Дәріс 3
Ангиология. Қан және лимфа тамырлары құрылысы, тармақталуы және жіктелуінің жалпы ұстанымдары. Жүректің дамуы және морфофункциональдық анатомиясы
Тамырлар жүйесі - сұйықтарды өткізгіш жолдар, туралы ілім ангиология деп аталады. Тамырлар жүйесі жүрек-тамырлық жүйе деп атайды. Сонымен, жүректің тамырлар жүйесіндегі орталық мүше ретінде ерекше маңызы атап көрсетіледі. Тамырлар жүйесі қанды тасмалдау қызметін атқарады, ал қанның құрамында қоректік заттар мен жандандырғыш заттар мүшелер мен ұлпаларға жетеді (оттегі, глюкоза, белоктар, гормондар, витаминдер және т.б.) Олар әртүрлі физиологиялық процестердің іске асуына қатысады. Мүшелер мен ұлпалардан қан тамырлары арқылы зат алмасудың соңғы заттарды жетіледі.
Адам организмде сұйықтарды өткізетін қандай жолдар бар? Ондай жолдар бірнешеу және олар тамырлардың қабырғаларымен шектелген: артериялар, веналар және лифалық тамырлар. Бұларды басқаша да айтуға болады: қан айналыс және лимфалық жүйелер. Қан айналыс жүйесіне артериялар мен веналар жатады. Қан тамырлары тек терінің кілегей қабықтың эпителилік жамылғысында, шаштарда, тырнақтарда, көз алмасының мүйіз қабығында және буын беттік шеміршектерде ғана болмайды.
Артериялардың қабырғалары үш қабықтан тұрады. Ішкі қабық, тамырдың қуысы жағанан эндотелимен астарланған. Оның астында субэндотели мен ішкі эластикалық жарғақ жатады; ортаңғы қабық, жазық салалы бұлшық ет талшықтарының екі қабатынан /сыртқы-ұзын бой, ішкі-айналмалы, циркулярлы/ тұрады. Олардың арасында эластикалық талшықтар болады; сыртқы қабық, дәнекер ұлпалық талшықтардан тұрады. Артерия қабырғасының эластикалық қаңқа құрап, артерия қабырғасына пружина тәрізді жұмыс істейтін серпімділік қасиет береді. /С.И.Шелкунов/ (3 сурет).
Жүректен алыстаған сайын артериялар тармақтарға бөлініп, ұсақтана береді.Жүрекке жақын артериялар /қолқа мен оның тарамдары/ негізінен қанды өткізу қызметін атқарады.Олар,бәрінен бұрын,жүректің соғуымен итеріліп шығатын қанның көлеміне қарсы тұру қызметін атқарады.Сондықтан олардың қабырғаларында механикалық сипаттағы құрылымдар басым дамыған, яғни,эластикалық талшықтар мен жарғақтар.Мұндай артерияларды артериялардың эластикалық түрі деп атайды. Жүректің соғуының инерциясы әлсіреген орташа және уақ артерияларды қанның әрі қарай жүру үшін қан тамырының кабырғасының өздерінің жиырылуы қажет.Сондықтан оларда жиырылғыштық қасиет басым болады.Бұл жиырылғыштық қасиеті тамырлардың қабырғасында жақсы дамыған жазық салалы бұлшық ет ұлпасы қамтамасыз етеді. Орташа артериялардың көпшілігі /ұйқылық, сан, бұғана асты артериялары/ артериялардың аралас /бұлшық еттік – эластикалық /түріне жатады. Жекеленген артериялар қанмен тұтас мүшелерді немесе олардың бөліктерін қамтамасыз етеді. Мүшелерге қатысты, олардан тысқары, мүшелердің ішінде тармақтанатын –мүше ішілікартерияларды ажыратады.
Дененің қуыстарының қабырғаларын қанмен қамтамасыз ететін артериялар париетальдық /қабырғалар/, ішкі мүшелердің артериялары - висцеральдық /ішкі мүшелік/, артериялардеп аталады. Сондай-ақ, артериялар қанмен қамтамасыз етілетін 1) мүшелердің атына сәйкес аталады /бүйрек артериясы, көк бауыр артериясы т.б./ Кейбір артериялар өздерінің ірірек артериялардан 2) басталу деңгейіне байланысты /жоғары және төменгі шажырқайлық артериялар/, 3) сүйектің аты бойынша /кәріжіліктік артерия/ 4) тамырдың бағыты бойынша /санды айналып өтетін медиальды артерия/, сондай-ақ 5) орналасу тереңдігі бойынша /беткей немесе терең артериялар/ болады. Арнаулы аттары жоқ артериялар тармақтар деп белгіленеді.
Мүшеге тарқалғанда немесе мүшенің артерия уақ тамырларға тармақтанады. Артериялардың тармақтануының магистарльды және шашырыңқы түрлерін ажыратады. Магистральды түрде, негізгі /баған/ - магистральдық артерия болады да, одан біртіндеп бүйір тармақтары кеткен сайын кішірейе береді. Артерияның тармақтануының шашыраңқы түрі негізгі бағаннан бірден екі немесе одан да көп соңғы тармақтарға бөлінуімен сипатталады.
Бір бағанның тармақтары немесе әрүрлі бағандардың тармақтары өзара жалғаса алады. Тармақтардың осындай капиллярларға бөлінгенше жалғасуы анастомоз /-саға, құйылыс/ деп аталады. Анастомоз жасайтын артериялар анастомозданатын деп аталады. Дененің негізгі бөлшектерін қамтамасыз ететін және тамырлардың жеке жүйесі болып табылатын ірі артериялық магистральдардың /қолқа, ұйқылық, бұғана астылық және т.б. артериялар/ тармақтарының арасындағы анастомоздар жүйе аралық деп аталады. Бір ірі артериялық магистральдың тармақтарының арасындағы анастомоздар жүйе ішілік анастомоз деп аталады. Бұл анастомоздардың кейбіреулерімен сіздер практикалық сабақтарда танысқансыздар. /мысалы, Риоланов доғасы/.
Артериялардың соңғы тармақтары жінішке әрі уақ болады, сондықтан олар артериолалар деп аталады. Олар тікелей капиллярларға айналады және оларда жиырылғыш элементтер болу себепті реттегіштік қызмет атқарады.
Капиллярлар алмасу қызметін атқаратын өте жіңішке қыл тамырлар болып табылады. Капиллярлардың бар екендігі туралы ғалымдар тек 1661 жылы, оларды италия ғалымы Марчелло Мальпиги ашқаннан кейін, ғана білді. Капиллярдың қабырғасы арқылы алмасудың негізгі процестері жүреді. Осыған байланысты ол жазық эндотелиальлық клеткалардың бір қабатынан тұрады. Өзара кеңінен анастомоз жасап, капиллярлар венаға жалғасатын тор, капиллярлар торын құрады (5 сурет).
Веналар қанды артерияларға қарағанда қарама-қарсы бағатта – мүшелерден жүрекке қарай тасиды. Веналардың қабырғаларының құрылысы артериялардікі сияқты, бірақ едәуір жұқа. Оларда эластикалық және бұлшық еттік ұлпалар аз, сол себепті бос веналардың қабырғалары қабысады, ал көлденең кесіндіде артериялардың қуысы ашылып үңірейіп тұрады. Әсіресе веналық саланың алғашқы бөліктері – венулалар өте жұқа. Олар тікелей капиллярлар торынан қалыптасады да веналардың түбірі /басы/ болып табылады. Венулалар, бір-бірімен бірігіп, ірі веналар бағанын түзетін, веналарға айналады. Бұл веналық бағандар жүрекке келіп құяды. Веналар өзара кеңінен анастомоз жасайды да веналық өрімдер түзеді (4 сурет).
Қанның вена бойымен жүруіне вена қабырғасының бұшық ет қабатының жирылуының да маңызы бар. Дененің төменгі жартысынан вена қанының жүру жағдайы қиын болғандықтан ондағы вена тамырларының бұлшық ет қабығы жақсы дамыған. Вена қанының кері қарай ағуына, вена қабырғаларының ерекшелігі болып табылатын, арнайы бейімделушілік - клапандар (қақпақтар) кедергі жасайды. Вена клапандары дәнекер ұлпалық қабаты бар эндотелидің қаптары болып табылады. Олардың бос шеттері жүрек жаққа бағытталған, сондықтан қанның бұл бағытта қозғалуына бөгет жасамайды, бірақ оның кері қарай жүруіне кедергі жасайды.
Вена жүйесінде қанның 80% артериялар – 15% және капилляр – 5% болады деген пікір бар.
Артериялар мен веналар әдетте бірге жүреді, және де уақ және орташа артерияларға екі вена, ал ірі артерияларға бір вена ере жүреді. Бұл заңдылықтан, кейбір терең веналардан басқа, тері асты ұлпада өтетін және артерияларға ере жүрмейтін беткей веналар ерекше тұрады. Қан тамырлары қабырғаларының оларды қоректендіретін меншікті жіңішке артериялары және веналары болады.
Қан айналыс үлгісі
Қан организмде тамырлардың тұйық жүйесі бойымен айналады. Оны тиістілігіне қарай қан айналу шеңберлеріне бөлуге болады.
Үлкен /денелік/ шеңбер жүректің сол жақ қарыншасынан, артерия қаннан таситын, қолқамен басталады. Артерия қанның организмнің тіршілік әрекетіне қажетті қоректік заттар мен оттегі бар және түсті алқызыл. Қолқа, барлық мүшелер мен ұлпаларға барып, олардың ішінде артериолалар мен капиллярларға айналатын артерияларға тармақтанады. Капиллярлар қабырғалары арқылы қан мен дененің ұлпаларының арасындағы зат қаны қоректік заттар мен оттегі береді де, орына алмасу заттарымен газ алмасу жүреді. Капиллярлардан өтетін артерия қаны қоректік заттар мен оттегін береді де береді, орына алмасу заттары мен көмір қышқыл газын /ұлпалық тыныс алу/ алады. Осының нәтижесінде вена жүйесіне түсетін қана өттегі аз және көмір қышқыл газы көп болады да қанның түсі қара-қоңыр болады – веналық қан; сондықтан, қан аққанда оның түсі бойынша қандай тамыр – артерия немесе вена - зақымданғаның айыруға болады. Веналар, жүректің оң жақ жүрекшесіне келіп құятын екі ірі стволға – жоғары және төменгі – қуыс веналарға келіп қосылады. Жүректің осы бөлігімен қан айналысының үлкен /денелік/ шеңбері аяқталады. Тұңғыш рет үлкен қан айналыс шеңбері туралы енгізген 1628 жылы ағылшын дәрігері Вильям Гарвей енгізген еді.
Үлкен шеңберге қосымша болып жүректің өзін қамтамасыз ететін, үшінші /жүректің/ шеңбер жатады. Ол қолқадан шығатын жүректің тәждік артерияларымен басталып, жүректің веналарымен аяқталады. Соңғылар тәждік қойнауға келіп қосылады, ол барып оң жақ жүрекшеге құяды. Жүректің қалған веналары жүрекшеге тікелей барып ашылады.
Кіші /өкпелік/ қан айналыс шеңбері қанның өкпеде оттегіне қанығуын қамтамасыз етеді. Ол, барлық оң жақ жүрекшеге түскен вена қаны оң жақ жүрекше – қарынша тесігі арқылы өтетін, оң қарыншадан басталады. Оң жақ қарыншадан өкпелік сабау басталады да, өкпеде капиллярларға ыдырайтын артерияларға тармақтанады. Өкпе көпіршіктерін қоршап жататын капиллярлар торында қан көмір қышқыл газын беріп, орнына оттегін қабылдайды /өкпелік тыныс алу/. Оттегіне бай артерия қаны капиллярлардан , төрт өкпелік веналарды /әр жақтан екі-екіден/ түзетін, веналарға өтеді. Өкпелік веналар сол жақ жүрекшеге келіп құяды. Сол жақ жүрекшеге түскен қан сол жақ жүрекше-қарынша тесік арқылы сол жақ қарыншаға өтеді. Одан қайтадан үлкен қан айналыс шеңбері басталады.
Кіші қан айналыс шеңберінің анатомиясын 1546 жылы дәрігер, дінгер, әрі ғалым Мигуэль Сервет егжей-текжейлі сипаттады. Ол, «қан оң жақ қарыншадан өкпеге өтеді,-деп есептеді. өкпеде ол өнделеді, «күйеден» тазарады, содан кейін барып сол жақ қарыншаға келеді»./шын мәнінде – сол жақ жүрекшее/
Артериялар мен артериолалар көбінесе тарату /үлестіру/ қызметін атқарады, ал прекапиллярлар, капиллярлар, посткапиллярлар және венулалар көбінесе трофикалық қызмет атқарады.
-
артериола
-
прекапилляр
-
капилляр
-
посткапилляр
-
венула
-
вена
Артериялардың таралуының заңдылықтары
Артериялық жүйе өзінің құрылысында организммен оның жекеленген мүшелерінің және олрадың жүйелерінің құырысымен дамуының жалпы заңдылықтарын қайталайды. /П.Ф.Лесгафт/, сондықтан, денеде артериялардың таралуы белгілі бір заңдылыққа бағынады:
-
артериялар нерв түтігімен нервтердің бойында орналасады. Мысалы, жұлынға параллелді негізгі артериялық ствол – қолқа өтеді.
-
организмнің өсімдіктік және жануарлық өмір сүру мүшелеріне бөлуіне сәйкес, артерияларда да париетальдық дене қуыстарының қабырғаларына және висцеральдық - ішкі мүшелерге баратын болып бөлінеді.
-
әрбір қол, аяқ басты бір артериялық баған алады
-
тұлғаның артериялары сегментарлық құрылысын сақтайды.
-
артериялар жалпы тамырлар жинағын жасап, тамырлар жүйесінің басқа да бөліктерімен /веналар, ЛТ/ бірге жүреді.
-
артериялар қаңқаға сәйкес жүреді – омыртқа жотасы - қолқа, сан - І, сирақ - 2 артерия т.с.с.
-
артериялар мүшелерге ең қысқа жолмен барады. Қысқа жол заңын және даму тарихын біле отырып, әрқашан да берілген артериядан кететін тармақтарды және олар баратын мүшелердің анықтауға болады.
-
артериялар дененің бүгіліс бетінде орналасады. өйткені, жазылу бетінде орналасса тамырлар созылады және қабысады.
-
артериялар қорғалған жабық жерлерде орналасады; салаларда, өзектерде және т.б. /оларды қысылуымен зақымданудан сақтайды/.
-
мүшелерге артериялар олардың /ойысқан/ иілген медиальді немесе ішкі беттерінен кіреді. Бұл бет қоректену көзіне қарай орналасады. Сондықтан барлық мүшелердің қақпалаты ойысқан, орталық сызыққа қараған беттерінде орналасқан.
-
артерилар мүшелердің қызметіне сәйкес әртүрлі бейімделушілік түзеді: буындарды қоршаған тамырлар торын; өзінің көлемін өзгертетін мүшелерде артериялар сақина немесе доға тәрізді анастомоздар және т.б.
-
артериялардың диаметрі мен саны мүшелердің тек көлемімен ғана анықталмайды, сондай-ақ олардың қызметтерімен де анықталады – бүйрек, бүйрек үсті безі және басқа да ішкі секрециялық бездер.
Қай ағзаны алсақ та оның қызметі кұрылысына байланысты. Сондықтан жүрек құрылысына, оның кейбір ерекшеліктеріне тоқтай кетейік.
Жүрек (лат. сог) — қалың жолақты еттен тү-ратын төрт қуысты, үлкендігі адамның жүдарағындай (250— 300 г) жұмыр ағза. Жүректің сыртқы пішіні конустәрізді. Жүректің екі бетін; төс-қабырғалық және көкеттік, екі қырын: сол жақ-доғал және оң жақ-сүйір, ажыратады. Жүрек көкірек қуысында екі өкпе аралығы-ның алдыңры жағында орналасқан, ірі қан тамырларға ілініп түрады. Оның ұзындығы 12—15, ені 8—11 см, үзын білігі оңнан солға, жоғарыдан төмен, арттан алға карай бағытталған. Жүрек ұшы көкірек қуысында сол жакдағы бесінші қабырғаға не қа-бырға аралығына тіреледі. Жүрек қуысын бітеу перде екіге бө-леді. Қейде жүректің осы екі бөлімін оң жүрек, сол жүрек деп атайды. Оң жүрек пен сол жүрек қуыстары бір-бірімен қатыспай-ды. Әр жүрек жүрекше мен қарыншадан тұрады. Сонымен жүректе 4 қуыс бар, олардың екеуі жүрекшс екеуі қарынша. Жүрекше мен қарынша арасында атривентрику-лярлық (жүрекше-қарынша) тесік болады. Бұл тесікті жабатын үш жақтаулы атоиовентоикулярлық қақпақшалар. Үш жақтаулы атриовентрикулярлық қақпақшалар рек қабырғасы үш қабаттан тұрады. Іиікі — эндокард, ортаңгы — миокард, сыртқы — эпикард/
Эндокард жүрек қуысын іштей көмкерген ариовснтрикуляр-лық тесікке және қарыншалардан қолқа мен өкпе сабауы шыға-тын жерге жеткенде бүрылып қос қабат құрады да, сол тесіктер-ді жабатын екі не үш жақтауды және айшық тәрізді қақпақша-ларға айналады. Сонымен әр қақпақша эндокардтың екі жапыра-ғынан тұрады. Миокард — жүректің ортаңғы қабаты, ол жолак-ты ет талшықтарынан тұратын ен, қалың қабат. Жүректің сырт-қы қабаты — эпикард оны сыртынан қаптап, жүректен шығатын не оған келетін ірі қантамырларына жеткен жерде кері бұрылып жүрек сыртын екінші рет қаптайды. Бұл эпикардтыц сыртқы қа-баты, яғни перикард — жүрек қабы. Эпикард пен перикард ара-сында жіңішке саңылау, ал онда аздаған серозды сұйықтық бо-лады, бұл сұйықтық эпикард пен перикардтың ішкі бетін майлап қажалудан сақтайды. Перикард жүрек куыстарынын қанға то-лып қатты керілуіне кедергі жасайды. Жүрекше мен карынша арасындағы тесікті жауып түратын кақпақшалардың он жақта-ғысы үш жақтаулы, ал сол жақтағысы қос жактаулы—митральды. Қолқа мен өкпе артериясының қарыншадан шығатын жерінде айшық қақпақшалар орналасқан. Қақпақшалар жүрек жиырыл-ған сәтте (систола) қанның белгілі бір бағытта ағуын қамтама-сыз етеді. Қан жүрекшеден карыншаға, қарыншадан артериялар-ға (қолка мен өкпе сабауына) қарай ғана ағады, сау адамда қан кері ақпайды. Тек, жүрегі ауырған адамда қақпақшалар толық жабылмай, соған байланысты қаннын, біразы негізгі бағытынан айырылып кері қарай ағуы мүмкін. Мұны жүректің негізгі тонда-рына (дыбыстарына) шуыл араласуынан байкауға болады.
Ересек адамның жүрегі, қалыпты жағдайда, бір рет жиырылғанда 70-80мл қанды итеріп шығарады. Бір минуттағы қанның мөлшерін 5 литр деп есептесек, жүрек сағатына 300 литр, тәулігіне7000 литрден астам, жылына 2,5млн.литр ,ал 50 жылда 130 мың м3 қанды итеріп шығарады екен. Қанның мұндай мөлшерін тасымалдау үшін 50 теміржол құрамасы /состав/ керек болар еді.
Жүректің дамуының заңдылықтары. Дамуының аномалиялары.
Эмбрионда жүректің дамуы ұрықтық дамудың үшінші аптасында 17- күні мезодерманың бір бөлігі спланхнотомның висцеральді жапрақшасынан басталады. Болашақ мойын аймағында түтік тәрізді жүректің екі жақтауы пайда болады. Олар жақындасып, өзара бітісіп, түтік тәрізді жүректі түзеді. Түтіктің каудальді соңы кеңейіп, веналық қойнауды түзеді. Тарылған конус тәрізді соңы даму барысында артериялық сабауға бастама береді. Түтіктің орталық бөлігі кеңейеді бұл – болашақ қарынша. Түтікше S тәрізді иіледі. Қарыншадан жоғары жүрекшелер пайда болады. Олардың арасында түтікше тарылады (болашақ атрио-вентрикулярлы саңылау). Төртінші апта ортасында жүректің екі камерасы қалыптасады. Қақпа тек веналық қойнау мен жүрекше арасында болады. Қарыншаның жылдам өсуі барысында жүрек өз осі бойымен айналып, фронтальді жазықтыққа жақын орналасады. осының салдарынан қарынша жүрекшеден вентральді, кейін каудальді немесе солға қарай орналасады (1 сурет).
Веналық қойнаудың сол жақ өсіндісінен (мүйізінен) тәждік қойнау түзіледі. Веналық қойнаудың өзі оңға ығысып, болашақ оң жақ жүрекшенің бір бөлігін түзеді. Веналық қойнаудың оң қақпасы жүрекшенің дорсальді бетіндегі қатпарға айналып, кейін төменгі қуыс венасынан артериялық қанды сопақша тесікке айдап, сол жақ жүрекшеге түсуін қамтамассыз етеді.
Кейін жүрекшелердің бүйірінде құлақшалар пайда болады. Төртінші апта соңында жүрекшенің екіге бөлінуі жүреді. Бұл процес бесінші аптаның соңында жүрекше аралық қалқаның пайда болуымен аяқталады (үш камералы жүрек). Жүрекшелер өзара тек сол жақ қақпасы бар сопақша тесік арқылы байланысады. Қарыншалардың бөлінуі алтыншы аптада басталады. Қарынша аралық қалқа жүректің ұшынан жүрекшеге қарай өседі. Қарыншалардың толық бөлінуі жетінші патада аяқталады. Сонымен бірге жалпы артериялық сабау екіге бөлініп, аорта мен өкпе сабауын түзеді (2 сурет).
Зерттеу барысында эмбрионның жүрегінде ерекше (атипическая) бұлшықетті «қосынды» («добавочные») шоғырлар анықталған. Плацентарлық дамудың соңында бұл шоғыр белсенділігін жоғалтып, дегенерацияға ұшырайды. Алайда 0,2 % адамдарда бұл бұлшықеттік шоғыр сақталады. Олар пароксизмальді тахикардия мен аритмияның себепшісіне айналады. Ұрықтық дамудың екінші айында жүрек мойын аймағынан кеуде аймағыны ығыса бастайды.
Эмбрион мен ұрыққа әсер етуші зиянды факторлар (анасының вирусты аурулары, дәрілік және химиялық заттар) жүктіліктің алғашқы үшінші айында туа пайда болған жүрек ақауларын тудыру мүмкін.
Жүрек пен ірі қан тамырының аномалиялары ұрықтық дамудың 8-аптасына дейін пайда болады.Үйткені жүректің құрылыстық қалыптасуы 8-аптада аяқталады да, содан кейін оның гипертрофиясы көлемінің ұлғаюы жүреді. Бұл мерзімнен кейін жүректің аномалиясы дамымайды. Жүректің дамуының аномалияларын бірнеше топқа бөлуге болады:
1/жүректің санының; 2/ орналасуының; 3/ қуыстарының /камераларының/ санының және 4/ ірі тамырлардың. 1)жүректің санының; жүректің өте сирек аномалиясына оның мүлде бомауы – акардия жатады. Екі жүрек – дикардия пайда болуы мүмкін. 1966 жылы Югославияда дәрігерлік тексеру кезінде ер балада екі жүрек бар екендігі анықталған. Мұқият зерттегенде ол жүректер әдеттегіден кішірек екені белгілі болды, ал бала өте төзімді болған, бірақ шаршағанда қайтадан қалпына келу үшін көп уақыт керек екен. Дәрігерлер баланың өміріне ешқандай қауіп жоқ деген қортындыға келген.
2)Жүректің орналасуының аномалиялары: даму барысында жүрек өзінің орнынан ығысып орналасуы мүмкін. Мұндай аномалиялар/ауытқулар/ төс сүйек пен жүрек қабының /перикардтың/ аймағындығы кемістіктер кезінде кездеседі. Мұндай жағдайларда жүрек кеуде қуысының алдыңғы қабырғасында орналасады. Аномалияның мұндай түрі жүректің эктопиясы деп аталады.
Көкеттің жарығы кезінде құрсақ қуысы мүшелерінің көкірек қуысына өтуі нәтижесінде жүректің артқы көкірекарлықта орналасуы сипатталған, ал жүректің керісінше, құрсақ қуысына орналасуы сирек кездеседі. Кейде ішкі мүшелердің түгелдей кері орналасуы кезінде жүрек оң жақта орналасады – декстрокардия.
Көбінен адам өзінің жүрегінің басқа жақта орналасқанын білмейді де, жаппай рентгенологиялық тексеру кезінде анықталды. Декстрокардия жүректің қалыпты жұмысына әсер етпейді.Кейде жүректің кері орналасуы ғана байқалады. Ішкі мүшелердің кері орналасуы шамамен 120мың адамның біреуінде кездеседі де дененің қалыпты жағдайының варианты деп қарастырылады. Сонымен қатар бұның дұрыс диагноз қойып, дұрыс ем тағайындау үшін үлкен маңызы бар. Кейде жүректің қалыпты орнынан жоғары орналасуы мүмкін. Оны былай түсінуге болады: жүрек алғышқыда мойын аймағында пайда болады да, біртендеп кеуде қуысына төмендейді. Бұл қалыпты процесс бізге белгісіз себептерімен бұзылуы мүмкін, сонымен жүрек өзінің орнына төмендемей кеуде қуысының жоғарғы жағында немесе мойын аймағында қалып қояды.
Өкпе сабауының қуысының толық бітіп қалуы – стеноз немесе атрезия, өкпе сабауынан тек дәнекер ұпалық тартпа қалады. Бұл оң қарыншаның үлкейіп, сопақ тесіктің бітуі мен қабаттасады. Бұл аномалиярда тұңғыш рет Фалло деген ғалым сипаттады да Фалло триадасы /ұштағаны/ деп аталады. Егер бұған қолқаның транспозициясы – қолқаның оң және сол жақ қарыншадан бірдей бастулуы қосылса Фалло тетрадасы деп аталады. Егер бұл ауытқулармен қоса қарыншааралық қолқаның кемістігі болса Фалло пентадасы туралы айтуға болады.
Жүректің дамуы
22 күн 4 апта 5 апта
5-6 апта 8 апта
алдынан артынан артынан
1 сурет.Эмбрион жүрегінің дамудың әр кезеңіндегі пішіндік өзгерістері
-
қойнаудың көлдеңен бөлігі
-
төменгі қуыс венасы
-
жоғарғы қуыс венасы
-
өкпелік тармақ
-
өкпелік артерия
-
аорта
І-VІ – артериялық желбезектік доғалар
2 сурет. Жүрек камераларының қалыптасуы. Адам эмбриондарының жүрегінің фронтальді кесінділері.
А - эмбрион жүрегі 4-4½ апта: 1- жүрекше, 2 - қарынша, 3 - жүрекше-қарыншалық (атриовентрикулярлы) өзек;
Б - эмбрион жүрегі 5 апта: 1- бірінші реттік жүрекше аралық қалқа, 2 - бірінші реттік саңылау, 3- жүрекше-қарыншалық (атриовентрикулярлы) өзек;
В – эмбрион жүрегі 5½ апта: 1- бірінші реттік жүрекше аралық қалқа, 2 – бірінші реттік жүрекше аралық тесік (жабылатын), 3 - екінші реттік жүрекше аралық қалқа, 4 - жүрекше-қарыншалық (атриовентрикулярлы) өзектің жастықшасы, 5 – қарынша аралық саңылау, 6 – қарынша аралық қалқа;
Г – эмбрион жүрегі 6-6½ апта: 1- бірінші реттік жүрекше аралық қалқа, 2 - екінші реттік жүрекше аралық қалқа, 3 - екінші реттік жүрекше аралық тесік, 4 - жүрекше-қарыншалық (атриовентрикулярлы) өзектің жастықшасы, 5 - қарынша аралық саңылау;
Д – эмбрион жүрегі 8 апта: 1 - бірінші реттік жүрекше аралық қалқа (сопақша тесік қақпасы) 2 - екінші реттік жүрекше аралық қалқа, 3 - екінші реттік жүрекше аралық тесік, 4 - жүрекше-қарыншалық (атриовентрикулярлы) тесіктің қақпалыры.
3 сурет. Артериялық (А), веналық (Б), лимфалық (В) тамыр қабырғаларының құрылысы:
-
ішкі қабықша;
-
ортаңғы қабықша;
-
сыртқы қабықша
-
веналық клапан;
-
лимфалық клапан;
4 сурет. Веналық клапан:
-
вена қуысы
-
веналық клапан жақтаулары
-
сурет. Шажырқайдың микроциркуляторлық арнасы:
-
артерия
-
вена
-
артериола
-
венула
-
капиллярлар торы
-
лимфалық капиллярлар және тамырлар
6 сурет. Қуысты мүшелердің қабырғасындағы артериялардың тармақталуы А-көлдеңен (айналмалы) Б- бойлық
Достарыңызбен бөлісу: |