№ 3 (106) 2015
361
бөліп көрсетеді және бұл парадигмалардың пайда болуын жаратылыстану табыстарымен байланы-
стырады.
Гештальтпсихологтар физикада, психологияда қолданылатын әдістерді таратуға тырысып,
изоморфизм ұстанымын енгізуде. Фрейд гипнотикалық сеанс өткізу моделін психосараптау
сеансына еш өзгеріссіз ауыстырады. Бихевиористер физиологиядан стимул реакцияны алып, соның
көмегімен психикалық жұмыс істеу ұстанымдарын түсіндіруге талпынады. Бұл мысалдар, түптеп
келгенде, бұрын жасалған мәдени құралдарды білімнің жаңа саласында қолдануға талпыну деп
есептеледі.
Оның үстіне, әр бағыт өзінің авторының тұлғасының айнасы болып табылады. Ортодоксиялық
психосараптаудан айтарлықтай дәрежеде алыстап кеткен К. Хорнидің: « Егер психосараптауды
санасыз рөлге белгілі бір көзқарас жүйесі мен жасалу әдістері және санасыз үрдістер санасына
жететіндей терапияның түрі ретінде қарастырса, онда менің де көзқарастарымның жүйесі
психосараптау болып табылады » – деген сөзін еске алсақ та жеткілікті.
Ғылыми тұжырымдамалар оның авторларының тұлғалары, олардың онтогенездерінің
ерекшеліктері арқылы жасалады. Бұл жерде: «Неге тұжырымдама жасаушылар белгілі бір мәдени
құралдарды « таңдайды » – деген орынды сұрақ туады. Дж. Верч бұл сауалға: « Өйткені олар бұл
құралдарды өз өмірлерінде « кездестіріп », « иемденіп алды », – деп жауап береді.
Әрбір адам белгілі бір мәдени ортаға (социумға) жатады, сондықтан өз мәдениетінің құралын
таңдайды.
А.Н. Леонтьевтің кейінгі ізбасарлары « жанама үшбұрышын » толықтырып, оған қоғамдастық,
еңбекті бөлу және ережені қосуды ұсынады. Мұндай « кеңейтілген » үшбұрыштың бейнесі мынадай:
құралдар қоғамдастық
объект
субъект
еңбекті бөлу ереже
1-сурет - әрекет ету тұрғысынан ұсынылатын «кеңейтілген жанама үшбұрыш» бейнесі.
Бұл « кеңейтілген » үшбұрышты жасай отырып, Ю. Энгестрем адамның іс-әрекеті әрқашан
әлеуметті және міндетті түрде басқаның бар екендігін көрсететіндігіне баса назар аудару керектігін
көрсетті. « Қоғамдастық » түсінігі ең әуелі осы объектімен бірге жұмыс істейтіндерге қатысты
айтылады.
« Ереже » – бұл әрекетті шектейтін, іс-әрекет жүйесі тұрғысында жасалатын эксплициттік
нормалар немесе конвенциялар « еңбекті бөлу » өзінің жеке іс-әрекетін басқалардың қызметіне
байланысты құру керек екендігін көрсетеді.
Жанама үшбұрышты кеңейту керектігі біз осы жанама құралдың әлеуметтік табиғатын еске
түсірген кезде жартылай жойылады. Л.С. Выготский мен А.Н. Леонтьевтің ойынша, құралға
қоғамдастық та, ереже де, еңбекті бөлу жүйесі де кіреді. Мұны М. Коулдың идеясының үлгісінде
көрсетуге болады:
1. Бірінші құралдар – бұл өндірісте қолданылатын құралдар.
2. Екінші құралдарға бірінші құралдар және олардың қолдану әрекеттерінің тәсілдері жатады,
мысалы діни жоралғылар (ережелер мен қоғамдастық).
3. Үшінші құралдар – бұл өздерінің тәжірибелік табиғатын жоғалтқан ерекше құралдар, мы-
салы ойындар Б.Г. Мещеряков пен В.К. Зинченко өз мақалаларында жазғандай, М. Коулдың
түсінігі бойынша, артефакторлардың екі жақты табиғаты бар. Олар әрі идеалды, әрі материалды.
Артефактың идеалдық жағы – бұл мағына, сызбалар, нормалар, ережелер, және т.б.
Сонымен бірге артефактор кез- келген адам әрекетінің қажетті компоненті болып табылады.
Сөйтіп, артефакттер әрекеті жүзеге асыру кезінде, әрекет арқылы орындалады.
Бұл жағдайда тренинг құрамында интеллекті мораль, ереже, т.б. күрделі стимул – құрал ретінде
қолданылады.
|