№ 3 (106) 2015
245
отырады, олар: мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктері, іс-әрекетті ұйымдастыру
ерекшеліктері, балалар мен МДҰ қызметкерлері арасындағы өзара байланыстың ерекшеліктері.
Мектепке дейінгі саланың педагогтарының қызмет құрылымы оның миссиясын анықтап
береді, ол МДҰ жағдайындағы баланың жақсы білім алуы мен әлеуметтік жетілуіне арналған
ұйымдастырылған-басқарушылық жағдаймен қамтамассыз етумен байланысты болып отыр.
Қызметтік құрылым болашақ мамандарды кәсіби дайындау үрдісін көрсетеді және оның іс-
әрекетінің үлгісі мен үйлесімділігі болады, сонымен қатар студенттердің оқу іс-әрекетіне сәйкес
түрлері мен мазмұнын береді.
А.А. Калмыков маманның үлгісін білім берудің мақсатын сипаттаушы, білім беру барысында
меңгерілетін кәсіби ортаға бейімдеуші құралдар мен ресурстарды, тәсілдерді жүйеге енгізушіретінде
анықтап берді. Автордың айтуы бойынша, маманның үлгісін жасау барысында келесі элементтерді
қосу қажет екен: маманға жалпы біліктілік талаптары, кәсіби ортаны сипаттау, маманды тағайындау
мен оның іс-әрекетінің негізгі түрлері, маман іс-әрекетінің құрылымы мен мазмұны, маманның жеке
қасиеттері [2,192].Осылайша, маманның үлгісі іс-әрекетті жетістікпен меңгеруге қажетті білімді,
іскерлікті, сапаны,қасиетті, тұлғалық ерекшелікті анықтайды. Оған кәсіби іс-әрекет пен кәсіби
міндеттер де кіреді, сонымен қатар ол түлектердің жоспарланған кәсіби сапасының нормативі
болып табылады.
Мектепке дейінгі саланың болашақ педагогінің біліктілік үлгісін құрайтын – пәндік біліктілік,
оны педагогика саласының маманы меңгеруі керек, бұл оның педагогикалық қызметте жеткен
жетістіктерін де көрсетеді. Осы біліктіліктердің қалыптасуы еңбек нарығында педагогтың өзінің
іскерлігі мен бәсекеге қабілетті болуына себеп болады, тұлғаның кәсіби қалыптасу процессін
толыққанды әрі жүйелі етеді.
Кәсіби біліктіліктің барлық құрылымдық компонеттері мектепке дейінгі білім беру педагогының
нақты педагогикалық жағдаяттарды шеше алатын тәжірибелік іс-әрекетіне бағытталған. Педагогтың
кәсіби дайындығы, яғни оның оқу іс-әрекеті барысында алған білімін, тәжірибесін, тұлғалық және
әлеуметтік қасиеттін, құндылығын мобилизациялауы болып табылады, бұл болашақ педагогтардың
да кәсіби біліктілігінің негізін құрайды [3,123].
Сонымен, біз тұжырымдаған біліктілік үлгісі қазіргі қоғамның талаптарына сәйкес мектеп
жасына дейінгі балалардың білім алуы мен дамуы, денсаулықтарын нығайту мақсатында МДҰ
қызметкерлерінің қауіпсіз әрі шығармашыл еңбектеріне жағымды жағдай туғызуға себеп болған
мектепке дейінгі білім ұйымындағы педагог-ұйымдастырушы қызметінің спецификасын көрсетеді.
Н.Ф. Талызина маманың іс-әрекетінің үлгісі, оқуды бітіргеннен кейінгі маманның алдында тұрған
міндеттер жүйесін анықтап беруі керек деп атап айтты [4,176].
Сондықтан, мектепке дейінгі білімнің болашақ педагогінің біліктілік үлгісін қалыптастыра
отырып, біз мектепке дейінгі білім жағдайында кәсіби іс-әрекетін жетістікпен жүзеге асыруға
қажетті арнайы педагогикалық біліктілік тізімін тұжырымдауға тырыстық. Осы мақсатта соған
арнайы кәсіби біліктілік мазмұнын анықтадық:
1) ұйымдастырушылық-басқарушылық:
мектеп жасына дейінгі балалардың білім алуы мен дамуы үшін жағымды орта туғызуға
себеп болады;
мектеп жасына дейінгі балалармен кәсіби және тұлғалық қарым-қатынас орнатады;
мектеп жасына дейінгі балалармен эмоционалдық қарым-қатынас пен диалогтік өзара
әрекетке негізделген, педагогикалық үрдіске қатысушылар арасындағы адамгершік қатынастарды
орнату;
адамдарды бірлескен іс-әрекетке шақырады;
МДҰ қызметкерлері арасындағы өзара әрекетті түзетіп отырады;
қоғамдастықпен байланысты орнатады;
ата-аналарды МДҰ педагогтарымен өзара әрекетте болуларын уәждемелейді;
МДҰ іс-әрекетін жоспарлауды жүзеге асырады;
МДҰ педагогикалық үрдісін үйлестіру мен бақылауды жүзеге асыру;
МДҰ әкімшілігінің басқару мәдениетін қалыптастыруға себеп болу;
өзінің және МДҰ қызметкерлерінің кәсіби біліктіліктерін жүйелі түрде арттырып отыру;
МДҰ қызметкерлері мен балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамассыз ету;
|