Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі т. М. Мендебаев, Е. С. Асқаров



Pdf көрінісі
бет152/200
Дата16.11.2023
өлшемі3.11 Mb.
#483479
түріОқулық
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   200
mendebaev-stand-metr-sertif

 
 
9.2. Сапа жҥйесі мәселелерінің енгізілуі мен дамуы 
 
Сапа жҥйесін енгізу кезінде объективті немесе субъективті сипаттағы 
мәселелер туындауы мҥмкін. Олар тӛменде кӛрсетілген:
1. Кәсіпорын басшылығы ағымдық жҧмыстарымен, жоспарлар және 
келісімшарттарды орындаумен қолы босамайды. Сапа жҥйесін жасау 
жҧмыстарымен жеке жҧмыскерлер айналысады, ал олардың талаптары 
ескерілмейді, яғни бҧл жҧмыспен айналысуға уақыт жоқ, ең бастысы, 
жоспарды орындау керек. Мҧндай мәселелерді шешу кезінде кӛптеген қағаздар 
толтырылып, сапа жҥйесін дайындау жоспарлары жазылады, бірақ олар 
практикаға енгізілмейді. Басшылық сапа жҥйесін енгізу кәсіпорын 
жҧмыскерлерінің барлығына арналған жҧмыс екенін тҥсінуі керек. Ол ҥнемі 
жҥргізіліп отыруы тиіс. 
2. Сапа жҥйесін енгізуге ӛте ҥлкен сенім арту. Бҧл процесс ҧзақ әрі 
тҧрақты болып табылады. Ол бір уақытта кәсіпорынның барлық 
проблемаларын шеше алады. Сапа жҥйесін дҧрыс қолдана білу керек, оған 
кҥнделікті оқыту керек. Бҧл бірден нәтиже бере салмайтын ӛте ҧзақ жҧмыс.
3. Жаңа енгізулерге деген негативті қатынас. Жҧмысқа кіріспестен бірден 
мынадай қорытынды жасалады – бҧдан ештеңе шықпайды.
4. Сапа жҥйесін енгізуге қаржы қажеттілігі. Егер ақша болмаса, енгізетін 
де ештеңе болмайды. 
5. Персоналдың консервативті кӛңіл-кҥйі. Жақсы жҧмыс істейміз, ӛнім 
шығарамыз, оны бізден сатып алады. Оған ӛзгеріс енгізудің қажеті не? Барлығы 
бҧрынғыдай қала берсін. 
6. Ескерту немесе айыпталу қорқынышынан жҧмыскерлердің ӛндіріс 
мәселелерін шығаруға, оларды басшылыққа кӛрсетуге ниеттенбеуі.
Осы және басқа да мәселелер сапа жҥйесін енгізу процесін 
айтарлықтай тоқтатуы мҥмкін. Негізгі мәселе жҧмыскерлердің 
немқҧрайдылығы мен инерттілігі болып табылады. Әдетте кез келген 
жаңалықтың алғашында практикаға енгізілуі қиын болады. Бірақ заманауи сапа 
жҥйесін енгізу – бҧл уақыттың талабы, заманауи ӛмірдің объективті сҧранысы, 
кәсіпорынның жаңа сатыда жетілуінің негізгі шарты деп айтуға болады. Бҧл 
мәселелерді міндетті тҥрде шешіп, игеру қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет