Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі «Кəсіпқор» Холдингі коммерциялық емес акционерлік қоғамы



Pdf көрінісі
бет34/85
Дата05.06.2022
өлшемі1.55 Mb.
#458973
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   85
Критериалды бағалау технологиясы

Дұрыс жауап кезінде айтылатын 
сөздер 
Қате жауап кезінде айтылатын 
сөздер 
«иə, бұл дұрыс жауап», «өте 
жақсы», «барлығы дұрыс», «С-нің 
қаншалықты нақты жауап 
бергеніне назар аударыңдаршы», 
«Жарайсың!» 
«жауапқа жақынырақсың, бірақ 
тағы біраз ойлан», «бұл бағытың 
дұрыс, бəріміз бірге тағы да ойланып 
көрейік», «балалар, Т-ң айтуы 
бойынша осылай, ал сендер қалай 
ойлайсыңдар?», «ал сен неге олай 
ойладың?», «сен бұл жерде біраз 
қателестің, қане тағы бір рет оқып 
шықшы».
Мұғалім сын айтқан кезде негативті түсінік беруден аулақ болуы қажет. 
Мысалы: «ақымақ жауап», «осылай ойлауға қалайша дəтің барды?», өйткені 
мұндай сөздер оқушының жеке басына, психологиясына нұқсан келтіреді. 
«Дұрыс емес», «қате», «дұрыс жауабын кім береді?» деген сөздерден аулақ 
болып, жұмысының нақты қай жерінің дұрыс емес екендігін айта кетуі жөн 
болады. 
Кері байланыстың қай түрі болмасын, нені жақсы орындағанын белгілеп 
отыруы, қателіктер болған жағдайда мұғалім оқушының жұмысын жақсартуға 
байланысты нақты ұсыныстар беруі керек, жетекші сұрақтар қойып, баланы 
өзі дұрыс жауап табуға бағыттауы керек. Тиімді кері байланыс – ауызша болса 
да, жазбаша болса да – ойлануды талап етеді [16]. 
 
Кері байланыс құралдары: 
 жазбаша ұсыныс-пікірлер 
 бақылау 
 сауалнамалар 
 тиімді сұрақтар 
 кері байланыс күнделіктері 
 өзін-өзі бақылау дəптерлері 
 стикер парақтары, сұхбат жəне т.б  
 
Ауызша кері байланыс 
Тапсырма немесе критерий үшін ауызша пікір жалпы болып табылады. 
Көбінесе мұғалім қысқа пікірлер береді, жұмысқа тек баға беріліп, алдағы 
жұмыстың орындалуына ешқандай ұсыныстар берілмейді. Тиімді кері 
байланыс қамтамасыз ету үшін толықтай пікірлер қолдану қажет (1-сурет). 
Нұсқа ретінде ауызша кері байланысты қолдануға болады. Ол үшін үш 
минутқа дейінгі аудио хабарлама мен құжаттарды электронды түрде жіберуге 
болады. Бұл жағдайда, аудио хабарлама пікір ретінде қабылданады, бұл 
ауызша хабарламадан неғұрлым жақсы болып есептеледі, себебі бетпе-бет 
байланысты қажет етеді, аудио хабарлама болса, оқушы аудио хабарламаны 


49
тыңдай отырып, құжаттарды қарай алады. Мысалға, VoiceMemo қолданбалы 
бағдарламасын пайдалануға болады. 
1-сурет. Ауызша кері байланыстың тиімділігін арттыру қадамдары. 
 
 
 
 
 
Ауызша кері байланыс 
… 
кері байланыстың көп 
тараған түрі
кері байланыстың өте 
тиімді түрі 
кері байланыстың 
мейлінше өзара 
əрекеттестікке 
жетелейтін түрі 
əр сабақта қолданылады 
бірден ұсынылады 
мəнмəтінге бағытталған 
бейімдеуге болады 
үздіксіз болып 
табылады 
ынталандырады 
оқуды даралауға 
мүмкіндік береді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет