Қазақстан республикасы білім және ғылым



Pdf көрінісі
бет92/107
Дата15.02.2024
өлшемі2.94 Mb.
#491998
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   107
ЖАЛПЫ ТОПЫРАҚТАНУ

 
 
Шөл далалар мен шөл зонасы топырақтарын 
пайдалану 
 
Бұл зонадағы ағаш тектес өсімдіктер тіршілігіне қолайлы 
жағдай өзен аңғарларында қалыптасады, онда тал, жиде, тораң-
ғы, жыңғыл құба топырақтарында өседі. Сексеуіл ормандары 
кең аумақтарды 20 млн. га қамтиды, олардың орташа ағаш қоры 
35 м
3
/га. Жақсы өсетін топырақтары жер асты сулары 3-8 метрге 
орналасқан құндақ және жеңіл саздақ топырақтар. Мұндай жер-
лерде олардың бойы 4-6 м жетеді. Сексеуілден басқа бұнда 
жүзгін жергез жиде өседі. Бұнда ағаш тектес өсімдіктерді өсіру 
үшін оларды суару, топырақты шаю қажет. 
Минералдық тұздардың, жылу мен ылғалдың үлкен қоры 
бұл зонада әртүрлі ауылшаруашылық дақылдарынан жоғары 
өнім алуға мүмкіндік береді. Шөл далалар мен шөл аймағы 
суармалы егістіктің ең көне орны. Бұнда мақта, қант қызыл-
шасы, бидай өсіріледі, диқандар бағбандықпен, жүзім өсірумен 
де айланысады. Сондықтан, топырақты өңдеу мен суару кезінде 
топырақтың су - физикалық қасиеттері өзгеруіне, тұздану дәре-
жесіне, суда еритін тұздар мөлшеріне көңіл аударып отыру 


және екіншілік тұздану үдерісін болдырмау шараларын іске 
асыру қажет. Бұл зонаның көп бөлігі (29,7 %) жайылым ретінде 
пайдаланылады, оларды жақсарту, жерді тиімді пайдалану 
тығыз байланысты. 
 
VII. II Тұзданған топырақтар мен солодтар, олардың 
таралуы мен аумағы 
Тұзданған топырақтарға кебірлер, сорлар және сортаңдар 
жатады. Олар интразоналық топырақтар, яғни олардың өз то-
пырақ зонасы жоқ және әртүрлі зона топырақтары арасында ара-
ласа кездеседі. Дегенмен зоналық та маңызы бар, себебі бұл то-
пырақтар ыстық, құрғақ климат пен тұзданған жер асты сулары 
жағдайында қалыптасқан. Дегенмен, кебірлер, сорлар және 
сортаңдар тіпті Якутияда да кездесетінін айта кеткен жөн. 
Тұзданған топырақтар мен солодтар зонасы ТМД аума-
ғында 160 млн. га құрайды. Олардың 0,5% (Фатьянов, 1972) 
солодтар мен солодтанған топырақтар. Кебірлер негізі сұр 
топырақтар аймағында, біраз бөлігі каратопырақ, күрең және 
құба топырақтар аймағында таралған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   107




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет