Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік униврситеті



бет1/7
Дата09.06.2016
өлшемі4.99 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВРСИТЕТІ

3 дәрежелі СМЖ құжат

ПОӘК

ПОӘК 042-14.1.04.01.20.70/03-2014



«Іргетастар және негіздер» пәнінің оқу-әдістемелік кешенінің

оқу- әдістемелік материалдары



№1 баспа



ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

ІРГЕТАСТАР ЖӘНЕ НЕГІЗДЕР”




5В072900 «Құрылыс»



Оқу әдістемелік материалдары



Семей 2014




Мазмұны














1

Дәрістер




2

Практикалық жұмыстар




3

Әдебиеттер





Дәріс №1

Негізгі түсініктер

Жоспар

  1. Іргетастар және негіздер туралы түсініктер мен анықтамалар

  2. Мақсаты мен басты міндеттері

  3. Басқа пәндермен байланысы

1. Кез келген үйдің немесе ғимараттың бойындағы салмақ пен түрлі жүктер оның іргетасы орнатылған грунтты негіздерге түседі.

Негіздер деп салынатын уйлердің іргетасының табаны арқылы түсіп таралған күшті көтеретін грунт қабаттарын /немесе қабатын/ атайды.

Іргетас деп үйдің бойындағы салмақ пен жүктерді жер бетінен белгілі бір тереңдікте орналасқан грунтты негіздерге жеткізіп, таратып түсіруге арналған конструкцияны атайды.

Грунт деп пішіні мен ірілігі әр түрлі қатты түйіршіктерден тұратын жер қабығында болатын құбылыстардың әсерінен мүжіліп ұсақталынған тау жыныстарын атайды. Жалпы грунттарды олардың табиғи қасиеттеріне байланысты сусымалы /құмды/ және иленгіш /балшықты/ деп екі топқа бөледі. Сусымалы грунттардың иленгіш грунттарға қарағанда қатты түйіршіктерінің арасындағы байланыс жоқ. Керісінше, иленгіш грунттарда мұндай байланыс әжептәуір мықты болады, бірақ та оның шамасы қатты түйіршіктердің беріктігінен бірнеше есе төмен болады.

Көптеген құрылыс материалдарымен салыстырғанда грунттар өздерінің жоғары кеуектілігімен, су өткізгіштігімен, жоғарғы сығымдылығымен, осалдығымен т.б. ерекшеленеді. Сондықтан грунттарды құрылыс мақсатына пайдаланғанда олардың қасиеттерінің ерекшеліктерін ескерген жөн.

Іргетас (1.1.- сурет) көбінесе жер бетінен 2 төмен орналасады. Іргетастың қабырға немесе тіреу 3 сүйенетін жоғарғы бетін оның жиегі 4 деп атайды. Іргетастың табаны 3 оның грунтты негізді басып тұрған астыңғы беті.

Егер де салынатын үйдің іргетастары тек біp ғана грунт қабатының үстіне орнатылатын болса, онда біртекті негіздер /негіз/ қарастырылады. Қабатты негіздерді /негізді/ 6 әр түрлі қабаттардан тұратын грунттар қүрайды. Мұндай. жағдайда іргетастың табанындағы грунт қабатын - көтергіш қабат 7 деп, ал одан төмен қарай орналасқан қабаттарды - төсеніш кабаттар 8 деп атайды.

Іргетастың биіктігі оның жоғарғы бетімен табанының ара қашықтығына тең. Іргетастың салу тереңдігі d деп жер бетінен оның табанының ара қашыктығын атайды.



1.1- сурет. Ғимараттың іргетасы мен негізі

2. Іргетастар және негіздер - құрылыс инженерлерін дайындаудағы ең қажетті арнаулы пәндердің бірі. Бұл пәннің басты мақсаты әр түрлі инженерлік - геологялық және гидрогеологиялық жағдайларда салынатын үйлердің іргетастары мен негіздерін жобалау мен орнатудың тиімді шешімдерін қабылдауды қамтамасыз ету. Жалпы құрылыс үшін іргетастар мен негіздерді дұрыс жобалап орнатудың маңызы өте зор. Өйткені салынған үйлердің пайдалану мерзімі көбінесе олардың іргетастары мен негіздерінің сапасына байланысты болады,

Іргетастар мен негіздерді жобалау деп салынатын уйлердің берік тұғыры /негізі/ болатын грунттардың қурылыска қажетті қасиеттерін ескере отырып орнататын іргетастардың түрін , табандарының өлшемде- рін, конструкциясын анықтауды атайды.

Іргетас үйдін ең жауапты бөліктерінің бірі болып табылады. Өйт- кені ол бүтіндей қатқыл материалдардан /кірпіш, бетон, темірбетон, темір т.б./ құрылған уйді жүмсақ күйдегі ортамен - грунтты негіздермен жалғастырып жоғарыдан тусетін жүктерді таратады. Сондьщтан іргетастың катқылдығы бірдей емес екі ортаның бір жүйенің құрамында үйлесімді және берік жұмыс атқаруын, яғни уйлердің ұзақ мерзімде қауіпсіз пайдаланылуын камтамасыз етуде атқаратын ролі үлкен.

Әдетте іргетастар мен негіздерді жобалаудың алдында салынатын үйлер мен ғимараттардың сипаттамалары белгілі болады. Сондыктан мұндай жоба жүмысын жасау барысында белгілі үйлерді жаңа коныс -

құрылыс алаңдарына олардың инженерлік-геологиялық, гидрогеологиялық жағдайларына байланысты орналастырып және сонымен катар салына­тын үйлердің іргетастарын анықтап, оларды орнатудын тиімді тәсілдерін көрсетеді.

Сөйтіп "Іргетастар мен негіздер" пәнінің басты міндеттері мы- надай мәселелерді шешуге арналады:

1. Салынатын үйлердін, іргетастарының негіздері ретінде қолданылатын грунттардың касиеттерін жан-жақты бағалау.

2. Қажет жағдайда үйлердің негіздері үшін пайдаланылатын грунттардың сапасын жақсартудың ұтымды жолдарын аныктау.

3. Салынатын үйлердің үзақ мерзімде қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ететін іргетастардың жобасын қабылдау.

4. Қүрылыс алаңының табиғи ерекшеліктерін ескере отырып, ірге- тастарды орнатудың тиімді тәсілдерін пайдалану және сыртқы табиғи ортаны қорғаудың шараларын белгілеу.


3. Жекелеп айтқанда, "Іргетастар және негіздер" пәні" инженерлік геология", "Грунт механикасы" пәндерінің жалгасы болып саналады.

"Инженерлік геологияда " қүрылыста грунт ретінде пайдаланыла- тын тау жыныстарының қасиеттері, инженерлік іздестірулер мен гео-динамикалық, инженерлік-геологиялық құбылыстар қарастырылады.

"Грунт механикасында" құрылыс мақсатында қолданылатын грунттарда сыртқы күштердің әсерінен туындайтын кернеулер мен деформациялардың таралу заңдылықтары және грунт қабаттарының орнықтылығының шарттары беріледі.

"Іргетастар және негіздерде" салынатын үйлердің іргетастарын әртүрлі инженерлік-геологиялық, гидрогеологиялық жағдайларда жоба- лау мен салудың ұтымды жолдары қарастырылады. Сөйтіп, "Инженерлік геология" мен "Грунт механикасы" пәндері "Іргетастар және негіздер" пәнінің теориялық; түғыры болып табылады.




Дәріс №2

ІРГЕТАСТАР МЕН НЕГІЗДЕРДІ Ж0БАЛАУДЫҢ БАСТЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Жоспар

1. Үйлердің, ғимараттардың іргетастары мен негіздерін жобалаудың жалпы ережелері

2. Іргетастар мен негіздерді жобалауға қажетті алғашқы мағлұматтар

3. Грунттардың физика-механикалық қасиеттерінің көрсеткіштері

4. Грунттардың есептік кедергісін анықтау

5. Құрылыс алаңының инженерлік-геологиялық және гидрогеологиялық жағдайларын бағалау

6. Іргетастар мен негіздерді есептеу тәртібі
1. Профессор Б.И.Далматов іргетастар мен негіздерді жобалау барысында үш принципті ұстауды усынады:

Бірінші принцип. Іргетастардың грунтты негіздерін олардың шекті күйлері бойынша есептеу.

Екінші принцип. Үйдің жер үстіндегі бөлігінің, іргетасының, грунтты негіздерінің бірге бүтіндей бір жүйенің құрамында үйлесімді және берік жұмыс атқаруының қажеттілігін ескеру.

Үшінші принцип. Мынадай деректерге сүйене отырып, іргетастар мен негіздерді жобалауды комплексті /жинақты/ түрде шешу: а) құрылыс алаңының инженерлік-геологиялык және гидрогеологиялық жағдайлары; б) салынатын үйдің грунтты негізінің әркелкі шөгуінің жер бетінен жоғары орналаскан конструкцияларға /үйдің қаңқасына/ тигізетін әсерін бағалау; в) жер казу жүмыстарын жүргізу мен іргетас орнатудың тиімді тәсілдерін қолдану.

Сөйтіп, іргетастар мен негіздерді жобалау ғылыми негізде шешуді қажет ететін күрделі инженерлік мәселелер қатарына жатады. Сон- дықтан мұндай жоба жүргізгенде бірнеше альтернативті варианттар қарастырылып, олардың техника-экономикалық көрсеткіштерін салыстыру арқылы іргетастардьң ең тиімді конструкциясы таңдалынып алынады. Содан кейін қаланатын үйдің іргетастары астындағы грунтты негіздерімен коса есептелініп олардың табандарының қажетті өлшемдері анықталынады. Есептеу барысында салынатын үйлердің іргетастарының шөгуі оның мүмкін болатын шекті мәнінен төмен, іргетастардың грунтты негізі орнықты және олардың конструкциясы берік деген тұжырымдардың орындалуын қамтамасыз етеді.

Грунтты негіздердің сығылуына байланысты іргетастардың шөгуі көбінесе үйдің жер бетіндегі бөлігін /қаңқасын/ қисайтуға әкеп соғады. Сондықтан іргетастарды жобалауды олардың грунтты негіздерін екінші шекті күй /деформация/ бойынша есептеу арқылы жүргізеді.

Ерекше жағдайда іргетастардың негіздерін бірінші шекті күй /беріктігі, орнықтылығы/ бойынша есептеу қажет болуы мүмкін.

Өндірістік және азаматтық құрылыста салынатын үйлер мен ғимараттардың іргетастары мен негіздерін жобалауды құрылыс нормаларының /СНиП/ нүсқауларына сай жүргізеді. Бірақ та, сонымен қатар жергілікті табиғи жағдайлардың ерекшеліктерін еекеретін нормативті және техникалың нүсқаулардың да қолданылуы мүмкін.

Іргетастың конструкциясын есептеу оның материалдарының қасиеттерін ескере отырып бірінші шекті күй /беріктік/ бойынша жүргізіледі.

Агрессивті ортада пайдаланкяатын темірбетоннан жасалған ірге- тастарды есептеу үшінші шекті күй /жарықшақтануға бекемдік/ бойынша жүргізіледі.

Жалпы іргетастарды жобалау кезінде олардың салу тереңдігін, табанының өлшемдерін , конструкциясының тиімді түрін анықтауға мән беріледі.

Дәріс 3
Іргетастардың түрлері мен материалдары
Іргетастарды салу тереңдігінің шамасына байланысты екі топ­ка бөліп карастырады;

1. Алдын-ала қазылған шұңқырларға /котлован,траншея/ орнатылатын салу тереңдігі шамалы іргетастар. Әдетте мұндай іргетастардың табандары 1....5м тереңдіктен жоғары орналасады.

2. Салу тереңдігі үлкен іргетастар. Олар көбінесе грунт қабаттарын бойлай табандарын немесе тіректерінің төменгі ұштарын тереңге жеткізе орнатылады. Мысалы, қадалы іргетастар, іргетас- құдықтар,кессондар т.б..

Іргетастардың негізгі түрлері /3.1.-сурет/:

а/жеке іргетастар әдетте бағандарды /колонналарды/ қондыруға арналған. Кейде олар іргетастар арқалығын қолдану арқылы қаланатын қабырға орнатуға пайдаланылуы мүмкін / 3.1,а,ә-сурет және 3.2-3.5 суреттер.

ә) лента пішінді іргетаетар көбінесе үйлер мен ғимараттардың қабырғаларын орнатуға арналған /3.1,г,д-сурет/. Кей жағдайларда /әртекті қатты сығылғыш негіздер т.б./ мұндай іргетастар бағандар коюға да қодданылуы мүмкін /3.1, б,в-сурет/,

б) тұтас іргетастар – темірбетон тақталар /плиталар/ турінде жасалынады /3.1.е- сурет/.

в) шомбал іргетастар - үлкен қатқыл /иілмейтін/ дене түрінде бүтіндей үйдің немесе ғимараттың астында біртұтас болып орналасады /3.1,ж-сурет/.

Іргетасты жасап шиғару тәсілдеріне байланысты құйма және құрама ірге тастар дел ажыратады.

Құйма іргетастарды орнатылатын жерінде құрастырылған қалыптарға бетон қоспасын құйып қатыру аркылы жасайды /3.1,ә,б,в,е,ж-сурет/.

Құрама іргетастар дайын күйдегі /заводтан жасалынып шыққан/бөлшеқтерден жинап құрастырылады /3.І,а,г,д-сурет/

Іргетастардың қатқылдығы бойынша иілгіш және қатқыл

іргетастар деп атайды.

Иілгіш іргетастар грунтты негізінің шөгуіне қарай иіліп отырады.



3.1 - сурет. Іргетастардың түрлері; а- темірбетоннан жасалған стакан типті құрама жеке іргетас; ә- баған орнатуға арналған темірбетонан жасалған құйма жеке іргетас; б,в- бағандар орнатуға арналған темірбетоннан жасалған қүйма лента пішінді іргетастар; г,д-лента пішінді құрама іргетастар; е- бағандар тобын орнатуға арналған тұтас іргетастар; І-бойлық қабырғалар; 2-көлденең қабырғалар; 3-төсеніш такта /плита/; 4-бағандар; ж-жомбал іргетас; 1-іргетас: 2-дайындық қабат.


Қатқыл іргетастар шөгу кезінде иілмейді.

Иілгіш іргетастардың табанында оларға түсетін жүктердің әсерінен туындайтын тіректік қысымның мәні тұрақты болмайды, сондықтан бұл ерекшелікті есептеулер жүргізгенде ескеру қажет.

Іргетастарды жасау үшін негізінде бетон ,темірбетон , бутобетон және табиғи тастар /бут/ қолданылады.Ерекше жағдайларда іргетастар ағаштан,болаттан,грунтцементтен немесе грунтбетоннан тағы басқа жаңа материалдардан жасалуы мүмкін.

Темірбетоннан жасалатын іргетастардың өлшемдері олардың пайдалану кезінде иілу деформациясына ұшырауын ескере отырып есептелінеді.Сондықтан мұндай іргетастар иілгіш конструкциялардың қатарына жатады.Қатқыл іргетастармен салыстырғанда олардың биіктіктері әлдеқайда аз болып келеді,яғни көлемі де көп кіші болады.Сөйтіп,темірбетон іргетастар құрылыс материалдарын / цемент,бетон / үнемдеп жасау үшін қолданылады.Мұндай іргетастар құйма немесе құрама түрінде жасалынуы мүмкін.

Бетоннан немесе тастан жасалатын,яғни қатқыл іргетастардың өлшемдері олардың пайдалану кезінде иілмеуін ескере отырып анықталынады.Бетон іргетастар құрама немесе құйма түрінде болуы мүмкін.Табиғи немесе жасанды тастан жасалатын іргетастар қалау арқылы /бут/ немесе құйма күйінде /бутобетон/ орнатылады.
Жеке іргетастардың конструкциялары
Жалпы іргетастардың конструкциялары құрылыс аланының инженерлік-геологиялық жағдайына , салынатын обьектінің жер үстінде орналасқан қаңқасының қатқылдығына , көтеретін жүктердің ерекшеліктеріне , материалдардың қасиеттеріне байланысты таңдап алынады.

Темірбетоннан жасалған құйма жеке іргетастарды қолдану қаңқалары бағандармен арқалықтардан құрастырылған каркасты өндірістік және азаматтық үйлер салғанда тиімді келеді.Мұндай іргетастардың белгілі конструкциялары 3.2,а,ә,б – суреттерде көрсетілген.Іргетастың конструкциясы екі бөліктен тұрады:жоғарғы бөлігі – тұғыр,төменгі бөлігі – төсеніш тақталар/плита/.

Төсеніш плиталарды конструкциялау және арматуралау үшін олардың табанындағы тірек қысымдардың әсерінен иілу деформациясына ұшырауын ,материалдарының беріктігін есептейді.Осылайша плиталардың қажетті биіктігі және олардың арматураларының қимасының ауданы анықталынады.

3.2 – сурет.Каркасты үйлердің құрама бағандарына арналған темірбетоннан жасалатын құйма және іргетастар:а- жалпы көрінісі;1-баған;2-стақан;3-тұғыр;4-төсеніш тақталар/плиталар/;ә-арматуралар;1-болат торлар;б-бағандарды іргетастарға бекіту;1-құйма бетон.

Тұғырдың жоғарғы жағына құрама бағандарды орнатуға арналған стақан /шұңқыр/ жасалынады.Стаканның өлшемдері бағанның көлденең қимасына және оны қатырып бекітетін құйма бетонның қажетті қалыңдықтарына байланысты тағайындалады.

Лента пішінді іргетастардың конструкциялары

Үйлер мен ғимараттардың қабырғаларын орнатуға арналған лен­та пішінді іргетастардың құрама немесе құйма түрінде жасалуы мүмкін
3.3-кесте. Қадамы 12м бағандарға арналған іргетас арқалықтары




3.4-сурет. Стақан типті квадрат бағандарға арналған құрама іргетастары:

- 1Ф1З; 2Ф13; ІФС13; 2ФСІ3;. ә- ІФ17; 2Ф21;

3,5 сурет . Іргетас арқалықтарының конструкциясы а-арқалықтарының көлденең қималары көлденең қималары ә-арқалықтарды тірекшелерге орнату; І-іргетас арқылы 2 панель; 3 тіремшелер; 4 – іргетас; 5 шеткі болған; 6 – жалпы көрініс.

Лента пішінді құйма іргетестар темірбетоннан, бетоннан бутобетоннан, тастан олардың салынатын орнында, яғни құрылыс алаңында жасалады. Лента пішінді құрама іргетастар дайын бөлшектерден құралып жасалынады. Мұндай іргетастар 2-бөліктен тұрады /3.1,г,д суретті қара. Төменгі бөлігі төсеніш плита/жастық/ темір бетоннан жасалынады. Жоғарғы бөлігі – бетоннан жасалған қабырға блоктарда салынады Типті төсеніш плиталардың/жастықтардың/ өлшемдері 3.4 – кестеде келтірілген. Төсеніш плиталарды /жастықтардың/ блогтардың астына тұтас/3.1.г-сурет/ немесе оларды үнемдеу үшін араларын ашық қалдырып/3.1.г-сурет/ төсейді. Төсеніш тақталардың үстіне жіктері байланған қабырға қабырға блоктар қаланады. Қабырға блогтар олардың конструкциясына тұтас немесе құыс болуы мүмкін. Тіпті тұиас қабырға блогтарының өлшемдері мен сипаттамалары 3.5 – кестеде көрсетілген.

Лента пішінді іргетастардың қабырға блогтарынан қаланған бөліктерінің қалыңдығы үй қабырғасының қалыңдығынан аз болуы мүмкін, бірақ жалпы 30 сантиметрден кем болмауы керек. Сонымен қатар үйдің қабырғасы оның ені бойынша іргетастың іргетастың үстінгі жиегінен екі жаққа 13 сантиметрден шықпауы керек.

Кейбір жағдайларда іргетастардың кеңістіктегі қатқылдығы мен беріктігін арттыру үшін бойлық және көлденең қабырғалардың қиылысқан жерінде блогтардың жіктеріне арматура блогтары салынады./3.6, а,ә-сурет/ Мұндай шаралар құбырларды өткізу, блогтардың санын азайту т.б мақсат үшін олардың арасында ені 0,6 м-ден аспайтын ашық қуыстар қалтырғанда да қолданылуы мүмкін. /3.6,б-сурет/

Бағандарға арналған темір пішінді темірбетон іргетастар/3.І.б-сурет/ Мұндай іргетастарды ғимараттардың бағандарының әркелкі отыруын шектеу үшін қолданылады. Оларды есептегенде серпімді негізде орналасқан арқалық ретінде қарастырады. Бағандардың әркелкә отыруын екі өзара перпендикуляр бағытта болдырмау үшін қиылысатын лента пішінді іргетастар/3.І.в-сурет/ пайдаланылады.


Жеке іргетастардың конструкциялары
Жалпы іргетастардың конструкциялары құрылыс аланының инженерлік-геологиялық жағдайына , салынатын обьектінің жер үстінде орналасқан қаңқасының қатқылдығына , көтеретін жүктердің ерекшеліктеріне , материалдардың қасиеттеріне байланысты таңдап алынады.

Темірбетоннан жасалған құйма жеке іргетастарды қолдану қаңқалары бағандармен арқалықтардан құрастырылған каркасты өндірістік және азаматтық үйлер салғанда тиімді келеді.Мұндай іргетастардың белгілі конструкциялары 3.2,а,ә,б – суреттерде көрсетілген.Іргетастың конструкциясы екі бөліктен тұрады:жоғарғы бөлігі – тұғыр,төменгі бөлігі – төсеніш тақталар/плита/.

Төсеніш плиталарды конструкциялау және арматуралау үшін олардың табанындағы тірек қысымдардың әсерінен иілу деформациясына ұшырауын ,материалдарының беріктігін есептейді.Осылайша плиталардың қажетті биіктігі және олардың арматураларының қимасының ауданы анықталынады.

3.2 – сурет.Каркасты үйлердің құрама бағандарына арналған темірбетоннан жасалатын құйма және іргетастар:а- жалпы көрінісі;1-баған;2-стақан;3-тұғыр;4-төсеніш тақталар/плиталар/;ә-арматуралар;1-болат торлар;б-бағандарды іргетастарға бекіту;1-құйма бетон.

Тұғырдың жоғарғы жағына құрама бағандарды орнатуға арналған стақан /шұңқыр/ жасалынады.Стаканның өлшемдері бағанның көлденең қимасына және оны қатырып бекітетін құйма бетонның қажетті қалыңдықтарына байланысты тағайындалады.

Бір тармақты /қимасы төртбұрышты/ бағандарды орнатуға арналған іргетастардың стаканының тереңдігі / hст / бағанның көлденең қимасының ұзын өлшемінен кем болмауға тиісті.Ал екі тармақты бағандар үшін бұл өлшем мына формула бойынша есептелінеді:hcт≥0,5+0,33вб./мұнда,вб-бағанның екі тармағының сыртқы беттерінің көлденең бағыттағы арақашықтығы,м/.Егер де вб>2,4 м болса ,онда әр тармақтың астына жеке стакан жасалынады.Баған іргетастың стаканына жобада көрсетілген қалыпта орнатылған соң оның айналасындағы арнайы қалдырылған қуысқа бетон қоспасы құйылып ,қатырылып бекітіледі.Іргетасты арматуралаудың жалпы көрінісі 3.2, ә-суретте көрсетілген.



Арматуралардың классификациясы. Барлық арматуралық болаттар класстарға бөлінеді, әр класстың өз беріктік және деформациялық сипаттамалары бар, яғни бір классқа кей кезде әртүрлі маркалы болаттар жатуы мүмкін.

Сырықты арматура А әрпімен және рим цифрімен белгіленеді (неғұрлым сан жоғары болса, соғұрлым беріктігі жоғары деген сөз)



  • Ыстықтай басылған, жазық бетті А-І;

  • Өзгермелі қималы А-II, A-III, A-IV, A-V, A-VI;

  • Термиялық қатайған өзгермелі қималыAт-III, Aт-IV, Aт-V, Aт-VI;

  • Механикалық қатайтылған A-IIIв.

Суықтай созылған арматуралар В әрпімен және рим цифрімен белгіленеді:

  • Кәдімгі арматуралық сым Вр-1(пісірмелі тор үшін);

  • Аса берікті арматуралық сым В-ІІ, Вр-ІІ (кернеуленетін арматура ретінде)

Жұмсақ болатты арматураларды А-І, А-II, A-III-ті көбінесе кернеуленбейтін конструктивті немесе жұмысшы арматура ретінде қолданады;

Қатты арматураларды A-IV, A-V, A-VI, Aт-VII алдын ала кернеуленген арматура ретінде қолданады.



Арматуралық бұйымдар. Жұмыстың тез орындалуы үшін кернеуленбейтін арматуралар пісіру немесе байлау арқылы торлар және қаңқалар құрайды.

Пісірілген қаңқалар (сурет 3,5а) бойлық және көлденең сырықтардан құралған. Жұмысшы сырықтар бір немесе екі қатар құрайды.



Сурет 3,5. Арматуралық бұйымдар

а- арматуралық қаңқалар, б- торлар;

Жазық қаңқалар көбінесе көлемдік қаңқаларды құрайды, оның себебі тасымалдауға, қоймаларда сақтауда және жобалық орнын сақтау үшін қолайлы болып табылады.

Пісірілген торлар (сурет 3,5б) жазық және оралмалы болады. Сырықтардың максималды диаметрі 5-8мм. Тордың орамадағы мәні 50-100мм, конструкцияда қолдану үшін торлар кесіледі.

Арматуралық сымды бұйымдар. Алдын ала кернелген конструкцияларда жеке немесе байланған сымдарды қолданады. Олар қанаттар және шоқтар болып бөлінеді.

Арматуралық қанаттар – ең тиімді кернеуленетін арматура болып саналады(сурет 3,6 а); Олар тарқамайтын оралған сымдардан тұрады. Қанаттар 7 немесе 19 сымдардан тұрады. (белгіленуі К7, К19).

Арматуралық шоқтар параллельді орналасқан аса берік сымдардан құралған (сурет 3,6 в). Сымдар (14, 18, 24 дана) шеңбер бойымен аралары бос етіліп қойылған (арасына цемент қоспасы құйылатындай), ал сымдар сыртынан жұмсақ сыммен байланған.

Пакеттер екі қатар бойымен шахматты түрде арасына цемент қоспасы құйылатындай етіліп жасалған (сурет 3,6 б).



Сурет 3,6. Арматуралық сымды бұйымдар:

а- сымды қанаттар; б- пакеттер; в- шоқтар.

Арматуралардың тоғысу аймақтары. Дайындау орнына байланысты тоғысу аймақтары зауыдтық және монтаждық болып бөлінеді.

Сурет 3,7. Кернеуленбейтін арматураның тоғысу аймақтары

Арматура түріне және дайындалу түріне байланысты тоғысу аймақтары келесідей бөлінеді:


  • Контактті(сурет 3,7 а);

  • Доғалық ванналарда (сурет 3,7 б);

  • Накладкалары бар (сурет 3,7 в,г);

  • Үстінен (сурет 3,7 д,е);

  • Таврлы (сурет 3,7 ж);

  • Контактті – нүктелі (сурет 3,7 з);

3 Арматура мен бетонның сіресуі ТБ-ң ең маңызды шарты. Арматура мен бетонның берік сіресуі келесі үш фактормен жүзеге асады:

  • Арматураның кедір-бұдыр беті бетонмен жақсы тіркеседі (3,8 сурет )

  • Бетонның отыру кезінде арматура беті мен бетон беті арасында үйкелістің күшеюі арқасында;

  • Арматура беті мен бетон бетінің желімденуі арқасында, цемент коллойдты массаның тұтқырлығы салдарынан.

Тіркесу күші ұлғаяды - бетон классының көтерілуімен,су-цемент қатынасының төмендеуімен, бетон жасының ұлғаюымен жәнекедір-бұдырлықтың көбеюімен.

Сурет 3,8. Арматура мен бетонның тіркесуі;

Арматура мен бетон тіркесу кернеуі ұзындығы бойынша біркелкі болмайды, ең көп ернеу τc max анкеровканың ұзындығына Lan байланысты емес болып келеді. Тіркесудің кернеуінің орташа мәні сырықтағы күш N-ң кірген сырықтың ауданына (u – қима периметрі) бөлгенге тең

τс=N/(Lanu)

зависит от длины анкеровки Lan. Среднее напряжение сцепления определяют как частное от деления усилия в стержне N на площадь заделки (u – периметр сечения).



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> «Dream Wiver және Front Page негізінде желілік ресурстар жасау»
umkd -> «Ақпараттық технологиялар» пәнінен оқу-әдістемелік кешені
umkd -> 5В050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> «шетел тарихнамасының жаңа бағыттары»
umkd -> Тарих кафедрасы
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Жоғары оқу орындарында тарихты оқыту әдістемесі»
umkd -> Жұмыс бағдарламасы Дәрістер конспектісі Практикалық және семинарлық сабақтар Зертханалық практикум
umkd -> Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
umkd -> Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
umkd -> Сабақ түрлері бойынша пәннің мазмұны және сағаттарын бөлу


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет