Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі


Жіті және созылмалы іріңді салпингит



бет111/115
Дата25.09.2022
өлшемі2.58 Mb.
#461304
түріОқулық
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   115
акушерство китап

Жіті және созылмалы іріңді салпингит(Salpingitis purulenta acuta et chronica). Іріңді салпингит әдетте катаралдыдан дамиды және көбіне іріңді – катаралды қабыну түрінде өтеді. Іріңді салпингит кілегейлі қабаттағы терең өзгерістермен сипатталады. Оның беткейінде эрозиялар мен ойықжаралар және дифтериялық шөгінділер пайда болады. Патологиялық үрдіс бұлшық ет қабаттарын қамтиды. Созылмалы ағымында тыртықты ұлпа дамиды да түтік аралығы облитерацияланады. Түтік каналында ақ түсті, кілегей тәріздес немесе сұйық жасыл түсті, я болмаса сары түсті сірі катаралды іріңдер жиналады. Құрамы түтікті созып бір тұтас флюктуацияланатын қапшық тудыруы мүмкін.
Қалыпты жағдайда биелер мен сиырлар аналық түтіктері тік ішек арқылы зерттегенде сезілмейді. Сондықтан эндосалпингиттің клиникасы бәсең түрлерін диагностикалау мүмкін емес. Гидро- және пиосалпингит кезінде дөңгелек немесе сопақша флюктуацияланатын аналық безі мен жатыр мүйізі күмбезі аралығында орналасқан қапшық айқындалады. Түтікте іріңді құрам болуы кезінде жануарлар пальпацияға аса сезімді.
Эндомиопереселпингит (Salpingitis nodosa). Бұлшық ет ұлпасының орынын толтыратын дәнекер ұлпа өсуімен және түтік бойымен түйіндер мен түйнектер тудыратын созылмалы қабыну. Мұндай күшті зақымдалу кезінде аналық түтіктерінің өткізгіштігі бұзылып, көбіне олардың аналық безімен және қоршаған ұлпалармен жабысып өсуі орын алады. Созылмалы салпингит созылмалы катаралды немесе іріңді салпингит асқынуы түрінде, ал сиырлада сары денені қысып тастаған соң, сондай-ақ туберкулезбен зақымдалу кезінде пайда болады. Тік ішек арқылы пальпациялау арқылы аналық безі мен жатыр мүйізі аралығы жалғамында тығыз кейде тас тәріздес консистенциядағы төмпешік сезіледі. Кейде аналық безін қоршай орналасқан дәнекер ұлпалы өсінділер мен жалғамдар байқалады. Ұсақ жануарларда диагноз лапоротомиядан соң ғана мүмкін.
Емі. Салпингит кезінде тиімсіз. Біржақты салпигиті анықталған жануарлар шартты түрде жарамды деп танылады. Екі жақты салпигит кезінде жануарларды шығынға жібереді. Түтік шемені кезінде массаж жасап түтік қалыптасуына үміт артуға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   115




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет