Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Семей мемлекеттік педагогикалық институты


Дәріс №6 М.Әуезовтің «Қилы заман» повесінің көркемдігі



бет7/13
Дата31.05.2022
өлшемі0.88 Mb.
#458824
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
?àçà?ñòàí Ðåñïóáëèêàñû Á³ë³ì æ?íå ?ûëûì ìèíèñòðë³ã³ Ñåìåé ìåìëåê

Дәріс №6 М.Әуезовтің «Қилы заман» повесінің көркемдігі

А.Нұрқатов М.Әуезовтің шығармашылығы жайында былай дейді: «М.Әуезов шығармашылығының алғашқы жылдарында-ақ жоғары көркемдік-реалистік шығармаларды жасаған болатын, оны еске салуымыз қажет, өйткені соңғы уақытқа дейін жазушының көптеген реалистік дүниелері дұрыс бағаланған жоқ және шығармаларының ең жақсысы, оның алғашқы кезеңінде жазылғандарынан, жалпы назарға алынған жоқ болатын». Бұл пікірмен келіспеуге болмайды. М.Әуезов шығармалары талай рет сынға ұшырады. Біреулер ұлтшылсың деп айыптаса, біреулер мүлдем басқаша пікір айтты. Әуезовтің ұшан теңіз шығармашылық әлемі талай сынды басынан өткерді.


“Қилы заманның” жариялануы оқушы жұртшылық үшін қуанышты құбылыс.Мұнан атақты суреткердің үлкен өнер жолына белді буып,білек түріп кіріскен шабытты кезеңін,көркемдеп жинақтаудың өрісіне беттеген шағын танығандай боламыз.Болашақ “Абай жолы” эпопеясы авторының таланты толысқан,қандай қиын жанрды да баурап алуға бабы келген тұсы осы шығармадан айқын аңғарылады.
Сондықтан “Қилы заман” туралы сөз қозғалу қай жағынан алсақ та қызық.Бұл шығарма,бір есептеген,жазушының көркем прозадағы алғашқы тәжірибелерін қорытындылаған ,оның кең көлемді полотнолар жасауға,психологиялық талдауға жеткенін сипаттайтын саты,сапалық секіріс секілді.
Ең алдымен “Қилы заманның ” жанры туралы бірер сөз. Ә.Шәріпов журналдық басылымға жазған алғы сөзінде мұны “эпикалық байсалды баяндау тәсіліне,психологиялық сезім күйлерінің тереңдігіне,характерлердің сомдалуына,ел өмірінің бүге-шігесіне дейін жомарт қаламға ғана тән дарқандықпен берілуіне қарағанда повестен гөрі романға лайық туынды”-деп бағалайды.Бұл сөздерде шындық жатқанын құптамасқа болмайды.
Тек қана көлемнің шағындығы болмаса, “Қилы заманда” роман жанрының нышаны толық табылғандай.Қарқара жәрмеңкесі басындағы әкімдер ортасы, патшаның 1916 жылғы маусым жарлығын қабыл алмаған халықтың стихиялық қозғалысы,елді басқарушылардың іс-әрекеті,ел азамттарының қапыда ұсталып, абақтыда азап шегуіннің суреттелуі,ұлықтардың Жәмеңке өлімі кезіндегі қаскүнемдігін көріп,халықтың тағы да ереуілдеп шығу,көптің қаһарына шыдамай,отыршыл өкілдердің жәрмеңкеден қашып кетуі,патша әскерінің мейірісіз жазалушығынан сескеенген жұрттың туып-өскен қонысын еріксіз қалдырып, тау асып босып көшуі секілді жүйелі, желілі қат-қаюат сюжеттік өрілімдер нағыз романдық оқиғаның жүгін көтеріп тұр.
Бір немесе бірнеше адамның емес, бүкіл бір рулы елдің тағдыр таласына түсіп, азаттық, бақыт үшін күресін көрсеті тек романға ғана тән сыбаға. Шығармада аталатын қырықтиан сатам кейіпкердің дені өздеріне тән іс-әрекет атқарады. “Қилы заманда” патша жарлығына наразылық қозғалысының бір емес,екі кезеңі елес береді.Алғашқыда ел сөзін Ұзақ, Жәсеңке, Серікбай Әубәкір секілді дуалы ауыз ересектер ұстаса,кейін күрес кезегін Көкбай, Баймағамбет,Жансейіттер алады.Сонымен шығармада көтерілген идея мен көрсетілген қаһармандар,оқиғалар “Қилы замнның” романдық белгісін айқындайды.
Бұл шығармасына айтордың көзқарасын,аңсарын айқындайтын аса бір қымбат деректі.А.Пантиелевтің “Ұлан даланың жыршысы” деген естелік мақаласынан табамыз. М.Әуезовтің көп араласқан, сырласқан достарының бірі-А.Пантиелев суреткердің шығармашылық сырын тереңірек тануға көмектесетін дәлелдер келтірген.Аталған естелігіне ол мынадай бір қызық тұжырым айтады. “Әуезов өзінің ертеректе жазған шығармаларын,әсіресе орыс повесін орыс оқырмандарына, қаламдас орыс достарына көрсетуді арман етеді”. Осының ізінше жазушымен арада болған әңгімені еске алдады. “Осы бір дүниелікті қаншама азаптанып,қинала отырып жазғанымды сезетін шығарсыз деп ойлаймын,-дейтін Әуезов,-қазір қазақ халқының қаншалық тұңғиық түнек түбінен бас көтеріп, бой жазып шыққандығын ойлаудың өзі сонша қорқынышты”. [2,200]
Шығарманың жанрын жазушының өзі қалай түсінгенін осы естеліктен табмыз.Жетісу елінің 1916 жылғы азаттық қозғалысы оқиғасы суреткердің қатты қызықтырғаны соншалық,ол трилогия жазуға да,ниеттенген екен. “Әуезов “Қилы заман” ойға алған трилогияның бірінші бөлімі,-деуші еді Екінші бөлімнің геройы-Серкібайдың азамат соғысына қатысқан балас, ал үшінші Серікбайдың Отан соғысына басынан аяғына дейіңн қатысқан немесері болуға керек; олардың бәрі де өмірде обған,бар, тірі адамдар,ал тағдырлары қаншалық таңданарлық болса,соншалық көңілге қонымды да” Бұл айтылғандар біздің пікірімізге дәйектеме берерлік мысалдар.
“Қилы заманда” жазушы халқымыздың ұлт-азаттық қозғалысының көркем суреттерін жасаған. Мұнда алғы кезекте зорлыққа,астамшылыққа көнгісі келмей, әділетсіздік атаулыға қарсы тұрған ерлер бейнесі көрсетілген.Суреткердің шығарма негізіне 1916 жыл оқиғасын таңдап алуы кездейсоқ емес.Бұл материал оның күрескер тұлғасын жасамақ ниетіне сай келеді.Отаншыл, азамат қаламгер қазақ халқының Қазан төңкерісі қарсаңына һөз бойынан үлкен жігер,қайрат тауып,елдік намыс үшін ата жаумен айқасқа шыққан халық санасындағы сапалық ілгерілеу деп бағалағаны айқын. “Қилы заман” М.Әуезовтің дүниетанымындағы зор өзгерістердің де гышаны секілді.
Егер ол бұдан бұрынғы кейбір әңгімелерінде мүшкіл ахылін көрсетсе, аталған шығарма қалыптасып қалған көне тәртіпке былай көнгісі келмеген қаөармандар тұлғасын мүсіндеді.Бұдан шығатын тағы бір ірі қорытынды-М.Әуезов өз шығармашылығында оевлюциялық ьақырыпқа,револуциялық ьақырыпқа замандас,қаламдас серіктерінің көбінен бұрын дендеп барғандығы.
Ақиқатшыл суреткер өзі анық зеттеп білмеген мәселеге қалам ұрмағы белгілі.Оның революция алдындағы,кеңес өкіметтінің алғашқы жылдарындағы өмірдің өте мәнді тұстарын көрсететін әңгімелерінің өзі халық өміріндегі өзгерістерді керемет шеберлікпен аңғартатын.Олардың қайсыбіреулерінде ұран тастап немесе ескілікті “талқан етіп” жүрген кейціпкерлер кездеспегенімен,өмірдің шымырлап жатқан тереңіде қылаң берген белгілерді білгірлікпен көрсету жағы күшті болатын.
Қоғам өмірін өзгертуге бағытталған анық іс-әрекетті алғаш кең көлемде кемел бейнеленген шағырмасының бірі “Қараш-қараш” оқиғасы болса, екіншісі “Қилы заман” еді.Соңғы туынды елдің азаттық пен ар үшін шайқасын сенімді серпінмен жарлаған.халықтың бойындағы тасқындаған күштің құдіретін көрсете алуы жағынан кезінде “Қилы заманға” барабар келетін шығарма сирек. Елдің революциялық ұмтылысын сөрсетуде “Қилы заман” ғибратты дәстүр салды дей алмыз.
Шыңғыс Айтматов бұл шығарманың жазушының шығармашылық сапардағы орны мен маңызын діл таныған. “Қилы заман” Әуезовтің “Абай жолынан” көп бұрын,сол кездің өзінде-ақ ке тыныты эпикалық баяндау нысанын игергендігін дәлелдейді.Осы тұрғыдан алғанда “Қилы заман”-кейін Әуезовтің телегей-теңіз эпопеясын тудырған ең алғашқы қуатты арналардың бірі... Жазушы талантының эволюциялық қалыптасыуының айқын мысалы”
Жазушы бұл шығармасына түп тұлғаны нағыз өмірдің ізінен,ізі суымаған тарихи оқиғаның белгілі қайраткерлерінен тапты.Автор 1916 жылы Албан көтерілісі болып өткен жерге барып, көптеген адамдармен тілдескен.Ол кезде көтеріліске қатысқан кісілердің бірталайының көзі тірі еді.Бүкіл бір аймақты дүрліктірген бұл оқиғаны анық-қанығына көз жеткізу жазушының қолына қалам ұстатқызған.
М.Әуезоа өзінің шығарма қаһармандары Ұзақ Саурықовтың,Жәмеңке Мәмбетовтың тағы басқаларының тарихына қатысты қыруар мағлұмат жинағанын,бұлар турасында бір емес, әлденеше кітап жазуға бел буғанын А.Пантиелев естелігінен көрсетіп өткен едік. Кесек,, көркемдігі қуатты шығарманың биік аңсардан,үлкен мұарттан,елдің тағдарына күшті әсер еткен оқиғалардан ғана туатындыға да “Қилы заман” куә бола алады. Ұзақ, Жәмеңке,Серікбай,Әубәкір секілді табанды,саналы,халыцқ мүддесі үшін өздерін құрбан етуге даяр ерлер бейнесін жасау- қазақ әдебиетінің қорына қосылған тың табыс болатын.
Қаламгер ешқашан болған істің көшірмесін ұсынбайтыны,өмір шындығынан көркем шындық тудыру үшін автордың эстетикалық мұраты ықпал ететіні мәлім.Ендеше, М.Әуезовтің халық қозғалысын,оның қайсар,ер мінезді басшыларын көрсетуді нысана етуі,ең алдымен өз басының дүниені революциялық жолмен өзгертуге деген сенімінің беріктігін де әйгілейді.Ұзақ, Жәрмеңкелер қоғам құрылысын саналы түрде қайта құруды көздеген күрескерлер болмаса да, обьективтік жағынан патшалық саясатқа қарсы азатшыл қызмет атқарған ерлер болып саналады.
Тарихи шындық – көркемдік шындыққа айналады: «Әдеби шығармадағы тарихи шындық – көркемдік бейнелеу тәсілімен берілетін өмір шындығы, яғни көркемдік шындық. Тарихи шығармада өмірде болған уақиғалармен қатар ойдан шығарылған жайлар да аз болмайды, тарихи тұлғалармен бірге көркем қиялдан туған кейіпкерлер араласып жүреді. Мәселе, шындап келгенде, оқиғаның, кейіпкерлердің өмірде болған, не болмағанында емес. Шығарманың барлық мазмұны, оқиғалары, кейіпкерлері көркем ой көрігінен өтіп, жинақталып, өзгеше бейнелілік сипат алып шығатындығында. Әрине, тарихи шығармада айтылмақ уақиғаның өзегі негізінен өмірде болған уақиғалардың аясында алынбақ. Сондықтан жазушы маңызды тарихи жайларды, көп нақтылы деректерді анық білуі қажет».
Тарихи шындық -Өмір шындығының тарихи тақырыпқа арналған шығармадағы көркемдік көрінісі.Тарихи шындыққа қоғамдық өмірдегі нақтылы құбылыстар,болған уақиғалар,өмір сүрген тұлғалар арқау болады. Тарихтың,халық өмірінің шынайы болмысын елестету арқылы өткеннің сипаты анықталады.Алайда, әдеби шығармадағы тарихи шындық-көркемдік бейнелеу тәсілімен берілетін өмір шындығы, яғни көркем шындық.Тарихи шығармада өмірде болған уақиғалармен қатар ойдан шығарылған жайлар аз болмайды,тарихи тұлғалармен бірге көркем қиялдан туған кейіпкерлер араласып жүреді.
Мәселе шындап келгенде оқиғаның,кейіпкердің өмірде болған не болмағында емес.шығарманың барлық мазмұны ,оқиғалары,кейіпкерлері көркем ой көрігінен етіп, жинақталып, өзгеше бейнелілік сипат алып шығатындығында. Әрине тарихи шығармада айтылмақ уақиғаның өзегі негізінен өмірде болған уақиғалардың аясында алынбақ.
Сондықтан жазушы маңызды тарихи жайларды,көптеген нақтылы деректерді анық білу қажет.Ол қанша көркем суреттеулерге барса да тарихи шындықты аттап өтіп,бұрмалауға хақысы жоқ.өткен дәуір қалай суреттелмесін,бәрібір сол кездің өз болмысын білдіруі керек.
Шындыққа сай нанымды шығуы тиіс.Бұл үшін тарихи дерек көздеріне сүйену шарт.Сонда ғана бұрынғы қоғам өмірі,халық тұрмысы өз қалпынджа сенімді бейнеленбек.
Қоғамның даму процесі,саяси таптар мен топтар, кейіпкерлердің мінезі,іс-әрекеті өз уақытының қалпына орай алыну керек.Осының бәрі суреткерлікпен жанды түрде көркем бейнеленіп берілсе, тарихи шындықтың әсері, оқырманға берер танымдық мәні арта түседі. Тарихи шындықты әдебиетте көрсету әдістері,тәсілдері бірте-бірте қалыптасып,өрістеп келеді.Орыс әдебиетінде бұл саладағы шоқтығы биік шығармалар-А.С.Пушкиннің “Борис Годунов” атты драмасы,ал көркем проза саласында Л.Толстойдың “Соғыс және бейбітшілік” атты роман эпопеясы.қазақ әдебиетіндегі үздік тарихи туынды-М.О.Әуезовтың эпопеясы- “Абай жолы”, : Есенберлиннің “Көшпенділерін” де танымдық мәні үлкен әдеби туындылар қатарында аталған жөн.
Тарихи жанр қазақ әдебиетінде соңғы кезеңдерде елеулі жетістіктерге жете алды дей аламыз.
Ал, көркемдік шындық болса, өмір шындығының жазушының ой-елегінен,шығармашылық көрігінен өтіп, қорытылып,әдеби шығармалардағы баяндалған,көркем суретке айналған қалпы.
Көркемдік шындық өмірдегі шынщдықты кең толғап түсіну,терең сезіну,оған жазушы қатынасын білдіру арқылы туады. Көркемдік және тарихи шындықтың астасып келіп кең ауқымды, күрделі шығармалар тудырған М.О.Әуезовтің қаламынан “Қилы заман”повесі дүниеге келгенде шығармаға арқау болған оқиға туралы нақтылы шындықты айту әлі де мүмкін емес еді. Халық бір көтеріліске селдей қаптап,бөгесіндерді басып өтетіндігін,стихиялық қозғалыс ел билеушілердің зәресін ұшыра алатын “Қилы заман” қапысыз, шебер аңғартады.
М.Әуезов бейбіт жатқан Албан елінің 1916 жылғы маусым жарлығын естігенде іште тұншығып жатқан кегі оянып,дүр сілкініп шыққанын,сөйтіп айбарлы күке айналғанын өмір шындығында да, мінезге де сәйкес кесетеленген. Патшалық әкімдердің, қазақтың өз арасынан шыққан озбыр болыс, жебір тілмаштардың қинаятын көп көрген,өз жеріне,малына иелік етуден қалған,адамдық құқықтан жұрдай болған халықтың аянышты халін жазушы шығарманың өн бойын кейде кейіпкерлер сөзімен,кейде өз атынан төтелей дәлелдеп түсіндіріп отырады.
Қазақ кедейінің есепсіз зорлық көріп келгенін шығарманың ең басында келтірілген эпизод- жерін саудагердің малынан қорғағаны үшін “кінәлі” болғандарды пристав Подпороков тергеген тұстан айқын танимыз.Қарапайым адамның зәредей тілегімен есептесу дегенді мансап иелері мүлде ұмытқандығы приставтың жазықсыз жандарға айқап мына сөздерінен толық саналады.
“Сендер ақымақтар жәрмеңкеге келген саудагердің алдынан шығып,қарсылық қыласың!..Олардың малын жерімізге түсті деп қуалайсың! Сендер де жер бар ма? Жер патшанікі,ал саудагер малы да патшаныкі!”
Міне, осы секілді әділетсіздік,зомбылықты көп көрген халдықтың “патшаға адам бермейміз” деп бұрқ етіп көтерілуі табиғим.Повесте елдің стихиялық қозғалысының басталу,өршу, басылу кезеңі жүйелі оқиғалар үстінде нанымды ашылады.Көптің кекке қайралған қимыл-әрекетін көрсету жөнінде “Қилы заман” қазақ әдебиетінде жаңашыл сипатымен ерекшеленеді.Мұнда халықтың отаршылдыққа деген жиіркеніші зор көркемдік қуатпен бенеленген.Бұл ретте Ш.Айматовтың тағы да бір пікірін келтіріп өту артық емес.
“Царизмге,оның зорлықщыл аппараттарына деген өшпенділікті жас Әуезовтей соншалық суперткерлік нанымдылықпен көрсеткен,патшаның отаршылдық саясатының безбүйрек қаталдығы мен айуандығын соншалықты ашына әшкерлеген,көшпенді елдің өзіне жат патшалық әкімшілік жүйесінің қабылдамауынынң табиғатын мол мысалмен ала отырып, соншалық тереңдікпен ашып берген, сорына қарай көтеріліске шығып, сонысы үшін қан жоса қырғынға ұшырап, туып-өскен жерінен қуылған қарапайым халықтың қасірет қайғысын ет жүрегі езіле отырып айтып берген мұндай шығарманы мен шығыс әдебиеттерінен сирек кездестірдім”
Шығарма авторының әлеуметтік қайшылықтарды аша білгендігін ерекше ескерту лазым. Стихиялы түрде өрбіген көтерілістің кезінде байлар мен кедейлер мүддесінің екі тарапқа айрылғандығын автор сара жіктеп көрсетеді.Сонымен қатар еңбекші бұқараның өз ішіндегі болыс,билерге сенімінің жоқтығы, оларды жат санайтындығы әуео бастан-ақ аңғарылады.
Бұны “патшаға жігіт бермейміз” дегенді айтуға бекінген елдің ауқымы байқатады.Бір мысал келтірейік: “Бұл жиындағы үлкендердің бәрінің де көңғіліндегі күдігі болыстарда болатын.Алғашқы сөз байланған соң ендігі міндет соларды ауыздықтау екені барлығына да мәсіл жұмыс, кезекті мәселе сияқты болатын. Бұның да байқауын Ұзақ айтып береді.Бірақ болысқа ел қабағын танытып,үнемі тәубесін еске түсіргендей сескенетін бір мінез ісеп жіберу керек. Ұлық алдына барғанда қайқақтамас үшін қалың топтың ұжымын анық көрсетіп,шырық бұзған кісіге көп айдыны қалай төңкерілетінін ашық сездіру керек.Жәмеңке осыны ойлады да:
-Болыстың барлығы шырық бұза бермес.Бірақ бәрі бірдей елдік ойлайды,ұлыққа сатпайды деп айтуға болмайды.Ертең мен бір бозқасқа айтып сойып, бір қауыс елді жиғалы отырмын.Албан Болыстарының бәрі де сонда келер.Бұдан былай тантырмай, аяқты нық бас деген сөзді қауым алдында айтарымыз да,біржолата шегерерміз.Содан әрі ауа жайылған болса, онда мұтайымның малы мен басын елдің қолы білсін. Албанның ақ патшамен қатар мың да бір жауы сол дерміз”
Көтеріліс басщыларының бірі-Ұзақтың туған ағасы Тұнғатар бас сауғалап,өз қасын ғана ойлап,жан сақтайды.Халық қозғалысы осылайша бай мен кедейдің ғана емес,ағалы-інілінің де жігіт ажыратуға мәжбүр еткен.Кейін Албан елінің көтерілісі қырғынға ұшырап ел көшкенде ескі жұртта патшалыққа тіреу болып келген бірнеше байдың ауылы ғана қалады.Мұның бәрі “Қилы заманда” әлеуметтік қайшылықтың іші мен тысы жан-жақты атылғанын дәлелдейді.
Отаршылдық саясаттың ең асқынған түрі-геноцидтік жексұрын кескіні “Қилы заманда” ақиқат көрінісін тапқан.Қарақол шаһарына айдалып апарылған Ұзақ, Жәрмеңке,Серікбай,Әубәкір сынды ел басшыларын айуандықпен азаптаушылық,уланып өлген Жәмеңкенің денесін өз жерінде қоюға рұқсат етпеушілік,халықтың наразылығын әдейі өршітіп,артынан “айыпты” етіп көрсетіп,қанын судай ағызуға жоспарлы түрде әзірленушілік патшалықтың нағыз жауыз тәсілі болатын.Тұтас халықты жер бетінен жоқ қылып жіберуге отаршы жендеттер шімірікпестен баратыны әшкерленген. Шығармадан үзінді келтірсек:
”Солар Әубәкірдің қатынынан Жәмеңкенің естіген соң, сол арада абақты ұлығына барып, қарияның өлігін сұраған.
“Өзіміз таза арулап, қолымыздан қоямызкісіміздің сүйегін бер” десіп еді. Бұған абақты ұлығы өз бетімен жауап бере алмай, астыртын уезге ақылдасып келіп,Жәмеңкенің өлігін бермейтінін айтқан.
Елге Жәмеңке жағдайынан хабар жіберуден бұрын Қарақол басындағы жігіттер бұндағы ұлық атаулының барлығына барып, сөйлесіп ,арылып шыққан. Ешқайсысы да жарытып жауап берген жоқ.
Әйтеуір бірдеңе айтты дегізбек үшін,абақтыда өлген жазалы кісіні заң бойынша ел қолына беруге болмайды.Мұсылман әдетінен молдаға жаназасын шығартып, өзіміз қойғызамыз деген болды.
Қарқараға Жәмеңкенің өлімі жайында хабарды әкелушілер осы сөзді қоса әкелген.Көп елдің аласыз көңілмен тұтас кәдірленген қариясының сезікті өлімімен бірге мынадай қылып сүйегін де бермей қоюы естімеген сұмдық сияқтанады.Жазушы “Қилы заманда” шет жағалап ғана көрсеткен мәселені-ағайынды қоғамдық мүдделерін кереғар кету жағдайын кейін “Абай жолының ” көп беттерінде түбірлеп,обьектив өмір,ағыстарына да, мінезге де сәйкес етіп ашады.
Бұған Абаймен бірге туған бауыры Тәкежанның көзқарастары мен өмірлік принциптеріндегі алшақтықтардың кең жүйеде көрсетілгені мысал. Бұндай қарама-қайшылық “Абай жолында” үлкен тартыстар,өштіктер туғызған. Кедейлерге Тәкеждандар жасаған көп қиянатты тыям,әділет арашашысы болам деп Абайлардың қаншама сарсаң болғаны белгілі. Ақын өмірінің қасіретке толы талай шақтары дәл осылай,алыстан емес, жақынна шыққан жаулардың қастандығынан туады.тіпті, Абайдың ішінде мұз қатқан надан, қуыс кеуде байлардан көрген тақсіретінің де бір ұшытығы ағайынмен алалығына тіреледі.Бір ата-анадан тараған жандардың да әлеуметтік орны мен мақсатына сәйкес түрліше нысана көздейтінін,бұл айырмашылықтың жеңіл-желпі шешілмейтінін,олардың өмірмен бірге кететін жаулықтарға апара алатынын М.Әуезовтің алғыр қаламы сонау жырмасыншы жылдардың өзінде-ақ көрсете білгенін атап өткіміз келеді.
“Қилы заманда” 1916 жылғы азатық қозғалысының Жетісуда ғана емес, Қырғызстанда да лап еткені,көптеген қырғыз жігіттерінің абақтыда опат тапқаны,ауылдары шабылғаны,қуғын-сүргін көргені ескерліпі отырады.Бұдан бұқара халықтың әлдеқашан мүдделес,ниеттес болып келгендігінің нышанын көреміз.
М.Әуезовтің кейіннен “Абай жолы” романында толық кемелденіп көрінген шеберлігі “Қилы заманда” да еркін танылғандай.Егер автор бұл шығарманы қайта бір қарап шығуға үлгергенінде повесть анағұрлым ажарлана түскендей екен.Үлкен реалистік көркемдік жинақтауларға тән қасиеттің бәрі де “Қилы заман” бойынан табылады.Қаһармандардың пішіні мен ісін, мінезін даралық ерекшелігі мен беруде автор қалыптасқан өрнек танытады.
Қаһарман мінездерін ашудың түрлі амалын жазушы қолданып көрген.басты кейіпкерлердің іс-әрекеті сырт қарағанда қалың болмаса да,олардың тұлғасы тілдік мінездесулер,бір де болса бірегей дәл, нақты берілген суреттер арқылы ашылады.Мәселен, ,көтеріліс басшыларынынң бірі-Ұзақты үш-төрт рет көреміз.бірақ ол әр эпизод сайын ірілене,даралана түседі.
Халықтың бас біріктіріп, жігерлі ұйымшылдықпен патша жарлығына қарсы келерлік ниетін көргенде Ұзақ: “Ақ патша тоз-тоз қылып әкетіп еді, құдайға шүкіо, қартайған шағымда болса да,елдің бір әкенің баласындай жамырап табысқан күнін бір көдік... Жалғыз арман: жас шағымда кездеспеді не керек” (журналдың ілгеріде көрсетілген нөмірі Бұл сөздерге парасат, білік, үміт,арман,өкініш күшті айтылған. Ұзақтың да, Жәмеңкенің де терең саналы ойлары мен сөздері олардың табиғатындағы үлкен дарынды,кең пайымдылықты,кесек мінезді кәміл білдіреді.Ұзақтың тағы бір ретте айтқан: “киіз туырлықты қазақтың бүгінгідей ынтымақ,тілегің қосылып, ел болам деп ту көтерген,ұран салған күнін көрое алмай өттік.Енді міне сойған қойдай бұзып-жарып,он екі жілікке бөліп,боршалап тастаған заманда шығып, біз де кісі болдық дейміз.Мақтанар, жұбанаржері бар ма” деген мұңы,өкініші аралас сөздреі оның ішкі тұлғасын қмақтандыра түседі.
Осылайша Ұзақты біз шығармада аз кездестірсек те,мінез ашылар,мейілінші дәл берілген суреттер арқылы танимыз.Оның абақтыдағы қалпын жазушы сараң сөздермен тұжырады,сонда да болса,ол бізге өмір бойы сыр мінез адамдай жақын тартады.
Прокурордың сұрағанда ол: “Мен сенімен сөйлеспеймін.сенің ісің зорлық.Зорлықшымен сөйлесушіме еді? Жауап бермеймін” деген сөзден басқа айтпады.Осы қысқа сөзде өр мінезді,,қайратты,кекті, арманды адамның құлқы жатыр.Елін шауып малын талап, халықты қан-жоса етіп жүріп,сондай сорақы істерін басқаға жауып, “заңдандырмақшы” болған әкімге бұдан артық жауап лайық келмес еді. Бүкіл бір елді қырғынға батырған зұлым жаумен осылайша ғана жауаптасу Ұзақтың сөзін ұлағаттай салмақты етеді.
Ұзақтың басынан батырға тән байсалды тұжырымдылық пен шешімділікті байқасақ, ел ақсақалды Жәмеңкенің сөздерінен халық данылығын санасында дарытқан үлкен естілікті танимыз. Әубәкірдің батыл, өжет мінезі, тар жерде ақыл табар алғырлығы елестейді.пристав Подпороковтың,жылпос болыс Рақымбайдың айласы да, арамдығы да дәл суреттелген.Мұның өзі кейіпкерлдердің мінез адаралығын нақты,сенімді ашуда автордың көп іздегенін аңғартса керек.Қаһарамандарға портрет беру,табиғат суретін кестелеу,монолог,жанама мінездеу тәсілдерін жазушы кең қолданған.
М.Әуезовтің қаламына тән стилдік сипат, көркемдік кестелеу заңдылығы мен айырықшалығы “Қилы заманан” көрінеді. Құбылыстардың мән-жағдайын авторлық баяндаудың өзі суретке,мінездеуге ұласып кетіп отыруы бұл шығармада жиі кездесетін көрініс.
Пристав Подпороковтың Албан елінің болыстарын жинап алып, патшаның маусым жарлығын естіртуге арналған кеңесінің суретін мысалға алып кетейік.Осы жиынның үстінде Подпороковтан бастап тілмаш оспан,болыс Рақымбай секілді қилы-қилы жандардың түр-түсінің құбылыстарына,іштегі ойларына дейін анық көрінеді.Құбылыстарды кейде автордың сөзімен, кейд кейіпкердің көзімен суреттейтін тәсіл шығармада негізгі тәсілдердің біріне айналған.
Жазушының қою бояулы,алуан түсті дарқан көркемдік қолтаңбасы “Қилы заманда” өте жатық, әсем, ісмерлі түскен.
Эпитет пен теңеуді, мінездеуді кілемнің түсіндей құлпыртып,тығыз қалайтын автордың айшықты,оймышты, сан құбылмалы сөз кестесін шығарманың кез келген бетінен кездестіреміз.Мұны туындының ең басындағы: “Жаз жауынды,мол сулы,қалың шалғынды,қызықты,қалың албанның ертегідей бай,сұлу жайлауцлары: Үш Мерке, Дөңгелек саз,Үшқарқара,сырт, Лабас-жайлау күндердің жасыл торғын шымылдығын,көк жібек бесігі” деген сөйлемнен де байқауға болады.Біріңғай мүшелі сөздерді топтап,тіркестіріп,үстемелеп қолдану жағына автор ерекше ден қойған.
Шығарманың сөз кестесінің жалпы тұлғасынан бояудың кейде тым мол жағылғанын,оны өзі қайсыбір ретте сөздердің мағынасын көмескелендіріп тұрғанын аңғараар едік.Бұны біз дарыны дәуірлеп,суреткерлік қауты толысқан жазушының табиғи қадамы деп білеміз. “Абай жолында” автор суперт кестелерін тізуге,сөз қолдануға анағұрлым талғампаз,үнемшіл болғанын тәжірибенің артуынан деп қарау керек.
Асы жайлауының табиғат суретін берген тұс ғажап! Мұнда әрбір сөз, тіркес көзге, көңілге елестерліктей дәл,анық,бояуы қанық,қара сөбен берілген поэзия.
“Қилы заманда” халықтың аңыз әңгімелері,шешендік сөздері орынын тауып,оқиға өріліміне үйлескен.Қарт Жәмеңкенің халыққа қарата айтқан сөзінен ескі жыраулардың дана тілмарлығы елес береді. “баяғыдан бері албан баласы қарын шаша алынбағандай болып,ала бөтен амандықпен келіп еді.мына жетпіс беске келгенше малы,басы пәле қазаға ұшырағаныны көрген жоқ едік.Бұл тау арқасындағы елдің ұйқысы қалың еді.
Таудың киігіндей кей жайылған тіршілігі бар еді.албанның тоқсанға, жүзге келген шалы болса да, бұл елдің қыс күнінде жұтағанын, жаз күнінде індетке ұшырағанын білмеп еді....Енді мына бүгінгі күн мынадай кер заманға кездестік.Қалың апат селге киліктік”
“Қилы заманға” қатысты әңгімені Ш.Айтматовтың төмендегі тебіреністі сөздерімен тұйықтауды жөн көрдік. “Өткендегі шексіз тұңғиық халық қасіреті мен біздің бүгінгі шындығымыздың арасы жер мен көктей,тіпті салыстыруға келмейтін категориялар.Бірақ ол өткеннің ішіндегі жақсылық жағы-жұрт еңсе көтеріп,патшаның отаршылдық қанауына қарсы халдықтың стихиялық толқуы,өз істерінің дұрыстығына көздері жетіп,еркіндікке ұмтылып,адам рухының соншалықты мол қуатын танытып, зорлық-зомбылыққа қарсы тұруы таңқалуға болатын дүние”.
“Қилы заман” ұзақ жылдар бойында баспа жүзін көрмей келгенімен,жазушының санысанан шығып кеткен дүниелік емес-ті. Шығарманың азатшылық идеясы,әсіресе,түрлі табиғи,шыншыл адам типтері “Абай жолы” эпопеясында кей тараптан дамытыла елес бергенін,көркейе,келісті бітім тапқанын аңғару қиын емес.
Тобықты елінде,Семейде билік,үстемдік жасап жүрген патша чиновниктерінің бейнелерінде,әсіресе, “тентек ояз” тұлғасында “Қилы замандағы” Подпороковтан ауысқан “белгілер” барға ұқсайды. Сол сияқты роман-эпопеядағы болыс-билер іс-әрекетінде албан атқамінерлерінің кейіп-кескінін елестетерлік тұстар кездеседі.Әсіресе, “Қилы замандағы” ел қамқоры, өткір тілді,шешен Жәмеңке мен “Абай жолындағы” кедей,жатақтар жоқшысы,үлкен саналы ерлік пен адамшылыққа қабілетті,асыл ойлары мен ізгі армандары сөздерінде ұшқындап тұратын нағыз халық даналығын бойына жинаған дерлік Дәрмекбай арасындағы “жақындық” үстірт қарағанда да көзге шалынбай қалмайды.
Ал кейбір тұста Ұзақ батырдың ел тағдыры мен намысын армандаған сәттері,кесек мінезі,қасиетті толғаныстары “Абай жолындағы” Базарлыны еске түсіреді.Мұның өзі араға көп жылдар салып барып жазылған,екі басқа тақырыпқаарналған шығармалардың бітіміндегі қайсыбір үндестік пен сарындастықтың,жазушы көкірегіне ұялаған идеялардың түрлі көлемде көрініс табуының жарқын мысалы секілді.
Сонымен “Абай жолына” барардағы идеялық-көркемдік сатылар қаламгерлік әңгімелерімен де, “Қараш-Қараш оқиғасы”, “Қилы заман” повестерімен де табиғи қалыптасқанын көреміз.
Тарихи негізді шығарманың ең бір қиын сәті ондағы тарихи бейнелерді көрсету сәтінде монологқа немесе диалогқа көп бой ұрып, немесе баяндай түсіндіруде оқырманды жалықтырып алу қаупі бар.
Ол жөнінде ғалым Василий Цыренович Найдаков былай дейді: «Трудность создания образов исторических героев породила и такой недостаток, как обилие монологогов, диалогов и вообще разговоров, главное назначение которых сообщить читателью нечто о том или ином герое, событии». Мұхтар Әуезов тарихи негізді туындылар жаза отырып жоғарыдағы аталғандай кемшілік жібермеген. Повестагі әрбір монолог, әрбір диалог жанды, әрі даралық ерекшелігімен өзгешеленеді.
Қорыта атқанда, “Қилы заманда” 1916 жылғы Жетісудағы халық қозғалысының көркем ескерткіші,ел үшін жанын пида еткен ерлердің жарқын тұлғасы жасалған.Бұл-дәуірдің көп қайшылығын,мол қатпарын ашатын, отаншылдық,перзенттік аңсардан туған,жүрекқанымен жазылған, терең,қаситетті,кәделі ойларға,ұлы үмітке толы туынды.Мұндай кең,еңелі,сом сурет бейнелер жасай алған,адам мінезініің диалектикасына барған суреткердің прозадағы кезекті ірі туындысы оынң есімін әлемдік даңқа бөлген “Абай жолы” сынды зеңгір эпопеға ұласуы барынша табиғи.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет