Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі М. Тынышбаев атындағы Қазақ кӛлік және коммуникациялар академиясы


 Вагондар мен контейнерлерге жҥк тиеу жҧмысына



Pdf көрінісі
бет68/114
Дата15.01.2023
өлшемі5.45 Mb.
#468411
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   114
Ж‰к тасымалдау 1-22

12.2. Вагондар мен контейнерлерге жҥк тиеу жҧмысына
қойылатын негізгі талаптар 
Тасымалдаушының құралдарымен, сондай-ақ жүк жӛнелтушілердің ӛз 
құралдарымен жүк тиеуде пойыздардың жүріс қауіпсіздігін, тасымалданатын 
жүктердің сақталуына кепілдік беретін жағдай қамтамасыз етілуі, бұған қоса, 
вагондар мен контейнерлердің жүк кӛтерімділігі, сыйымдылығы және жұмыс 
уақыты ұтымды пайдаланылуы қажет. 
Вагондар мен контейнерлерге жүк тиеу оларға жүк тиеудің техникалық 
нормаларына сәйкес жүргізілуі тиіс, бірақ вагондар мен контейнерлердің 
трафереттерінде кӛрсетілген жүк кӛтерімділігінен аспауы керек. 
Жүкті вагондарға, оның ішінде ашық жылжымалы құрамға және 
контейнерлерге тиеу және бекіту Жүкті вагондар мен контейнерлерге 
орналастыру мен бекітудің техникалық жағдайларының (бұдан былай – ТЖ) 
талаптарына сәйкес жүргізіледі. Жүкті вагондарға, контейнерлерге ұтымды 
орналыстыра білудің арқасында олардың жүк кӛтерімділігі мен сыйымдылығы 
барынша толық пайдаланылады. 
Жүкті тиеу, бекіту және тасымалдау үшін әр түрлі құралдар, жабдықтар мен 
материалдар (пеш, есік қоршаулары, оның ішінде кӛкӛніс, астық қоршау 
қалқандары, тартпалар, торлар, турниктер және т.с.с.) қолданылады. Аталған 
құрал-жабдықтарды, пакеттеу құралдарын және ӛзге де тетіктерді тиеу жұмысын 
кімнің атқаратынына қарай жүк жӛнелтушілер, жүк қабылдаушылар немесе 
тасымалдаушылар орнатады. Мұндай талаптың қойылатын себебі: белгілі бір 
жүкті тасымалдау жӛніндегі ӛзінің қажеттігін білетін, бұл жүктің ерекшілігін 


93 
түсінетін жүк жӛнелтуші ғана оны тасымалдауға тиісінше дайындап, жүріс 
қауіпсіздігін, жүктің, вагондардың, контейнерлердің сақталуын қамтамасыз ету 
шараларын жүзеге асыра алады. 
Жаппай тасымалданатын жүктердің (кӛмір, балласт, кен және т.с.с.) 
орналасуы мен бекітілуін жүкті қабылдап-тапсырушы, ал қалғандарының ТЖ-ға 
байланысты бекітілуі мен орналасуын – 6-разрядты жүкті қабылдап тапсырушы, 
олар жоқ пункттерде – станса бастығы немесе оның орынбасары тексереді. 
Техникалық жағдайдың сақталмауы қауіпті зардаптар туғызуы – жүктің 
ығысуына, оның сыртқа шығып кетуіне және тіпті жол үстіне құлауына әкеп 
соқтыруы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет