Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі



бет59/115
Дата25.09.2022
өлшемі2.58 Mb.
#461304
түріОқулық
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   115
акушерство китап

Бақылау сұрақтары:
1. Туу үрдісін қандай факторлар қамтамасыз етеді?
2. Қандай клиникалық белгілер бойынша туу уақытын болжамдауға болады?
3. Туу үрдісі қандай сатылардан құралады?
4. Туудың қалыпты ағымы неге байланысты?
5. Қалыпты туу кезінде қандай жәрдем көрсету қажет?
6. Туудан кейінгі кезеңде аналықтар организмінде қандай өзгерістер өтеді?
7. Әр түрдегі үй жануарларының туу ағымы мен туудан кейінгі кезеңінде қандай ерекшеліктер байқалады?
6 Тарау. Буаз малдардың аурулары, буаздылық патологиясы

Буаздылық кейбір органдардың (өкпе, бүйрек, бауыр, жүрек) жұмыстарын қиындатып, шиіленістіреді, сонымен олардың функциональдық жағдайы нашарлайды, организмнің физиологиялық тепе-теңділігінің бұзылуына әкеледі. Буаз малдар өздерінің түріне тән барлық ауруларға ұшырауы мүмкін (мысалы, буаз малдың жатып қалуы, ісінуі). Егер буаздылық болмай тұрып патологиялық процесстер дамуына аналық мал организмінде жағдай болса, онда буаздылық олардың ағымын шиеленістіреді және анасы мен ұрыққа қайшы әсерін тигізеді.


Буаз малдар ауруларының пайда болу себептері:
А - гиповитаминоздар, минералды зат алмасу процессінің бұзылуы болып саналады.
Биелерде, уақытынан бұрын болатын толғақтар алдымен оларды дұрыс азықтандырмауға және пайдаланбауына орай болады. Бұл себептерге биелерді суық сумен суару, бөлмедегі ауа температурасының тез ауысуы, көлемді азықтарды беру және биелерді қолдану тәртібінің бұзылуы жатады.
Кейде тіпті барлық жағдай дұрыс болып тұрып та буаз мал ауруға шалдығады, оның себебі организм буаздылықты қаламайды, оған қарсы реакция туғызады. Мұндай ауруларды буаздылық токсикозы деп атайды.
Сөйтіп, аналық мал организмінде буаздылық кезінде пайда болған ауруларды акушерлік аурулар деп атайды. Қазіргі кезде аналық малда кездесетін аурулар кеңінен тараған. Бұның негізгі себептері малдәрігерлік ережелерді сақтамау.


Буаздылық патологиясы
Жатырдан қан кету (Наmatometra) - көп жағдайда сиырда, биеде, ешкіде жатырдан қан кету қан тамырларының зақымдалуынан болады. Жатыр ішіне жатыр кілегей қабығының хорион тамырларының ашылуы немесе анасы және төл қан тамырларының жүйелері бір уақытта ашылуы мүмкін.
Себептері - жатырдың жарақаттануы, эндокриндік жүйе қызметінің және минералдық алмасудың бұзылуы, А-гиповитаминоз. Кейде ауру эндометриттің салдарынан дамиды.
3-5% құнажындар мен сиырларда жатырдан қан кетуі көбіне қозу сатысы аяқталғаннан кейін 1-3 күнінде тамырлар үзілуінен және диапедез салдарынан болады.
Клиникалық белгілері - әлсін-әлсін жыныс органдарынан қанның бөлінуі байқалады. Қан аз кетсе, онда малдың жалпы жағдайы өзгеріссіз, ал жатырдан қан көп кетсе, онда малда жалпы анемия белгілері байқалады.
Диагноз - ең алдымен қай жерден кеткенін анықтау қажет. Ол үшін қынап айнасы арқылы қынаптың кілегей қабығын және жатыр мойынының қынап бөлігін зерттейді. Егер қан жатырдан ақса онда қынап ішінде қан ұйығы байқалады, ал қынаптан ақса онда қынапта қан ұйығы болмайды.
Болжау - егер қанның ағуы онша болмаса, мал ақырындап өздігінен жазылып кетеді, ал енді қанның ағуы тоқтамаса жиналған қан хорионды плацентамен жатырдың кілегей қабығынан ажыратып жіберуі мүмкін, онда іш тастау болады.
Емі - ең алдымен қанды тоқтатуға тырысу қажет. Ол үшін (хлоралгидрат) және морфий инъекциясы (биелерге), сиырларға - бұлшық етке немесе күре тамырға аскорбин қышқылы (витамин С) 2 граммнан күнде 3-5 күн бойы егу керек. Күре тамырға кальций хлоридін немесе 10%-дық кальций глюконатын, 150-200 мл викасол (витамин К) ішіне және бұлшық етке 0,1-0,3 г күнде 2-3 рет егеді.
Анемия белгілері байқалса онда қан құяды немесе физиологиялық ерітіндіні қолдануға болады.
А.С. Кашин 1%-дық ихтиол ерітіндісін 3 кг тірі салмағына 1 мл есептен күре тамырға жіберуін ұсынды, бірақ мөлшері 150 мл көп болмауы тиіс. Камфора, кофеин және басқа жүрек дәрілерін қолдануға болмайды. Қатты қан кетуде қастауыш және басқа жатырлық дәрілерді жасанды іш тастау процессін тудыру үшін қолдану орынды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   115




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет