2. 2-стратегиялық бағыт. Экономиканы жедел әртараптандыруды ғылыми қамтамасыз ету
2.1. Реттелуші саланы немесе қызмет саласын дамытудың негізгі параметрлері
Ел ғалымдарының қызметі мемлекеттік басымдықтарға сәйкес қалыптасқан республикалық мақсатты және қолданбалы ғылыми-техникалық бағдарламаларды, іргелі зерттеулер бағдарламаларын іске асыруға және Қазақстанда инновациялық қызметті дамытуға бағытталған.
Ғылымды дамыту 6 басым бағытқа шоғырланған: нанотехнологиялар және жаңа материалдар; биотехнологиялар; көмірсутекті және тау-кен металлургиялық секторлар және олармен байланысты сервистік салаларға арналған технологиялар; ядролық технологиялар және қалпына келтірілетін энергетика технологиялары; ақпараттық және ғарыштық технологиялар; тұрақты дамудың негізі ретінде ұлттық идея.
Елде ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді орындайтын 421 ұйым жұмыс істейді, оның ішінде 141-і – мемлекеттік ғылыми-зерттеу институттары. Ғылыми зерттеулермен және әзірлемелермен 16,3 мың адам (2006 ж. – 19,56 мың; 2007 ж. – 17,77 мың) айналысады, оның ішінде зерттеуші-мамандар – 10,8 мың адам (2006 ж. – 12,4 мың; 2007 ж. – 11,5 мың).
2007 – 2010 жылдары ғылыми зерттеулерді мемлекеттік қаржыландыру көлемі 16,9 млрд. теңгеден 20,0 млрд. теңгеге дейін өсті немесе 15,5 %.
Қазақстан ғылымын мемлекеттік қаржыландыру деңгейі соңғы 3 жылда ЖІӨ-нің 0,22 %-ын құрады. АҚШ долларымен есептегенде ҒЗТКЖ-ға кететін шығын Қазақстанда әрбір жан басына жылына шамамен 15 долларды (салыстыру үшін Ресейде – 70 шамасында; АҚШ-та – 892; Швецияда – 875, Финляндияда – 726 доллар) құрайды.
Ғылыми инфрақұрылымды дамыту мақсатында ғылымның басым бағыттары бойынша 5 ұжымдық пайдаланымдағы ұлттық зертхана құрылды және жабдықталды. Жетекші жоғары оқу орындарының жанынан 15 инженерлік бейіндегі зертхана ашылып, жұмыс істейді. 6 инновациялық-білім беру, оның ішінде екі халықаралық консорциум құрылды.
Ғылыми зерттеулердің нәтижелерін коммерцияландыру бойынша шаралар қабылдануда. Жоғары патогенді құс тұмауына қарсы отандық вакцина (2008 – 2009 жж. 7,7 млн. доза өндірілді) шығарылуда. A/H1N1 тұмауына қарсы әсерсіздендірілген вакцинаны дайындаудың технологиясы әзірленді. Қарағанды фармацевтикалық кешенінде 20 млн. түпнұсқа фитопрепараттардың орамын шығару қамтамасыз етілуде. 110 жаңа жұмыс орны құрылды.
«Мәдени мұра» бағдарламасының шеңберінде гуманитарлық бағыттағы 6 ғылыми-зерттеу ұйымы 70-тен астам ғылыми жобаларды орындады. Нәтижесінде ұлттық және әлемдік ғылыми пікірлер, мәдениет және әдебиет басылымдарының сериялары әзірленді, 230-дан астам кітап атауы басып шығарылды.
2010 жылы Білім және ғылым министрлігі 6 іргелі зерттеулер бағдарламасын және 34 қолданбалы зерттеулер бағдарламасын іске асыруда.
2009 жылы шетелдік ғылыми орталықтарда 120 қазақстандық ғалым, оның ішінде жас ғалымдар тағылымдамадан өтті. Ағылшын тілі курстарымен ғылыми ұйымдар базасында 203 адам қамтылды.
Зияткерлік меншік институтының деректеріне сәйкес 2010 жылы өнертабыстарға 1 168 қорғау құжаттары берілген, соның ішінде 168 патент, 21 патент алды, 821 инновациялық патент берілді.
2008 жылы іске асырылған ғылыми-техникалық бағдарламалар нәтижесінде отандық және шетелдік басылымдарда 9 045 ғылыми мақала жарияланды. 1 097 әдістеме, практикалық ұсынымдар, оқу құралдары, бағдарламалар, электрондық оқулықтар және т.б. әзірленді. Жарияланымдық белсенділіктің анағұрлым жоғары деңгейі 1 қызметкерге есептегенде іргелі зерттеулер бағдарламасы бойынша 0,8 екені байқалуда.
Соңғы жылдар аралығында қазақстандық ғалымдардың халықаралық журналдардағы жарияланымдарының олардың жалпы санына қатынасы өзгеріссіз қалып отыр және 6 %-ды құрайды. Қазақстан ғалымдарының шетелдік жарияланымдарының үлесі жалпы дүниежүзілік ағымда 0, 017 %-ға тең. Халықаралық агенттіктердің деректері бойынша Қазақстан 5 жылда 1000 – 10000 жарияланымы бар 46 ел тобына жатады.
Қазақстандағы ғылыми-техникалық дамудың макроэкономикалық талдауы ЖІӨ-дегі жаңа ғылыми өнімнің үлесі соңғы жылдары 1,1 %-дан аспайды, ғылыми өнімді өндіру бойынша кәсіпорындардың белсенділігі – 2,3 %.
Қазақстан ғалымдарының жақын және алыс шетелдермен: Ресей, Белорусь, АҚШ, Қытай, Үндістан, Германия және басқалармен ынтымақтастығы дамуда. «Ғылым саласындағы 2007 – 2009 жылдарға арналған халықаралық ынтымақтастық» ғылыми-техникалық бағдарламасының шеңберінде 92 бірлескен жоба орындалды.
Ғылыми-техникалық салада нормативтік және құқықтық база жетілдірілуде. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылым туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының жобаларын әзірледі және Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізді.
«Ғылым туралы» Заңның жобасында ғылымды басқару және қаржыландыру жүйесін жетілдіру бойынша нормалар қарастырылады: ұлттық ғылыми кеңестерді, ғылыми жобаларды тәуелсіз халықаралық сараптауды енгізу арқылы Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығын құру мәселелері, қаржыландырудың жаңа түрлерінің тетіктерін (базалық, бағдарламалық-нысаналы, гранттық қаржыландыру), университет ғылымын, мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту, ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды ілгерілету.
2.2. Негізгі проблемаларды талдау:
1. Қазақстанда ғылымды қаржыландыру деңгейі төмен болып қалып отыр. Ғылыми зерттеулерге бюджеттен бөлінетін шығыстар ЖІӨ-ге 0,22 %-ды құрайды. ЮНЕСКО деректері бойынша әлем экономикасы ғылымға ЖІӨ-ден 1,7 % бөледі. Дамыған елдерден айырмашылығы жекеменшік сектордың ғылымды дамытудағы үлесі төмен.
2. Материалдық-техникалық базаның нашарлығы. Ғылымға кететін шығыстардың төмендігінен 2000 – 2008 жылдары ғылыми-техникалық ұйымдар қорының жарақталуы аздап қана жоғарылады.
3. Еліміздің ғылыми инфрақұрылымында GLP (Good Laboratory Practice – Тиісті зертханалық практика), GMP (Good Manufacturing Practice – Тиісті өндірістік практика), GSP (Good Scientific Practice – Тиісті ғылыми практика) халықаралық стандарттарын қолдану ғылыми зерттеулердің сапасын және отандық өнімдердің ішкі және сыртқы нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін көтереді. Сонымен қатар, қазіргі кезде олардың елдің ғылыми инфрақұрылымында қолданылуы жеткіліксіз. Олардың жоқтығы отандық өнімдерді экспорттауға кедергі келтіретін және олардың ішкі және сыртқы нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін төмендететін фактор болып табылады.
4. Ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды іріктеу кезінде халықаралық сараптама жүргізу тәжірибесі пайдаланылмайды.
5. Ғылыми кадрлар жасының ұлғаюы және жастардың ғылымға аз келуі. 60 жастан жоғары ғылым докторларының саны – 47,4 %; 40 жастан жоғары ғылым кандидаттарының саны – 70 %. Ғалымдардың орташа жасы – 55 жас шамасын құрайды.
6. Ғылыми зерттеулер нәтижелерінің төмендігі. 16 мың ғалымға 1 – 2 халықаралық патенттен келеді. Елімізде 1 млн. халыққа патент сұранысының саны 93,6 (Ресейде – 195,9; Германияда – 582,6; Ұлыбританияда – 289,7; АҚШ-та – 741,8; Кореяда – 2 591,5; Жапонияда – 2 720,7) құрайды. Әлемде қазақстандық ғалымдардың ғылыми басылымдарының үлесі тек 0,021 %-ды құрайды. Ал жалпы әлемдік ағымда АҚШ шамамен 22 %, Қытай - 10,2 %, Жапония - 6,1 %, Ресей – 2 %-ды құрайды. Орта есеппен жылына шетелде біздің ғалымдардың жарық көретін мақалаларының саны 243-ті құрайды.
7. Ғылым мен білім беру арасында алшақтық сақталуда, соның салдары – білім беру саласында ғылыми нәтижелер капиталға айналмауы, ғылыми зерттеу жүргізуге жас мамандардың тартылмауы.
8. Ғылыми қызметкерлердің ұлттық кәсіби қоғамы дамымаған, олардың ішінде биологиялық, физикалық, химиялық қоғам және т.б.
9. Шетелде оқу мен тағылымдамадан өткен жас ғылыми қызметкерлер мен оқытушыларға өзінің зерттеу дағдысын толығымен қолдану мен дамыту және тиісті ғылыми ортаның жоқтығын ескере отырып халықаралық деңгейде ғылыми нәтижелерді алу мүмкіндігі қарастырылмаған.
2.3. Сыртқы және ішкі факторларды бағалау
1. Ғылымды қаржыландыру деңгейінің жеткіліксіздігі – ғылыми-техникалық және жалпы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі мәселелерінің негізі болып табылады.
2. Еліміздің ғылыми-техникалық әлеуетінің жай-күйі.
Ғылыми әлеуеттің кеңейтілген өндірісі іске асырылмайды. Жоғары білікті кадрлар жасының ұлғаюы мен кету мәселесінің маңыздылығы толық бағаланбайды.
Қазақстан Республикасы Жоғары ғылыми-техникалық комиссиясының Халықаралық сараптама кеңесі өзінің есебінде (2008 ж., наурыз) «Қазақстанның болашағын анықтайтын сыни фактор – бұл ғылыммен және технологиямен айналысатын білікті зерттеушілерді даярлау және тиімді пайдалану» болып табылатынын атап өтті.
Қазіргі таңда жоғары білікті кадрлардың әлеуеті Қазақстанның ғылыми-техникалық саласында жеткілікті деңгейде қолданылмайды. Жоғары білікті кадрларды даярлау мен пайдаланудың қолданыстағы жүйесі ғылым мен экономиканың кадрлық қажеттіліктерін қамтамасыз етпейді.
3. Ұйымдастыру-экономикалық факторлар.
Ғылыми әлеует жағдайымен байланысты себептерден басқа ғылымды қайта құру мына ұйымдастыру-экономикалық факторлармен асқынуда:
- даму басымдықтарының үздіксіз ауысуы, оны жүзеге асырудың нақты шараларының ғылыми-техникалық саясаттан алшақтауы;
- ғалымдар бейімделуге үлгермей жатқан үздіксіз институционалды реформа (білім беру/ғылыми орталықтар мен холдингтерді тарату, білім беру/ғылыми-зерттеу ұйымдарын тарату, ведомстволық бағыныстағы ҒЗИ-дің ауысуы).
4. Ғылыми қызметкердің әлеуметтік мәртебесі ғылымға жастарды тартудың және ғылыми-техникалық саладан мамандардың кетуінің ішкі және сыртқы кемуінің маңызды факторы болып табылады.
3. 3-стратегиялық бағыт. Балалар мен жастардың дамуы үшін жағдайлар жасау, оларды елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тарту
3.1. Әрбір баланың отбасында өмір сүру және тәрбиелену құқығын іске асыру есебінен әлеуметтік жетімдікті төмендету
3.1.1. Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері
Білім беру органдарының деректері бойынша 2010 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша республикада жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 38 386 бала бар. Оның ішінде қорғаншылыққа және қамқоршылыққа – 22 067 бала, патронат тәрбиесіне – 2 267 бала, интернаттық ұйымдарға – 14 052 бала (оның ішінде білім беру жүйесінде – 11 612, денсаулық сақтау жүйесінде – 1 586, халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде – 854 бала) орналастырылды.
Әлеуметтік жетімдіктің проблемаларын шешу үшін 2010 жылы төмендегі шаралар қабылданды:
1) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жетім балаларды отбасыларына орналастыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы жанданды: жетекші республикалық телеарналарда 14 әлеуметтік бейнеролик көрсетіліп жатыр, «Біздің балалар» бағдарламалар топтамасы шығуда, жергілікті газеттерде «Әр балаға – отбасы», «Мен анамды іздеймін!», «Ана, мені тауып алшы!», «Әлемге мен қажетпін, маған отбасы қажет» және тағы басқа айдарлар ашылған;
2) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасылық орналастырудың нысандарын жұртшылыққа таратуға бағытталған «Қуан, сәби», «Ризашылық», «Қамқоршы күні» республикалық акциялары өткізіледі;
3) әлеуметтік жетімдікті азайтудың индикаторлары және көрсеткіштері жергілікті атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларына енгізілді.
3.1.2. Негізгі проблемаларды талдау
Қазіргі уақытта жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардағы тәрбиеленушілердің саны 7 %-ға кеміді.
Сонымен қатар, институттандыру деңгейі айтарлықтай жоғары болып тұр. 2010 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша интернаттық мекемелерде 14 052 (36,6 %) бала бар. Бұл ретте, аталған мекемелер тәрбиеленушілерінің 85 %-ы әлеуметтік жетімдер болып табылады.
3.1.3. Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау
сыртқы фактор – бала асырап алуды, қорғаншылық пен қамқоршылықты насихаттау арқылы бөгде баланы тәрбиелеуге психологиялық ынталандыруды қалыптастыру (бала асырап алудың беделі және әлеуметтік қажеттілігі).
ішкі фактор – жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтау және есепке алу жүйесін жетілдіру, оның ішінде балаларды есепке алудың ақпараттық жүйесін құру, «Өзін-өзі тану» тұлғаны адамгершілік-рухани дамытудың бағдарламасын барлық білім беру ұйымдарында енгізу арқылы балалар мен ата-аналарға адамгершілік-рухани білім беруді дамыту.
3.2 Даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту
3.2.1. Қызмет саласын немесе салалық реттеуді дамытудың негізгі өлшемдері
Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы білім беру 37 арнайы балабақшада және 101 түзеу мектептерінде, балабақшалардағы 240 арнайы топтар мен жалпы білім беретін 1 098 арнайы сыныптарда жүзеге асырылуда. 10 мыңға жуық бала жеке оқу бағдарламалары бойынша үйде білім алуда.
Психофизикалық даму бұзылысының көрінісіне және таным мүмкіндіктеріне қарай білім алушылар даму мүмкіндігі шектеулі балалардың таным деңгейлеріне бағытталған арнайы оқу бағдарламалары мен оқулықтарын пайдалануды қарастыратын 3 нұсқа бойынша білім алады.
Республикада 2004 жылдан бастап арнайы түзеу білім беру ұйымдарына арналған 8 негізгі түрі мен үлгі бойынша қазақстандық оқулықтар мен ОӘК-ні әзірлеу, басып шығару бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Есту қабілеті (естімейтін, нашар еститін), интеллектуалды дамуы бұзылған балаларға (интеллектуалды даму бұзылысы жеңіл және ауыр), сөйлеу, көру қабілеті (Брайль жүйесі бойынша көрмейтін балаларға – орыс тіліндегі ресей және қазақстандық авторларды бейімдеу; көру қабілеті бұзылған балалар үшін үлкейтілген қаріптермен) бұзылған балаларға арналған 296 түпнұсқа оқулық атауы мен ОӘК әзірленді.
Республикада дамуында проблемалар бар балаларды анықтауда, диагностика жасауда және консультация беруде, халыққа медициналық-педагогикалық-психологиялық әлеуметтік көмек көрсететін 56 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация жұмыс істейді.
Түзеу-педагогикалық қолдау көрсету туғаннан бастап мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған 156 инклюзивті білім беру кабинетінде, 123 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінде, 15 оңалту орталығында, 345 логопед пункттерінде көрсетілуде.
3.2.2. Негізгі проблемаларды талдау
Елімізде қалыптасқан дамудағы кемшіліктерді кешенді диагностикалау, ерте түзеу-педагогикалық қолдау тек әрбір үшінші даму мүмкіндігі шектеулі баланың жалпы білім беру процесіне қосылуына мүмкіндік береді. Мектепке дейінгі жастағы даму мүмкіндігі шектеулі балаларға білім алуға тең қолжетімдік толық көлемде қамтамасыз етілмеген.
Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы білім беру бағдарламаларымен қамтамасыз ету 41,4 %-ды құрайды.
Арнайы білім беру ұйымдарының заманауи мультимедиалық жабдықтармен қамтамасыз етілуі 35-тен 60-қа дейінгі пайызды құрайды.
Рельефті-нүктелік қаріпті шығаратын жабдықтардың жоқтығынан көрмейтін балалар үшін «Брайль» жүйесі бойынша қазақ және орыс тілдерінде қазақстандық оқулықтарды басып шығару проблема күйінде қалып отыр.
3.2.3. Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау
Сыртқы фактор – даму мүмкіндігі шектеулі балалар мен мүгедек балалардың сапалы білім алуы үшін қарастырылған тең құқығының толық көлемде іске аспауы;
елді-мекеннің жеткілікті ақпараттандырылмауынан инклюзивті білім беруді енгізу қарқынының төмендігі;
инклюзивті (тарту) білім беру идеясын насихаттауда медиаресурстарды пайдаланудың төмендігі;
Ішкі фактор – ерте жастағы даму мүмкіндігі шектеулі балаларға кешенді түзеу-педагогикалық қолдау көрсету үшін арнайы білім беру ұйымдары желісінің жетіспеушілігі;
арнайы құралдармен жеткіліксіз жабдықталу; көрмейтін балаларға арналған рельефті-нүктелік қаріпті қазақ және орыс тілдеріндегі оқулықтардың жоқтығы.
3.3 Жастардың әлеуметтік құқықтарын және мемлекеттік кепілдіктерін іске асыру
3.3.1. Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері
Қазіргі уақытта Қазақстандағы жастар саны 4,35 млн. адамды немесе жалпы халықтың 29 %-ын құрайды, бұл ретте ауыл жастарының үлесі 2,15 млн. адамды немесе жастардың жалпы санының 49 %-ын құрайды. Жастардың саны көп өңірлер: Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстары және Алматы қаласы.
Жастар санының серпіні, мың адам
|
1999 ж.
|
2006 ж.
|
2007 ж.
|
2008 ж.
|
2009 ж.
|
Барлық тұрғын
|
14 955
|
15 219
|
15 396
|
15 571
|
15 776
|
Барлық жастар
|
4 093
|
4 521
|
4 569
|
4 569
|
4 358
|
Қала жастары
|
2 272
|
2 518
|
2 547
|
2 297
|
2 199
|
Ауыл жастары
|
1 821
|
2 003
|
2 022
|
2 272
|
2 159
|
2005 жылмен салыстырғанда жастар ұйымдарының саны 2 есеге ұлғайды және 2009 жылы 743-тен асты. Жастар ұйымдарының қызметіне қатысатын жастардың үлесі олардың жалпы санының 25 %-ын құрайды.
Жастар ұйымдары санының серпіні
2009 жылы Министрлік мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыруға 248 625 мың теңге, оның ішінде жастарға арналған әлеуметтік қызметтердің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге – 90 млн. теңге. Облыстарда, Астана және Алматы қалаларында әлеуметтік маңызы бар жобалардың тақырыптарын жасау үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде зерттеулер, сұрау және фокус-топтарды өткізу арқылы жастардан және жастардың көшбасшыларынан ұсыныстарды жинақтау жүргізіледі.
Жастардың бастамаларын қолдау үшін жергілікті бюджеттерден мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың көлемі 2009 жылы 263 млн. теңгені, ал 2008 жылы – 146 млн. теңгені, 2007 жылы – 110 млн. теңгені құрады. Жастар саясатын іске асыру бойынша 2009 жылы күтілген нәтижелерге қол жеткізілді.
Өткен жылдармен салыстырғанда іске асырылған жобалар саны ұлғайғаны байқалады. 2007 жылы іске асырылған әлеуметтік маңызы бар жобалар саны 31-ді, 2008 жылы – 22-ні, 2009 жылы – 26, 2010 жылы - 32-ны құрады. Жастарға арналған ресурстық орталықтардың саны ұлғайды. 2007 жылы олардың саны 8 болса, 2008 жылы – 12-ні, 2009 жылы 17-ні құрады.
Жастар саясаты бағдарламасын іске асыру мақсатында Министрлік республикалық, өңірлік жастар қоғамдық ұйымдарымен және облыстық жастардың үкіметтік емес ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасайды.
Әр өңірде Жастар және студенттік еңбек жасақтарының штабтары жұмыс істейді. Олар 30 мыңнан астам оқушы жастарды маусымдық жұмыспен, оның ішінде «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша аумақты көгалдандыру мен абаттандыруды ұйымдастыру кезінде қамтамасыз етеді.
ТМД-ға қатысушы елдердің халықаралық жастар Дельфийлік ойындарына жыл сайын Қазақстанның құрамасы қатысады. Қазақстан жастарының халықаралық білім беру бағдарламаларына қатысуы жылдан-жылға ұлғаюда. 2009 жылы халықаралық ынтымақтастық бойынша 62 іс-шара өткізілді (2008 жылы – 48).
Республикалық және өңірлік деңгейде патриоттық тәрбие беру жүйесі құрылды. 2006 – 2008 жылдары 800-ден астам патриоттық іс-шара өткізілді. Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында тәрбие берудің 2006 – 2011 жылдарға арналған кешенді бағдарламасы іске асырылуда. Жастардың патриоттық тәрбиесіне қатысты мәселелер бойынша жүргізілген әлеуметтік зерттеулер азаматтардың патриоттық козғалыстарға қатысуға ұмтылысы 35,5 %-дан (2006 жылы) 69,7 %-ға (2009 жылы) көтерілгенін көрсетті. Әлеуметтік сауалдардың деректері бойынша патриотизм деңгейі 2006 жылы 53,4 %-ды, 2007 жылы – 55,9 %-ды, 2008 жылы – 68,2 %-ды, 2009 жылы – 75 %-ды құрады.
Жоғары оқу орындарында тәрбие беру жұмысы студенттердің және оқытушылардың әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз етуге, жас таланттарды қолдауға және жас мамандарды жұмысқа орналастыруға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған. Осы бағытта 2009 жылы 76 іс-шара өткізілді.
Қазақстандағы мемлекеттік жастар саясатын жаңғырту барысында Орталық және Солтүстік Еуропа елдерінде тиімді қолданылатын жастар саясаты моделін іске асырудың оң тәрижибесі қолданылады. Аталған модельдің сипаттық ерекшілігі қоғамдағы барлық жастардың бірлесуіне мемлекеттің жауапкершілігі болып табылады. Оның ішінде – әлеуметтік қызметтердің, жастарға арналған ресурстық орталықтардың жүйесін ұлғайту, әлеуметтік қызметтердің бірыңғай стандарттарын, білім, денсаулық сақтау, жұмыспен және тұрғын үймен қамтамасыз ету салаларында әлеуметтік кепілдіктердің ең төменгі нормативтерін енгізу.
3.3.2. Негізгі проблемаларды талдау
Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруды басқару жүйесі толық қалыптаспаған.
Жастар саясаты бойынша барлық бағдарламалық құжаттар 2008 жылы аяқталды. Жастардың қоғамға, экономикалық өзара қарым-қатынастар жүйесіне, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, көмек пен әлеуметтік қызметтерді көрсету мақсатында мемлекеттік жастар саясатының нәтижелі жұмыс істеу үшін ұйымдастырушылық-құқықтық механизмдерді жетілдіруіне бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты мәселелері жөнінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасын қабылдайтын кезең келді.
Күшті жақтары: Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуы, базалық әлеуметтік инфрақұрылымның болуы, қоғамдық-саяси саладағы «әлеуметтік лифт» алаңдарының құрылуы, жастармен жұмыс істеудің сынақтан өткен әдістемелерін қолдану, жастарға арналған брендтік іс-шаралардың тұрақты өткізілуі.
Әлсіз жақтары:
- «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, жастар құрылымдары туралы статистикалық базаның жетілдірілмеуі;
- жастардың мақсаттық топтарының толық қамтылмауы, жастар саясаты саласындағы медиаресурстардың аз қолданылуы;
- «жас маман» түсінігінің жоқтығы, жастар үшін үй мәселесін шешуге жеңілдіктердің жоқтығы (мысалы, Батыс Қазақстан облысында жастардың тұрғын үй мәселесін жеңілдіктермен шешу мақсатында «Жастар үйі» салынған), спорттық және демалыс мекемелеріне қол жетімділіктің жеткіліксіздігі, жастардың мәдениет, білімділік деңгейінің төмендеуі, жастардың экономикалық және әлеуметтік әлеуетін қолдау тетіктерінің жоқтығы.
3.3.3. Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау:
Сыртқы факторлар:
Ішкі саяси тұрақтылық, тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму және елдің қаржылық тұрақтылығы сияқты факторлар мемлекеттік жастар саясатының табысты іске асуына ықпал етеді.
Ішкі факторлар:
Сапалы білім алу үшін қолайлы жағдай жасау жалпы жастар саясатының, сондай-ақ білім алу құқығының іске асуына ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |