Ќазаќстан Республикасы Білім єылым министрлігі


Рецепторлар және олардың классификациясы



бет19/57
Дата07.03.2022
өлшемі1.2 Mb.
#456043
түріЛекция
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   57
Рецепторлар және олардың классификациясы.

  • Механорецепторлар

  • Хеморцепторлар



    Лекцияның тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары:
    Сенсорлық жүйелер (анализаторлар) функцияларының жалпы заңдылықтары.
    Қолданылатын әдебиеттер тізімі.
    Негізгі әдебиеттер:

    1. Адам және жануарлар физиологиясы. И.Төленбек.Алматы 2002ж.

    2. Адам және жануарлар физиологиясы. Т.Несіпбаев.Алматы 2003ж.

    3. Адам және жануарлар физиологиясы. Қ.Рымжанов. Алматы 2001ж

    Қосымша әдебиеттер:

    1. Тыныс физиологиясы.Қ.Рымжанов. Алматы 2001ж.

    2. Эндокринология. Ж.Нұрғалиев. Алматы 2000ж.

    3. Адам физиологиясы.Қ.Сәтпаева.Ғылым. 1998ж.

    4. Жалпы физиология. Ю.Чусов.Просвещение. 1981 г.

    5. Нерв жүйесінің физиологиясы.Қ. Сәтпаева. 1998ж.

    10 Лекция


    Лекцияның тақырыбы: Дәм және иіс,есту анализаторлары


    Лекцияның жоспары:

    1. Иіс сенсорлық жүйесі

    2. Дәм сенсорлық жүйесі

    3. Есту анализаторлары.

    Лекцияның мақсаты: Студенттерге дәм және иіс,есту анализаторлары мен таныстыру.
    Лекцияның мазмұны: Иіс сезу хеморецепцияға жатады. Негізі, химиялық сезгіштіктің үш түрін ажыратады: жалпы химиялық сезгіштік, дәм сезу және иіс сезу. Осылардың ішіндегі ең жоғарғы сезгіштігі және спецификалығы бары, заттың небәрі бірнеше молекуласымен жанасудан қозу күйіне келе алатыны-дистанттық, яғни иіс сезу хемороцепторлары. Әр түрлі иіс заттары үшін тітіркендіру табалдырықтары бірдей болмайды. Мәселен, үшнитробутилтолуолдың бір литр ауадағы мг-ның млардтан бір бөлігіндей мөлшерін адам сезе алады. Бір иіс сезу рецепторлардың иіс затының бір молекуласы қоздыра алады, ал рецепторлардың аз ғана санының қозуы түйсік туғызады. Сөйте тұра зат әсерінің шамасының өзгеруін бағалау (айыру табалдырығы) адамда жақсы жетілмеген. Иіс күшінің минимальды өзгеренін сезу үшін оған бастапқы иістің 30-60 процентін қосу керек. Иттерде бұл көрсеткіштер 3-6 есе аз болады. Анализатор сезгіштігіне түрлі факторлар әсер етеді. Мысалы, ауабуларының болуы тітіркендіру табылдырығын төмендетеді. Таза қиындауы табалдырықты жоғарылатады (тұмау кезінде). Әлсіз иісі бар затты қайталап иіскеуден тітіркендіру табалдырығын төмендетуге болады (сенсибилизация жүреді). Ми қыртысындағы басқа анализаторлар-зоналарында (мысалы, көру зонасында) туған қозу иррадиациаланса, иіс анализаторының да қозғыштығы жоғарылауы мүмкін. Теріс индукция, керісінше, қозғыштығы төмендетеді. Адам мен жануарларда бұлардың көмегімен тұрарлық коммуникация бағалау, сондай-ақ қоршаған иортадағы биодлошгиялық маңызжды химиялық сигнарлдар туралы хабар алу іске асады.
    Иіс сезу жүйесінің шеткі бөлімі жоғарғы мұрын жолдары облысында жатады (5-8см2). Омырқалы жануарларда иіс сезу эпителиннің қалыңдығы 30-дан 200 мкм-ге дейін болады.
    Онда клеткалардың үш типі бар, рецепторлық, тірек және базальдық. Рецепторлық клеткалардың диаметрі 5-10 мкм-дей және тірек клеткаларының арасында орналасқан.
    Адамда рецептордың иіс сезу клеткаларының жалпы саны 10 млн-дай. Әр иіс сезу клеткасының беткейінде түйреуіш тәрізді біраз жуандығы бөлім дболады. Бұдан ұзындығы 10 мкм-дей диаметрі 0,3 мкм-дей 6-12 өте жіңішке түкшелер шығады. Түкшелер Боумен бездері жасайтын сұйық ортаға батырылады. Түкшелер болуының арқасында рецептордың иіс затының молекулаларымен конетактыға түсетін ауданы ондағы есе сртады деп септеледі. Түкшелердің белсенді қозғалу қызметінің де бұл процесте (иіс заттарының молекулаларын ұстау және олармен жанасуға түсуден тиісті ролі бар болу керек. Иіс сезу клеткасындағы түйреуіәш тәрізді бөлім маңызды цитохимиялық орталық деп саналады, шамасы сол жерде рецепторлық потенциаланатын болу керек. Бұл клеткалар алғашқы сезгіш рецепторларға жатады.
    Хемероцепторлар беткейі, әдетте, сілекеймен қапталып тұрады. Ол структураланған матрикс ретінде рецептивтік беткейдің тітір.
    Иісті қабылдаудың көбірек тараған теориясы-стереохимиялық теория. Бұл түсінік бойынша, рецепторлық иіс сезу клеткаларының мембрасында белгілі конфигурациялы учаскілер (белсенді рецепторларлық орталықтары) бар. Оларға белгілі пішінді адекватты тітіркендіргіш молекулалы адсорбцияланады. Бұлардың белсенді топтары, атомдары немесе иондары мембрана спецификалық белоктарымен байланысқа түсе алады. Аталған учаскілерге өздеріне сай келетін молекулалар орналасқан соң мембраның ол жерінде деполяризация жүреді де, қозу туады. Иіс рецепциясының теориясы бойынша, бұл процестің бастапқы звеносында өзара әрекеттесудің екі түрі болуы мүмкін: иіс затының молекуласы мен рецептікучаске бір-біріне соғылғанда зарядтың контактылы тасылуы және молекулалық комплекстің тұрақты және заряд тасушы комплекстің түзілуі.
    Түзілетін комлекстің тұрақты компоненті белсенді учаскелері электрондар доноры және акцепторы функциясын атқаратын рецепторлардың белокты молекулалары.
    Бұл теорияның елеулі бір моменті: иіс заттары молекулалары мен рецептивтік учаскелер арасындағы көп нүктелі (бірнеше жерінде) өзара әрекеттесу жүреді деп есептеу. Осы теорияға сүйеніп алғашқы иістер деп аталатын иістер үшін рецепторлық учаскелер модельдері жасалды. Бес түрлі алғашқы иіс бар деп есе,птеледі камфара, мускус (жұпар иіс, хош иіс) гүл, жалбыз иіс (мятный), эфир.
    Омыртқалардың иіс сезу рецепторларына тән нәрсе олардың бір максимальды реакция туғызса, басқалары-әлсіз жауп, ал үшіншілері тежеу тиуғызады. Иіс сезу рецепторлары сезгіштігінің мұндай кең спектірі анализатордың шекті бөлімінде иісті заттарды алғашқы анализдеудің негізі болып табылады. Бірақ, тек иіс сезу рецепторларына тікелей әсер ететін заттардан басқа, мұрынның кілегейлі қабығындағы үш тарам нервтің сезгіш ұштарына қозу туғызатын тіпті кейде дәм сезу рецепторларына әсер ететін де иісті заттар болады (аммиак, сірке қышқылы т.б). Оның бер жағында таза ольфактивті (иіс сезімін туғызушы) деп саналып жүрген заттардың өзі үш тарам, тіл-жұтқыншақ, кезеген нервтерде қозу туғызатындығы белгілі болып отыр. Осыған орай кейде осы нервтерге байланысты “қосымша иіс сезу облысы” болады деп те есептеледі.
    Иіс сезу эпителиінің беткейінен тигізілген электродтар арқылы тіркелетін суммарлық электрлік белсенділіктен өзгерістердің электроольфакторма деп атайды.
    Бұл амплитудасы 10 мВ-ке жететін, ұзақтығы бірнеше секундай болатын, иіс затының тіпті қысқа уақыттық әсерінен пайда болатын монофазалы теріс толқын. Біраз жағдайларда негізгі негативті толқын алдында электроолььфакторграммадан аз ғана оң (позивті) толқынды көруге болады.ал әсер ету ұзақтығы жеткілікті борлған жағдайда, оның әсерінің тоқтауына үлкен негативті толқын (off-реакциясы) туады. Кейде электроольфактограммадағы баяу толқындарға қосарланып, тез тербелістер байқалады. Бұл-рецепторлардың едәуір санындағы синхронды импульстік белсенділіктің көріністері.
    Иіс заттарының әсерінен жеке рецепторларда туатын импульстер жиілігі көбейеді және ол әсердің сапасы мен шамасына байланысты болады. Иіс анализаторында адаптация салыстырмалы алғанда баяу жүреді (ондағы секундтар немесе минуттар ішінде) және иіс сезу эпителиі арқылы өтетін ауа ағыны күші мен жыл-дамдығына, иіс затының мөлшеріне байлан.ысты болады. Адаптация кезінде иісті қабылдау төмендейді, өйткені оның қабылдау табалдырығы жоғарылайды. Кейде адаптация тек бір иіс затына ғана емес, басқа да иіс заттарына байқалады (гетерогендік адаптация). Неғұрлым иіс заттары бір-біріне ұқсас болса, соғұрлым оларға адаптация айқын және тезірек байқалады.
    Иістер қоспасы әртүрлі қабылданады. Мәселен, иістер қоспасы жаңа бір иіс тәрізді сезілуі мүмкін, болмаса олардың әрқайсысы жеке-жеке білінуі, бірақ бір тұтас комплекс тәрізді сезілуі мүмкін, инем есе әр түрлі иіс түйсіктері бірінен соң бірі кезектесіп тууы мүммкін: бір немесе бірнеше иіс басқа иістерді білдіртпей де жібере алады (иістер маскировкасы); бір иістің жоқтығы басқа иіс әсерінен білінбеуі де мүмкін (иіс коменсациясы).
    Электрофизиологиялық зерттеулерге қарағанда, иіс сезу пиязшығында туатын электрлік жауаптардың параметрлері әсер етеін иіс заттарының ерекшеліктеріне қарай өзгереді екен. Әр түрлі иістер кезінде пиязшықтағы қозған және жекелеген учаскелердің кеңістіктік мозхаикасы да бірдей болмайды. Мүмкін, бұл жағдай иіс ақпаратын қодылаудың бір тәсілі де болар.
    Иіс анализаторына тән ерекшелік-оның афференттік талшықтары таламуста ауыспайды және үлкен мидың қарама-қарсы жартыларына қиылысып өтпейді. Пиязшықтан шығатын иіс сезу жолы бірнеше шоғырдан тұрады және тікелей алдыңғы мидың әр түрлі бөлімдеріне (алдыңғы иіс сезу ядросы, иіс сезу төмпешігі препи-рифорымды қыртыс, пирамигдалярлық қыртыс, миндаль тәрізді комплекс ядроларының бір бөліміне) қарай бағытталады. Иіс сезу пиязшығының гиппокамппен, пириформды қыртыспен және иіс сезу миының басқа да бөлімдерімен байланысы бірнеше ауыстырулар (переключение) арқылы жүзеге асады. Иіс сезу миының бірнеше орталықтарының болуы иісті тану үшін қажетті шарт емес. Олай болса, иіс сезу трактісі проекцияланатын облыстардың көпшілігі басқа сенсорлық жүйелермен байланысты қамтамасыз ететін ассоциативтік орталықтар деп қаралу керек. Осының негізінде олар іс-әрекеттің қоректік, қорғану, жыныстық, т.б. күрделі формаларын ұйымдастыруға қатысады.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   57




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет