Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет564/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   560   561   562   563   564   565   566   567   ...   615
3-106-2015-2-chast

Б.Н. ҚЫЛЫШБАЕВА
1
, С.М. ДҮЙСЕНОВА
2
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті, соц.ғ.д.
 1
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аға оқытушысы
2
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНДАҒЫ ЖАС ҒАЛЫМДАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ МОТИВАЦИЯСЫ
Мақалада Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының (жоо) жастарының ғылыми мотивациясы 
қарастырылады. Сонымен қатар, шетелдік тәжірибе, оның ғылыми-техникалық саясатының тиімділігі 
де көрсетілген. ЖОО-да білім алушыларды ғылымға мотивациялау бойынша социологиялық зерттеу 
жүргізілді. Мұндағы мақсат – мамандықты таңдаған кезде жас ғалымның басшылыққа алып, өзіне түрткі 
болған себептерін талдау. 
Түйін сөздер: жас ғалым, ғылыми мотивация, жоғары оқу орны, мотивтер.
Қазақстан қоғамының барлық салаларында өзгерістер орын алуда. Ғылым мен жаңалықтардың 
техникалық және әлеуметтік дамуы қоғамның негізгі факторына айналып келеді. Экономикалық 
дамыған елдерде зерттеулерге жұмсалатын шығындардың артуы мен зерттеушілер санының
абсолютті өсімібайқалады. Шетелдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, ғылыми қауымдастық 


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
470
өкілдерінің жоғары әлеуметтік мәртебесі мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуының, 
ғылыми-техникалық саясатының тиімді көрсеткіші болып табылады. 
Соңғы он жылда Қазақстан мемлекеті ғылымды қолдап келеді, әйтседе, біз оның даму 
қарқынын дамыған елдермен салыстыра алмаймыз. Бүгінгі күні ғылым мен білімнің кадрлық 
потенциалын ұдайы өндіру мәселесіөзекті болып келедіжәне ол ең алдымен, ғылыми жаңалықтарға 
негізделген жоғары зерттеу потенциалы бар жаңа ұрпақтар ішінде біліктілігі жоғары кадрлардың 
жетіспеушілігімен байланысты. Білім мен ғылым саласында жұмыспен қамтылған жастар өзіндік 
ерекше әлеуметтік-кәсіпқой топтардың бірі болып табылады. 
Қазақстандық және шетелдік тәжірибелерінің аясында жас ғалымдардың кәсіби қалыптасу 
үрдісінде елеулі ерекшеліктері орын алуда. Қазақстандық жоғары оқу орындарында ғылыми-
зерттеу қызметіне деген қығушылық университеттен бастап қалыптасады. Зерттеу үрдісіне 
жастарнегізінен докторантурадан бастап қосылады. Көпшілік алдында ғалым ретінде кәсіби 
қалыптасуы диссертацияны қорғау кезінен бастап жүзеге асырылады. Докторантурадағы оқу 
үрдісінде жас ғалымдардың басым бөлігі, зерттеу қызметімен қатар,кіші ғылыми қызметкер немесе 
оқытушы ретінде жұмыс істейді.
Жоғарыда аталып өткендей, қазіргі қоғам әлеуметтік-экономикалық реформалаудың күрделі 
қадамын бастан өткізуде,ал бұл өз кезегінде ғылыми-техникалық дамуды талап етеді. Ғылымның 
жаңа даму деңгейіне өтуі жас зерттеушілер арасынан: екпінді, белсенді, инновациялы ойлайтын, 
өзінің деңгейін үздіксіз жоғарылатуға ұмтылатын, кәсіби мобильділік, жауапкершілік сезімі күшті, 
шығармашылық потенциалы бар бәсекеге қабілетті кадрларды талап етеді. Заманауй жас ғалым – 
бұл кәсіби білім мен дағдысы бар маман ғана емес, сонымен қатар, ғылыми қызметтеқалыптасқан 
стереотиптерін жеңе білуге, инновациялық идеяларын тиімді дамытуға, өз қаласының, аймағының, 
елінің өзекті мәселелерін жаңаша түрде шешуге қолжеткізе алатын адам. 
«Ресей жоғары мектебінің оқытушыларын ынталандыру өзектілігінің мәселесі жайлы» 
деген мақаласында М. А. Лешина «заманауй жас ғалымдар мен оқытушыларды жоо-на тарту 
мүмкіндіктері айтарлықтай шектеулі: бір жағынан, жоо-ның ғылыми дәрежесі мен атағы, сондай-
ақ, жоғары мектепте жұмыс істеу тәлімі жоқ оқытушылардың еңбекақысы төмен, екінші жағынан, 
жоо-нан кейін білім алуға қосымша қаржылай шығындарын (PhD докторантураларында бюджет 
орындарының қажетті санының болмауы)» көрсеткен [1].
Л.М.Гохбергтің, Г.А.Китованың, Т.Е.Кузнецованың, О.Р.Шувалованың пікірінше, «заттық 
қажеттілікпен саналы мотивация негізінде жасалатын танымға деген қызығушылық ғылыми 
қызмет үшін негізгі мәнге ие. Мотивациялау, қызығушылық, таным қажеттілігі–мұның бәрі 
ғылыми-зерттеу қызметі үшін қажетті жағдайлар. Шығармашылық қызметтегі аса маңызды фактор 
– бұл адамды белгілі бір іс-әрекеттерге итермелейтін қозғаушы күштердің жиынтықмотивациясы» 
[2]. Ғылыми қызмет мотивтерінің негізінде тұлғаның барлық мүдделері мен қажеттіліктері 
бар және осыған сәйкес ғылыми шығармашылықтың сәттілігі ең алдымен, жоғарғы тәртіптің 
қажеттіліктерін қанағаттандыруға байланысты екенін көрсетеді. Ғылыми қызметтің мотивтерінің 
ішінде «қолжеткізу мотивіне» – сәттілікке, мақсатқа жетуге тырысуға шешуші орын беріледі. 
Қолжеткізу мотивін зерттеушілерге тән тереңдік фактор ретінде мойындайды, әріол жоғары 
өлшемдерге сәйкес келеді. Хайнц Хекхаузен, жетістік мотив теориясын дамыта отырып«жетістік 
мотивациясыадамның жеке қабілеттеріне, нақты айтқанда – табысқа жету немесе сәтсіздікті 
болдырмауға бағытталғандығы»назар аударады. Осылайша, жетістікті мотивациялар мақсатқа 
бағытталған. Ол адамды бір-бірімен байланысты бірқатар іс-әрекеттердің «табиғи» нәтижесіне 
итермелейді [3]. Ғалымның анықтамасына сәйкес, жетістік мотивациясы - бұл «сәттілік өлшемдері 
қолданылуы мүмкін және іс-әрекеттерді орындау не сәттілікке, не сәтсіздікке алып келуі мүмкін, 
сонымен бірге адамның барлық қызмет ету түрлеріне қабілеттілігін арттыру немесе оны ең жоғары 
деңгейде сақтап қалуға тырысу» [3]. Е.П.Ильиннің (2000) деректері бойынша, ғылыми қызметпен 
айналысуға тырысу келесі себептермен байланысты: - жаңаны құру мен тануға тырысу (танымдық 
және шығармашылық қажеттіліктер) немесе шығармашылық қызметтегі қажеттіліктер; - құбылысты 
өзі түсінуге және оның мәнісін өзгелерге ашуға ұмтылысы; - белгілі бір ғылымға немесе қандай 
да болса нақты мәселеге деген қызығушылығы; - өзінің жаңалық ашуымен бүкіл адамзатқа пайда 
әкелуге немесе халық шаруашылығының міндеттерін шешуге тырысуы; - өзінің мақалаларын 
жариялай отырып, «тарихта із қалдыруы» - нақты әлеуметтік мәртебеге жету (ғылыми дәреже, атақ 
алу); - өзін-өзі жетілдіруге, атақ-даңққа, танымалдылыққа ұмтылуы; - ғылыми қызметтің арқасында 
жоғары лауазым, әртүрлі материалдық игілік алу мүмкіндігі [4].




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   560   561   562   563   564   565   566   567   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет