Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
2012 жылғы 14 маусымдағы
№ 230-ө-м бұйрығымен бекітілді
(ҚР Әділетминінде 2012 жылғы 25 маусымда
мемл. тізімде № 7753 болып тіркелді)
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай
тарифтік-біліктілік анықтамалығы (30-шығарылым)
-
Жалпы ережелер
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай анықтамалығы (бұдан әрі - БТБА) (30-шығарылым) «Синтетикалық каучуктар, май алмастырушылар және нефтехимия өнімдерінің өндірісі» бөлімінен тұрады.
Жұмыстардың разрядтары еңбек жағдайлары ескерілмей (еңбектің күрделілігі деңгейіне әсер ететін және орындаушының біліктілігіне қойылатын талаптарды жоғарлататын төтенше жағдайларды қоспағанда) белгіленді.
Әрбір кәсіптің тарифтік-біліктілік сипаттамасы «Жұмыс сипаттамасы», «Білуге тиіс», «Жұмыс үлгілері» деген бөлімдерден тұрады.
«Жұмыс сипаттамасы» бөлімі жұмысшы орындай білуге тиіс жұмыстардың суреттемесін қамтиды.
«Білуге тиіс» бөлімінде арнаулы білімге, сондай-ақ ережелерді, нұсқаулықтар мен басшы материалдарды, жұмысшы қолдануға тиісті әдістер мен құралдарды білуіне қатысты жұмысшыға қойылатын негізгі талаптар қамтылған.
Тарифтік-біліктілік сипаттамасында жұмысшы кәсібінің осы разрядына анағұрлым тән жұмыстардың тізбесі келтіріледі. Бұл тізбе жұмысшы орындай алатын және орындауға тиісті жұмыстардың барлығын қамти алмайды. Жұмыс беруші қажетті жағдайда, жұмыс ерекшелігін ескере отырып, тиісті разряд жұмысшылары кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларында қамтылған жұмыстарға сәйкес келетін жұмыстардың қосымша тізбесін әзірлейді.
«Білуге тиіс» бөлімінде қамтылған теориялық және практикалық білімдермен қатар, жұмысшы: еңбекті қорғау, өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі ереже мен нормаларды, жеке қорғану құралдарын пайдалану ережесін, орындалатын жұмыс (қызмет) сапасына қойылатын талаптарды, жарамсыздықтың түрлері мен оның алдын алу және жоюдың тәсілдерін, өндірістік дабылдатқышты, жұмыс орнында еңбекті ұтымды ұйымдастыру жөніндегі талаптарды білуі тиіс.
Біліктілігі анағұрлым жоғары жұмысшы өзінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында санамаланған жұмыстармен қатар, біліктілігі анағұрлым төмен жұмысшылардың тарифтік-біліктілік сипаттамасында көзделген жұмыстарды орындай білуге, сондай-ақ осы кәсіптегі разряды төмен жұмысшыларға басшылық жасай білуі тиіс.
Тарифтік-біліктілік сипаттамалары, ерекше ескертілген жағдайлардан басқа, осы бөлімдерде көрсетілген өндірістер мен жұмыс түрлері бар ұйымдардың меншік нысанына және ұйымдық - құқықтық нысанына қарамастан, олардағы жұмыстарды тарификациялаған және жұмысшылардың біліктілік разрядтарын белгілеген кезде қолданылады.
Қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттарды толтырған кезде, сондай-ақ тарифтік разряды өзгерген кезде, оның кәсібінің атауы БТБА-ға сәйкес жазылады.
Қолданудың ыңғайлылығы мақсатында БТБА (30-шығарылым) жұмысшылардың кәсіптерінен, разрядтарының диапазоны мен беттерінің нөмірлерінен тұратын осы БТБА-ның 1-қосымшасына сәйкес алфавиттік көрсеткішті көздейді.
-
Синтетикалық каучуктар, май алмастырушылар және мұнайхимия өнімдерінің өндірісі
Балансты қондырғылар аппаратшысы
1. Балансты қондырғылар аппаратшысы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жұмыс нұсқаулығына сәйкес балансты қондырғылардың көмегімен байланыс пештердің жұмысын бақылау процесін жүргізу. Балансты қондырғыларды дайындау және құрастыру, герметикалығына тексеру, байланыс пешінің коллекторынан байланыс газының конденсаторынан сұрыптау, газды талдау және конденсаттың тығыздығын анықтау. Газ бен конденсаттың өту жылдамдығын, конденсаттың тығыздығын, температурасын, вакуумын, бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен және химиялық талдау нәтижелері бойынша қысымын реттеу. Жабдықтың жұмысындағы ауытқуларды жою. Газ сағаттарын, газомерлерді, жинақтарды, тоңазытқыштарды, түтінді регенерационды газдардың қондырғыларына қызмет көрсету. Сынамаларды алу. Өндірістік журналда жазбалар жүргізу.
Білуге тиіс: байланыс пештерінің жұмысын бақылаудың технологиялық сұлбасы, балансты қондырғылардың құрылымы, байланыс газының, конденсаттың физика-химиялық қасиеттері, процессті реттеу ережелері, сынамаларды алу ережелері.
Вакуум қабылдағыштардың аппаратшысы
2. Вакуум қабылдағыштардың аппаратшысы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Процестің келесі сатыларына немесе біліктілігі жоғары аппаратшының басшылығымен қоймаларға вакуумның көмегімен фракциялар бойынша май қышқылдарын, майлы спирттер мен басқа майлы өнімдерді салқындату, тұндыру және беру. Вакуум қабылдағыштарға конденсаторлардан, тамшы қайтарушылардан және дефлегматорлардан өнімдерді қабылдау. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері және химиялық талдаулардың деректері бойынша тоңазытқыштарға, қатынас және технологиялық процесс барысын жылытқыштарға салқындататын су мен айналмалы конденсаттардың жіберілуін реттеу. Өнімдерді вакуум қабылдағыштан дайын өнім ыдыстарына салу. Жұмыс журналдарын жүргізу.
Білуге тиіс: процестің келесі сатыларына вакуумның көмегімен май қышқылдары мен спирттерін салқындату, тұндыру және берудің технологиялық процессін жүргізу, негізгі және қосалқы жабдықтардың, қатынастардың, арматуралар мен бақылау-өлшеу аспаптарының жұмыс принциптері, жартылай өнімдердің физика-химиялық және технологиялық қасиеттері, жұмыс орнында технологиялық процессті реттеу ережелері.
3. Вакуум қабылдағыштардың аппаратшысы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Процесстің келесі сатыларына немесе қоймаларға вакуумның көмегімен фракциялар бойынша май қышқылдарын, майлы спирттер мен басқа да сұйық өнімдерді салқындату, тұндыру және берудің технологиялық процесін жүргізу. Жеке вакуум қабылдағыштарды ортақ жүйеге қосу, вакуумды құру, қолдау және отау. Технологиялық процестің барлық параметрлерін: температурасы, қысымы, разрядталуын жұмыс нұсқаулығына сәйкес қолдау және бақылау. Сынамаларды алу. Өнімнің мөлшері мен оның фракцияларына сәйкес жылыту буы мен салқындату суының мөлшерін есептеу. Дайын өнімнің деңгейін өлшеу және көлемін анықтау, көлемді көрсеткіштерді таразылық көрсеткіштермен қайта есептеу. Қызмет көрсетілетін учаскелерде вакуум қабылдағыштары, бу сорғалату эжекторлары, тоңазытқыштар, жылу алмастырушылар, насостар мен басқа да жабдықтарға қызмет көрсету. Қызмет көрсетілетін учаскенің барлық жабдықтарының жұмысын бақылау. Жабдықты қосу және тоқтату. Жабдық, қатынас және арматура жұмысындағы ақауларды алдын алу және жою. Күрделі емес жөндеу жүргізу.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін учаскенің технологиялық сұлбасы, негізгі және қосалқы жабдықтардың, қатынастардың, арматуралар мен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы, өнімдердің физика-химиялық және технологиялық қасиеттері, дайын өнімнің мемлекеттік стандарттары мен техникалық шарттары, жұмыс орнындағы технологиялық процесстің мәні, технологиялық тәртіп, сынамаларды алу ережелері.
Ацетофенді бөлу аппаратшысы
4. Ацетофенді бөлу аппаратшысы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жұмыс нұсқаулығына сәйкес диметилфенилкарбинолды дегидрациялау және ацетофеннің фракцияларын кристаллизациялау жолымен ацетофеннің бөлінуінің технологиялық процесінің жеке операцияларын жүргізу. Шикізатты қабылдау, салу, триметилкарбинолды дегидратациялау, ацетофенді ректификациялау. Ацетофен фракцияларын кристализациялау, фильтратты центрифугирлеу, шығару және шайқау, кристаллизаторлардың ішкі қабырғаларын кристаллдардан тазарту. Бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен мен химиялық сынамалардың нәтижелері бойынша вакуумды, температураны, шикізаттың жіберілуі мен мөлшерін, өнімдерді сұрыптауды реттеу. Жабдықтар мен қатынастар жұмысындағы ақауларды анықтау және жою. Жұмыс орнындағы ыдыстар, насостар, дегидраторлар, ректификационды бағаналар, кристаллизаторлар, центрифугалар мен басқа жабдықтарға қызмет көрсету. Өндірістік журналдағы жазба. Сынамаларды алу.
Білуге тиіс: ацетофеннің бөліну процесінің жеке операцияларының технологиялық сұлбалары, негізгі және қосалқы жабдықтардың, бақылау-өлшеу аспаптарының жұмыс принципі, арматура мен қатынас сұлбасы, диметилкарбинолдың, ацетофен фракциясының физика-химиялық қасиеттері, технологиялық процесті реттеу ережелері.
5. Ацетофенді бөлу аппаратшысы 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жұмыс нұсқаулығына сәйкес диметилфенилкарбинолды дегидрациялау және ацетофеннің фракцияларын кристаллизациялау жолымен ацетофеннің бөлінуінің технологиялық процесін жүргізу. Ацетофен бөлінетін учаскенің барлық жабдықтарының жұмысы мен күйін бақылау. Бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен мен химиялық сынамалардың нәтижелері бойынша диметилфенилкарбинолды дегидратациялау, ацетофенді ректификациялау немесе ацетофен фракцияларын кристализациялау, ацетофеннің центрифугалануы және бөлінуінің технологиялық регламентінің сақталуын бақылау. Технологиялық тәртіптің нормаларынан ауытқуларын алдын алу және жою, жабдықтар мен қатынастар жұмысындағы ақауларды жою. Дегидраторлар, ректификационды бағаналар, кристаллизаторлар, центрифугалар мен учаскенің басқа да жабдықтарын қосу, тоқтату. Қол астындағы жұмысшыларға басшылық ету. Шикізат, реагент, алынған ацетофеннің шығындарын есептеу. Өндірістік журналдағы жазбалар жүргізу.
Білуге тиіс: ацетофеннің бөліну процесінің технологиялық сұлбалары, негізгі және қосалқы жабдықтардың, бақылау-өлшеу аспаптарының жұмыс принципі, арматура мен қатынас сұлбасы, ацетофеннің физика-химиялық қасиеттері, технологиялық тәртіп, технологиялық регламенттің сақталуын бақылау әдістері.
Карбинолды бөлу аппаратшысы
6. Карбинолды бөлу аппаратшысы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жұмыс нұсқаулығына сәйкес моновинилацетилен мен ащы калийдің бензолды суспензиясындағы ацетонды синтездеу тәсілімен карбинолдың бөлінуінің технологиялық процесінің жеке операцияларын жүргізу. Моновинилацетилен мен ацетон қоспасын әзірлеу. Қоспаны реакторға ащы калийдің бензолды суспензиясына жіберу, калий карбинолын синтездеу. Суды жіберу және калий карбинолын ыдырату, көмірсутекті-сілтілі қабатты ыдырату. Сулы-сілтілі қабатты канализацияға ағызу. Айдау аппаратының кубына көмірсутекті қабатты жіберу. Дикарбинолды және карбинолды фракцияларды айдау. Карбинолды түйіршіктелеген хлорлы кальциймен құрғату. «Д» неозонымен карбинолды тұрақтандыру. Дайын өнімдерді бөшкелерге құю, таңбалау және қоймаға жіберу. Бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен мен химиялық сынамалардың нәтижелері бойынша өнімдерді мөлшерлеп өлшеу және араластыру процесін реттеу. Өз жұмыс орнында жабдықтар мен қатынастар жұмысындағы ақауларды анықтау және жою. Шикізат, алынған өнімдердің шығындарын есептеу. Өндірістік журналда көрсеткіштерді жазу. Сынамаларды алу.
Білуге тиіс: карбинолды алу процесінің жеке операцияларының технологиялық сұлбалары, негізгі және қосалқы жабдықтардың, бақылау-өлшеу аспаптарының жұмыс принципі, арматура мен қатынас сұлбасы, моновинилацетиленнің, ацетонның, бензолдың, ащы калийдің, неозонның, кальций хлорының физика-химиялық қасиеттері, технологиялық процесті реттеу ережелері, сынамаларды алу ережелері.
7. Карбинолды бөлу аппаратшысы 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жұмыс нұсқаулығына сәйкес моновинилацетиленді және ащы калийдің бензолды суспензиясындағы ацетонды синтездеу тәсілімен карбинолдың бөлінуінің технологиялық процесін жүргізу. Карбинолды алу бойынша барлық жабдықтардың жұмысы мен күйін бақылау. Бақылау-өлшеу аспаптары, автоматика құралдарының көмегімен және химиялық талдау нәтижелері бойынша технологиялық регламенттің сақталуын, моновинилацетилен мен ацетонның дозаторларының, реакторлардың жұмыс тәртібін, өнімнің шығарылуы мен сапасын бақылау. Технологиялық тәртіп нормаларынан ауытқулар себептерін алдын алу және жою, жабдық жұмысындағы ақауларды жою. Дозаторларды, конденсаторларды, концентраторларды, араластырғышы бар реакторлар мен басқа жабдықтар мен механизмдерді қосу, тоқтату. Дозаланатын компоненттерді есептеу. Қол астындағы жұмысшыларға басшылық ету.
Білуге тиіс: карбинолды алу учаскесінің технологиялық сұлбасы, негізгі және қосалқы жабдықтардың, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы, арматура мен қатынас сұлбасы, карбинолдың физика-химиялық қасиеттері, технологиялық регламенттің сақталуын бақылау әдістері.
Жалған бутиленді бөлу аппаратшысы
8. Жалған бутиленді бөлу аппаратшысы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жұмыс нұсқаулығына сәйкес вакуум араластырғыштардан кейінгі газдардан жалған бутиленнің бөлінуінің технологиялық процесін жүргізу. Газдарды абсорбциялау, конденсатты айдау, конденсациялау, ажырату, жалған бутиленді қоймаларға жіберу, суларды ыдыстарға ағызу. Бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен және химиялық талдау нәтижелері бойынша құрамдас бөліктерінің қатынасын, жалған бутиленді алу температурасын реттеу. Жабдық, қатынас жұмысындағы ақауларды жою. Скруббер, айдау бағаналары, тоңазытқыштар, су қайнатқыштар, насостарға қызмет көрсету. Сынамаларды алу. Алынған жалған бутиленді есептеу. Өндірістік журналда көрсеткіштерді жазу.
Білуге тиіс: жалған бутиленнің бөлінуінің технологиялық процесі, негізгі және қосалқы жабдықтардың, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы, жұмыс орнындағы арматура мен қатынас сұлбасы, сору газдары, жалған бутиленнің физика-химиялық қасиеттері, процесті реттеу әдістері, сынамаларды алу ережелері.
Күкіртті бөлу аппаратшысы
9. Күкіртті бөлу аппаратшысы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жұмыс нұсқаулығына сәйкес бокситті катализаторда күкіртті сутекті жағу тәсілімен күкірт бөлінуінің технологиялық процесін жүргізу. Отын газды, күкіртті сутекті қабылдау, күкіртті алудың каталитикалық реакциясы, күкіртті сутек пен күкіртті жағу. Бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен және химиялық талдау нәтижелері бойынша реакторларда, күкіртті сутекті жағу пештеріндегі температураны, жағу пешіне жіберілетін ауа мен отын газ мөлшерін, отын газының қысымын реттеу. Жабдық, қатынас жұмысындағы ақауларды жою. Газ үрлегіштер, реакторлар, күкірт аулағыштар, күкірт сутекті жағу пештеріне қызмет көрсету. Жағу пешінен кейін газ сынамасын алу.
Білуге тиіс: күкіртті сутекті жағу жолымен күкірт бөлінуінің технологиялық процесі мен сұлбасы, негізгі және қосалқы жабдықтардың, бақылау-өлшеу аспаптарының жұмыс принципі, жұмыс орнындағы арматура мен қатынас сұлбасы, күкіртті сутектің, катализаторлардың, күкірттің физика-химиялық қасиеттері, процесті реттеу әдістері, сынамаларды алу ережелері.
10. Күкіртті бөлу аппаратшысы 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жұмыс нұсқаулығына сәйкес қышқыл газдарды жағу тәсілімен күкірт бөлінуінің технологиялық процесін жүргізу. Күкірт алатын барлық жабдықтардың жұмысы мен күйін бақылау. Утилизатор қазандарында қышқыл газды жағудың технологиялық регламентінің сақталуын, күкірт буының конденсациясын, бақылау-өлшеу аспаптары, автоматика құралдарының көмегімен және химиялық талдау нәтижелері бойынша реакторларда күкіртті алынуын бақылау. Технологиялық тәртіп нормаларынан ауытқулар себептерін алдын алу және жою, жабдық, қатынас жұмысындағы ақауларды жою. Қазан-утилизаторлар, реакторлар, күкірт аулағыштар, күкірт бөлгіштер, насостарды қосу, тоқтату. Конверсия коэффициентін, күкірттің бөліну пайызын есептеу. Қол астындағы жұмысшыларға басшылық ету.
Білуге тиіс: қышқыл газдарды жағу жолымен күкірт бөлінуінің технологиялық процесі мен технологиялық сұлбасы, негізгі және қосалқы жабдықтардың, бақылау-өлшеу аспаптарының, автоматика құралдарының жұмыс құрылымы, арматура мен қатынас сұлбасы, метансутекті фракциялар, қышқыл газдар, катализаторлардың, күкірттің физика-химиялық қасиеттері, технологиялық тәртіп, процесті реттеу ережелері.
Фторлы борды бөлу аппаратшысы
11. Фторлы борды бөлу аппаратшысы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жұмыс нұсқаулығына сәйкес фторлы бордың бөлінуінің технологиялық процесінің жеке операцияларын жүргізу. Олеумды қабылдау, ыдыстарға салу, салмағын өлшеу және реакторға жіберу. Бор ангидридін, калий тетрафторборатын реакторға салу. Фторлы борды қыздыру, бөлу. Құрғату және полимеризация бөліміне ағызу. Реакциялық массаны бейтараптау. Өңделген сілтіні канализацияға ағызу. Стабилизаторды дайындау. Бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен және химиялық талдау нәтижелері бойынша мөлшерлеп өлшеуді, температураны реттеу. Жабдық, қатынас жұмысындағы ақауларды жою. Шикізат, алынған өнімді есептеу. Өндірістік журналда көрсеткіштерді жазу. Сынамаларды алу.
Білуге тиіс: фторлы бордың бөлінуінің процесінің технологиялық сұлбасы, негізгі және қосалқы жабдықтардың, бақылау-өлшеу аспаптарының жұмыс принципі, жұмыс орнындағы арматура мен қатынас сұлбасы, олеум, бор ангидриді, калий тетрафторбораты, фторлы бор, сілтінің физика-химиялық қасиеттері, технологиялық тәртіп реттеу ережелері, сынамаларды алу ережелері.
12. Фторлы борды бөлу аппаратшысы 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жұмыс нұсқаулығына сәйкес фторлы бордың бөлінуінің технологиялық процесін жүргізу. Фторлы борды алу бойынша барлық жабдықтардың жұмысы мен күйін бақылау. Технологиялық регламенттің сақталуы, күкірт қышқылында бор ангидрид ерітіндісін дайындауды, бақылау-өлшеу аспаптары, автоматика құралдарының көмегімен және химиялық талдау нәтижелері бойынша реакциялық массаны бейтараптауды, өнімнің шығуы мен сапасын бақылау. Технологиялық тәртіп нормаларынан ауытқулар себептерін алдын алу және жою, жабдық, қатынас жұмысындағы ақауларды жою. Реакторлар мен басқа да қызмет көрсетілетін жабдықтарды қосу, тоқтату. Мөлшерлеп өлшенетін құрамдас бөліктерді есептеу. Қол астындағы жұмысшыларға басшылық ету.
Білуге тиіс: фторлы бордың бөлінуінің технологиялық процесі мен учаске сұлбасы, негізгі және қосалқы жабдықтардың, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы, арматура мен қатынас сұлбасы, олеум, бор ангидриді, калий тетрафторбораты, фторлы бор, сілтінің физика-химиялық қасиеттері, технологиялық процестің мәні және реттеу ережелері.
Гидрохлорлау аппаратшысы
13. Гидрохлорлау аппаратшысы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Моновинилацетиленді гидрохлорлаудың технологиялық процесінің жеке операцияларын жүргізу. Құрғақ және айдалған шикізатты, стабилизаторды, катализаторды аппаратқа қабылдау және жіберу, химиялық ерітінділерді әзірлеу, хлоропрен шикізатын салқындату және құрғату, құрғатқыштарға хлорлы кальцийді салу. Бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен және химиялық талдау нәтижелері бойынша температураны, қысымды, вакуумды, құрам бөліктерді мөлшерлеп өлшеуді реттеу. Насостар, жинақтағыштар, тұндырғыштар, араластырғыштар, тоңазытқыштар, құрғатқыштарға қызмет көрсету. Сынамаларды алу.
Білуге тиіс: фторлы бордың бөлінуінің процесінің технологиялық сұлбасы, негізгі және қосалқы жабдықтардың, бақылау-өлшеу аспаптарының жұмыс принципі, жұмыс орнындағы арматура мен қатынас сұлбасы, олеум, бор ангидриді, калий тетрафторбораты, фторлы бор, сілтінің физика-химиялық қасиеттері, технологиялық тәртіп реттеу ережелері, сынамаларды алу ережелері.
14. Гидрохлорлау аппаратшысы 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі анағұрлым жоғары аппаратшының басқаруымен нұсқаулыққа сәйкес моновинилацетиленді гидрохлорлаудың технологиялық процесін жүргізу. Моновинилацетиленді қабылдау және булау, гидрохлоринаторға сұйықтықтар мен газ тәріздес фазаларды жіберу, дымқыл шикізатты гидрохлорлау, бөлу және құрғату, гидрохлоринатордан майлы қабатты ағызу. Бақылау-өлшеу аспаптары, автоматика құралдарының көмегімен және химиялық талдау нәтижелері бойынша буландырғыштағы, гидрохлоринатордағы, дымқыл шикізат бағанасындағы температура, қысым, деңгейді, құрам бөліктер мен катализаторлардың мөлшерлеп өлшенуі мен қатынасын реттеу. Жабдық, қатынас жұмысындағы ақауларды жою. Гидрохлоринаторлар, скрубберлер, сепараторлар, құрғатқыштар, дымқыл шикізат бағаналарына қызмет көрсету. Шикізат, алынған өнімнің шығындарын есептеу. Өндіріс журналында көрсеткіштерді жазу.
Білуге тиіс: гидрохлорлаудың технологиялық процесі мен сұлбасы, дымқыл шикізаттың бөлінуі, негізгі және қосалқы жабдықтардың, бақылау-өлшеу аспаптарының, автоматика құралдарының құрылымы, арматура мен қатынас сұлбасы, катализатор, хлор, сутек, хлоропен шикізатының физика-химиялық қасиеттері, технологиялық тәртіп, процесті реттеу ережелері.
15. Гидрохлорлау аппаратшысы 6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жұмыс нұсқаулығына сәйкес моновинилацетиленді гидрохлорлаудың технологиялық процесін жүргізу. Гидрохлорлау учаскесінің барлық жабдықтарының жұмысы мен күйін бақылау. Моновинилацетиленді гидрохлорлаудың технологиялық регламентінің сақталуын, дымқыл шикізаттың, хлоропреннің, дегидрохлорлаудың ректификациясын бақылау. Бақылау-өлшеу аспаптары, автоматика құралдарының, орталық сауыттан қашықтықтан басқару көмегімен және химиялық талдау нәтижелері бойынша хлоропреннің шығарылуы мен сапасын бақылау. Технологиялық тәртіп нормаларынан ауытқулар себептерін алдын алу және жою, жабдық, қатынас жұмысындағы ақауларды жою. Гидрохлоринаторларды, ректификационды бағаналарын, дегидрохлоринаторлар мен басқа да жабдықтарды қосу, тоқтату. Қол астындағы жұмысшыларға басшылық ету. Қорытынды талдауларды жасау.
Білуге тиіс: технологиялық процесс, хлоропренді алу сұлбасы, негізгі және қосалқы жабдықтардың, бақылау-өлшеу аспаптарының, автоматика құралдары мен басқарудың орталық сауытының кинематикалық сұлбасы, арматура мен қатынас сұлбасы, хлоропеннің физика-химиялық қасиеттері, технологиялық тәртіп, технологиялық регламенттің ережелері және бақылау әдістері, талдау әдістемелері.
Деаэрация аппаратшысы
16. Деаэрация аппаратшысы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Вакуум астында жуғыш заттардың паста тәріздес композицияларды деаэрациялаудың технологиялық процесін жүргізу. Гомогенизаторға пасталарды жіберу, деаэраторда вакуум құру, деаэраторға пастаны шайқап салу, дегазациялау, шығару, келесі технологиялық учаскеге тасымалдау және жіберу. Пастаның бірқалыпты жіберілуін бақылау. Бақылау-өлшеу аспаптары мен химиялық талдау нәтижелерінің көрсеткіштері бойынша технологиялық тәртіптің параметрлерінің: температура, қысым, разрядталу және басқалардың сақталуын бақылау. Сынамаларды алу. Деаэрленген композициялардағы қатты бөліктерінің құрамын бақылау, конденсатты ағызу. Паста қысымын есептеу. Технологиялық журналдарды жүргізу. Технологиялық тәртіп нормаларынан ауытқулар себептерін алдын алу және жою. Деаэраторлар, гомогенизаторлар, вакуум-насостар, жинақтаушылар мен басқа жабдықтарға қызмет көрсету. Жабдықтар мен қатынас жұмысындағы ақауларды алдын алу және жою. Күрделі емес жөндеу жүргізу.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін учаскенің технологиялық сұлбасы және технологиялық процестің мәні, негізгі және қосалқы жабдықтардың, бақылау-өлшеу аспаптарының, арматура мен қатынас құрылымы, процестің технологиялық тәртібі және реттеу ережелері, сынамаларды алу тәртібі.
Димеризациялау аппаратшысы
17. Димеризациялау аппаратшысы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жұмыс нұсқаулығына сәйкес ацетиленді моновинилацетиленге каталитикалық димеризациялаудың технологиялық процесінің жеке операцияларын жүргізу. Ацетиленді қабылдау және оны реакторға жіберу, каталитикалық димеризациялау. Қышқылды, катализаторды реакторға жіберу. Катализаторды дайындау. Реакциялық газдарды бөлуге жіберу. Стабилизаторды қышқылмен салқындату жүйесіне жіберу. Бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен және химиялық талдау нәтижелері бойынша температураны мөлшерлеп өлшеуді, қысымды, газдың катализатор арқылы өту жылдамдығын реттеу. Жабдықтар мен қатынас жұмысындағы ақауларды анықтау және жою. Шикізат, алынған өнімнің шығындарын есептеу. Өндірістік журналда көрсеткіштерді жазу. Сынамаларды алу.
Білуге тиіс: жеке операциялардың технологиялық процесі және ацетиленді димеризациялау учаскесінің сұлбасы, негізгі және қосалқы жабдықтардың, бақылау-өлшеу аспаптарының жұмыс принципі, арматура мен қатынас сұлбасы, ацетилен, катализатор, моновинилацетиленнің физика-химиялық қасиеттері, технологиялық процесті реттеудің негізгі ережелері, сынамаларды алу ережелері.
18. Димеризациялау аппаратшысы 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жұмыс нұсқаулығына сәйкес ацетиленді моновинилацетиленге каталитикалық димеризациялаудың технологиялық процесін жүргізу. Моновинилацетиленді алу учаскесінің барлық жабдықтарының жұмысы мен күйін бақылау. Бақылау-өлшеу аспаптары, автоматика құралдарының көмегімен және химиялық талдау нәтижелері бойынша технологиялық регламент, су, қышқыл, абсорбент айналымын, скрубберлардағы газдың сумен және қышқылмен салқындатылуын, өнімнің шығуы мен сапасын бақылау. Жабдықтар мен қатынас жұмысындағы ақауларды анықтау және жою. Тоңазытқыштар, орталықтан тебу насостары, реакторлар, қышқыл концентраттарын сумен салқындату скрубберлері мен басқа да қызмет көрсетілетін жабдықтарды қосу, орнату. Мөлшерлеп өлшенетін құрам бөліктерді есептеу. Қол астындағы жұмысшыларға басшылық ету.
Достарыңызбен бөлісу: |