5
№1 ДӘРІС
Аударма туралы ғылымның тарихы
Қазіргі тіл білімі арқылы меңгерілетін көптеген күрделі мәселелердің
арасында тіл аралық қатынастар қызметінің лингвистикалық аспектілерін
«аударма» немесе «аударма қызметі» деп аталатын меңгеру саласы маңызды
орын алады.
Аударма – бұл, әлбетте, адам кәсібінің өте көне түрі. Адамзат тарихында
адам топтарының тілдер айырмашылықтары бар қалаптасуымен қатар «әр түрлі
тілдер» ұжымдарымен қатанасуға көмектесетін «билингвтер» де пайда болды.
Жазба тілінің шығуымен осындай ауызекі «тілші-толмач» аудармашыларға
жазбаша түріндегі де ресми, діни және іскери түрдегі әр түрлі мәтіндерді
аударатын аудармашылар қосыла бастады.
Басынан бастап аударма маңызды әлеуметтік адамдар арасындағы тіл
аралық қатынасты жасайтын қызметті атқарды.
Жазбаша аудармаларды тарату адамдарға басқа халықтардың мәдени
мұраларына қол жеткізуді кеңейтіп, мәдениет пен әдебиеттерін байытуға,
әсерін тигізуге мүмкіндік берді.
Шетел тілдерін білу - бұл тілдердегі кітаптардың түпнұсқасын оқуға
мүмкіншілік береді, бірақ бір ғана шет тілін меңгеріп алудың өзі әркімнің
қолынан келмейді.
Алғашқы аударма теоретиктері ретінде өздерінің тәжірибесін
қорытындылауға ұмтылған аудармашылардың өздері болды, бірақ та кейде
кәсіби бойынша әріптестерінің тәжірибесі де осыған қосылды. Өздерінің
«аудармашылық ісін» көрсетуге барлық кезеңнің атақты аудармашылары
болған еді, дегенмен олардың білдірген көзқарастары қазіргі талаптарға сай
ғылыми дәлелді болмағанымен жүйелі теоретикалық тұжырымдамаларға
енгізілмесе де, бір қатар осындай пікірлер мен көзқарастар күні бүгінге дейін
өзіне қызығушылықты арта түседі.
Сонымен, антик кезеңінің аудармашылары түпнұсқаға аударманың
жақындық деңгей мәселесін кеңінен талқылауға түсірген. Библия мен басқа
шығармашылардың ерте кездегі киелі мен негізгі болып саналатын
аудармаларында түсініксіздікке немесе аударманың толық ұқпауына әкеліп
соққан түпнұсқаны дәлме-дәл аудару мен тастап алуға талпыныстар басым
болды. Сондықтан кейінірек кейбір аудармашылар түпнұсқаға қатысты үлкен
бостандыққа ие болуға аудармашылар құқығын теориялық жағынан әріпті емес,
мағынасы немесе жалпы көрінісін, түпнұсқа «ерекшелігін» көрсету керектігін
айқындауға тырысты.
Аудармашы көздеуге тиісті мақсаты туралы бастапқы пікірлердің өзінде-
ақ біздің заманымыздың дәлме-дәл немесе еркін аударманың болуы мен түп
нұсқа ие болатын оқырмандарға әсерін тигізетін жақтарын сақтауға керектігі
туралы көптеген теоретикалық даулы қайшылықтарды табуға болады.
Кейінірек кейбір аудармашылар «жақсы» аударма немесе «жақсы»
аудармашы дәрежесіне ие болатын бірқатар талаптарды көрсету арқылы
6
«аударманың қалыпты теориясының» кейбір түрлерін қалыптастыруға
тырысты. Француз гуманисі, айқын және аудармашы Этьенн Доле (1509-1546
жылдары өмір сүрген) оның ойынша, аудармашы бес шақты аударманың негізгі
принциптерін сақтауы қажет деп көрсеткен, бұлар:
1. Аударатын мәтіннің мазмұны мен автордың мақсатын еркін түсіну;
2. Қандай тілден қай тілге аудару тілдерін біркелкі жетік білу;
3. Сөзбе-сөз, дәлме-дәл аудару жақтарынан бас тарту, себебі бұл түп
нұсқаның мазмұнын өзгертеді де, оның көркемдік формасын жойып жібереді.
4. Аудармада жалпы қолданылатын сөйлеу түрін пайдалану;
5. Түпнұсқаның иісті «ырғағынан» шығып жалпы әсерін тигізетін
сөздерді дұрыс қолдану мен тізбектеу.
1790 жылы «Аударма принциптері» атты ағылшын А.Тайтлердің
кітабында аударманың негізгі талаптары былайша көрсетілген:
1) аударма түпнұсқа идеясын толық беруге тиіс;
2) аударма стилі мен мазмұндамасы түпнұсқа сияқты болулары қажет;
3) түпнұсқа шығармасы сияқты аударма да, жеңіл оқылуға тиіс.
Аударманың ғылыми негіздері жиырмасыншы ғасырдың ортасында
қалыптасып, сол кезде аударма мәселесі тілшілер назарында бола бастайды.
Бұл кезде дейін лингвистика ғылымы меңгеретін мәселелерге аударма мәселесі
ешқандай жағымен енбейтін болып саналатын. Аудармашылардың өздері
«аударма өнерінде» аударманың лингвистикалық аспектілері шағын, таза
техникалық рөл атқаратындығын тұжырымдаған.
Әрине, аудармашы түпнұсқа тілімен қатар аударма тілін жетік білуі тиіс,
бірақ та тілдерді білу аударманың тек қана қосымша жағы, негізі емес, болып
саналады. Осындай білімнің рөлін композиторға ноталарды білу рөлімен
салыстыруға болады.
Өздері жағынан, тілшілер аударма қызметін тіл білімі зерттеу объектісіне
енгізуін көздемесе де, бірақ та ол лингвистикалық факторлармен айқындалды.
Тіл білімінің басты назарынада тіл ерекшеліктерін меңгеруі болса, оның
қайталанбас құрылымын грамматика жүйесі мен басқа тілдерден
айырмашылығы болатын жеке тілдердің әрбір сөздік құрамының
ерекшеліктерін ашуы болды. Бұның барлығы тіл ерекшелігі болып, оның
ұлттық «рухы» мен әр түрлі тілдерде жазылған екі мәтіннің біркелкілігінің
принциптік болмауын болжады.
Аударма түпнұсқаны тиісті, дәлме-дәл түрде жеткізуді санағандықтан,
аударма арқылы таза лингвистикалық себептермен атақты ақын мен
жазушының шығармашылық ерекшеліктерін көрсетуі мүмкін еместігін
дәлелдей отырып, мүлдем іске аспайтын кәсіп болып есептелінген.
Тілшілердің аудармаға қатыстығын айқын түрде белгілі неміс жазушысы
мен аудармашы Август Шлегелге жазған хатында В.Гумбольдт былай
көрсетеді: «Қандай да болсын аударма, меңінше, орындалмайтын істі шешуге
талпыныс болып саналатыны сөзсіз. Себебі әрбір аудармашы түпнұсқасын өз
халқының тілі мен ерекшеліктері арқылы сақтауға қолға алып, немесе өз
халқының ерекшеліктерін түпнұсқа арқылы беруде «су астындағы екі тастың
біреуіне соғылуы тиіс».
7
Осындай кейінірек «аударыла алмайтын теориясы» деп аталатын
көзқарастарды көптеген лингвистер, оның ішінде, аудармашылық рөль атқарып
жүргендердің өздері қолдады.» Аудара алмайтын теориясы» аудармашылар
«орындалалмайтын» іспен айналыса бергендіктен, аударма тәжірибесіне
ешқандай әсерін тигізген жоқ.
Дегенмен, бұл теория аударманың лингвистикалық талдау жолында
қайтсе де, кедергі етті. Жиырмасыншы ғасырдың ортасында тілшілер аударма
ісіне қөзқарастарын өзгертуге мәжбүр болды да, оны жүйелі түрде меңгеруге
кірісті.
Біз білеміз, бұл кезеңде, алдымен саяси, коммерциялық, ғылыми-
техникалық және де «іскери» мәліметтердің аудармасы алға қойыла бастады,
мұнда автор стилінің жеке ерекшеліктері меңгерілмей қалған еді. Осыған
байланысты аударманың негізгі қиыншылықтары мен аударма процесінің
барлық сипаттамасы бұл үрдеде қатысытын тілдер қолданыс тәртібі мен
құрылымда болатын қайшылықтармен айқындалатындаға нақты қолдау тапты.
Ал, егер де, тілдер қатынастығы туралы сөз етілсе, оны меңгерумен, әрине,
тілшілер айналысуы тиіс.
Осыдан басқа, аударма дәлдігіне қойылатын талаптардың рөлі нақтылай
түседі. Деректемелерді аударуда «бүтіндей» аударманың дұрыстығымен,
түпнұсқа мен аударманың оқырманға біркелкі әсерін тигізетіндікпен шектелуі
мүмкін емес.
Аударма барлық деталдарды, әрбір сөздің мағынасына дейін, түп нұсқаға
жақынырақ ақпараттарды жеткізуін қамтамасыз етуі тиіс.
Аударма процесінің тілдің алғашқа негізі айқын көрініс табады.
Бұл процестің лингвистикалық болмысы неде нақты лингвистикалық
факторлармен ол қандай дәрежеде анықталады, ақпаратты дәл жеткізуде
осындай факторлар қалайша шектеу жасайды екендіктерін анықтау қажет
етіледі.
Көптеген елдерде аудармашылар керектігін әжептәуір қанағаттандыру
үшін, аударма мектептері, факультеттер мен институттар құрылды. Тәртіп
бойынша, аудармашыларды даярлау шетел тілдері берілетін оқу-мекемелері:
университет пен институт негізінде өткізілді және де тілдер оқытушыларына
аудармаға үйрететін оқу құралдары мен тиісті бағдармалар жасау міндеті
артылды.
Тілші-мамандары жоғары кәсіби аудармашылар дайындайтын тиімді
курстар құру үшін керекті ғылыми негіз жасауға тиісті болды. Көптеген
аударма мамандарын даярлау аудармашы кәсібінің: «Аудару үшін екі тілде
сөйлеу мәнін білу шарт» атты салттық формуласының керексіздігін көрсетті.
Бұл формулада көрсетілген факторлар өз бетінше шеберлікпен аудара
білуді қамтамасыз етпейді екен, тек қана екі тілді жай білу ғана емес, оларды
«аудара білудей» білу керек, яғни бір тіл единицасының екінші тіл
единицасына ауысу жағдайы мен тәртібімен тіркесу арқылы білу.
|