Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
474
Қазақстанда 20 жылдық кезең бойы жүріп жатқан трансформациялық үрдістер жастардың
құндылық құрылымы мен мақсаттарына, олардың кәсіпқой
жоспарлары мен талғамдарына,
соның ішінде әлеуметтік-кәсіпқой топтарына ықпал етті. Жастар арасында өмірлік табыстылық
көрсеткіштері қатарында материалдық ауқаттылыққа қолжеткізу,
мансаптық өсу, қызықты
жұмыстың болуы орын алады. Алайда, жастарды ғылымға тартатын және негізгі табыс көзі болып
саналмайтын себептердің басымдығы,ғылыми мансапты таңдау
мотивациясының құрылымында
ғылыми қызметке қызығушылықты, еңбектің шығармашылық сипатын, кәсіби потенциалынжүзеге
асыру мүмкіндігі тәрізді факторларболып табылады. Зерттеушілік және академиялық қызметті
олар өзін-өзі дамыту ресурсы ретінде қабылдайды.Басым бөлігі үшін – кәсіби тұрғыдан алғанда
өзін-өзі жетілдірудің жалғыз мүмкіндігі,бұл осындай таңдаудың кездейсоқтығы еместігін, оның
саналы және шығармашылық қызметке деген ұмтылысымен шартталғандығын дәлелдейді. Жас
ғалымдардың әлеуметтік-психологиялық мінез-құлық моделінің тұрақтылығы
және белгілі бір
рөлді (ғылыми қызметкер, оқытушы) орындау мүмкіндігі ретінде зерттеушілік және академиялық
салалары үшін дәстүрлі тәжірибелердің сақталуы байқалады.
Қорытындылай келе, жоо-ның жас ғалымдарында ғылыми-зерттеу қызметіне тұрақты мотивті
қалыптастыру үшін белгілі бір жағдайлар жасау қажет. Олардың қатарында: жоғары оқу орнындағы
ғылымының беделін көтеру; жастардың ғылыми-зерттеу қызметіне қатысуын ынталандыру; жоо
ғылымындағы жас мамандарды ғылыми-зерттеу қызметінің тұрақты үрдісіне және ойлап табу
шығармашылығына тарту; жастарды жоо үшін, сондай-ақ, жалпы мемлекет үшін
ғылымның
басымды бағыттары бойынша өзекті мәселелерді шешуге бағытталған ғылыми жобаларға тарту.
Достарыңызбен бөлісу: