Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі М. Тынышбаев атындағы Қазақ кӛлік және коммуникациялар академиясы


 Электрондық жҥк қағазы пайдаланатын қағазсыз технология



Pdf көрінісі
бет67/114
Дата15.01.2023
өлшемі5.45 Mb.
#468411
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   114
Ж‰к тасымалдау 1-22

11.13. Электрондық жҥк қағазы пайдаланатын қағазсыз технология 
бойынша жҥк тасымалын ҧйымдастырудың автоматтандырылған 
ақпараттың жҥйесінде жҥк тасымалын ресімдеу (ЭЖҚ ААЖ) 
 
Кез келген коммерциялық операцияларды атқарғаннан кейін ЭЖҚ ААЖ-
ның деректер қорындағы электрондық деректердің қағаздағы кӛшірмесіне толық 
сай келуі жүк тасымалын қағазсыз ресімдеу технологиясының негізгі қағидаты 
болып табылады. Кез келген коммерциялық операцияның орындалуы ЭЖҚ ААЖ-
ға тиісті ақпараттық мәлімет берумен және оның негізінде деректер қорын 
жӛнелту жӛніндегі электрондық мағмұлаттарды ӛзгертіп отырумен қоса 
жүргізіледі. Тікелей байланыс арналары немесе машина арқылы электрондық 
хабарлар мен бастапқы құжаттарды алу негізінде электрондық тасымалдау 
құжаты жасалады. ЭЖҚ ААЖ технологиясы жӛнелту стансаларында, жүріс 
барысында және баратын стансаларда жүкті маршрутпен, топтап және вагондап 
жӛнелтуді ұйымдастыруға қатысты технологиялық операцияларды орындау 
тәртібін белгілейді. 
12-тарау. Жҥкті тиеу және жӛнелту операциялары 
 
12.1. Вагондар мен контейнерлерді жҥк тиеуге дайындау 
Жүк тиеуге берілетін жылжымалы құрам мен контейнерлер жүріс 
қауіпсіздігі мен жүктің сақталуына қатысты ережелерге сай болуы тиіс. Әрбір жүк 
тиелетін вагонға стансада техникалық қызмет кӛрсетіліп, ол коммерциялық 
тексеруден ӛтуге тиіс. 
Вагондарға техникалық қызмет кӛрсету ісін оларды жүк тасымалына 
дайындау пунктерінде вагон шаруашылығы қызметкерлері атқарады. 
Вагондарды жүк тасымалына дайындау пунктері, әдетте, жүк жаппай 
тиелетін және түсірілетін орындарда орналастырылады. Дайындалатын 
вагондардың түрлеріне қарай ашық вагондар мен жайдақ вагондарды дайындау 
пункттері, жабық және изотермиялық вагондарды жан-жақты дайындау 
пункттері, жуу-булау стансалары және цистерналарды дайындау пункттері 
ұйымдастырылады. 
Вагондарға техникалық қызмет кӛрсету пункттері сұрыптау және 
телімдік стансаларда орналасады. Техникалық қызмет кӛрсету негізінде тораптар 
мен металдардың күйі мен тозуы, олардың белгіленген ӛлшемдерге сәйкестігі, 
тежегіш жабдықтар мен автотіркегіш құрылғыларының, кузовтың, ӛтпелі 
алаңдардың, арнайы баспалдақтар мен тұтқалардың ақаусыз болуы тексеріледі. 


92 
Техникалық күтіп- баптаудан ӛтпеген және вагон шаруашылығы 
қызметкерінің оларды жарамды деп танитыны туралы ВУ-14 үлгісіндегі кітаптағы 
жазуынсыз вагондарды жүк тиеуге беруге тиым салынады. 
Бағалы жүк тиелетін вагондар ерекше мұқият тексерілуі тиіс. Вагондарды 
жүк тиеуге дайындау технологиясы оларды тазарту және жуу, қажетті жағдайда – 
дезинсекциялау немесе дезинфекциялау операцияларынан тұрады. 
Вагон мен контейнерді коммерциялық тексеру тасымалдау кезінде жүктің 
сақталуына кепілдік беруге тиіс. Вагон мен контейнердің коммерциялық 
тұрғыдан ақаусыз болуы дегеніміз мынадай жайларды қамтиды: бұрынырақ 
тасымалданған жүктен тазартылу сапасы; жүкті бүлдіретін бӛгде иістің, май 
дақтарының және басқа ластану белгілерінің болмауы; жүктің тӛгілуі немесе 
түсіп қалуы, ылғал енуі немесе локомотивтен ұшқын түсуі мүмкін деп есептелетін 
саңылаудың немесе тесіктің болмауы; вагонның ішкі қабырғаларында немесе 
еденінде жүкті зақымдайтын шығып тұрған шегелердің немесе болттардың 
болмауы; вагонның немесе контейнердің бүйірі мен тӛбесіндегі люктердің, 
сондай-ақ ӛзі нығыздалатын есіктердегі түсіру люктерінің тығыз, әрі берік 
жабылуы; бекіту-пломбылау құрылғыларын, жайдақ вагондардың тірек 
қапсырмаларын және ашық вагондардың байлайтын үшкілдерін бекітетін 
құрылғылардың ақаусыз болуы; жабық вагонның қабырғаларында, еденінде, 
есіктерінде бекітпе жамаулардың болмауы және т.с.с. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет