Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы «ішкі жұҚпалы емес аурулар клиникалық диагностика ренгинологиясымен»



бет6/25
Дата14.10.2022
өлшемі1.47 Mb.
#462658
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
клиникалық диагностика

Кілегей қабықтарын тексеру үлгісі
Конъюнктива - көздің ішкі бүрышынан ағулар бөлінуі (жоқ, бар; бір, не екі жақты; орта деңгейде, көп, аз; түсі, сипаты - сірлі, іріңді).
Конъюнктива, мүрын, ерін, ауыз қуысы, қынап, кілегейлі қабаттары - ақ - қызыл, бозғылтым ақ-қызыл, бозғылт, фарфор тәріздес (анемиялық), сарғылт (иктериялық), сарғылт түсті, көкшіл (цианоз), қызарулар (гиперемия), қанталаулар-нүктелі, жолақты, диффузды; ылғалдылығы орта дәрежеде, төмен; ісінген; түрлі көмкерімдер мен бөгде денелер - бар, жоқ. Біртүтастығының бүзылуы - жарақаттанулар; везикулалар, папулалар, афталар, ойық жаралар, тыртықтар.

  1. Тері және тері туындыларын тексеру

Тері мен тері асты қабаттарын зерттеген кезде қарау, пальпация, перкуссия және сыналы тесуді жасау қолданады, терінің жүқпалы аурулары болған жағдайда микроскопия пайдаланады.
Теріні тексеріп зерттегенде ең бірінші терінің түгі мен түсін, ылғалдығын, иісін, қызуын және серпімділігін анықтайды. Содан сол патологиялық өзгерістеріне көңіл аударады, яғни терінің көлемінің үлкеюі (ісуі), сары су жиналуы, желденуі, қыртыстануы, бөртуі мен бүтіндігінің бүзылуы.
Терінің бөртуі бірінші және екінші дәрежедегі болып бөлінеді. Бірінші дәрежедегі тері бөрітіндісіне дақ, түйіншек, төмпешік, көпіршік, ірінше, күлдіреу жатады. Бүлар жазылғанда ешқандай тыртық қалмайды немесе екінші дәрежедегі бөрітіндіге айналады. Екінші дәрежедегі бөрітіндіге қабыршық, қабық және мүжіле қызаруы жатады. Жара жазылғанда тыртық қалады.
Тері бүтіндігінің бүзылуына тырналу, сыдырылу, жырылу, тесілу, ойылуы және тыртықтанып бітуі жатады.
Теріні зерттеу үлгісі
Тері жамылғысы (қылдары, жүні, шашы, қанаты, қауырсыны, мамық жүні) - дүрыс орналаскан, біркелкі жатқан, үйысқан (қай бөліктерінде), желімделген. Жылтыраған, былғанған, үзын, қысқа, қалың, селдір, берік, әлсіз (түлеуі ескеріледі), эластикалық, сыныңқы. Шаш, қыл түсуі, бозаңқылануы, қырқылуы, таздануы (қай бөліктерінде).
Тері түсі (пигментсіз бөліктерінде) - бозғылт ақ-қызыл, ақ-қызыл, сүр, бозарған (анемиялық), қызыл (гиперемия), көкшіл (цианоз), сарғылт (иктерус).
Эластикалығы (майысқақтығы) - сақталған, төмендеген, жоғалған.
Температурасы. Симметриялы бөліктерінде тексереді (қүлақ маңы, мүйіз түсы, аяқтарда, кеуде бүйірлерінде, шошқаларда танауында, иттерде мүрын үтттында). Терісі орта дәрежеде жылы, симметриялы бөліктерінде бірдей. Жалпы немесе жергілікті жоғарылауы не төмендеуі (қай жерлерде).
Ылғалдылығы - орта дәрежеде, қүрғақ (гипогидрозис), жоғарылаған (гипергидрозис). Жалпы не жергілікті тершеңдеуі (қай жерлерде), тері суық, жылы, жабысқақ, су тәріздес.
Иісі - өзіндік (орташа, мүңкіген (жағымсыз иісті), аз білінетін), ацетон иісті, уремиялық, шіріген иісті.
Терінің патологиялық өзгерістері:
Тері біртүтастығынын бүзылуы - қажалулар, жарықшақтар, сызықтар, жарылулар, ойық жаралар; жату іздері, тыртықтар (жаңадан болған, бүрынғы), жаралар - тесіп өткен, тесілмеген, кесілген, шаншылған, шабылған, мылжаланған, оқтан болған, тістелген, соғылған, аралас, асептикалык, инфекция түскен, ластанған; олардың көлемі, пішіні, орналасуы, жара беткейі жағдайы, қотырлануы, күстелуі.
Ауырсыну, гиперемиялық ісінулер - домбығулар (қабыну, тоқырау, орналасуы, дәрежесі), эмфизема (аспирациялық, қүрсақ, шап, сан, аралық), ісіктер (пішіні - домалақ, сопақ, ағаш тәрізді, қүбырлы; көлемі, түсі, мөлшері), сүйелдер.
Тері бөртпелері - эритема, қанталаулар, папулалар, везикулалар, пустулалар, күлдіреулер.
Эктопаразиттер - бит, бүрге, кене, шашжегіштер, мамықжегіштер. Дерматомикоз көрсетілімдеріне тексеру (таз қотыр, парша).
Тері қышынулары - орналасуы, күштілігі.

  1. Малдың лимфа бездерін зерттеу

Патологиялық процестің дамуында лимфа бездері көбінесе өзгерістерге үшырайды, өйткені оларға қабыну ошағынан инфекция қоздырушылар, токсиндер лимфа ағысымен келіп түседі. Кейбір жағдайларда лимфа бездердің өзгеруі диагноз қойған кезде ең басты белгісі болып келеді (сақау ауруында, лейкоз, жіті жүқпалы ауруларында).
Бездерді қарап, пальпациялау кезінде олардың көлеміне (үлкендігіне), пішініне, жүмсақ-қаттылығына, қозғалғыштығына және сол безді жауып түрған терінің қызуына көңіл бөледі (5-ші сурет) Жылқының жақ асты, тізе қатпары бездері, сиырдың, қойдың, ешкінің жақ асты, жауырын алдындағы, тізе қатпары және желін үсті бездері, түйелерде - жақ асты, астыңғы жақ асты, жауырын алды, тізе үсті және беткейлік шап. ¥сақ жануарларда, иттерде - шап бездері. Шошқаларда шап, жүтқыншақарты лимфа түйіндері зерттеледі. Лейкоз, туберкулез ауруларында барлық бездердің көлемі үлкейеді. Сол кезде басқа бездерді сипап табуға болады (үш жүп мойын бездері, қүлақ безі, аш бүйір безі т.б.).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет