыптастырушы бағалау кезінде оқу үдерісін жоспарлауға көмегі болады.
Оқу құралының көмегімен студенттер теориялық материалды меңгеріп, 
ондағы практикалық мысалдарды талдап, өз білімдерін əр бөлім соңында 
берілген сұрақтар мен тапсырмалар, тест тапсырмалары арқылы бағалай 
алады. Студенттің өзін-өзі бағалау үрдісі болашақ кəсіби əрекетіне 
рефлексиялық көзқарас қалыптастырып, өзін-өзі дамытуға негіз бола алады. 
Сонымен бірге, оқу құралына, теориялық ақпараттың меңгерілуін жеңілдету 
үшін графикалық материалдар енгізілген. 
Заманауи білім берудің мақсаты – студентті өз бетінше үйренуге, оқуға, 
жеке əлеуетін дамытуға үйрету. Осы себепті оқу құралында ұсынылған 
материал əрбір студенттің кəсіби құзыреттілігін дамытуға жəне оның даму 
перспективаларын айқын көрсетуге ынталандыра алады. 


5


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет