Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы 2013 жылғы 18 қыркүйек №538 Астана қаласы



бет1/4
Дата03.07.2016
өлшемі332 Kb.
#175788
  1   2   3   4
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы

2013 жылғы 18 қыркүйек №538 Астана қаласы
Қазақстан Республикасында балалар онкологиясы және гематологиясы қызметінің жұмысын үйлестіру жөніндегі нұсқаулықты

бекіту туралы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабы 1-тармағының 5) және 8) тармақшаларына сәйкес бұйырамын:

1. Қазақстан Республикасында балалар онкологиясы және гематологиясы қызметінің жұмысын үйлестіру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

2. Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасы (А.К. Сегізбаева) (келісім бойынша), «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ (Әлібек Кеннет) (келісім бойынша), «Құрмет белгісі» орденді Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты» АҚ (Т. К. Ботабекова), «Қазақ онкология және радиология ғылыми зерттеу институты» РМК (Қ. Ш. Нұрғазиев), С. Ж. Асфендияров атындағы «ҚазҰМУ» ШЖҚ РМК ректоры (А. А. Ақанов), «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» РМҚК-де (бұдан әрі – «ПБХҒО» РМҚК) мен «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы» АҚ-да (бұдан әрі – АБҰҒО) емдеу үшін айғақтар болмаған жағдайда балаларды емдеуге жатқызуды және онкологиялық және гематологиялық аурулары бар балаларға бейінді консультациялық-диагностикалық және стационарлық көмек көрсетуді қамтамасыз етсін.

3. Ұйымдастырушылық-әдістемелік және бейінді практикалық көмек көрсетсін, балалар онкологиясы бойынша статистикалық ақпаратты жинауды жүзеге асырсын:

1) «ПБХҒО» РМҚК (С. Ғ. Нүкішева), денсаулық сақтау ұйымдары: Алматы, Атырау, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл және Ақтөбе облыстары және Алматы қ.;

2) «АБҰҒО» АҚ (Т. А. Вощенкова) (келісім бойынша), денсаулық сақтау ұйымдары: Қарағанды, Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары және Астана қ.

4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармалары (келісім бойынша):

1) меншік нысанына қарамастан балаларға медициналық көмек көрсететін барлық медициналық ұйымдар осы бұйрықтың орындалуын;

2) Облыстық балалар ауруханалар мен Астана және Алматы қалаларының қалалық балалар ауруханалар базасында онкологиялық және гематологиялық аурулары бар 18 жасқа дейінгі балаларға консультациялық-диагностикалық және стационарлық көмек көрсетуді ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.

5. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармалары (келісім бойынша), «ПБХҒО» РМҚК (С. Ғ. Нүкішева) және «АБҰҒО» АҚ (Т. А. Вощенкова) (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас балалар гематологына гематологиялық және онкологиялық аурулардан қайтыс болған және рецидивтік оқиғалардың алғашқы анықталуы, сондай-ақ қолдау терапиясын алатын пациенттер туралы есепті кезеңнен кейінгі әр айдың 10-күніне дейін ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етсін.

6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А. Ғ. Төлеғалиева):

1). осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;

2). Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет – ресурсында осы бұйрықты жарияласын.

7. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаменті (Д. Е. Асаинова) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде оны мемлекеттік тіркегеннен кейін осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.

8. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.

9. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау министрінің м. а. Б.ТӨКЕЖАНОВ.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 538

бұйрығымен бекітілген


Қазақстан Республикасында балалар

онкологиясы және гематологиясы қызметінің жұмысын

үйлестіру жөніндегі нұсқаулық
1. Жалпы ережелер
Осы Қазақстан Республикасында балалар онкологиясы және гематологиясы қызметінің жұмысын үйлестіру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) балалардағы онкологиялық ауруларды ерте диагностикалау мақсатында жүргізілетін медициналық іс-шаралар кешенін, сонымен қатар, трансплантация алдында және трансплантациядан кейінгі кезеңде онкологиялық және гематологиялық аурулары бар балалардың гемопоэздік дің жасушаларын транспланттау алдында және транспланттаудан кейін өткізуге қажетті іс-шаралар кешенін нақтылайды.

Нұсқаулық медициналық мекемелердің басшыларына, онколог/гематолог дәрігерлеріне, педиатр дәрігерлеріне, жалпы практика дәрігерлеріне (бұдан әрі – ЖПД) және бейінді мамандарға арналған.

«Онкологиялық сақтық» - бұл дәрігердің нақты медициналық ойдағы бейнесі, ол науқастың шағымдарын, объективті деректерді, клиникалық талдаулар мен аспаптық зерттеулердің нәтижелерін бағалап, қатерлі ісіктері (бұдан әрі – ҚІ) бар бұзушылықтарды анықтауға мүмкіндік береді.

ҚІ ерте диагностикалау ең алдымен амбулаториялық жағдайда медициналық көмек көрсететін дәрігерлердің денсаулық сақтау ұйымдарындағы амбулаториялық-емханалық дәрігерлердің онкологиялық сақтығына, олардың біліміне және одан әрі тәсіліне байланысты.

2. Онкологиялық ауруы бар науқас баланың жүру бағыты осы нұсқаулыққа 1-қосымшасында келтірілген, онда онкологиялық ауруларды ерте айқындаудың медициналық-санитариялық алғашқы көмектен (бұдан әрі – МСАК) республикалық деңгейдегі денсаулық сақтау ұйымына дейінгі деңгейлерінің схемасы, сондай-ақ қарқынды химиотерапия аяқталғаннан кейін диспансерлік бақылау мен оңалтуды жүзеге асыратын медициналық ұйымдар көрсетілген. Ерте диагностиканы сәтті жүзеге асырудың негізгі қағидаты – кезеңділік.

МСАК деңгейінде ісік процесіне күдікті пациент облыстық немесе қалалық (Астана, Алматы) деңгейдегі балалар онкологы/гематологы дәрігеріне консультацияға жіберіледі, ал науқас ауыр халде болған кезде (интоксикация симптомдары, қызу, қан кету, басып байқалатын іштегі ісік, тыныс алу жеткіліксіздігі мен жүрек кемістігі және басқа да өмірге қауіпті синдромдар) облыстық балалар ауруханасына (бұдан әрі – ОБА), Астана және Алматы қалаларында қалалық балалар ауруханасына (бұдан әрі - ҚБА) жедел түрде емдеуге жатқызылады.

Облыстық/қалалық деңгейдегі балалар медициналық ұйымдарында ҚІ бар балаларға консультациялық көмек көрсету үшін балалар онкологының/гематологының кабинеті ұйымдастырылуы тиіс.

Облыстық/қалалық деңгейде ҚІ күдікті науқасқа клиникалық және аспаптық зерттеу әдістері, ал перифериялық лимфа түйiндерi (бұдан әрі - ЛТ) үлкейген кезде қайталама лимфоаденопатияны алып тастау үшін балалар инфекционистінің, хирургінің консультациясы жүргізіледі.

Ісік процесіне күдікті пациенттерге ОБА/ҚБА деңгейінде биопсиялық материал жинаумен (сонымен қатар перифериялық ЛТ биопсиясы) инвазивті және хирургиялық араласулар өткізілмеуі тиіс.

Гистологиялық және иммуногистохимиялық зерттеулер жүргізуді, диагноздың толық верификациясы және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көретуді республикалық деңгейдегі медициналық ұйымдар – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы (бұдан әрі - ПБХҒО) және Ана мен бала Ұлттық ғылыми орталығы (бұдан әрі – АБҰҒО) жүзеге асырады.

ПБХҒО және АБҰҒО-да жатқызу үшін науқастарды және күтіп қарайтын тұлғаларды тексеріп-қарау «Онкологиялық және гемтаологиялық аурулары бар науқас балаларды балаларға бейінді медициналық көмек көрсететін республикалық денсаулық сақтау ұйымдарына жоспарлы емдеуге жатқызуға арналған құжаттар тізбесіне» сәйкес жүзеге асырылады.

Қарқынды химиотерапия курсы аяқталғаннан кейін пациенттерді диспансерлік бақылау МСАК деңгейінде немесе облыстық/қалалық (Астана, Алматы) деңгейде жүргізіледі.

Осы кезеңде олар диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамасына сәйкес қолдаушы терапия қабылдайды. Қарқынды химиотерапия курсы аяқталғаннан кейін қолдау терапия жүргізу қажеттілігін, дәрілік заттың атауын және дозасын емдеуші дәрігер шығару эпикризде көрсетеді.

Ісік процессі ушыққан, химиотерапияға резистенттілік дамыған және одан әрі арнайы ем жүргізу мүмкін болмаған кезде ОБА/ҚБА балалар онкологиялық/гематологиялық немесе жалпы соматикалық бөлімшелерінде ПБХҒО және АБҰҒО-да мамандарының ұсыныстарына сәйкес паллиативті және симптоматикалық терапия (аналгезиялық, гемотрансфузиялық, инфузиялық және т.б.) жүргізіледі.

Декреттелген мерзімде пациенттерді (ОБА, ҚБА, ПБХҒО, АБҰҒО) балалар онкологы/гематологы маманы клиникалық және аспаптық зерттеу әдістерін (айғақтары бойынша) жүргізе отырып тексеріп-қарайды. Қарқынды химиотерапия аяқталғаннан кейін науқас бастапқы 12 айда 3 айда 1 рет, 2-3 жылда 6 айда 1 рет, 4-5 жылда жылына 1 рет тексеріліп-қаралады.

Онкологиялық/гематологиялық патологиясы бар пациенттерді оңалту іс-шаралары және сауықтыру Республикалық балалар мен жасөспірімдерге арналған оңалту орталығында (Бурабай а.) және «Алатау» Республикалық балалар клиникалық санаторийінде (Алматы қ.) жүргізіледі. Оңалту үшін айғақтарды балалар онкологы/гематологы маманы белгілейді.

3. Амбулаториялық-емханалық деңгейде балалардың онкологиялық сақтығы жөніндегі алгоритмдер:

1) ҚІ ерте диагностикалау мақсатында пациент амбулаториялық-емханалық деңгейге жүгінген кезінде оның амбулаториялық-емханалық деңгейде балалардағы онкологиялық ауруларды ерте диагностикалау алгоритмінде (бұдан әрі - Алгоритм) көрсетілген бір немесе бірнеше жалпы белгілерін бағалау қажет (Осы нұсқаулыққа 2-қосымша). Егер балада жалпы айғақтар болса дәрігер Алгоритмде одан әрі көрсетілген ісік ауруларының жеке айғақтарын айқындайды және осы айғақтарға сәйкес диагностикалық зерттеулер тағайындайды.

Пациент ауыр халде болған және өңірлік деңгейде Алгоритмде көрсетілген зертханалық немесе аспаптық зерттеулер өткізу мүмкін болмаған кезде науқас республикалық деңгейдегі медициналық ұйымдарға жіберіледі.

Науқастан орталық нерв жүйесінің (ОНЖ) ісігіне күдіктенген немесе верификацияланған кезде тұрғылықты жеріне қарамастан химиотерапия айғағы немесе хирургиялық емдеу туралы мәселесі шешілетін АБҰҒО (Астана қ.) жіберіледі. Хирургиялық ем қажет болған жағдайда пәнаралық топ мамандарының шешімі бойынша науқас операция кезеңінде Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығына жіберіледі.

Операциялық кезеңнен кейін ОНЖ ісктері бар пациенттер тұрғылықты өңіріне қарай АБҰҒО-да (Астана қ.) немесе ПБХҒО-да (Алматы қ.) диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамасына сәйкес химиотерапияны жалғастырады;

2) Амбулаториялық-емханалық деңгейде балалардағы гематологиялық ауруларды ерте диагностикалау алгоритмі осы Нұсқаулыққа 3-қосымшада ұсынылған.

Гематологиялық аурулар кезіндегі негізгі ықпал етуші синдром анемия болып табылады, бірақ ол (тапшылықты анемия) өз бетінше ауру ретінде болуы немесе басқа қан ауруларының қатарында екінші болуы да мүмкін.

Балада анемия болған кезде Аалгоритмге сәйкес бұл айғақтың тромбоцитопениямен, лейкопениямен және басқа да клиникалық симптомдармен үйлесімділігіне назар аудару қажет.

Алгоритмде көрсетілген гематологиялық аурулардың бірі айқындалған жағдайда науқас балалар онкологына/гематологына консультацияға жіберіледі.

3) Амбулаториялық-емханалық деңгейде балалардағы гематологиялық

ауруларды саралап диагностикалау алгоритмі (осы Нұсқаулыққа 4-қосымшада). Аталған Алгоритмді педиатр дәрігерлер мен ЖПД үшін гематологиялық аурулар арасында саралап диагностика жүргізу үшін кесте түрінде әзірленген. Алагоритм педиатрларға тіпті рутиндік зерттеу әдістерінің негізінде (жалпы қан талдауы, биохимиялық қан талдау) сараланған диагностика жүргізуге және ерте кезеңдерде қанның патологиялық өзгеруін анықтауға мүмкіндік береді.

Бағдарлармен осы не басқа қан көрсеткішінің төмендеуі « » немесе

жоғарылауы « » көрсетіледі, көрсеткіш нормасы – N, осы геморрагиялардың негізінде қан кетулер, петехиалды бөртпе немесе экхимозалар жатыр.

Интоксикация бұл баланың дене қызуының көтерілуі, бактериялық инфекциялар болған кезіндегі әлсіздік.

Аталған алгоритмдерде дәрігерлер үшін ісік ауруына негізделген күдік кезінде диагностикалық іс-шаралар кезең-кезеңмен сипатталған. Педиатр қысқа мерзімде басқа ауруларға сараланған диагностика жүргізіп және ҚІ пайда болған күдікті әшкерелеуі немесе растауы қажет.

4. Амбулаториялық-емханалық деңгейде балалардан эпидемиологиялық анамнез (бұдан әрі – Эпидемиологиялық анамнез) жинау алгоритмі осы Нұсқаулыққа 5-қосымшада ұсынылған. Эпидемиологиялық анамнез пациенттің өмірінде жұқпалы ауруларды басынан кешірген науқастармен байланысын және түрлі инвазивті араласулар туралы мәліметтерін анықтау мақсатында республикалық деңгейдегі денсаулық сақтау ұйымына жіберілген кезде әрбір пациентке толтырылады.

Эпидемиологиялық анамнез толық сауалнама-сұрақнама түрінде жасалған, сұрақтарға жауап қанат белгісімен белгіленеді. Алгоритмді МСАК немесе ОБА/ҚБА деңгейіндегі педиатр дәрігер егжей-тегжей толтырады және республикалық деңгейдегі денсаулық сақтау ұйымына жоспарлы емдеуге жатқызуға арналған құжаттар тізбесіне енгізіледі.

Эпидемиологиялық анамнезі болмаған кезде аталған карта республикалық деңгейдегі (ПБХҒО, АБҰҒО) медициналық ұйымының қабылдау бөлмесінде толтырылады.

Балалардағы онкологиялық және гематологиялық аурулардың жоғары технологиялық терапия әдістерінің бірі гемопоэдік дің жасушаларын (ГДЖТ) транспланттау болып табылады. Бүгінгі күні терапияның аталған түрі республикалық деңгейдегі екі медициналық ұйымында (ПБХҒО, АБҰҒО) жүргізіле басталды, бұл ГДЖТ кезінде бірыңғай стандарттарды әзірлеуді талап етеді.

ГДЖТ болғанда трансплантацияға дейінгі және трансплантациядан кейінгі кезеңде жүргізу үшін қажетті іс-шаралар кешені мынадай қосымшаларда ұсынылған:

1) қатерлі ісіктер мен қан аурулары бар балаларға гемопоэздік дің жасушаларын трансплантаттауды жүргізуге айғақтар және қарсы айғақтар осы Нұсқаулыққа 6-қосымшада ұсынылды.

Қосымшада лейкоздың әр түрлі нысандары мен ҚІ болған, сондай-ақ медициналық қарсы айғақтар (абсолюттік және салыстырмалы) болған кезде ГДЖТ-ға айғақтар сипатталған.

Остромлимфобласты лейкоз (бұдан әрі – ОЛЛ) кезінде аллогенді ГДЖТ науқастарда позитивті филадельфиялық хромосомдар Ph+(+) және индукциялық терапияға рефрактерлік транслокациялар (4;11) болған кезде.

Екінші толық ремиссия барысында кешіккен экстрамедуллярлы рецидивтерден басқа ОЛЛ рецидивтері кезінде көрсетілген.

Жіті миелобласты лейкоз (бұдан әрі - ЖМЛ) кезінде аллогенді ГДЖТ (15;17), (8;21), inv16 транслокациялардан басқа бірінші толық ремиссияда. ГДЖТ кейін рефрактерлі рецидивтер циркуляциялаушы бластар мен рецидивтерсіз ЖМЛ екінші толық ремиссия кезінде көрсетілген.

Аллогенді ГДЖТ прибифенотипиялық лейкозда көрсетілген.

Созылмалы фазада және акселерацияда, бласты кризде созылмалы миелолейкоз болғанда аллогенді ГДЖТ көрсетілген.

Басқа да қатерлі аурулар кезінде аллогенді ГДЖТ миелодиспластикалық синдромы, апластикалық анемия мен Фанкони анемия кезінде көрсетілген.

Аллогенді және аутологиялық ГДЖТ қатерлі лимфома болғанда толық емес ремиссияда, екінші ремиссияда алғашқы резистенттілікті көрсетілген.

Аутологиялық ГДЖТ толық емес ремиссияда, ерте рецидивта Ходжкина ауруы кезінде көрсетілген.

2) HLA-типтелген реципиентке трансплантация алдында зерттеп-қарау алгоритмі қажетті транспланттау алды зерттеп-қарау тізімін ұсынады (осы Нұсқаулыққа 7-қосымша).

Баланы ГДЖТ бөлімшесіне емдеуге жатқызғаннан кейін қысқа мерзімде ГДЖТ ем-шараларын жоспарлауға арналған ақпараттың ең жоғары көлемін жинау үшін диагностикалық іс-шаралардың бір қатарын жүргізу қажет.

Трансплантация аллды зерттеп-қарау мақсатында ауру дәрежесі түпкілікті нақтылануы(атап айтқанда гемобластоздар кезінде толық ремиссияның болуы) және алынған деректер болып табылады, олар жоғары дозалы химиотерапия салдарларының ауырлығын, иммундық сурпрессивті терапиямен байланысты ағзалар асқынуының даму мүкіндігін көруге, бактериялық және зең инфекцияларының, латентті вирустық және паразитарлық инфекциялардың ошағын айқындауға, химеризм мониторингісі үшін донор мен реципиенттің генетикалық айырмашылығын айқындауға мүмкіндік береді.

3) гемопоэздік дің жасушалары донорын зерттеп-қарау жоспары осы Нұсқаулыққа 8-қосымшада ұсынылған.

Сүйек кемігі донорына қойылатын талап - сүйек кемігін немесе перифериялық сүйек кемігін жинауға қарсы айғақтардың болмауы және донорда реципиентке зиян келтіруге қабілетті аурулардың болмауы.

Туыстық донорды зерттеп-қарау HLA – типтеудің нақтылайтын нәтижесінен кейін республикалық деңгейдегі медициналық ұйымдарда жүргізіледі.

4) ГДЖТ-ға жоспарланған, 7-қосымшада көрсетілгендерден басқа пациенттерде диагностикалық зерттеулерде олардың соматикалық дәрежелері бағаланады. Химия терапиядан кейінгі жай-күйі және оның физикалық белсенділігінің жай-күйі.

Пациенттің соматикалық жай-күйін бағалау Карновский индексі бойынша жүргізіледі. Карновский индексінің мәнінің кем дегенде 80% ГДЖТ-ға қарсы айғақ болып табылады. Гемопоэтикалық дің жасушасын трансплантациялауға науқастың соматикалық жай-күйін бағалау шкаласы Карновский индексін анықтау үшін осы Нұсқаулыққа 9-қосымшада;

5) трансплантациядан кейінгі кезең де пациенттің жай-күйін егжей-тегжей зерттеп-қарауды және ұзақ уақыт бойы бақылауды талап етеді. Сол кезеңдерде зертханалық және аспаптық зерттеулердің кешені және бейінді мамандардың бақылауы жүргізіледі. Пациенттерді трансплантациядан кезеңде амбулаториялық бақылау жоспары осы Нұсқаулыққа 10-қосымшада ұсынылған.

Трансплантациядан кейінгі кезеңде зертханалық зерттеулер, аспаптық зерттеу әдістері және мамандардың зерттеп-қарауы жүргізілген ГДЖТ және республикалық деңгейдегі балалар онкологының/гематологының ұсыныстарын ескере отырып жүргізіледі;

6) Амбулаториялық-емханалық деңгейдегі дәрігерлерге арналған «иесіне қарсы трансплантат» созылмалы әсерлерді диагностикалау алгоритмі осы Нұсқаулыққа 11-қосымшада көрсетілген.

«Иесіне қарсы трансплантат» созылмалы реакция (бұдан әрі - ИТСР) клиникалық және гистологиялық туындаулар айтарлықтай бұдан бұрын бақыланатын болса да трансплантацияның 100 күнінен кейін дамиды. Симптоматика әдетте ГДЖТ кейін 2 жыл ішінде дамуы мүмкін. Клиникалық симптомдар спектрінде тері, көз шырышын, асқазан-ішек жолдары, өкпе және т.б. ағзаларды зақымдауы мүмкін.

Алгоритмде (11-қосымша) созылмалы ИТСР нәтижесінде әр түрлі ағзалар зақымданған кезде туындайтын негізгі клиникалық белгілер ұсынылған, оған ГДЖТ кейін науқастарды бақылайтын педиатр дәрігерлер назар аударуы қажет.

Созылмалы ИТСР ерте симптомдарын айқындаған кезде науқас балалар онкологның/гематологының консультациясына жіберіледі, ал ИТСР белгілері үдеген кезде республикалық деңгейдегі медициналық ұйымдарға емдеуге жатқызуға жіберіледі;

7) «Иесіне қарсы трансплантат» созылмалы реакциясының үдеуін профилактикалау және төмендету мақсатында ата-аналарға арналған «Иесіне қарсы трансплантат» созылмалы реакциясы профилактикасы» (осы Нұсқаулыққа 12-қосымшасы) жаднамада трансплантациядан кейінгі кезеңде балаларда кездесуі мүмкін негізгі патологиялық симптомдар мен синдромдары келтірілген және ИҚТӘ дамуын тежей алатын профилактикалық шаралар, сондай-ақ осы симптомдары мен синдромдардың үдеуін төмендетуге мүмкіндік беретін алғашқы көмек (ем) көрсетілген;

8) төмен микробты диета – гемопоэздік дің жасушаларын трансплантаттау рәсіміне ұшыраған пациенттердегі инфекциялық асқынулардың қаупін төмендетуге мүмкіндік беретін өзіндік азық түрлерінің бірі.

Төмен микробты диета зарарсыздандырылған диета болып табылмайды, алайда науқас ағзасына азық-түліктерден инфекцияларды азайтуға мүмкіндік береді.

Ата-аналарға арналған «Гемопоэдің дің жасушаларын трансплантаттаудан кейінгі науқастардың дұрыс тамақтануы» жаднамада (осы Нұсқаулыққа 13-қосымша) трансплантация жасалғаннан кейін науқастардың тұтынуы үшін рұқсат етілген және тыйым салынған тамақ өнімдері (сүт өнімдері, жемістер, жидектер, шырындар, нан, ет және т.б.) келтірілген.

6. Онкологиялық және гематологиялық аурулары бар науқас балаларды Республикалық деңгейдегі денсаулық сақтау ұйымдарына жоспарлы емдеуге жатқызу тәртібі мынадай қосымшаларда ұсынылған:

1) онкологиялық және гематологиялық аурулары бар науқас балаларды бейінді медициналық көмек көрсететін республикалық деңгейдегі денсаулық сақтау ұйымдарына жоспарлы емдеуге жатқызуға арналған құжаттар тізбесі (бұдан әрі – Тізбе( осы Нұсқаулыққа 14-қосымшада келтірілген.

Аталған Тізбеге гепатит вирусына, адамның иммун тапшылығы вирусына (АИТВ) және 12 жастан жоғары балаларға микрорекцияға зерттеулер сондай-ақ пациенттің жоғарыда сипатталған Эпидемиологиялық анамнезі қосымша енгізілген.

Кейбір зерттеулердің белгілі бір уақыт алатынын ескере отырып шұғыл жағдай кезінде баланың жай-күйінің ауырлығы бойынша емдеуге жатқызу бактериялық себінділердің және вирустық гепатитке зерттеп-қараулардың нәтижелерін алмай-ақ жүзеге асырылуы мүмкін.

2) онкологиялық және гематологиялық аурулары бар науқас балаларды бейінді медициналық көмек көрсететін республикалық деңгейдегі денсаулық сақтау ұйымдарына тасымалдау шарты осы Нұсқаулыққа 15-қосымшада.

Республикалық деңгейдегі денсаулық сақтау ұйымына науқасты тасымалдау кезінде асқынуы мүмкін аурудың айқын клиникалық белгілерімен ауыр жағдайдағы онкологиялық/гематологиялық патологиясы бар балаларды жіберу кезінде, жіберетін медициналық ұйым жолда қажет болған кезде білікті медициналық көмек көрсете алатын маманның пациентті алып жүруін қамтамасыз ету қажет.

Онкологиялық/гематологиялық патологиясы бар балаларды емдеуге жатқызу және медициналық қызметкерінің алып жүруімен тасымалдау электрондық пошта арқылы науқастың жай-күйі туралы анық көшірмені ұсына отырып республикалық деңгейдегі денсаулық сақтау ұйымының басшылығымен келісіледі.

Науқас баланы республикалық деңгейдегі медициналық ұйымға санитариялық авиация арқылы жіберген кезде жіберетін медициналық ұйымның басшылығы Астана қаласының немесе Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасына пациентті әуежайдан күтіп алу үшін медициналық көліктің (реанимобильдің) қажеттілігі туралы хабарлайды.


Қазақстан Республикасында балалар онкологиясы және гематологиясы қызметінің жұмысын үйлестіру жөніндегі нұсқаулыққа 1-қосымша
Онкологиялық ауруы бар науқас баланың жүру бағыты

Пациент


МСАК

(педиатр, ЖПД)


Облыстық және қалалық деңгейдегі

ОБА, ҚБА (Астана, Алматы)



Балалар онкологының және гематологының кабинеті

Областной и городской уровни

ОДБ, ГДБ (гг. Астаны, Алматы)



Кабинет детского онколога/гематолога


Республикалық деңгей

ПБХҒО (Алматы қ)

АБҰҒО (Астана қ)
















Емдеу:


  1. Жоғары дозалы химиотерапия, ГБЖ ауто- және аллогеді трансплантациясы;

  2. Айғақтар бойынша: хирургиялық емдеу және сәулелік терапия (өзге бейіндегі медициналық ұйымдарда).







Онкологиялық аурулары бар науқас балаларды диспансерлік бақылау









Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет