Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет339/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   335   336   337   338   339   340   341   342   ...   615
3-106-2015-2-chast

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
282
бы, су айрықтары, жоғарғы, орта, төменгі ағысы. Жауаптарыңды қағазға түсіріңдер. (Әр топ жау-
аптарымен алмасады, топтар арасында кері байланыс жүреді). Уақыты 7 минут.
Өзен жүйесі сипаттамасынан мынадай анықтамаларды жазып алу. Уақыты 5 минут.
Бастауы- өзен ағып шығатын жер.
Сағасы- оның құяр жері.
Атырау- өзен сағасына жинақталып, тармаққа бөлінуі.
Аңғар- өзен бастауынан сағасына дейінгі әрі кең әрі ұзынша ойыс алқап.
Жайылма – аңғардың өзен тасығанда су басатын бөлігі.
Өзен ағысы: жоғары- бастауына жақын, орта- екеуінің аралығы, аяғы- саға жағы.
Өзен жағасы: оң, сол.
Жүйесі- өзеннің барлық салаларымен бірігіп қосылуы.
Өзен алабы- өзен және оның салалары су жинайтын жер.
Өзендер: - таулы жер өзендері;
-жазық жер өзендері [5].
4. Білімді қолдану:
Оқулықтағы мәтінге қарай отырып өзеннің көлденең қимасын құрастырыңдар. Сызбаны басқа 
топқа түсіндіріңдер. Уақыты 3 минут.
Алдарыңдағы дүние жүзінің атласы бойынша кейбір өзендерге сипаттама беріңдер. Бірінші топ 
– Ертіс өзеніне, екінші топ – Миссисипиге, үшінші топ Конго өзеніне төртінші топ Ніл өзеніне
мынадай жоспар бойынша сипаттама береді: 1) географиялық орны (қай материкте орналасқан
қандай мұхит немесе теңіздің алабына жатады, бастауы, сағасы, салалары туралы мәліметтер); 2) 
ағысының сипаты (таулы, жазық); 3) өзен қай кезде тасиды, қай кезде сабасына түседі; 4) өзенде 
сарқырамалар мен шоңғалдар бар ма? 5) шаруашылықта қалай пайдаланады; 6) экологиялық 
проблемалары. (Әр топ жауаптарын қорғайды. Топтар арасында кері байланыс жүреді). Уақыты 
10 минут.
5. Шағын жоба:
- Сырдария өзенін 35 жылдан кейін қалай елестетеміз? Алдымен топта талқылауды ұсынамын. 
Үлестірме материалдардағы қосымша мәліметтерді пайдалана отырып 15 минуттан кейін «Сыр-
дария-2050» шағын жоба дайындау. Жобаны А3 форматтағы параққа орындап, топтар арасында 
таныстыру. 
Табыс критерийлерін мына кестеден көруге болады:
Критерийлер
1 топ
2 топ
3 топ
4 топ
1. Нақтылығы
2. Дәлелдей алуы
3. 
Географиялық 
нысандар-дың
атауларын қолдана алуы
4. Шығармашылығы
Рефлексия:
- Барлық топтарға рахмет. Жақсы жұмыс істедіңдер. Енді бағалау парағын толтырыңдар. (Топтар 
өзінің жұмысын және басқа топтардың жұмысын бағалайды). 
7. Үй тапсырмасы:
Сырдария өзенінің бойымен саяхат маршрутын жасау.
Бағалау парағы
Топ, 
аты-
жөні
Топ мүшелерінің 
жұмысын бағалау
Басқа топтың 
жұмысын бағалау
Мен сабақтағы өз жұмысыма ризамын (риза 
емеспін). Себебі ...деп өзіңе кері байланыс 
жаса. 
1.
2.
3.
...




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   335   336   337   338   339   340   341   342   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет