Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі


Төлдеуден кейінгі фибринозды эндометрит



бет91/115
Дата25.09.2022
өлшемі2.58 Mb.
#461304
түріОқулық
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   115
акушерство китап

Төлдеуден кейінгі фибринозды эндометрит (endometritis fibrinosa puerperalis) - жатыр қуысына фибрин шөгуімен өтетін жатыр қабығы кілегейінің қабынуы. Малдың жалпы жағдайында өзгерістер байқалмайды. Жыныс органдарынан сары-бүрлі қойыртпақтар немесе фибрин бөлшектері бар кілегейлі масса бөлінеді.
Болжау - қолайлы.
Емі. Орташа тұздардың гипертоникалық ерітінділерімен жатырды сулайды, майлар және жатырлық заттар қолданылады. Дене қызуы көтерілгенде антибиотиктер пайдаланады.


8.2. Жаңа туған төлдердің патологиясы және аурулары
Сыртқы ауаға алғаш рет түскен жаңа туған төл организімі бірнеше өзгерістерге ұшырауға және жаңа жағдайларға бейімделуі тиісті. Осы процесс жаңа туған төлдің кейбір органдарының және жүйелерінің бұзылуы салдарынан шиеленісуі мүмкін. Жаңа туған төл ауруларының жинағы анасының буаз кезінде жем, шөп беру және асырауындағы қателіктерден, патологиялық туу процесі және туа біткен ауытқулар салдарынан дамиды. Сондықтан жаңа туған төл ауруларының алдын алу шаралары, негізінен буаз малдарды дұрыс пайдаланудан, оларға құнды азық беруден тұруға тиісті. Жаңа туған төлдердің аурулары, осының салдарынан олардың өлуі, буаз сиырларды дұрыс пайдаланбау сонымен бірге рационда сапасыз азықтарды қолдану салдарынан болады. Сиырларды кеш суалтып жіберу немесе оларды үздіксіз сауу төлдің өмірсүргіштігіне қайшы әсерін тігізеді. Өйткені сүтпен бірге анасының организімінен ұрықтың өсуіне және қалыптасуына керек заттар көп мөлшерде алынады. Сиырларды кешігіп суалтқанда олардың сүт безінің инволюциясы мен эволюциясының динамикасы бұзылады, ал ол уыздың сапасы толық емес немесе уыздың болмауына әкеп соғады. Ал уыз жаңа туған төлдің өміріне және қоректенуіне маңызды зат болып есептелінеді.
Буаздылықтың екінші жартысында аналарының ақзаттық-витаминдік- минералдық ашығуы салдарынан және суалым мезгілдінің 60 күннен кем болуынан гипопротеинемия мен гамма-глобинурия дамиды, осыған байланысты жаңа туған бузаулар өте жиі диспепсиямен ауырады.
Жаңа туған бұзаулардың қан сарысуларында жалпы ақзаттың және олардың фракцияларының деңгейі аналарының қандары құрамына тікелей байланысты болады. Бұзауларға уыз бергеннен кейін олардың қандарында иммундік глобулиндердің және жалпы ақзаттың мөлшері жоғарлайды. Суалым мезгілі 60 күннен кем болған жағдайда сиырлардың уызында иммундік глобулиннің және жалпы ақзаттың саны шамадан аз болады. (О.Н.Солдатов).
Бұзаулардың диспепсиясының барлық түрлерінің пайда болуына аналарын күту, асырау кезінде кемшілік жіберу негізгі себеп болып саналады. Сондықтан, осы ауруды емдеу және алдын алу шаралары ретінде ең алдымен буаз малдың организіміне әсер ету керек.
Жаңа туған төлдің организіміне әсер ету диспепсияны емдеу немесе алдың алу шаралары түрінде тек аздаған нәтиже беруі мүмкін.
Жана туған бұзауларға, уыздың орнына сүт немесе 3%-дық қант ерітіндісін бергенде олардың қан құрамынан гамма-глобулиндер жоғалып кетеді және жалпы ақзаттың деңгейі азаяды. (М.П.Рязанский)
Буаз кезінде аналық малдарды асырау мен ұстауындағы қателіктерден ұрықтардың және өскіндердің әдеттегі даму, өсу процесстері бұзылады. Осының салдарынан әдетте бірінші күнде өлетін нашар дамыған төлдер (гипотониктер) туады. Ал егер олар өлмей қалса нашар өседі және әр түрлі ауруларға жиі шалдығады.
Мысалы, қозыларда энзоотикалық атаксия (К.Ф.Музафаров) және басқа аурулар кездеседі. Гипотониктар көпшілік аурулардың дамыуна өте жақсы орта болып саналады, сондықтан оларды тез арада бөлу немесе емдеу қажет. Төлдердің өмірсургіштігін жоғарлату үшін Ф.Ф.Мюллер жана туған бұзауларға, құлындарға және басқаларына аналарының қанын құю жақсы нәтиже беретінін атап кеткен.
Мал шаруашылығына жана туған төлдердің аурулары мен өлімі (жалпы малдардың ауруынан 80%) зор экономикалық зиян әкеледі.
Бұл көрініс келесі факторлармен түсіндіріледі, организм осы мезгілде сыртқы факторлардың қолайсыз жағдайының әсеріне өте сезімтал, сонымен бірге анасының ішіндегі дамуы, туу процессінің өтуі, анасы уызының сапасы. Көп жағдайда жаңа туған төлдердің аурулары оларды азықтандыру және ұстау кезінде кемшілік жіберуден және емді уақтылы қолданбауынан болады.
Жаңа туған төлдердің асфиксиясы. (Asphyxia neanatorum)
Көмір қышқылы шамадан тыс жогары болған жағдайда малдың қанында оттектің аз мөлшерде болуымен сипатталатын организмнің жағдайын асфиксия деп атайды.
Этиология. Ұрық, анасы организімі ішінде даму кезінде оның демалуы анасының қан жүйесі арқылы қамтамасыз етіледі. Қиын, ұзаққа созылған туу процессі кезінде, әсіресе төл жамбасымен келгенде, кіндіктің қысылып қалуы жиі байқалады. Бұл жағдайда ұрықта қанның ағымы азаяды немесе мүлдем тоқталады.
Осының әсерінен ұрықта асфиксия дамиды. Ол төлдің өлуімен немесе төл гипоксиясының айқын белгілерімен өтеді.
Патогенез. Төлдің қанында көмір қышқыл газының көп мөлшерде болуы уақытынан бұрын дем алу қимылын тудырады, ал оттектің, жетіспеушілігі меконийдің (төлдің бірінші нәжісі) ұрық жанындағы сұйықтыққа шығуына мүмкіндік береді. Осы фактор төлде пневмонияның (өкпенің қабынуы) дамуына себеп болады. Кіндік қысылып қалғанда төлге қоректік заттардың түсуы азаяды. Соған байланысты төл өзінің гликоген қорын пайдаланады.
Клиникалық белгілері. Жаңа туған төлдерде асфиксияның екі түрін ажыратады: жеңіл және қиын. Асфиксияның жеңіл түрінде жаңа туған төлдерде барлық рефлекстер сақталады, бірақ дем алу кезінде сырыл естіледі. Тілі ісінген, ауызынан шығып тұрады, шырышты қабықтары көгерген, жүрек жұмысы жиіленген.
Асфиксияның қиын түрі рефлекстердің сөнуімен сипатталады.
Төлдің ауыз қуысының шырыш қабығы және тілі ақ түсті болады (ақ асфиксия). Жүрек қызметі (жиілігі) төмендейді, дем алуы қатты сырылдаумен өтеді.
Диагнозды – туу жолдарында төлді зерттеу және оның рефлекстерін бағалау негізіне сүйене отырып қояды. Ұрық жанындағы сұйықта меконийдің болуы жақсы диагностикалық белгі болып есептелінеді. Сонымен бірге сүт қышқылы деңгейін, қанның рН-ын және басқа көрсеткіштерін анықтайды.
Болжау - асфиксияның жеңіл түрінде күмәнді, қиын түрінде қолайсыз.
Емі - ең алдымен жаңа туған төлдің дем алатын жолдарын аспиреленген шырыштан және ұрық жанындағы сұйықтан босату қажет. Ол үшін мұрын тесіктерін дәкеден жасалған салфеткамен сүртеді, сосын төлдің артқы аяқтарын көтереді немесе басын төмен бүгеді. Танауындағы және кеңірдектегі сұйықты резеңкелі тұрбамен қосылған резеңкелі баллон немесе шприц арқылы сорып алады. Сонымен бірге жаңа туған төлге суық су бүркиді және сабан орамасымен мұқият ысқылайды. Содан кейін төлге басы төмен жамбасы көтеріңкі жағдай береді де қолдан дем алдыру әдісін қолданады. Төлдің дем алу ортасын қоздыру үшін лобелинді (0,02г), ал жүрек қызыметін сүйемелдеуге - кофеинді (0,5-1г), камфора майын егеді. Соңғы шара ретінде адреналиннің интракардиалды иньекциясын қолдануға болады.
Өкпенің кейбір бөліктері ұрық жанындағы сұйықтармен толу салдарынан, асфиксия көбіне өкпенің ателектазымен қоса өтеді. Ателектаз кезінде жиіленген дем алыс, әлсіздік, жөтел және сырылдар байқалады. Жасанды дем алу әдісін ысқылау, мүсәтір спиртінің ингаляциясын (булау) қолданады.
Асфиксияның қиын түрінде метаболиялық ацидозды болдырмайтын заттарды қолдану ұсынылады. Бір уақытта 4, 5-6,5 мл мөлшерінде 4-5% -дық натрий ерітіндісін және 1кг малдың салмағына 0:5 мл мөлшерінде 10 % -дық глюкоза ерітіндісін күре тамырға жіберу жақсы әсер етеді.
Тік ішектің және артқы тесіктің туғаннан болмауы.
Анальды (артқы) тесіктің атрезиясы туғаннан кем-тарлығы, артқы тесіктің анус терісімен жабысып өсуімен сипатталады. Тік ішектің атрезиясында тоқ ішектің бөлігі, құрсақ немесе жамбас қуысында соқыр аяқталады. Әдетте осы аномалиялар меконийдің кешігу белгілері бар төлдерді зерттегенде білінеді.
Артқы тесік атрезиясында оның орнында тері төмпешігін табады. Осы төмпешік арқылы нығыздалған нәжіс массалары байқалады. Тік ішектің атрезиясы кезінде тоқ ішектің соңғы жартысы бөлігін кейде аралық арқылы білуге болады.
Емі. (оперативті).
Кіндіктен қан кету (omphalorrhadia).
Жаңа туған төлдерде жиі кіндік тамырларының, кейде организмнің жалпы әлсіреуінен немесе көкірек қуысының дем алу қимылының жетіспеушілігінен жүрек қалқаншасының толық жабылмауы салдарынан артериялардан қан кетеді. Бұл аурудың басқа себебтері ішінен асфиксияны айтып кеткен жөн.
Көмек -кіндікті қайтадан байлайды, содан соң жаңа туған төлге қолдан дем алу әдісін қолданады.
Меконийдің кешеуілдеуі.
Нашар жаңа туған төлдерде, әсіресе кұлындарда меконийдің кешеуілдеуі байқалады. Ол қою, тығыз консистенциялы жұтылған және қорытылған қағанақ суы элементтерінен көп немесе аз мөлшерде қағанақ сұйықтығына төлдің түсіп қалған шаштардан түратын бірінші нәжісі. Кейде дефекация акті ішектің өзіндік ерекшеліктерінен болмайды.
Себебі. Жаңа туған төлдердің іші жүрмеуі көбіне уыз сапасының немесе санының жеткіліксіздігінен болады. Уыздар ішекті әлсірететін қасиеттермен белгілі, егер жаңа туған төлдер уақытында уыздың тиісті мөлшерін алмаса, ішек атониясы дамиды.
Клиникалық белгілері. Жаңа туған төлде дефекация жоқ. Өмір сүруінің екінші күнінде ол мазасызданады, жана туған төл қарынына қарайды, аяқтарымен қарынын ұрады, азықтан бас тартады. Содан кейін жалпы әлсіреу белгілері пайда болады, мал өледі.
Диагноз. Тік ішекке енгізген саусақпен ішекте тығыз, кейде қатты жиналған нәжіс анықталады.
Болжау. Бас кезінде қолайлы, жалпы әлсіреу белгілері болған жағдайда күмәнді.
Емі. Нәжісті саусақпен сыртқа шығарады. Жылы сабынды немесе майлы клизмаларды қолдану орынды, уыз береді, іш жүргізетін дәрілер қолданады.
Алдын алу шаралары. Жаңа туған төлдерге туғаннан кейін 1-2 сағаттан кешіктірмей уыз беру қажет. Жаңа туған бұзауларды туғаннан кейінгі бірінші күндері аналарымен ұстау жақсы нәтиже береді.
Урахустың фистуласы- бұзауларда сирек құлындарда постфетальдық мезгілде несеп тармағының сақталып қалуымен байқалады.
Әдетте төл туғаннан кейін оның несеп тармағы жабылады да куықтың жоғары жағында кішкентай тыртыққа айналады. Урахус сақталынып қалғанында куықтан осы арқылы зәр бөлініп кіндік қалдығын сулайды. Соның салдарынан кіндік айналасында эритема, экзематозды процестер дамиды қабыну көріністері пайда болады. Кіндікті байлау. Кіндік айналасын ерітінділермен дезинфекциялайды және дезинфекциелейтін майлармен жабады. Кіндік қабынуы omphalitis әдетте кіндіктің қалдығы құрғақ некрозға ұшырап, 4-8 күн аралығында түсіп қалуымен сипатталады. Кіндік эпителиймен тартылып тыртыққа ауысады. Кіндік қалдығына сыртқы аудан (кейде қан арқылы) жұқпалы ауру қоздырғышы енген жағдайда мумиялану процесі кешігеді: кейде құрғақ некроздың орнына дымқыл некроз (кіндік гангренасы) дамиды. Бұзауларда кіндік қабынуы оларды топтап ұстаған кезде жиі байқалады. Өйткені олар бұл жағдайда бір-бірінің кіндіктерін еміп, сонымен бірге кіндіктің ішіне микроб енуіне мүмкіндік туғызады.
Клиникалық белгілері. Жана туған төл кіндігінің қабынуы, өмірінің бірінші 2-3 күнінде, кейде 7-8 күнінде байқалады. Қабынған кіндік, ісінген және ауырсынатын болады: кейде ауыр ағымы кезінде ісік кіңдікті қоршап тұрған қарын маңына жайылады: жергілікті кейде жалпы температура жоғарлайды. Кіндік қалдығы ылғалды, шіріген, күңгірт түсті массаға ауысады.
Болжау - күмәнді, өйткені процесс септицемия, пиемия немесе септикопиемиямен аяқталуы мүмкін.
Емі - ең алдымен ауырған төлдің кіндігін мұқият тазалайды, сосын дезинфекциялайды. Қажет болған жағдайда абссцесті тіліп ашады, өзгеру процесіне ұшыраған кіндік қалдығы бөлігін кесіп алып тастайды, жараны йод ерітіндісімен майлайды, ляписпен немесе карбол қышқылымен күйдіреді, сосын этакридин лактат ерітіндісімен сулайды да стрептоцид себеді. Кіндік айналасының құрсақ қабырғасы бойына 20-40 мл 0, 25% новокаин ерітіндісінде ерітілген 0,5-1 млн. ӨБ (өлшем берлігі) стрептомицин егу ұсыналады. Қажет болған жағдайда осындай емді келесі күндерде қайталайды. Бір уақытта жергілікті емдеумен бірге организмнің жалпы емдеуін жүргізеді, ол үшін антибиотиктер, сульфаниламид препараттарын қолданады.
Кіндік инфекциясын болдырмау үшін туу процесінің гигиенасына және жана туған бұзаулар ұсталуына көп көңіл аудару қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   115




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет