Астық өнімдері кәсіпорындарындағы өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары



бет1/12
Дата13.06.2016
өлшемі1.03 Mb.
#131502
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрінің

2009 жылғы «30» желтоқсандағы

№ 316 бұйрығымен

бекітілген

Астық өнімдері кәсіпорындарындағы

өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары

1-тарау. Жалпы талаптар
1. Осы Талаптар элеваторларға, астық қабылдау бекеттеріне, астық өнімдері комбинаттарына, диірмен, жарма, құрама жем және жүгері өңдеу зауыттарына, астық базасына, шағын диірмендерге, шағын наубайханаларға, нан пісіретін және макарон зауыттарына, нан пісіру қалыптарын полимер материалдармен қаптау учаскелеріне, ыдыс жөндеу шеберханаларына, спирт зауыттарының астық бөлімшелеріне қолданылады.

2. Кәсіпорын аумағын қоршау сәулет-жобалау міндеті мен қоршаған құрылысты ескере отырып орындалады.

3. Астық зауыттары мен макарон фабрикалары аумағына кемінде кіру жолы (шығу жолы) қарастырылады, олардың біреуі қосалқы болып табылады.

Қуаты тәулігіне 10 т дейін кәсіпорындар үшін бір шығу жолы болуға болады.

Кіру жолына (шығу жолына) арналған қақпа механикаландырылған, олардың өздігінен ашылу және жабылу мүмкіндігін реттейтін тиек құрылғылары болады, көліктің қозғалысы туралы ескертетін дыбыстық дабылмен жарақталады.

Кәсіпорын аумағына кіретін автомобиль жолдары қақпаларының ені автомобилдердің ең үлкен ені бойынша плюс 1,5 м, бірақ 4,5 м кем емес, ал теміржол өту жолдарына арналған қақпалардың ені 4,9 м кем емес.

4. Негізгі өту жолдарының, жүргінші жолдарының, экспедиция мен қоймалар алдындағы алаңдардың жабындары асфальтты бетонмен, бетонмен орындалады.

Құрылыстармен және өту жолдарымен айналыспайтын аумақ көгалдандырылады.

Едәуір қысқа жүргінші жолдарында зауытішілік көлік жолдары бар қиылыстардың саны аз болады, жолдардың ені-1,5 м кем емес.

5. Тротуар өту жолының бөлігіне қабысқан кезде ол өту жолының бөлігінен 0,15 м кем емес орнатылады.

6. Орлар мен шұңқырлар арқылы өту үшін ені кемінде 0,8 м, төменнен жоғары қарай 0,2 тұтас жігімен биіктігі кемінде 1 м қанаттармен қоршалған кішкене көпіршелер орнатылады.

Кішкене көпіршелерге кіру жолдары еркін болады, түнгі тәулік мезгілінде кішкене көпіршелер мен оларға кіру жолдары жарықтандырылады.

7. Өндірістік үй-жайлар мен жабдықтың қабаттарының түсті қаптамасы (бояуы), көбінесе, ақшыл реңдермен жүргізіледі.

8. Құбырлардың ажырату бояулары мен олар арқылы тасымалданатын заттардың ірі топтарының цифрлық белгіленуі қабылданған нормаларға сәйкес қабылданады.

9. Су құбыры мен канализация құрылғысы ҚР ҚНжәнеЕ 4.01-41-2006 және ҚР ҚНжәнеЕ 4.01-02-2001 талаптарына сәйкес болады.

Қалыптарды полимер материалдармен қаптау кезінде түзілетін қалдықтар одан әрі пайдаға асыру немесе зарарсыздандыру үшін сыйымдылықтарға тасталады. Нөсер ағындары канализацияға жіберілер алдында тазартылады.

10. Өндірістік үй-жайлардың жұмыс аймағындағы әуе ортасының санитарлық-гигиеналық шарттары нормаларға сай болады. Жұмыс аумағы ауасындағы зиянды заттардың құрамы белгіленген шекті рұқсат етілген (1-кесте) артық болмайды.

Жұмыс аумағы ауасында бір мезгілде бір бағытта әсер ететін бірнеше зиянды заттар болған кезде ауадағы олардың әрқайсысының нақты қосылымдарының олардың ШРҚ-на (ШРҚ1, ШРҚ2, ..., ШРҚn) қатынасының сомасы мынадай бірліктерден артық болмауы қажет.

С1/ШРҚ1 + С2/ШРҚ2 + ... + Сn/ШРҚn <1.

Жұмыс аумағы ауасында бір мезгілде бір бағытта әсер ету қасиеті жоқ бірнеше зиянды заттар болған кезде ШРҚ оқшауланған әсердегі сияқты күйде қалады.

Технологиялық жабдықты құрастырған, дайындаған, монтаждаған және пайдаланған кезде жұмыс үй-жайының ауасына зиянды бөлінділердің алдын алу немесе ең төменгі мәнге дейін азайту тиісті шаралар қолданылады.

1-кесте



Заттың атауы

ШРҚ шамасы,

мг. текше м



1. Астық тозаңы (кремний қос тотығының құрамына қарамастан)

4,0

2. Өсімдік және жануарлар тозаңы:




-10 % астам кремний қос тотығы қоспасымен (мақта, мақта матасы, ағаш және тағы басқа)

2,0


-2-ден бастап 10 % дейін кремний қос тотық қоспасымен

4,0

-2 % кем кремний қос тотық қоспасымен




(ұн, мақта мата, ағаш және тағы басқа)

6,0

3. Темір оксиді

6,0

4. Мырыш магниді

6,0

5. Марганец (марганец қос тотығына есептегенде)




-дезинтеграция аэрозолі

0,3

-сынадай құрамда дәнекерлеу аэрозоліндегі марганец:




20 % дейін

0,2

20-бастап 30 % дейін

0,1

6. Кобальт оксиді

0,5

7. Окситетрациклин

0,1

8. Тетрациклин

0,1

9. Бром метил

1,0

10. Металлил

0,3

11. Фосфин

0,1

12. Дихлорэтан

10,0

13. Метитион

0,1

14. Волатон

0,1

15. Карбофос

0,5

16. Аммиак

20,0

17. Бром

0,5

18. Азот қышқылы

2,0

19. Күкірт қышқылы

1,0

20. Сірке қышқылы

5,0

21. Йод

1,0

22. Ацетон

200,0

23. Бензол

15,0

24. Эфирлер

1-10

25. Спирттер:-этил

1000,0

-метил

5,0

26. Бензин

100,0

27. Керосин (дизелдік отын)

200,0

28. Ащы сілтілер (NаОН есептегенде)

0,5



1-параграф. Өртке қарсы іс-шаралар
11. Кәсіпорын аумағындағы темекі шегу орындары «Темекі шегуге арналған орын» деген жазумен белгіленген, темекі тұқылдарын жинауға арналған жәшіктермен және өрт сөндіру құралдарымен жабдықталған. Кәсіпорын аумағының өрт шығу, жарылу қаупі бар учаскелерінде темекі шегуге жол берілмейді. Бұл учаскелерде «Темекі шегуге тыйым салынады» деген ескерту жазулары орнатылады.

12. Өртке қарсы сумен жабдықтау өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес қарастырылады. Өрт гидранттарында «№ __ өрт гидранты» деген жазуы бар көрсеткіш орнатылады, гидрантқа өту жолы белгіленеді және еркін болады.

13. Барлық ғимараттар мен құрылыстарға еркін өту жолы қамтамасыз етіледі. Ғимараттар мен құрылыстар арасындағы өртке қарсы аралықтар материалдарды, жабдықты және басқаларын жинау үшін қолданылмайды.

14. Тез тұтанғыш және жанғыш сұйықтықтар мен жағар материалдар арнайы бөлінген орындарда тиісті сақтау және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтай отырып сақталады. Қатты отын ашық қоймаларда сақталады.

15. Барлық өндірістік, қойма және жертөле үй-жайлары, сыртқы қондырғылар мен құрылыстар алғашқы өрт сөндіру құралдарымен және өрт сөндіру құрал-сайманымен қамтамасыз етіледі.

16. Өрт сөндіру құрал-сайманын шапшаң қолдану жағдайын жасау мақсатында және оларды бақылауды жеңілдету үшін өрт сөндіру құрал-саймандарының арнайы қалқандары орнатылады.

17. Барлық өрт сөндіру құрал-саймандары мен жабдық жарамды күйде ұсталады, көрінетін жерлерде болады және оларға кедергісіз қол жеткізу қамтамасыз етіледі.

18. Шаруашылық, өндірістік және өрт сөндірумен байланысты емес өзге де қажеттілік үшін өрт сөндіру құрал-саймандары мен жабдығын пайдалануға болмайды.



2-параграф. Автомобиль жолдары
19. Автомобиль көлігінің кәсіпорын аумағына өтуі үшін қатты жабынды жолдар салынады. Өту жолдарының ені техникалық нормаларға сәйкес болады: бір жақты қозғалыс кезінде-3,5 м кем емес, екі жақты қозғалыста-6 м.

20. Автомобиль жолдары мен жүргінші жолдарының теміржол жолдарымен қиылысу орындарында рельс бастарының деңгейімен төселген тұтас төсемдер орнатылады. Жүргінші жолдарының ені 1 м кем емес.

21. Аумаққа кіретін жолда автокөліктің қозғалыс кестесі ілінеді.

Аумаққа өту жолдары мен өткелдердің көрсеткіштері, сондай-ақ арнайы жазулар мен жылдамдық белгілері және автокөліктің қозғалыс бағыттары, машина тұрақтарының орындары Жол қозғалысы ережесіне сәйкес орнатылған.

22. Автомобиль салмақтары мен қабылдау құрылғыларының жабық өту жолдарының ені 3,5 м және биіктігі 3,5 м аспайды. Автомобиль салмақтарының шығу жолдарының қақпаларына қақпалардан 1 м қашықтықта бағыттаушы бағандар орнатылады.

23. Автокөліктің аумақтағы қозғалыс жылдамдығы 5 км/сағ, цехтарда 3 км/сағ аспайды.

24. Ұн таситын автокөлікпен ұн тасыған кезде бұрылу немесе аумақта айналып өту үшін алаң қарастырылады, олардың өлшемдері ірі көлемді ұн таситын автокөліктерді қолдануға арналған.

Ыдыстағы жүктерді түсіруге арналған алаңдар қолданылатын көліктің габариттік өлшемдеріне сәйкес болады.

Ыдыстағы жүкті түсіру үшін биіктігі 1,2 м, қойма үй-жайларының еденімен бір деңгейде рампа құрылғысы қарастырылады.

25. Сұйық қосалқы шикізатты (ағыстар, өсімдік майы, іркіт) қоймаға қабылдауға арналған қабылдау келте құбырлары жабық және аспалы күйде орнатылады.

26. Өнімді лотокпен жөнелту кезінде экспедиция рампасының биіктігі-0,65 м, ал контейнермен жөнелткенде-1,2 м.

27. Бір-бірінен кейін тұрған көлік құралдары арасындағы қашықтық кемінде 1 м, ал қатар тұрғандарының арасындағы қашықтық кемінде 1,5 м. Ғимарат пен көлік құралының ернеуі арасында кемінде 0,8 м интервал сақталады, бұл ретте шой балға бөрене орнатылады.



3-параграф. Теміржол жолдары
28. Теміржол жолдарын, олар арқылы өту жолдары мен өткелдерді орнату, кәсіпорынның теміржол шаруашылығын ұйымдастыру және пайдалану теміржол жолдарын пайдалануға қойылатын талаптарды қанағаттандырады.

29. Аумақтағы теміржол жолдары жақындау габаритінің талаптарына сәйкес құрылыстарға қатысты орналастырылады.

30. Теміржол жолдарына ескерту белгілері орнатылады, белгіленбеген орындарда жолдан өтуге тыйым салатын плакаттар ілінеді. Жүк және маневрлік операцияларды жүргізу орындарында жасанды жарық беру болады.

Теміржол жолдары жарамды күйде ұсталады, қардан, мұздан, қоқыстан, шөптен тазартылады.

31. Ғимаратқа 6 м жақын орналасқан теміржол жолдарына өндірістік және қосалқы үй-жайлардан шығу жолдары болғанда, қоймалардың қақпаларынан басқа, ғимараттан шығу жолында ғимараттар шығатын адамдарды теміржол құрамының өтуі туралы ескертетін дабыл орнатылады. Ғимараттан шығу жолында теміржол жолдарын қоршайтын қанаттар орнатылады.

32. Кіреберіс теміржол жолдарының электр беру, байланыс желілерімен, құбырлармен және өзге де жер асты және жер үсті құрылғыларымен пойыздардың қауіпсіздігі мен үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ететін қоршау құрылымдарын орнатқан кезде қиылысуына болады.

33. Теміржол жолдары жерасты кабелдерімен қиылысу кезінде олар рельс басынан кемінде 1 м тереңдікте рельс жолына перпендикуляр төселеді және науалармен немесе құбырлармен сақтандырылады.

34. Рельс жолдары арқылы жылжымалы көлік құралдарының қозғалу орындарында ені 2,5 м кем емес төсемдер орнатылады.

35. Жолдарда вагондарды қолмен жүргізу қолданылған жағдайда жолдардың тұтас бойымен қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шпалдың тұтас ені бойымен төсем орнатылады. Төсем рельс басының деңгейімен төселеді.

36. Локомотивтердің барлық түрлерінің үй-жайға кіруіне болмайды.

37. Тұраққа және тиеу-түсіру жұмыстарына қойылатын вагондар тежегіш башмактармен бекітіледі.

38. Тиеуге (түсіруге) арналған құрылыстар дабыл беру құрылғыларымен жабдықталады.

39. Теміржол көлігінен шикізат пен жүктерді қабылдау үшін биіктігі 1,4 м қабылдау платформалары рельс басының деңгейінен ені кемінде 4 м аспалармен жабдықталады.

40. Теміржол көлігінің кіру немесе зауыт қақпасынан шығу кезіндегі қозғалыс жылдамдығы 5 км/сағ аспайды.



4-параграф. Аумақты ұстау
41. Кәсіпорын аумағы таза күйде ұсталады. Өту жолдары мен өткелдер қозғалыс үшін еркін, тегістелген болады, шұңқырлар мен орлар болмайды, түнгі уақытта жарықтандырылады.

42. Жазғы құрғақ уақытта өндірістік, әкімшілік және санитарлық-тұрмыстық үй-жайларға жанасатын өту жолдары мен өткелдер суарылады. Қысқы уақытта өту жолдары, қысқа жолдар, эстакадалар, платформалар мен сыртқы сатылар қар мен мұздан тазартылады, ал мұз еріген жағдайда құм себіледі.

43. Атмосфералық суларды бұруға арналған су ағарлар (орлар) тазартылады және жарамды күйде ұсталады.

44. Көпірлер, өту жолдары, өткелдер, эстакадалар жарамды күйде ұсталады, нұсқаушы көрсеткіштермен жабдықталады, түнгі уақытта жарықтандырылады.

45. Жер асты резервуарлары, құдықтар, өрт сөндіру су айдындары жабық болады және барлық жағынан қоршалады. Өрт сөндіру су айдындарында түнгі уақытта жарық нұсқағышы болады.

46. Аумақта материалдарды, бөлшектерді, жабдықты ретсіз сақтауға жол берілмейді. Материалдар, бұйымдар, жабдық, металл сүймен арнайы бөлінген орынға орналастырылады.

47. Кәсіпорындардың аумағында астық қалдықтарын, қауыз бен тозаңды ашық тәсілмен сақтауға жол берілмейді.

48. Өнім мен қалдықтарды автокөлікке ыдыссыз тиеу кезінде аумақтың тозаңдануын болдырмайтын құрылғылар қарастырылады. Осыған ұқсас құрылғылар теміржол және автомобиль көлігінен бидайды, ұнды, құрама жемдер мен ұн шикізатының басқа да түрлері мен дайын өнімді қабылдау және жөнелту кезінде қарастырылады.

49. Қоқыс жинағыштардан бастап өндірістік ғимараттарға дейінгі қашықтық кемінде 25 м.

50. Қоқыс жинағыштарды тазалағаннан кейін жылдың жылы мезгілінде жаңа сөндірілген әктің 20 % ерітіндісімен немесе хлор әгінің 10 % ерітіндісімен (10 литрге 1 кг) кезекті дезинфекциялау жүргізіледі.

51. Қалдықтар мен қоқыс көлікпен шығарылады, оны шикізат пен өнімді тасымалдау үшін техникалық басшы бекіткен кесте бойынша пайдалануға жол берілмейді.

52. Аумақты жинау күн сайын жүргізіледі, жазғы уақытта тозаңдануды болдырмас үшін жүйелі түрде суарылады, қысқы уақытта өту жолдары мен өткелдер қар мен мұздан жүйелі тазартылады, ал мұз еріген жағдайда құм себіледі.



2-тарау. Өндірістік және қойма ғимараттары

1-параграф. Өндірістік үй-жайларды орналастыруға қойылатын

жалпы талаптар
53. Үй-жайлардың еденнен бастап жабындардың (төсем) шығыңқы құрылымдарының астына дейінгі биіктік кемінде 2,2 м болады.

54. Өндірістік үй-жайлардың тамбур-шлюздері мен есіктерін орнату ҚР ҚНжәнеЕ 2.02.05-2002 сәйкес болады.

55. Өндірістік үй-жайлардың қабырғаларының, төбелерінің, көтергіш құрылымдарының, есіктерінің, едендерінің ішкі қабаты, өндірістік ғимараттарға жапсарлас сүрлемдер мен бункерлердің қабырғаларының ішкі қабаттары шығыңқы бөліктерсіз, ойыссыз болады және оларды оңай тазалауға мүмкіндік береді.

56. Табиғи жарық берілетін әрбір үй-жайда желдету үшін терезелерде кемінде екі ашылатын (бірінші қабаттан жоғары қабаттар үшін-ғимарат ішінен) жарма немесе әрқайсысының алаңы 1 м2 кем емес қолмен ашылатын желдеткіш қарастырылады. Жармалар мен желдеткіштердің жиынтық алаңы үй-жайдың алаңынан 0,2 % кем емес болады, сүрлем үстіндегі қабаттар үшін-0,3 %. Ойықтарды шыны блоктармен толтыруға болмайды.

57. Терезе орындарының құрылғылары терезелерді тікелей үй-жайдан сүрту және сыртқы қабатын жөндеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

58. Еденнен 1 м кем биіктікте орналасқан терезелерде тұтас ені бойынша қоршаулары болады. Еденнен бастап қоршаудың биіктігі-1 м.

59. Дайын өнімді қапқа салуға және пакеттерге орауға арналған үй-жайлар басқа өндірістік және қойма үй-жайлардан оқшау болады.

60. Қызмет көрсетуші персоналға арналған қосалқы үй-жайлар бөлек тұрған ғимараттарға орналастырылады. Қосалқы үй-жайларды Г және Д немесе В санатты (бидай тазалау бөлімшелерінен басқа) өндірістер орналасқан жақтан өндірістік ғимараттардың сыртындағы жапсарлас құрылыстарға орналастыруға болады. Өндірістік ғимараттарда адамдардың тұрақты келуісіз диспетчерлікті, жұмысшылардың жылынуына арналған үй-жайды, білік кесетін шеберхананы, жертөле үй-жайларын орналастыруға болады.

61. Пайдалануда болған қаптар сұрыптауға, тазалауға, жөндеуге және дезинфекциялауға арналған бөлек үй-жайларда өңделеді.

Үй-жайларға жылу беріледі және ағынды-сору желдеткіші болады. Қаптарды зарарсыздандыруға арналған үй-жайлар қаптарды дезинфекциялауға дейін өңдеу жұмыстары жүргізілетін үй-жайлардан оқшауланады.

62. Білік кесу шеберханасы білік станогының қабатында орналасқан оқшау үй-жайда орналастырылады.

63. Антибиотиктерді, микроэлементтерді, витаминдерді, ферменттерді және басқа да қоспаларды сақтауға арналған орындар негізгі өндірістік үй-жайлардан оқшауланады. Байыту қоспалары дайындалатын үй-жайларда ағынды-сору желдеткіші болады, қабырғалары суға төзімді материалмен қапталады. Үй-жайлар құлыппен жабылады.

64. Суспензиялар дайындауға арналған, жүгері тұқымдарын ыдысқа салуға арналған үй-жайлар су еріткіш көбік түзетін препараттармен жүгері тұқымдарын ыдысқа салу жөніндегі талаптарға сәйкес келеді.

Мұндай үй-жайлар қалған үй-жайлардан оқшауланады және ағынды-сору желдеткіші болады. Тұқымдарды ыдысқа салуға арналған химикаттар бөлек оқшауланған үй-жайда сақталады.

65. Технологиялық жабдық орналасқан өндірістік ғимараттардың, алаңдардың, антресольдердің ішінде орналастырылған қоршауларды биіктігі 1,0 м болат торлармен жобалау қажет, қоршаулар тұтас, еденнен бастап биіктігі 150 мм болады. Жабында жанбайтын материалдардан жасалған биіктігі 0,6 м кем емес торлы қоршаулар, төбеде жабдық қондырғысындағы қоршаулардың биіктігі 1,0 м кем емес қарастырылады.

66. Жертөле және жартылай жертөле үй-жайларында негізгі өндірістерді орналастыруға болмайды.

Негізгі өндірістерге мыналар жатады: шикізатты дайындау, нан илеу, қалыптау, қамыр ашыту, тағамдар пісіру, жартылай дайын өнімдерді кептіру, дайын өнімдерді орау және салу, технологиялық қалдықтарды қайта өңдеу, қалыптарды жуу және сақтау, салқындату бөлімшесі және экспедиция.

67. Едендердің жабыны тегіс, төзімді болады. Бұл ретте тозаңды өндіріс үй-жайларында жабынды оңай жинау түрі қарастырылады. Ылғалды үрдістер жүргізілетін өндірістік үй-жайлардың едендері суға төзімді болады.

68. Қышқылдар, сілтілер немесе басқа да агрессивті сұйықтықтар (ашытқы бөлімшесі, ыдыстарды, қалыптарды жууға, жуатын ерітінділерді дайындауға арналған үй-жайлар, зарядтау станциясы және тағы басқа) осы заттардың әсер етуіне төзімді және ағысқа арналған ылдиы болады. Агрессивті сұйықтықтар қолданылатын және сақталатын үй-жайларда едендер жанбайтын материалдардан жасалады.

69. Оқшауланған үй-жайларда мынадай үрдістер орналастырылады: себу, қаптарды тазалау және сақтау, қант ұнтағын дайындау, панир ұнды дайындау, сұйық ашытқы, қара бидай ашытқысын және қойылтылған қышқыл сүтті ашытқыларды дайындау, өндіріске шикізатты, қатты отынмен жұмыс істейтін пештердің бөлімшелерін, сұйық отын жұмсау бактарына арналған үй-жайларды жуу (ыдыстарды, қалыптарды, құрал-саймандарды) бөлімшелерін, артық су қорына арналған су бактары болатын үй-жайларды, механикалық шеберханаларды, ұсақтау бөлімшелерін дайындау.

Құбыр арқылы ауа үрлегіштер, компрессорлар орналастырылған үй-жайлар оқшауланады, ал жабдық дірілді оқшаулайтын негізде орнатылады.

70. Эвакуациялау жолдары адамдардың үй-жайлардан жылдам шығуын қамтамасыз етеді. Эвакуациялау кестелері әрбір қабатта ілінеді. Эвакуациялау жолы кемінде екеу болады. Эвакуациялауға арналған есіктер шығу жолы бағыты бойынша ашылады.



2-параграф. Көлденең және көлбеу едендері бар және аэро науалармен жабдықталған еденде сақтау қоймалары
71. Қоймаларды астықпен толтыру биіктігі қойма қабырғаларында қойманың тұтас периметрі бойынша ескерту жазулары бар тұтас сызықпен (жобаға сәйкес) көрсетіледі.

72. Бірінші қабаттан жоғары орналастырылған дайын өнімдердің қоймаларында түсіру жолдары мен жүктердің орнын ауыстыруға арналған көлік құралдары болады.

73. Ыдыспен жүк тиеу қоймасының ғимаратында сыртқы жағынан бірінші қабатта аккумуляторлық тиегіштерге арналған зарядтау станциясын орналастыруға болады. Бір мезгілде зарядталатын батареялардың саны бесеуден аспайды. Зарядтау станциясы қалған қойма үй-жайларынан жабындары бар өртке қарсы қабырғалармен бөлінеді және оқшау шығу жолы болады.

74. Сыртқы қабырғаларда терезелерді орналастыруға және зарядтау станциясының үй-жайының үстінен желдету үшін сыртқы ауа алуға болмайды.

75. Едендері тегіс, оның ішінде аэро науалармен жабдықталған механикаландырылған астық қоймаларында олардың ортасы бойымен конвейерге шығыңқы тесіктерінің үстінен жұмысшыларды шүмекті керуден сақтандыратын тігінен бағандар орнатылады.

Өту жолы жоқ галереясы бар қоймалар үшін пирамидалы торларды орнатуға болады. Торлардың биіктігі астық себілген ең жоғарғы биіктіктен 0,5 м жоғары болады. Көлденең аспақтар арасындағы қашықтық 0,25 м аспайды. Тордың шүлдігі шығыңқы тесіктің ортасымен сәйкес болады.

76. Механикаландырылған астық қоймаларын тік бағаналарсыз немесе пирамидалы торларсыз пайдалануға болмайды.

77. Құрама жемдерді, кебектерді, қауыздарды, ұнды, шротты және құрама жемдердің өзге де астықты емес құрамдас бөліктерді едендері тегіс және төменгі (өтетін немесе өтпейтін) механикаландырылған қоймаларда төменгі конвейерге өнімнің өздігінен өтуіне жол берілмейді. Қойманы толтыру кезінде кемінде бір шығару құрылғысын бос және жылжымалы механизациясы құралдарын орналастыруға арналған бос алаң қалдыру қажет. Қалған люктер немесе төгіндінің астындағы шығару құрылғылары жабық болады,

Төгіндіні шығару құрылғысына ауыстыру өнімнен қоймалардың бос алаңынан механизациялау құралдарымен жүзеге асырылады, бұл ретте жұмысшылар өнімнен бос орында болады.

Қойманың босатылуына қарай кезекті шығару тесіктерінен қақпақтарды алу жүргізіледі.

Қоймалардың өту галереясы мәжбүрлі сорғы немесе табиғи желдеткішпен жабдықталады.

78. Астық өздігінен ағып шығатын әрбір механикаландырылған қоймада қойманың сыртынан «тоқта» деген кемінде екі түйме орнатылады, конвейерді төменгі галереядан авариялық тоқтату үшін әр жағынан бір түймеден болады. «Іске қосу» және «тоқта» деген түймелер сондай-ақ конвейердің электр қозғалысында болады.

79. Жарылу, өрт шығу қаупі бар санатына жататын ұнды ыдыссыз сақтау қоймаларының үй-жайларында жалпы алаңы үй-жайдан кемінде 1 текше метр 0,03 м жеңіл алынатын құрылымдар (терезе, фонарлар) қарастырылады.

80. Жүкті 1,5 м астам биіктікке көтеруге (түсіруге) арналған қоймаларда басқыштар, гравитациялық түсіру жолдары, лифтер және жүктерді түсіру мен көтеруге арналған басқа да құрылғылар белгіленеді. Қойма үй-жайларының едендері ҚР ҚНжәнеЕ 2.02.05-2002 сәйкес болады.

81. Қойма үй-жайларының есіктері сыртқа ашылады. Жарылу, өрт шығу қаупі бар қойма үй-жайларының есіктерінде ашық күйде бекіткіші болады және ҚР ҚНжәнеЕ 2.02.05-2002 сәйкес болады.

82. Ыдыстағы жүктерге арналған қоймаларда жүк ағындарына арналған есік ойықтарының ені кемінде 1,95 м және биіктігі кемінде 2,4 м болады.

83. Көлік (арбалар, электр тиегіштері және тағы басқа) қозғалып жүретін қоймалардағы өту жолдарының ені көлік енінен плюс 0,8 м кем емес болады, бірақ кемінде 2,1 м болады, бір жақты қозғалыс кезінде және қарсы бағытты болғанда жүк тиелген көліктің қос еселік ең үлкен енінен плюс 1,5 м кем емес болады.

84. Ашық немесе жартылай ашық түрдегі ұнды ыдыссыз сақтау қоймалары жеңіл аспалармен жабдықталады. Ашық және жартылай ашық түрдегі қоймалардың бункерлерінің үстіңгі бөліктеріне қызмет көрсету үшін марш түріндегі сатылармен жалпы қызмет көрсету алаңы қарастырылады. Алаңдар мен сатыларда астыңғы жағынан 0,15 м биіктікте қорғалған биіктігі кемінде 1 м қоршаулары болады. Алаңдар мен баспалдақтардың төсемдері бұдырлы немесе қима болаттардан жасалады.

85. Ыдыстағы жүктерді қабылдау және тасымалдау үшін шағын механизациялы құралдары қарастырылады.

86. Ұн салынған қаптар қаптарды байлау және қатарларды тігінен орналастыру тәртібін сақтаған кезде стеллаждарға немесе «үш аяқты» және «бес аяқты» тұғырларға салынуы қажет.

87. Жәшіктер қатарлап орналастырылады. Бөшкелер әр қатардың арасында тақтайлар төсеп, кесілген пирамида түрінде орналастырылады. Қатарлардың сырғуын болдырмау үшін шеткі бөшкелер сыналанады.

Тиелген жүктерді қатарлау кезінде қатарлардың биіктігі 2-кестеде көрсетілген өлшемдерден артық болмайды.

2-кесте


Жүктердің атауы мен сипаты

Қатарлардың биіктігі, м




қолмен қалау кезінде

механикаландырып қалау кезінде

Жүктер:

50 дейін жәшіктерде (массасы кг)

бөшкелерде

70 дейін қаптарда (массасы кг)


2,0


2,0

2,0

3,2

3,0


3,8

88. Өнімді ыдыста сақтау кезінде қатарлардың арасында ені кемінде 1,25 м өту жолдары қарастырылады, қатарлардан бастап қабырғаларға дейінгі қашықтық кемінде 0,7 м болады.

Қатарлардың үстінен бастап далдаларға немесе тұрақты құрылымдардың шығыңқы бөліктерінің астына дейінгі қашықтық кемінде 0,5 м болады.

89. Қышқылдарды, сілтілерді және өзге де агрессивті заттарды сақтауға арналған қойма үй-жайларында сақталатын заттар көрсетілген ескерту жазулары ілінеді. Қоймада төгілген қышқылдар мен сілтілерді бейтараптауға арналған құралдардың қоры болады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет