Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Н.А. Ахметов
Ж.Е. Бекбергенова
ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ОЙЫННЫҢ
ӘДІС ТӘСІЛДЕРІ
Әдістемелік нұсқау
«Тараз университеті» баспасы
Тараз, 2018
ӘОЖ 794.08.574 (07)
КБЖ 75.5 5(каз) р30 А 94
Ахметов Н.А., Бекбергенова Ж.Е.
«Тоғызқұмалақ ойының әдіс тәсілдері», әдістемелік нұсқау. Тараз: - Тараз университеті. 2018, – 35 б.
Пікір жазғандар:
Мінәрбеков І.Қ – Дене тәрбиесі» кафедрасының меңгерушісі, доцент;
Шилібаев Б.А – Аймақтық менеджмент академиясының профессоры.
Бұл әдістемелік нұсқауды орта мектеп, колледж, жоғарғы оқу орны оқытушылары, студенттері пайдаланып, тоғызқұмалақтан жарыстар ұйымдастыру ережелерімен танысып, төрешілік жасай алады.
КБЖ 75.5 5(каз) р30
Әдістемелік нұсқау мұнай газ және механика факультетінің ғылымиәдістемелік жиналысында қаралып шығаруға ұсынылсын.
Хаттама №_4_ «_27_»____04___ 2018ж
©Ахметов Н.А., Бекбергенова Ж.Е., 2018
©М.Х. Дулати атындағы ТарМУ, 2018
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 4
Ойынның ережесі мен ерекшеліктері. 6
Тоғызқұмалақ ойынының принциптері. 12
Тоғызқұмалақ ойынын жазып жүру тәртібі. 13
Ойынды есептеу жолдары 16
Оқу жаттығу және тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру 21
Нұсқаушылық және төрешілік еті тәжірибесі 23
Тәрбие жұмысы және психологиялық дайындық 23
Жарыстар, жарыс жүйелері 23
Жарысты ұйымдастырушылардың міндеті 25
Жарыс төрешілері мен жүгіну алқасы 28
Ойын нәтижелерін есептеу 32
Жеңімпаздарды анықтау 38
Әдебиеттер: 39
Кіріспе
Тоғызқұмалақ ойыны ұзақ уақыттар бойы қазақ даласында кең таралып, жалпыласып, жалпылық сипат тапқан халықтық қазына. Тоғызқұмалақ ойыны тек жай бұқараның игілігімен ғана шектелмей, көптеген ұлы ойшыл, талғампаз даналардың да ардақтайтын ата мұрасына айналған.
Халқымыз сонау ерте заманнан алуан өнердің әр саласына қанатын кең жайып келді. Сол өнер өресін ұрпақтан ұрпаққа аманаттап, бүгінге жеткізіп отыр. Дүниедегі кез келген ұлттың белгілі бір мәдениет үлгісі мен өнері түрлі тарихи және қоғамдық себептердің салдарынан, өмірге келгенімен, бірақ, солардың барлығының ғасырлардан-ғасырларға ұласып, ұзақ уақыттар бойы адамзат игілігіне жарай беруі тым күрделі құбылыс. Тек осылардың ішінде құны бар, өміршеңдік қуаты күштісі ғана кейігі ұрпақтарға жалыны өшпей, жыл өткен сайын маңызы күшейіп жетеді.
Тоғызқұмалақ – еліміздің дәстүрлі ұлттық ойындарының бірі. Соңғы деректерге қарағанда, оның шығу тарихы 4 мың жылдық кезеңді қамтиды. Ал кейбір мамандардың айтуынша, оның пайда болған кезі бұдан да көп уақыт болуы әбден мүмкін. Тоғызқұмалақ өткен ғасырларда қазақ даласындағы ең кең тараған ойын болатын. Өкінішке қарай, ол Кеңес Одағы кезінде біршама тоқырауға ұшырап, артынан тіпті насихатталмай-ақ қойды. Бірақ еліміз Тәуелсіздік алған кезден бері осынау ұлттық ойынымыз қайта жандану жолына түсті. Қазіргі таңда республикамызда оның жеке қауымдастығы бар, облыс орталықтарында тоғызқұмалақты үйренемін деушілерге қауымдастықтың бөлімшелері мен үйірмелері ашылған.
Тоғызқұмалақ қазақ даласына қай дәуірден бастап таралып, қанат жайғаны жайында нақты дерек болмағанымен, бірақ оның пайда болу төркіні қысқа ғана уақыттың жемісі емес екені анық. Яғни, оның пайда болуы мен көпке тарауы ұлтымыздың ұзақ уақыт бойы мал шаруашылығын негіз еткен көшпенді тұрмыс тіршілігі мен тығыз байланысты тоғызқұмалақ ойынындағы «құмалақ» атауының өзін алсақ, оның басқа емес малдың, анығырақ айтқанда қой-ешкінің не түйе тектес жануарлардың тезегінің жалпы атауы екендігі баршаға түсінікті. Одан қалса, тоғызқұмалақ ойынындағы «ат», «ат өтпес», «атсыратар», «қойым қоздады» деген атау-терминдердің барлығы мал атауларымен байланысты. Осы тұрғыдан көз жібергенде әуелі бұл ойынның тоғызқұмалақ аталуының себебі, жоғарыда айтып өткен малдардың құмалағынан әрі бұл құмалақтардың тоғызтоғыздан бөлініп орналасуынан қалыптасқандығы өздігінен-ақ түсінікті.
Тоғызқұмалақ ойыны кезінде кең байтақ сахарадағы көптеген түркі тілдес көшпелі ұлттар мен тайпалардың көңіл көтеретін, ортақ мәдени ойыны болған. Сол заманда кеш бата ауыл маңындағы төбешіктерде әңгіме-дүкен құратын ақсақалдар, ауыл аралап сайран салатын сал-серілер, мен далада бастары қосылған малшылар, тоғызқұмалақтың отаулары мен қазанын жерден қазып, қой-ешкінің құмалағынан, немесе ұсақ тастарды жүріске пайдаланып ойнаудан, бірте-бірте арнайы тақтада ойылып, ойын ойнаған сайын күрделеніп, ғылыми жүйеге түсіп, ақыры өнердің биік өресіне көтерілді.
Дәл осындай ұлтымыздың өшпес мәдениет үлгісі мен өнер айшығының бірі – тоғызқұмалақ ойыны. Ол ұлтымыздың атам заманнан бері жалғасып келе жатқан, тамыры тереңге бойлаған дәстүрлі төл мұрасы. Сонымен бірге өресі биік бұқаралық спорт өнері.
Тоғызқұмалақ қазақ даласына қай дәуірден бастап таралып, қанат жайғаны жайында нақты дерек болмағанымен, бірақ оның пайда болу төркіні қысқа ғана уақыттың жемісі емес екені анық. Яғни, оның пайда болуы мен көпке тарауы ұлтымыздың ұзақ уақыт бойы мал шаруашылығын негіз еткен көшпенді тұрмыс тіршілігі мен тығыз байланысты тоғызқұмалақ ойынындағы «құмалақ» атауының өзін алсақ, оның басқа емес малдың, анығырақ айтқанда қой-ешкінің не түйе тектес жануарлардың тезегінің жалпы атауы екендігі баршаға түсінікті. Одан қалса, тоғызқұмалақ ойынындағы «ат», «ат өтпес», «атсыратар», «қойым қоздады» деген атау-терминдердің барлығы мал атауларымен байланысты. Осы тұрғыдан көз жібергенде әуелі бұл ойынның тоғызқұмалақ аталуының себебі, жоғарыда айтып өткен малдардың құмалағынан әрі бұл құмалақтардың тоғызтоғыздан бөлініп орналасуынан қалыптасқандығы өздігінен-ақ түсінікті.
Деректемелерде тоғызқұмалақ ойыны тек қазақ ұлтының ғана емес, сонымен бірге Орталық Азиядағы басқа да қырғыз, Қарақалпақ, Алтай тектес туысқан ұлттар мен халықтар арасында да кең таралғандығы сипатталады. (Ол туралы Қазақ энциклопедиясының 11-томында кеңірек жазылған.)
Тоғызқұмалақ ойыны кезінде кең байтақ сахарадағы көптеген түркі тілдес көшпелі ұлттар мен тайпалардың көңіл көтеретін, ортақ мәдени ойыны болған. Сол заманда кеш бата ауыл маңындағы төбешіктерде әңгіме-дүкен құратын ақсақалдар, ауыл аралап сайран салатын сал-серілер, иен далада әредікте бастары қосылған малшылар, тоғызқұмалақтың отаулары мен қазанын жерден қазып, қой-ешкінің құмалағынан, немесе ұсақ тастарды жүріске пайдаланып ойнаудан, бірте-бірте арнайы тақтада ойылып, ойын ойнаған сайын күрделеніп, ғылыми жүйеге түсіп, ақыры өнердің биік өресіне көтерілді.
Тоғызқұмалақ ойыны ұзақ уақыттар бойы қазақ даласында кең таралып, жалпыласып, жалпылық сипат тапқан халықтық қазына. Тоғызқұмалақ ойыны тек жай бұқараның игілігімен ғана шектелмей, көптеген ұлы ойшыл, талғампаз даналардың да ардақтайтын ата мұрасына айналған.
Ал, міне бүгінгі таңда осы ұлттық ойынымыз әлемдік деңгейге көтеріліп, жас ұрпақты зияткерлікке, ойлау қабілеттерін арттыруға, жан-жақты ой-өресін жетілдіруге ерекше маңызға ие болып отырғаны, сондай-ақ әлем елдерінің де тоғызқұмалақ ойынына деген қызығушылығы ұлттық ойынымыздың бағын жандырып, елімізді, ұлтымызды әлемге әйгілей бастады. Оған дәлел – еліміздің Елордасында өткен тоғызқұмалақтан тұңғыш әлем біріншілігі.
Достарыңызбен бөлісу: |