Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Дәріс 10. Қайта құрудың жобалық-технологиялық құжаттамасы туралы түсінік



бет22/25
Дата17.06.2023
өлшемі1.61 Mb.
#475167
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
umk rekonstrukiya str-18-1u

Дәріс 10. Қайта құрудың жобалық-технологиялық құжаттамасы туралы түсінік.
Жоспар:
1. Қайта құрудың жобалық-технологиялық құжаттамасы.
2. Жобалық-сметалық құжаттама құрамы.
3. Жұмыстарды жүргізу жобасы.


1. Жобалық-технологиялық құжаттамасы туралы түсінік. Азаматтық ғимараттар мен құрылыстарды қайта құрудың жобалық-технологиялық құжаттамасын әзірлеу орынжайларды қайтадан жоспарлау кезінде, функционалдық арналуын өзгерту, конструкцияларды, инженерлік жүйелерді ауыстыру немесе оларды жаңадан орнату кезінде, үй маңындағы аумақты абаттандыру және басқа да ұқсас жұмыстарды орындау кезінде қажет болады.
Қайта құруды жобалау, ғимаратты пайдалануға қабылдау және пайдалану кезеңдері ғимараттың пайдаланушылық қасиеттерінің параметрлерін (ПҚП) белгілеуге, материализациялауға және қолдап тұруға негізделеді.
Бұл ретте жобалаушылар тапсырма мен ҚНмЕ-ні, өз күштері мен құралдарын (құрылыс-монтаждау жұмыстарының, олардың сапасын бақылау әдістерін және т.с.с.) басшылыққа ала отырып, нақты ПҚП мәндерінің жобалық шамаларға сәйкестігін қамтамасыз етеді.
Пайдаланушылар жобаны, ғимаратты пайдалануға қабылдау актісінде тіркелген нақты ПҚП мәндерін, өз күштерін (мәндерін мерзімді бақылау, техникалық қызмет көрсету (ТҚ) және жүйелер мен конструкцияларды баптау, жөндеу (Ж)) басшылыққа ала отырып, ПҚП мәнін берілген деңгейде қолдап тұрады.
Жобалау кезеңінде жобалаудың өзі, жобаларды өндіріске қабылдау және тікелей құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіледі. Мемлекеттік ведомствоаралық комиссияның актісін қабылдап, бекіткен соң ғимарат пайдалануға беріледі, әрі кейіннен техникалық қызмет көрсету, ағымдық және күрделі жөндеу жүзеге асырылады.
Ғимараттар мен құрылыстарды қайта құруды жобалау барысын- да қалалардың аудандық жоспарының сұлбалары мен жобалары, бас жоспарлары, инженерлік жүйелерді дамыту сұлбалары, үй топтарын, көліктік магистральдарды қайта құрудың жобалық ұсыныстары ескеріледі.
Тұрғын үй ғимараттарын қайта құруды жобалау әдетте бір кезеңмен жүзеге асырылады; нәтижесінде жұмыс жобасы пайда болады. Екі кезеңді жоабалау (жоба және жұмыс құжаты) келесі факторлардың бірі болуы жағдайында мүмкін болады: нысанның қалалық маңыздылығы, толығымен қайта жоспарлау, үстінен құрылыс салу және т.с.с.
Қайта құру жобалары мен сметаларының мазмұнына, құрамына, әзірлеу тәртібіне, сондай-ақ келісу және бекіту тәртібіне қойылатын басты талаптар тұрғын үйлер үшін бекітіліп енгізілген, ведомстволық құрылыс нормаларында (ВҚН), сондай-ақ құрылыс нормалары мен ережелерінің (ҚНмЕ) тиісті бөлімдерінде келтіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет