118
Гибридологиялық талдау –
будандастыру, шағылыстыру және қолдан
тозаңдандыру жүйесін пайдалана отырып
тұқым қуалау заңдылықтарын
анықтау.
Гетерзигота - генотиптің (тұқымқуалаушылық материалы жиынтығының)
гомологиялық хромосомаларында гендердің түрлі формалары (аллельдері)
болатын
зигота (ұрықтанған біржасушалы ағза).
Дрозофила - жеміс шыбыны.
Интерфаза – жасушаның екіге бөлінуі аралығындағы тіршілік кезеңі.
Кариотип – дене жасушаларындағы хромосомалар санының түрлік
тұрақтылығы, саны, ұзындығы, морфологиялық белгілерінің жиынтығы.
Мейоз – жыныс жасушаларының редукциялық бөліну тәсілі.
Метакинез – хромосомалар жасушаның экватор аймағына жиналып
шоғырлануы.
Митоз – жасушаның күрделі бөлінуі.
Митохондрия – жасушаның тыныс алу үдерісін қамтамасыз ететін органоид.
Мутагендер – мутацияның жүруіне әсер ететін заттар.
Мутант – ағзаның мутация нәтижесінде алғашқы типіне ұқсамайтын, тұқым
қуатын өзгеше қасиеттері бар тұлғалары.
Мутациялар - генетикалық материалдағы
нуклеотидтердің санының,
орналасу ретінің және түрлерінің өзгеру немесе онтогенез барысында
ортаның жағымсыз факторларының әсерінен
тұқым қуалау материялының
өзгеріске ұшырауы.
Достарыңызбен бөлісу: