112-сурет. Жер бетінде көлбеу жазықты салу тəсімі
а – шаршыға бөлінген алаң; ə – аспаптың көтергіш бұрандаларының орналасуы; 1 – көтергіш бұрандалар
Егер нивелирдің орнына теодолит қолданылатын болса, онда оны В нүктесіне орнатады да, В нүктесінен аспап биіктігін өлшей- ді (дүрбінің айналу осіне дейін). Осы биіктікті рейкаға белгілеп қояды. Тік бұрышты өлшеу алидадасының жанында орнатыл- ған деңгейді ортасына келтіріп, көру дүрбісінің микрометрлік бұранда тетігімен тік дөңгелекте берілген көлбеуліктің шамасына (есебіне) қояды. Мысалы, 1% көлбеулікті бұрыш 0037/49//; 1,5% көлбеулікті бұрыш 0051/34// болады.
Жер бетіне көлбеу жазықтықты түсіру, тік жазықтықта тегіс- теу жұмыстарында кездеседі. Тапсырма көлбеу сызықты жер бетіне түсіру сияқты, егер жер бедері жазық болса нивелирмен, ал жер күрт өзгермелі болса, теодолиттің көмегімен атқарылады. Айталық, жер бетінде MNPQ алаңын берілген көлбеулікте MQ қабырғасынан NP қабырғасына қарай салу керек (112
а-сурет). Тапсырманы орындау үшін алаңды шаршыға бөледі. MQ қабырғасының а, в, с, d, Q төбелеріне жобалық биіктік болып есептелетін, биіктік шамалары М бастапқы беріліміне тең қазықшалар қағады. Барлық аралық нүктелер MN, aa/ жəне басқаларын алдын ала нивелирлейді де, олардың «қара» (жұмыс істейтін) биіктіктерін анықтайды. Бұл нүктелердің жобалық биіктіктері қарапайым есептеулермен анықталуы мүмкін.
Шаршының төбелеріне қарауыл қазықшалар орнатады да, оларға сол нүктеде қанша қазу немесе үю керек екендігі жазы- лады. Əрі қарай нивелирді ауыстырады, мысалы b нүктесіне, мұнда оның бір көтергіш бұрандасы bb/ бағытымен ал, қалған екеуін MQ сызығы бағытымен, b нүктесінің жобалық биіктігі жер бетіне шығарылғандығын еске ала отырып орнатылады. Нивелирді қалыпты жағдайға келтіреді де, рейкадан оның биік- тігін белгілейді. Рейканы жобалық биіктігі жер бетіне шығарыл- ған b/ нүктесінің үстіне орнатады.
Нивелирдің bb/ сызығы бағытымен орналасқан көтергіш бұрандасымен көздеу дүрбісін рейкаға бұрып, ондағы аспап биіктігін белгіленген тұсына еңкейтеді (немесе көтереді). Бұл жағдайда нивелирдің айналу осі жер бетіне шығарылмақшы жазықтыққа перпендикуляр, ал көздеу осі, аспапты өз осінен айналдырсақ, шығарылмақшы көлбеу жазықтықтыққа параллель жазықтықты айналдыра сызып өтеді. Бұл жағдайдың тексеруі
– аспап биіктігіне тең М нүктелерінен алынған a, c, d, Q есеп- тері, ал олар алдын ала бір биіктікте орнатылған. Сонымен MQ түзуінің барлық нүктелері бір жазықтықта жатыр.
Нивелирдің дұрыс орнатылғаны тексерілгеннен кейін, шар- шы төбелеріндегі аралық нүктелерді белгілеуге кіріседі. Бұл нүктелерде орнатылатын қазықшалардың биіктігі сол қазық- шалардың үстіне рейка қойғанда есеп аспап биіктігіне тең болулары керек.
Достарыңызбен бөлісу: |