Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі


ИНСУЛЬТТЕР  Геморрагиялық



Pdf көрінісі
бет20/79
Дата29.11.2023
өлшемі2.08 Mb.
#484899
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   79
НЕРВ ЖҮЙЕСІ ОҚУ ҚҰРАЛЫ

ИНСУЛЬТТЕР 
Геморрагиялық 
Ишемиялық 
Криптогенді (этиологиясы 
анықталмаған) 
Гетерогенді инсульттер (100% популяцияның барлығы) 
Атерия-
тромбоз-
дық 
Артерия-
артериялық 
эмболиялар 
Кардио-
эмболиялық 
Ми тамыр-
ларының 
тромбозы 
 
Лакуналық 
 
Гемодина-
микалық 
Гемо-
реологиялық 
микро-
окклюзия 


25 
Ишемиялық инсульттің модификацияланған (бақылайтын, 
реттейтін) қауіп-қатер факторлары 

 Артериялық 
гипертензия 
(ишемиялық 
инсульт 
үшін 
популяциялық қауіп-қатер факторы 70-80%-ды құрайды; АҚ 160/95 мм 
сын.бағ. жоғарылағанда ишемиялық инсульттің даму қауіпі 4–5 есеге 
артады, АҚ 200/115 мм сын.бағ. жоғарылағанда – 10 есеге артады
диастолалық АҚ 7,5 мм сын.бағ. өсуі инсульттің даму қаупін 2 есеге 
арттырады). 

 Темекі шегу (ИИ-тің даму қаупін екі еселейді; инсульттің даму 
қаупі темекі шегетін әйелдерде жоғары болады; темекінің пассив шегілуі – 
ми атеросклерозының өршуін туындататын қауіп-қатер факторы саналады; 
темекі шегуді мүлдем тоқтату қауіп-қатер факторларының әсерін 50%-ға 
дейін азайтады, темекі шегуді тоқтатқаннан кейін 5 жыл өткен соң темекі 
шекпейтін адамдардың қауіп-қатер факторларынан айырмашылығы 
болмайды). 

 Жүрек аурулары (жүректің ишемиялық ауруы – ЖИА 
ишемиялық инсульттің даму қаупін 3-5 есеге, жыпылық аритмиясы – 2-4 
есеге, ЭКГ бойынша жүректің солжақ қарыншалық миокард 
гипертрофиясы - 3 есеге, жүрек функциясының жеткіліксіздігін – 3-4 есеге 
арттырады). 

 Қантты диабет (ИИ-тің даму қаупін 2–4 есеге арттырады
науқастардың 20–35% -да ИИ атеросклероздық ми макро- және 
микроангиопатиялардан туындайтын қантты диабет кезінде байқалады). 

Гиперхолестеринемия (жалпы холестерин мөлшерінің 5,2 
ммоль/л артуы және төмен тығыздықты липоротеидтердің 3,36 ммоль/л 
жоғарылауы ИИ-тің тікелей емес қауіп-қатер факторы саналады). 

Басынан өткерген инсульттер, ТИА (алғашқы инсультті 
басынан өткергеннен кейін ИИ-тің қайталануы 10 есеге өседі; ТИА-ны 
басынан өткерген науқастардың 1/3 бөлігінде ишемиялық инсульт дамиды; 
ТИА-мен ауыратын науқастарда ИИ-тің даму қаупі жылына 4-5%-ды 
құрайды; ми инфарктының 2/3 бөлігі ишемиялық транзиторлық атаканы 
өткерген тамырлық бассейндерде жиі дамиды). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет