Ќазаќстан Республикасы Білім єылым министрлігі


Барлық анализаторлар үшін ұқсас құрылыстық және функционалды ерекшеліктері бар. Жалпы құрылыстың принциптері. 1. Көп қабаттылық



бет18/57
Дата07.03.2022
өлшемі1.2 Mb.
#456043
түріЛекция
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   57
Барлық анализаторлар үшін ұқсас құрылыстық және функционалды ерекшеліктері бар. Жалпы құрылыстың принциптері.
1. Көп қабаттылық яғни бірнеше қабаттан құралады. Рецепторлық элементтермен ми сыңырлары қыртысындағы ассоциативті бөлімдер нейрондарымен байланысады. Қабаттар өткізгіш жолдар арқылы байланысады. Сондықтан ақпараттың жеке түрлерін өңдеуге жағдай жасалады. Яғни организм қарапайым сигналдарды аралық бөлімдердің өзінде анализден, дер кезінде жауап бере алады.
2. Көп каналдық-анализатордың әр қабатында мыңдаған, млн-ған элементтері болады. Бұл анализаторлар жұмысының жоғары сенімділігі мен нәзік анализ жүргізуіне жағдай. Рецепторлық деңгейдің өзінде-ақ әртүрлі маманданған жеке элементтер түрлі белгілерді сигналдайды. Бір сенсорлық жүйе шеңберінде каналдар саны неғұрлым көп болса, соғұрлым оның әрқайсысының ауысуының саны көп болады. Сонымен қатар нейронға келетін сигналдар формасы әр-түрлі болғанымен олардың туғызатын түйсігі сол клеткаға тән қызметін көрсетеді.
3. Көрші қабаттардағы сенсорлық “воронкалар” элементтері санының әр түрлігі. Мысалы көздің торлы қабығы алуан түрлі болады. Оның бір торлы қабығының фоторецепторлық қабатында 130 млн-дай элементтер болса, ал ганглиоздың қабатында небәрі 1млн 250 мың нейрон бар. Осы соңғылардың аксондарды миға қарай бағыттайды. Мұны тарылатын “воронка” деп қарастыруға болады. Бірақ көру жүйесінің бұдан кейінгі жоғары деңгейлерде “воронка” кеңейетін көрінеді.
4. Анализаторлардың вертикаль және горизонталь бойымен дифференциациялануы (жіктелуі). Вертикаль бойынша жіктелуді өткізгіш жолдар бойындағы түзілетін әр түрлі бөлімдерден көруге болады. Нерв элементтері бірнеше қабаттардан тұрады. Сондықтан ол қабатқа қарағанда әлде қайда ірі морфо-функционалды құрылым және ол нақты функция атқарады. Рецепторлар және олардың классификациясы.
Рецепторлар-әр түрлі тітіркендіргіштерді маманданған белсенді жүйеке жүйесіне тасмалдауға арналған құрылымдар.
Рецепторлы жасушалар басқалардан екі екі қатынаста айырмашылығы бар:

  1. Тітіркендіргіштердің энергиясы процентерді қоғалысқа ұшырауын стимулдайды, ол жасушада метаболизм процентерінде пайда болған потенциялды энергия есебінен жүреді.

  2. Рецепторлы жасуша электр энергиясын бөледі.

Реценторлар орналасу және тітіркендіргіштермен өзара әрекеттесу ерекшеліктеріне қарай үлкен екі талқа бөліседі. Сыртқы –экстерорецен торлар: көру, иіс, сезу, дәм сезу, тактиль (жанасуды сезу) рецепторлары; ішкі-итероцепторлар: висцерорецепторлар (ішкі органдардың проприорецепторлар.)
Қоршаған орта факторларымен контактыға түсу сипатамасына қарай рецепторлар дистантты, яғни қабылданатын тітіркендіру көзі. Рецепторлардан белгілі ара қашықта орналасатын (көру, есту, иіс сезу рецепторлары және контактылы, яғни тітіркендіргішпен тікелей жанасқанда көзу күйіне келетіндер деп ажыратады.
Экстерорецепторларда адекватты тітіркендіргіштерге таңдамалы сезгіштік (мамандану) өте жоғары дәрежеде байқалады. (Мюллердің спецификалық нервтік энергия заңы). Олар, әдетте, адекватты емес (инадекватты) тітіркендіргіштердің күші өте көп болған жағдайда ғана сезеді. Осыған байланысты экстрорецепторлар деп есептеледі. Кейбір интерорцепторлар да мономодалды құрлымдарға жатады. (Мысалы, қанның химиялық құрамының өзгерісін сезетін кароидттік зонадағы хеморецепторлар). Дегенмен, интерецепторлардың көбі полимадальдылар, яғни олар әртүрлі тітіркендіргіштер (температуралық, химиялық, механикалық) әсерлерін сезе алады. Мономодальдарға қарағанда олардың адекватты және инвадекватты тітіркендіргішті қабылдау табалдырықтарында айқын көрінетіндей айырма болмайды.
Өзі таңдап алған қабылдайтын тітіркендіргіштің табиғатына (модальдығына) қарай рецепторларды тағы да топтарға бөлуге болады. Мысалы,
І.Механорецепторлар (тітіркендіруші әсердің механикалық энергиясын қабылдауға бейімделген). Бұған сету, гравитациялық, вистивулярлық, терінің тактильді, тірек-қимыл аппаратының рецепторларын және жүрек-қан тамыр жүйесінің барорцепторларын жатқызуға болады.
2. Хеморцепторлар. (химиялық агенттер әсерін сезеді:
3. Темоцепторлар (темературалық-салқын, жылы-әсерлері) қабылдайды (терінің, органдарының, сондай-ақ орталық нерв жүйесінің термосезгіш клеткалары).
4. Фоторецепторлар (жарық энергиямен қабылдайды).
5. Электрорецепторлар. (электромагнит тер белсенділерін сезеді). (Амфибийлердің, сүйікті балықтардың, дөңгелек ауыздылардың бүйір сызық органдарында орналасқан).
6. Ауыр (ноцицептивті) рецепторлары ауыратын тітіркендірулерді қабылдайды. Басқадан рецепторлар ауыратын әсерлерді қабылдай алады деп есептеледі.
Барлық рецепторларда олардың структуралық ерекшеліктерін ескеріп, алғашқылар (алғашқы сезгіш) және соңғылар (соңғы сезгіш) деп те бөледі. Біріншілеріне иіс сезу, тактильді және пропрморецепторлар жатады. Бұларға тән ерекшелік-тітіркендіру энергиясын қабылдау және оны нерв қозуының энергиясына айналдыру тікелей сезгіш нейрондардың өзінде іске асады. Соңғы сезгіштерге дәм сезу, көру, есту, вестибуларлық аппарат рецепторлары жатады. Бұларда тітіркендіргіштік пен бірінші сезгіш нейрон арасында жоғары маманданған рецеторлық клетка орналасады, яғни бірінші нейронда қозу тікелей тітіркендіргіш әсерінен тұрмайды, ол рецепторлық клеткадан (нервтік емес клеткадан) түсетін әсерден туады.
Рецепторларды басқа да қасиетеріне қарап топтауға болады. Мәселен, тез және баяу адаптацияланатындар, төменгі және жоғарғы табалдырықтылар т.б. Бақылау сұрақтары:



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет