ҚАЗАҚСТАН ИНЖЕНЕРЛІ- ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ УНИВЕРСИТЕТІ
«Педагогика және психология» кафедрасы
Этнопедагогика пәнінен (2 кредит) 5В010900-«Математика», 5В011700-«Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В011900-«Шет тілі» мамандықтары, күндізгі бөлімі, 2 курс студенттері үшін арналған
Тапсырмалар және оларды орындау туралы
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Шымкент 2014
Әдістемелік нұсқауны «Педагогика және психология» кафедрасының аға оқытушы Губайдуллин А.У. дайындаған.
Әдістемелік нұсқау кафедра мәжілісінде қаралып, бекітілген:
Хаттама №_____«____»______________2014 ж.
Кафедра меңгерушісі: п.ғ.к., профессор_____________________Елтаев А.Ж.
ОӘБ бастығы: ф.ғ.к.____________________Дүйсенбекова М.Л.
Алғы сөз
«Этнопедагогика» курсы педагогикалық пәндер цикліндегі күндізгі бөлім, 2 курс 5В010900-Математика мамандығына арналған. Кеңес дәуірінен кейінгі кезеңдегі тәуелсіз мемлекет жағдайында халықтың туған ел тарихын, тілін, мәдениетін, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын білуге, тануға, сақтауға деген қызығушылығы арта түсті. Осы тұста ғасырлар бойы ата-баба тәлімімен, тәжірибесімен жинақталып, уақытында дәстүрге енген халықтық педагогиканың қайта өркендеуі мен оны оқып үйренудің танымдық және практикалық мәнділігі зор. Этнопедагогика халықтық педагогиканың теориясы тұрғысынан әр түрлі гуманитарлық ғылымдар түйісуіндегі пәнаралық сипатқа ие қазіргі педагогика ғылымының саласы.
Тапсырма орындаудың мақсаты мен міндеті
Студенттерді ұлттық тәрбие беруге кәсіби даярлаудың теориялық негіздеріне үйрету;
Түрлі білім жүйелеріне салыстырмалы талдау жасау әдісіне, халықаралық педагогиканың және мектеп тәжірибесін зерделеуге үйрету;
Сдуденттерге үздіксіз білім берудің барлық кезеңдерінің даму болашағына болжам жасауды үйрету.
Тапсырма орындаудың міндеттері:
Қазақ этнопедагогиканың методологиялық және теориялық негіздерін меңгеру;
Қазақ этнопедагогиканың тәрбие әдістері, формалары, құрылымы мен мазмұнын зерделеуді үйрену;
Халықтық тәрбие берудің заңдылықтары мен қағидаларын ұстануды білу;
Этнопедагогикалық зерттеудің қазіргі жағдайы мен даму теңденциясын білу;
Жаңашыл тәрбие және білім концепциясы арқылы халықтық педагогикадағы идеялар мен тәжірибені шыңдауға үйрену;
Алынған білім қорын болашақтағы педагогикалық тәжірибеде қолдана білу.
Достарыңызбен бөлісу: |