Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі


Дәріс 5 Ішкі ағзалар туралы ілімге кіріспе. Ас қорыту жүйесі ағзаларының құрылысы мен дамуының ерекшеліктері



бет5/6
Дата03.07.2016
өлшемі13.85 Mb.
#173899
1   2   3   4   5   6

Дәріс 5

Ішкі ағзалар туралы ілімге кіріспе. Ас қорыту жүйесі ағзаларының құрылысы мен дамуының ерекшеліктері

Ішкі мүшелер туралы ілім спланхнология деп аталады. Ішкі мүшелер, сүйектермен, олардың байланыстарымен және бұлшықеттермен түзілген көкірек және құрсақ қуыстарында орналасқан. Қабырғалар, төс сүйек, омыртқа жотасының кеуде бөлігі, қабырға аралық жалғамдар, бұлшықеттер және көкет көкірек қуысын қалыптастырады. Омыртқа жотасының белдік бөлігі, құрсақтық қысымның бұлшықеттері және диафрагма көкет құрсақ қуысын түзеді және шетаралық бұлшықеттерімен бірге жамбас сүйектері астау қуысын береді. Ішкі мүшелер жоғарыда аталған қуыстарда және бас пен мойын аймақтарында орналаса тұрып өзара топографиялық түрде байланысқан. Топографиялық байланыстан басқа олардың қорыту және тыныс алу жолдары қиылысқан мүше болып табылады.

Егер ішкі мүшелердің адам организмі үшін маңызын ойлап қарасақ, олардың ең маңызды процессі – зат алмасу процессін қамтамасыз ететіндігін көруге болады. Бұл ассимиляция (синтездеу) және диссимиляция (ыдырату) процестерінен тұратын күрделі процесс. Бұл процесс организмде үзбей жүріп, тірі организмнің тіршілігіне қажетті энергияның бөлініп шығуына әкеліп соғады. Зат алмасу процессі ас қорыту және тыныс алу мүшелері арқылы организмге қажетті қоректік заттар мен оттегі түскенде ғана қалыпты жүре алады.

Ішкі мүшелер жүйесі тірі организмнің өмір сүруіне қажетті қоректік заттарды жеткізіп қана қоймайды, сондай – ақ организмнің зат алмасудан пайда болған зиынды заттардан арылуына мүмкіндік туғызады. Сыртқа шығару қызметін, жоғарыда айтылғандай, ас қорыту және тыныс алу жүйелері орындайды. Мысалы, ыстық уақытта ауылшаруашылық жұмыстары кезінде тері арқылы адам организмінен 1 литрден 10 литрге дейін тер бөлініп шығуы мүмкін.

Бірақ, адам организмінде тек қана сыртқа шығару қызметін атқаратын арнаулы мүшелер – бүйректер бар. Бүйректерде зат алмасу заттары – шлактар қаннан ұсталып, несеп шығару жолдарының жүйесінің бойымен несеп түрінде сыртқа шығарылады. Несеп шығару жүйесі құрылысы жағынан жыныс жүйесімен тығыз байланысқан. Сонымен қоса бұл екі жүйе ортақ бастамадан дамиды. Сондықтан олар бір – несеп – жыныс жүйесіне біріктіріледі. Жыныс жүйесі өте маңызды қызметтердің бірі – адмның тұқымын түр ретінде жалғастыру қызметін атқаралы.

Қарастырылған ішкі мүшелердің жүйелері – ас қорыту, тыныс алу және несеп – жыныс – түтіктер жүйелері болып табылады. Ас қорыту жүйесінің екі тесігі бар: кіру және шығу тесіктері. Бұл жүйе тұлғаның ұзына бойына орналасқан. Тыныс алу түтігінің бірған тесігі бар. Ол кіру тесігі болып табылады, ал шығу тесігі жоқ. Бұл жүйе тек көкірек қуысының шекарасында орналасқан.



Ішкі мүшелер жүйесіне сондай – ақ бездер де жатады. Оларды сыртқы ішкі және аралас секрециялық бездер деп бөледі. Сыртқы секрециялық бездердің бөліп шығаратын секреттері өзек арқылы қуыстарға барып түседі. Ішкі секрециялық бездердің өзегі болмайды да, олардың инкреттері тікелей қанға түседі. Инкреттер нерв жүйесімен бірге адам организмінің тіршілік әрекетін реттеуге қатысады.

Ішкі мүшелердің құрылысының жалпы принциптері

Қуысты мүшелер көп қабатты қабырғадан тұрады.Оларда кілегейлі, кілегей асты бұлшықетті, сірлі немесе дәнекер ұлпалы қабықтан тұрады. Кілегей қабық, ішінен эпителимен жабылған дәнекер ұлпалық қабаттан тұрады. Ол әр бөлікке әртүрлі кілегей қабық қатпарлар түзеді, ал ащы ішекте сонымен қатар бүрлер бар. Ащы ішекте4 млн жуық бүрлер бар. Электрондық микроскоптың көмегімен бүрлерден басқа микробүрлер де бер екендігі анықталды. Қатпарлар, бүрлер және микробүрлер ішектің сору бетін ұлғайтады. Ішектің кілегей қабығында ішектің сөл бөліп шығаратын бездер бар. Сөл ішектегі ас қорыту процесіне қатысады. Одан басқа ащы ішектің кілегей қабығы лимфалық ұлпаға бай. Лимфалық ұлпа жекелеген фолликулалар және олардың жиынтығы түрінде орналасқан, олар иммунды жүйеге кіреді. Кілегей қабықтан кейін кілегей асты қабық орналасады. Осының арқасында кілегей қабық қатпарлар түзеді, ол қан тамырлары, лимфатикалық торлар және нерв өрімдеріне бай.

Бұлшықетті қабық. Ол өзінің автоматизмімен ерекшеленетін жазық салалы бұлшықеттер тұрады. Бұл бұлшықет өзінің еңбекке жарамдылығы және созылғыштығымен ерекшеленеді. Жазық салалы бұлшықет клеткалары екі қабат жасап орналасады: сыртқы – ұзына бой және ішкі – қоршама (циркулярлы). Қоршама жазық салалы бұлшықет клеткалары кейбір жерлерде шоғырланып, ас қорыту түтігінің бір бөлігінің ішіндегісінің екінші бөлігіне өтудің реттеп тұратын қысқыш еттер түзеді. Мұндай қысқыш ет асқазаннан ұлтабарға өтер жерде орналасқан. Жазық салалы бұлшықет толқындалып жиырылады да, астың араласуы мен ас қорыту түтігінің бойымен әрі қарай жылжуына мүмкіндік береді.

Ең сыртқы қабық – сір қабық немесе дәнекер ұлпалы, сыртынан мезотелий қаптап жатады. Ол мүшелерді әртүрлі жабады. Кейбір мүшелер барлық жағынан интраперитонеальды орналасқан, екіншілері үш жағынан жабылған (мезо перитонеальды орналасқан), ал үшіншілері бір жағынан ғана жабылған (экстраперитонеальды орналасқан). Сір қабық жоқ жерлерде мүшелер, оларды көрші мүшелермен байланыстыратын, дәнекер ұлпалық қабық – адвентициямен жабылған. Сір қабықпен дене қуыстарының қабырғалары да астарланған. Сондықтан сір қабықтардың екі табақшасын ажыратады: дене қуысын астарлап жататын қабырғалық – периетальдық табақша және ішкі мүшелерді жауып жататын ішкі мүшелік – висцеральдық табақша. Табақшалардың арасында шамалы мөлшердегі сірлік сұйықпен толған саңылау тәрізді қуыс орналасқан. Бұл сұйық сірлік табақшаларды ылғалдап, олардың арасындағы үйкелісті болдырмайды. Кеуде қуысындағы сір қабық плевра деп, ал құрсақ қуысында – іштік деп аталады.

Паренхиматозды мүшелер.Оларға әсіресе үлкен бездер жатады.Паренхима дегеніміз меншікті маманданған ұлпадан тұратын безді мүшелер. Паренхиматозды мүшелер анатомиялық бірліктерден деп аталатын бөлімдер және бөліктерден тұрады. Кейбір мүшелерде сегменттер деп аталады.

Мүшелердің топографиясын білу өте маңызды. Сондықтанда олардың топографиясын қарастырған кезде, мынадай түсініктерді білу қажет.



Голотопия - мүшелердің дененің аймақтарына түскен кескіні(1- сурет).

Скелетотопия - мүшелердің қаңқаға байланысты орналасуы.

Синтопия - белгілі бір мүшнің көршілес жатқан мүшелерге байланысты орналасуы.

Ішкі мүшелердің орны пішіні, құрылсы жеке өзгешіліктермен байланысты болады. Бұл

өзгешілік жастық, жыныстық, ерекшеліктерге, адам дене бітісіне де байланысты болады. Мысалы: долихоморфты адамда асқазан ұзындау және вертикальді орналасады, ал брахиоморфты адамдарда мүйіз тәріздес, көлденең бағытта орналасады.

Ішкі мүшелердің қалыпты жағдайдан ауытқулары.

Ішкі мүшелердің қалыпты жағдайдан ауытқуларын 4 - топқа бөлуге болады.

1.Санына байланысты:

а) Агенезия - мүшенің мүлдем болмауы.

б) Аплазия - мүшенің ұрықтық бастасының жетілмей қалуы.

в) қосымша мүшелердің болуы.

г) Мүшелердің бірігуі.

2. Орналасуына байланысты:

а) Гетеротопия- мүшенің бастасының басқа жерде орналасып сол жерде дамуы.

б) Дистопия - мүшенің бастасының басқа жерге ығысуы.

в) Инверсия - мүшенің қарама - қарсы жақта орналасуы.

3.Мүшенің пішінімен мөлшерінің қалыпты жағдайдан ауытқулары:

а) Гипоплазия - ұрықтық дамудың қандай да бір кезеңінде дамудың тежелуінен пайда болады.

б)Гиперплпзия - мүшенің салмағының артуы, ол мүшенің санының немесе көлемінің ұлғаю салдарынан болуы мүмкін.

в)Мүшелердің бірігуі салдарынан ұлғаюы.

4. Құрылысының қалыпты жағдайдан ауытқуы:

а)Атрезия - табиғи тесіктердің және өзектің саңылауының толығымен бітелуі.

б)Стеноз - табиғи тесіктердің және өзектің саңылауының тарылуы.

в)Дивертикулдар - қосымша өсінділердің пайда болуы.

г) Гетероплазия - жек ұлпалардың дамымауы.

д) Дисплазия - мүшенің ұлпасының құрамдық бөлімдерінің бұзылуы.



Ас қорыту жүйесінің дамуы

Филогенез барысында ас қорыту түтігі ерте пайда болады да, эмбрионогенез процесінде де ас қорыту жүйесінің негізі ерте қалыптасады. Ол, ұрық ұрықтан тыс бөлігінен ерекшеленбей қалып – таса бастайды. Әуелі біз ауыз қуысының дамуын қарастырамыз. Ол ас қорыту жүйесінің бір бөлігі болса да, оның дамуы беттің қалыптасуымен тығыз байланысты. Ұзындығы 2.5 мм ұрықтың бас жағында (дамудың 12-ші күні), 5 өсіндімен қоршалған алғашқы ауыз шұңқыры пайда болады. 5 өсіндінің ортаңғысы, төмпенің өсіндісі, екеуі жоғарғы жақтық, екеуі төменгі жақтық өсінділер. Бұл өсінділер мандибулалық (төменгі жақтық доғасымен туындылары) болып табылады.Құрсақтық дамудың екінші айында төменгі жақтық өсінділер. Бұл өсінділер мандибулярлық (төменгі) жақтық желюезек доғасының туындылары болып табылады. Құрсақтық дамудың екінші айында төменгі жақтық өсінділер бірігеді де, олардан төменгі жақ пен төменгі ерін дамиды. Жоғарғы жақтық өсінділер бір – бірімен тұтаспай, мандайлық төмпеден шығатын сыңар мұрындық өсіндімен бірігеді. Мұрындық өсіндіден мұрын қуысының аралығы (қалқасы күрек тістік сүйек және жқғарғы еріннің ортаңғы бөлігі) сүзгі қалыптасады. Жоғарғы жақтық өсінділерден жоғарғы жақтар, қатты және жұмсақ таңдайлар, жоғарғы ерін пайда болады. Қатты және жұмсақ таңдайлар жоғарғы жақтық өсінділердің ішкі бетінен өсіп шығатын таңдайлық табақшалардан түзіледі. Табақшалар алғашқыда вертикальды орналасып, кейін горизонтальды қалыпқа келеді де, өздерінің бас қырларымен жанасып, бірігіп кетеді.

Ауыздың кіреберісі мен меншікті ауыз қуысының шекарасында орналасқан тістердің дамуының екі көзі бар: эктодерма және мезенхима. Құрсақтық дамудың екінші айының соңында жоғарғы және төмегі жақтық өсінділерді жауып жатқан эктодерма қалындайды. Бұл қалындаудың пішіні таға тәрізді келеді де тістік білеу немесе тістік табақша деп аталады. Тістік табақшаның екі жиегі бар: оның біреуі ауыз қуысының эпителиіне айналады, екінші – бос жиегі мезенхимаға батады. Кешікпей мезенхимаға батқан тістік табақшаның, сүт тістердің санына сәйкес, 20 жерінде қарқынды өсе бастайды. Осылайша эпитетитік бастамалар немесе эмальдық мүшелер пайда болады. Одан әрі эмальдық мүшелер жалпы ұлпадан ерекшелене бастайды да, жалпы ұлпамен эпителий ұлпасының көпіршелерінің көмегімен ғана байланысады. Содан кейін әрбір қалындаудың көлемі ұлғайып, оның мезенхиманың тереңіне қараған бетінде батыңқы жер пайда болады. Оған мезодермалық емізікше деп аталатын тығыздалған мезенхиманың ұяшығы кіреді.

Тұрақты тістер де табақшалардан пайда болады. Дамудың 5-айында сүт тістерінің бастамаларының артында күрек тістердің бастамаларының артында күрек тістердің ит тістердің және кіші азулардың эмальдық мүшелері түзіледі. Осы уақытта тістік табақшалар артқа қарай өсіп, олардың жиектерінде үлкен азулардың эмальдық мүшелерінің бастамалары пайда болады.

Қалқанша без тілдің алдындағы 2/3 мен артқы 1/3 арасында эпителидің томпаюының нәтижесінде пайда болады.

Ауыз қуысының кілегей қабығының көп қабатты тегіс эпителиінен сілекей бездері дамиды. Құрсақтық дамудың екінші айының сонында сілекей бездерінің бастамалары ауыз қуысының кілегей қабығының көп қабатты тегіс эпителиінің томпаюы түрінде пайда болады. Қай бездің бастамасы бірінші пайда болатындығы туралы ғалымдар әртүрлі тұжырым айтады. В.Н.Тонковтың айтуынша құлақ түбі безі (шықшыт безі) бірінші пайда болады, ал кейінірек төменгі жақастылық және тіластылық бездерінің бастамалары пайда болады. Басқа ғалымдардың пікірінше – төменгі жақастылық бкз бірінші пайда болады.

Ас қорыту жүйесінің төменгі бөлімдері (жұтқыншақ, өңеш, асқазан және ішек) ас қорыту түтігінің ішкі бетін жауып жататын эпителиді қалыптастыратын ішкі ұрықтық табақша – мезодермадан дамиды. Дамудың алғашқы кезеңдерінде ас қорыту жүйесі алғашқы ішектік түтік түрінде болады. Ұрық ұрықтан тыс бөліктен ерекшелене бастағанда алғашқы ішек 3-ге бөлінеді: ұрықтың ішіндегі және ұрықтан тыс (сары ұзындық қапшық) бөліктерге. Одан кейін ұрықтың ішінде орналасқан алғашқы ішек 3-ке бөлінеді: алдыңғы, ортанғы және артқы. Ортанғы ішек сары уыздық қапшықпен сары уыздық сағашқа деп аталатын өзектен жалғасқан. Ұрықтың алғашқы даму кезеңдеріндегі алғашқы ішектің құрылысы өте қарапайым. Оның ұзындығы ұрықтың ұзындығындай. Ол хорданың вентральды жағында орналасады да, краниальды және каудальды ұштарында бітеу аяқталады. Осы кезеңде ұрықтың каудальды және краниальды жақтарында эктодермада екі шұңқыр пайда болады да, олар алғашқы ішекпен түйіскенше тереңдейді. Краниальды жақтағы шұңқыр алғашқы ішекпен түйіскенше тереңдейді. Краниальды жақтағы шұңқыр алғашқы ішекпен ұрықтық (эмбриональдық) дамудың 4-аптасында түйіседі де алғашқы ішектің алдыңғы ұшының қабырғасы мен ауыздық қуыстың түбін, эмбрионогенездің 4-аптасының соңында тесілетін, жұтқыншақтық жарғақ түзеді. Осылайша ересектерде ауыз қуысын жұтқыншақпен жалғастыратын ауыз тесігі пайда болады. Эмбрионогенездің 5-аптасында эктодерманың каудальды шұңқыры алғашқы ішектің артқы ұшымен түйісіп, 5-аптаның соңында тесілетін, клоакалық жарғақ пайда болады. Ол тесілгеннен кейін артқы тесік (анальдық) қалыптасады.

Алдыңғы ішектен жұтқыншық, өнеш, асқазандамиды, ортаңғы ішектен-ащы ішек, артқы ішектен тоқ ішек дамиды.

Жұтқыншақ алдыңғы ішектің жоғарғы бөлімінен дамиды. Оның латеральды жақтары онда сыртқы желбезектік салаларға қарама-қарсы орналасқан. 4 жұп желбезектік қалталардың бастамалары пайда болады. Жұтқыншақтан қакульды жақта алдыңғы ішек жінішкеріп, өнешті түзеді, одан кейін ол кеңиді де асқазанға жалғасады.

Одан кейін алғышқы ішек жылдам ұзарып, орын ауыстырады, сондықтан алғашқы ішектің дамуының үш сатысын ажыратады: 1) ұзару, 2) орын ауыстыру және 3) қайта беку.

4-5 аптаның басында алғашқы ішек түтігінде ілмек пайда болады. Ол төмендеген және өрлеме бөлімдерінен тұрады. Одан кейін ілмектің аймағындағы томпаю-соқыр ішектің бастамасы пайда болады. Қарқынды ұзарудың нәтижесінде алғашқы ішек орын ауыстыра бастайды. Эмбриогенездің 4-аптасында алдыңғы ішектің бойында кеңею – асқазан пайда болады. Алғашқыда асқазан сагитальды жазықта орналасады да, оның оң және сол беттері, алдыңғы (кіші имегі) және артқы (үлкен имегі) қырлары болады. Орын ауыстыру нәтижесінде сол жақ беті алдыңғы, оң жақ беті артқы беттеріне айналады. Кіші имегі (алдыңғы қыры) жоғары және оңға қарай, ал үлкен имегі (артқы қыры) төмен және солға қарай бағытталады. Сонымен бірге ішек түтігі түгел айналады. Ішек түтігі сыртынан сір қабықпен – іштікпен – қапталған. Ол алғашқы ішекті тұлғаның алдыңғы және артқы қабырғаларымен байланыстырып, вентральдық және дорсальдық шажырқай түзеді. Даму барысында вентральдық шажырқай ішектің, асқазанның кіші имегінен басқа, өн бойында кері дамып, жоғалып кетеді. Вентральдық шажырқайдың қалған бөлімінен кіші шарбы дамиды. Ішек түтігінің өн бойында тек артқы шажырқай сақталады да, ол арқылы ішек түтігі құрсақ қуысының артқы қабырғасына бекиді. Даму және орын ауытыру процестерінің барысында дорсальдық шажырақайды ішек түтігінің барлық бөлімдері бірдей сақтап қалмайды. Атап айтқанда, ұлтабар өзінің шажырақайын жоғалтып, ішекпен тек алдыңғы жағынан жабылған. Осындай өзгерістерге ішектің басқа бөлімдері де ұшырайды: мысалы, өрлеме және төмендеген жиектік ішектер. Ішек түтігі орын ауыстырғанда басқа мүшелер де орын ауыстырады, мысалы, бауыр оңға, көкбауыр солға қарай орын ауыстырады.

Ас қорыту жүйесі мүшелерінің дамуының аномалиялары (ауытқулары).

Ауыз қуысы аймағында «қоян ерін» және «қасқыр ауыз» және басқа ауытқулар (аномалиялар) кездеседі. Алғашқы рет «қоян ерін» деген атты ХVІ ғасырда Людовик ХІІІ-нің сарай дәрігері Амбразе Парэ берген болатын. Ол қоянның жоғарғы еріні үш бөлімнен тұратының байқаған еді(2- сурет) .

«Қоян ерін» - жоғарғы жақтық өсінділердің мұрындық өсіндімен бір жақта немесе екі жақта тұтасып бірікпеуі. «Қасқыр ауыз» - қатты таңдайды қалыптастыратын таңдайлық табақшалардың тұтасып бірікпеуі. Жоғарғы ерін мен таңдайдың жырықтары адамның ең көп тараған кемтарлықтарының бірі, барлық кемтарлықтардың 12-30% береді. Жоғарғы ерін мен таңдайдың жырықтарымен қатар бет аймағында басқа да кемістіктер кездеседі, күрек тістік сүйек, төменгі еріннің жырығы, беттің қиғаш жырықтары, үлкен ауыз, кішкентай ауыз, құлақтардың мойынға қарай ығысып орналасуы, мұрын пішінінің қалыптан бөлек булы, жалғыз көзділік (циклопия), мұрын, маңдай аймақтарында қосымша өсінділердің болуы және т.б.

Тістердің аномалиялары (ауытқулары).

Тістердің ауытқуларына (аномалияларына) адентия жатады. Адентия – тістердің болмауы: тістердің бір ғана, немесе, керісінше үш бастамасы болуы мүмкін. 4-ші үлкен азудың болуы жиірек кездеседі, қосымша күрек тістің немесе кіші азудың болуы сирек кездеседі. Ет тістің санының көбеюі адамда байқалмайды, анатомдар оны адамның ата- тегінде екі ит тістің кездеспейтіндігімен түсіндіреді. Тістердің ерте жарып шығуы немесе, керісінше олврдың кешігіп шығуы кездеседі. Тістердің мұрын қуысына немесе гаймор қойнауына қарай жарып шығуы мүмкін. Тістердің пішінінің ауытқуларының болуы мүмкін: Фурнье тісі – бұрауыш тәрізді тіс, бөшке тәрізді тіс. Кейде тістер түбірлерінің санының көбеюі немесе азаюы мүмкін. Көрші тістердің, тіпті барлық тістердің тұтасып бірігіп кетуі сипатталған.

Тілдің аномалиялары: 1) тілдің болмауы; 2) тілдің ұшында 2-3 өсінді – қалақтардың болуы; 3) тілде қосымша бұлшықеттердің болуы; 4) туа пайда болған үлкен тілділік – макроглоссия.

Мойын аймағында туа пайда болған терең (жыланкөз) жырықтар (свищтер) кездеседі: олар желбезектік қалталардың тесілуінің іздері. Бұл жырықтар, жыланкөздері сыртқы ортаны жұтқыншақпен, көмекеймен, кеңірдекпен байланыстырады. Мұндай жырықтар, жыланкөздер, төс – бұғана – еміздік бұлшықетінің артқы қырының бойында, төс – бұғана буынынан жоғары орналасады. Кейде олар ортанғы сызыққа орналасып, ортанғы жырықтар, жыланкөздер деп аталады. Туа пайда болған жартылай жыланкөздер де кездеседі. Олар өн бойының бір жерінде бітіп кетеді де, жұтқыншақ жақтан байқалатын өзек түрінде болады.

Өңештің аномалиялары оның ұзынынан бойына екіге бөлінуі, тарылуы немесе кезкелген деңгейде үзілісті болуы мүмкін. Өңештің туа пайда болғап ауытқуларына бүйір кисталарымен жыланкөздері жатады. Жыланкөздер бір ұшымен өңешке, екінші ұшымен мойынға ашылуы мүмкін. Кейде оларда бірнеше тармақтарға бөлінуі мүмкін. Қалқанша без жолының жыланкөздерінің де дамуы мүмкін. Жол эмбриондық кезеңде болады да тілдің соқыр тесігіне ашылады. Өңештің ақауларына кеңірдек - өңештік фистула жатады. Бұл фистуланың бірнеше варианттары бар. Өңештің 2 бөлімге бөлінуі жиі кездеседі: жоғарғы жағы кеңіп, бітеу аяқталады, ал төменгі жағы кеңірдекпен жалғасады. Өңештің жоғарғы бөлімінің немесе екі бөлімінің бірдей кеңірдекпен жалғасуы сирек кездеседі. Мұндай балалардың өмірін туғаннан кейінгі сағаттарда ғана, операция жасап, сақтап қалуға болады.

Ішектің аномалиялары:

1) Оның түгелдей болмауы.

2) Ішек бөлімдерінің екі айырылуы.



  1. Ішек бөлімдерінің ұзаруы немесе қысқаруы.

4)Ішек қуысының кеңеюі немесе оның бітіп кеткенге дейін тарылуы.

Ішкі мүшелердің түгелдей немесе жартылай керісінше орналасуы. Ғылыми әдебиеттен белгілі, ішкі мүшелердің керісінше орналасуы өте сирек, 10 млн. адамның ішінде бір рет қана, кездеседі де көбінесе құрсақ қуысы мүшелеріне қатысты болады. Мысалы, Ленинградтағы әскери – медициналық Академияның 130 жылдық тарихында ішкі мүшелердің түгелдей керісінше орналасуы тек екі рет қана кездескен.

Кейде құрсақ қуысының алдыңғы қабырғасы жете дамымағанда ащы ішектің түгелдей сыртқа шығуы мүмкін. Мұндай құбылысты ішектің эвентерациячы деп атайды. Кейбір жағдайларда бұл жетіспеген қабырға арқылы асқазанның шығуы да мүмкін. Мықын және тоқ ішектің бір бөлімінің болмауы сипатталған. Ас қорыту түтігінің ауытқуларына сарыуыз – ішектік өзектің сақталуы да жатады. Ол Меккель бұлтыюы деген атпен белгілі, ол мықын ішектің соңғы ұшына 60-70 см. жетпей, алдыңғы қабырғасында орналасады. Меккель дивертикулының (томпаюының) ашық, жабық және бос түрлерін ажыратады. Ашық түрі кезінде ішек кіндіктегі тесікпен жалғасқан туа пайда болған ішектің жыланкөз. Жабық жыланкөз бір жағына тартпа арқылы кіндікпен, ал екінші жағынан ішекпен жалғасқан. Бәріненде бос дивертикул жиі кездеседі, ол мықын ішектің шығыңқысы (томпаюы) болып табылады. Дивертикулдың ұзындығы кейде 25 см.-ге жетеді де, жиі ішектің түйілуінің (айналуының) себепті болады. Соқыр ішектің жоғарғы орналасуда кездеседі. Соқыр ішектің бауырдың астында орналасуы мүмкін.

Соқыр ішектің құрт тәрізді өсіндісінің ұзындығы мен орналасуынын да көп түрлері бар. Құрт тәрізді өсіндінің мүлдем болмауы сипатталған. Кейде құрт тәрізді өсіндінің ұзындығы 23 см.-ге жетіп, өрлеме жиектік ішекті орап алуы мүмкін. Бұл жағдайда оның бос ұшы бауырдың астында жатады.

Тоқ ішектің аномалияларына, сондай-ақ, мегаколон – тоқ ішектің ұзындығы мен кеңдігінің өте ұлғаюы да жатады. Бұл жағдайда тоқ ішектің диаметрі 20 см.-ге жетуі мүмкін. Бұл уақытта көлденең жиектік ішек үш қатар жасап жатуы мүмкін. Қима ішектің қосақтануы, артқы тесіктің бітік болуы да кездеседі.

Ащы ішектің аномалияларына ұлтабарда және тоқ ішектің барлық бөлімдерінде шажырқайдың болуын жатқызуға болады. Бұл аномалиялар көбінесе ішектің түйілуінің себебі болады. Дүниежүзілік ғылыми әдебиетте ішек түтігінің түгелдей екі айырылуы (ұзын бойына екіге бөлінуі) бір рет қана сипатталған.



1- сурет Іштің аймақтары



2- сурет Ауыз қуысы



Дәріс 6

Сезім ағзалары. Көру ағзасының функционалдық анатомиясы

Талдағыштар (анализаторлар) немесе сезім жүйесі дегеніміз арнайы қабылдағыш-рецепторлардан, аралық және орталық жүйке клеткаларынан, оларды байланыстыратын арнаулы тал-шықтарыиаи тұратын жүйке жүйесінің күрделі бөлігі, Сезім ағ-залары организмнің өзін коршаған ортамен өзара әрекеттесуін жүзеге асыруда маңызды роль атқарады. Өйткені сезім ағзала-рының рецепторларында сыртқы ортаньщ тітіркену әсерінен козу толқындары пайда болады, ол орталык, жүйке жүйесіне өтеді. Сезім ағзалары қабылдайтын тітіркендірістер үлкен ми сыңарла-ры кыртысының, белгілі аймақтарында ажыратылады. Яғни талдағыштар ақпаратты кабылдайтын және талдау жасайтын жүй-елер.

Талдағыштар туралы ілімді И. П. Павлов ашты. «Анализатор – қызметі сыртқы ортаның күрделіктерін жекелеген элементтерге ажырататын аспап» - деп жазды И.П. Павлов. Ол, ен бірінші болып, талдағыштың үш бөліктен тұратынын айтты: рецепторлық (шеткі бөлімі), афференттік нейрондар және өткізгіш жолдар (аралық бөлім), соңында афференттік сигналды кабылдайтын үлкен ми сыңарларыныц қыртысы (орталық бөлімі)

Бұл үш бөліктің біреуінің зақымдануы белгілі бір тітіркендірісті ажырату қабілеттілігін жоюға әкеп соқтырады. Мәселен, ми кыртысының нақтылы бір аймақтарын закымдайтын тәжірибе-лер шартты рефлекстерді жояды. Осыны ескере отырыл, И. П. Павлов талдағыштардың ми кыртысындағы бөлімінде алгашқы жобалау (проекциялық) аймағы болатындығын дәлелдеді. Соны-мен катар бұлардан тысқары келген мәліметті қабылдайтын шашыраңкы жүйке элементтерінің барлығы анықталды.

Талдағыштардың әлем тануда өте зор мәні бар. И. М. Сече-новтың айтуы бойынша , талдағыш дегеніміз — мидың сезіну ағзалары. Өйткені әрбір психикалық іс-әрекет санада сезім арқылы қабылдау негізінде туады.

Сезім арқылы білу адамда алты жолмен іске алады: а) тітіркену, б) есту, в) көру, г) дәм сезу, д) иіс сезу және е) гравитация. Алты сезім мүшелері адамға қоршаған объективтік бейнелер – сезімдер түрінде суреттеледі.

Сезім пайда болу үшін тітіркенуді қабылдайтын аспаптар осы тітіркенулерді өткізетін нервтер және осы тітіркенулер санаға айналатын, білудің алғашқы процесіне, орын-ми қажет. Сезім пайда болу үшін қажетті осы ақпараттардың жиынтығын И.П. Павлов анализатор деп атады.

Әрбір анализатор үш бөлімнен тұрады: 1) Рецептор (қабылдағыш) – тітіркендіру энергиясын нервтік процеске айналдырғыш. 2) Кондуктор – нервтік қозуды өткізгіш. 3) Анализатордың қыртыстық соңы; онда қозу сезім түрінде қабылданады.

Сезімдердің екі тобын ажыратады:

1. Сыртқы ортаның заттары мен құбылыстарының қасиеттерін көрсететін сезімдер: түйсіну, қызуды және ауырғанды сезу, есту, көру, дәм және иіс сезу.

2. Дененің жеке бөліктерінің қозғалыстарын және ішкі мүшелерді сезіну.

Рецепторлар (қабылдағыштар) дененің қай жерінен тітіркенуді қабылдауына қарай үш топқа бөлінеді:



  1. Экстероцепторлар – тітіркенуді алты экстероцептивтік аймақтардан қабылдайды: теріден, есту, көру, дәм және иіс сезу, гравитация мүшелерінен.

  2. Проприоцепторлар – бұлшықет – буындар мен тепе-теңдік мүшелерінен қабылдайды.

  3. Интероцепторлар тітіркенуді ішкі мүшелерден және тамырлардан қабылдайтын рецепторлар.

Тітіркенуді қабылдау сипатына қарай рецепторлар тағы да бірнеше топқа бөлінеді: а) жанасым рецепторлар, нервтік импульсты өткізуді жанасу арқылы жүзеге асырады.

б) дистанттық (қашықтық) рецепторлар, тітіркену тікелей емес қашықтықтан қабылдайды; мысалы, иісті – дистанттық рецепторлар мұрын қуысында, көз алмасында, ішкі құлақта орналасқан, яғни, тітіркеністі алыс қашықтықтан қабылдайтын рецепторлар. Мысалы, түнгі таза ауда жанып тұрған шырақты біз бір шақырым қашықтықтан көре аламыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет