Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң 2010 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 31 желтоқсандағы №2325 Қаулысы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жоспарлау жүйесi



бет1/6
Дата24.02.2016
өлшемі0.64 Mb.
#12396
  1   2   3   4   5   6
Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2325 Қаулысы

      «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жоспарлау жүйесi туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиiс.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрi                                    К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы    


Үкiметiнiң          
2009 жылғы 31 желтоқсандағы  
№ 2325 қаулысымен       
бекiтiлген           

Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң
2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары

1. Миссиясы және пайымдауы

      Миссиясы: Мемлекеттiң бәсекеге қабiлеттiгiн арттырудағы мiндеттердi шешу үшiн құқықтық инфрақұрылымды жаңғырту және қамтамасыз ету.


      Пайымдауы: тиiмдi құқықтық қорғаумен, сондай-ақ құқықтық мемлекеттiң стандарттары мен принциптерiне сәйкес мемлекеттiк және заңгерлiк қызметтер қамтамасыз етiлген дамыған азаматтық қоғам.

2. Ағымдағы ахуалды талдау

      Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi (бұдан әрi - Әдiлет министрлiгi) iске асыру елде жүргiзiлiп жатқан қайта құруларды тиiсiнше құқықтық қамтамасыз етудi жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн өзара ұқсас емес фукнциялардың үлкен ауқымын орындайды.


      Өткен жылдар Әдiлет министрлiгi үшiн оның алдына қойылған барлық мiндеттердi орындауға мүмкiндiк берген белгiлi бiр өрлеу кезеңi болды.
      Осы 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарда жетi стратегиялық бағыт көзделдi.
      1. Заңнамаға сәйкес әдiлет органдары ұсынатын мемлекеттiк және заңгерлiк қызмет көрсетулер сапасын арттыру, азаматтардың құқықтық мәдениетiн арттыру.
      Кез келген органның қызметiндегi көрсеткiштердiң бiрi тұрақты арттыруды талап ететiн ұсынылатын қызмет көрсету сапасы болып табылады. Мемлекеттiк басқару жүйесi мен мемлекеттiк қызмет көрсету сапасы жеткiлiктi дәрежеде айқын еместiгiн атап өту қажет.
      2009 жылдың қорытындысы бойынша Халыққа қызмет көрсету орталықтары 6 565 479 мемлекеттiк қызмет көрсеткен, бұл өткен жылдың осы кезеңiмен салыстырғанда 667 477 қызметке артық.
      Бизнес-ортаны жақсарту жөнiндегi USAID жобасы жылжымайтын мүлiктi және заңды тұлғаларды тiркеу саласындағы заңнаманы iске асыру жөнiндегi мониторинг шеңберiнде тұтынушыларға жүргiзген сауалнамасының нәтижелерi бойынша халықтың 85 %-ы әдiлет органдары көрсететiн қызметтiң сапасы мен қол жетiмдiгiне қанағаттанған.
      2008 жылғы ұқсас сауалнама нәтижелерi халықтың 50 %-ы ғана қызмет сапасына қанағаттанатынын көрсеттi.
      Сонымен бiрге, көрсеткiштердiң жақсарғанына қарамастан, көрсетiлген деректер көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тиiмдiлiгiн арттыру қажеттiгi туралы айғақтайды.
      Дүниежүзiлiк экономикалық форумның Ғаламдық бәсекеге қабiлеттiлiк индексiнiң және «Doing business» рейтингтерiндегi көрсеткiштердi жақсарту жөнiнде Әдiлет министрлiгi жүргiзген жұмыстардың маңызы зор.
      Дүниежүзiлiк Банктiң есебi бойынша 2009 жылы Қазақстан «Doing business» рейтингiнде «Кәсiпорындарды ашу» индикаторы бойынша 79 орынды, 2010 жылы 82 орынды иелендi.
      Сонымен бiрге Дүниежүзiлiк экономикалық форумның ҒБҚИ «Бизнестi бастауға қажеттi рәсiмдердiң саны» және «Бизнестi ашуға қажеттi күндердiң саны» индикаторлары бойынша 44 орынды иелендi, 2010 жылы «Бизнестi бастауға қажеттi рәсiмдердiң саны» индикаторы бойынша 60 орынды, «Бизнестi ашуға қажеттi күндердiң саны» индикаторы бойынша 62 орынды иеленедi.
      Көрсетiлген рейтингтерде бизнестi жүргiзу (кәсiпорындар ашу) жеңiлдiгiнiң негiзгi бағасы мынадай көрсеткiштер болып табылады: бизнес жасауға қажет рәсiмдердiң мерзiмдерi және саны, сондай-ақ оның құны.
      Аталған көрсеткiштер заңдар деңгейiнде регламенттелгенiн ескере отырып, Әдiлет министрлiгi 2009 жылғы қаңтардан бастап қолданыстағы заңнамаға тиiстi түзетулер енгiзу жұмыстарын бастады.
      Мәселен, бизнес жасау рәсiмдерiн жеңiлдету және әкiмшiлiк кедергiлердi жою арқылы көрсетiлген рейтингтерде Қазақстанның ұстанымын арттыру мақсатында Мемлекет басшысының қол қоюына жiберiлген «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеудi оңайлату мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы әзiрлендi.
      2009 жылдың қорытындысы бойынша ҒБҚИ «Меншiкке құқық» индикаторы бойынша Қазақстан 103 орынды (2008 жылы - 95), Дүниежүзiлiк банктiң «Doing business» «Меншiктi тiркеу» индикаторы бойынша - 31 орынды (2008 жылы — 26) иелендi.
      Бағалау әдiстемесi компанияның меншiк құқығын алу жеңiлдiгiн (меншiктi тiркеу үшiн қажеттi әрекет, уақыт саны мен қаржылық шығындар) көздейдi.
      Әдiлет министрлiгi жылжымайтын мүлiкке құқықтарды тiркеу ресiмдерiн оңайлату бойынша шаралар кешенiн қабылдады.
      Атап айтқанда, ведомстволық бұйрықтарды қабылдау нәтижесiнде тұрғын үй емес құрылысқа, бiр объектiден тұратын тұрғын үй емес мақсаттағы мүлiктiк кешенге құқықтарды тiркеу мерзiмдерi 15-тен 10 жұмыс күнiне дейiн қысқарды; жылжымайтын мүлiкке ақпараттық анықтамаларды ХҚО арқылы электронды нысанда беру тәртiбi мен мерзiмдерi белгiлендi; жылжымайтын мүлiкке ақпараттық анықтамаларды беру мерзiмi 3-тен 1 жұмыс күнiне дейiн қысқарды.
      Сонымен бiрге, заңгерлiк көмектi тегiн көрсететiн адвокаттардың еңбегiне ақы төлеудiң тиiмдi тетiгiнiң жоқтығына байланысты бiрқатар кемшiлiктер бар. Сондықтан Әдiлет министрлiгiнiң мақсаты қызмет көрсету процестерiн оңтайландыруға, олардың ашықтығы мен қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз етуге, сондай-ақ азаматтардың бiлiктi заң көмегiн алуға құқықтарын iске асыруды қамтамасыз етуге келiп саяды.
      Қойылған мақсаттарға қол жеткiзу үшiн Стратегиялық жоспарда адвокатура мен нотариат саласындағы заңнаманы одан әрi жетiлдiру айқындалған.
      Халықтың әлеуметтiк жағынан қорғалмаған тобын қолдау мақсатында 2009 жылғы қыркүйектен бастап қызмет көрсету құны жекеше нотариустардан едәуiр төмен мемлекеттiк нотариустардың қызметi қалпына келтiрiлдi.
      Бүгiнгi таңда мемлекеттiк нотариустар жалпы сомасы 7 930 390 теңгеге 16 194 нотариаттық iс-әрекеттердi жүзеге асырды.
      Мемлекеттiң құқықтық мәдениетiнiң жай-күйi оның құқықтық жүйесiндегi көрсеткiштердiң бiрi болып табылады. Халықтың құқықтық мәдениетiн арттыру, құқықтық санасын дамыту тәуелсiз, демократиялық және құқықтық мемлекет құруға ықпал ететiн азаматтық қоғамды қалыптастырудың маңызды өлшемi болып табылады.
      Мемлекет пен қоғамның, бұқаралық ақпарат құралдарының бiрлескен күш-жiгерi қажет. Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетiнiң деңгейiн одан әрi арттыру мақсатында Стратегиялық жоспарда құқықтық түсiндiру сипатында iс-шараларды орындау көзделедi.
      2. Заңнаманы жетiлдiру, сапалы нормашығармашылық қызмет және халықаралық ынтымақтастықты құқықтық қамтамасыз ету.
      Мемлекеттiк саясатты iске асырудың негiзгi құралы нормашығармашылық қызмет болып табылады. Заң шығармашылығы саласында негiзгi мiндет әзiрленетiн заң жобаларының сапасы болып табылады, бiрақ бұл олардың заңгерлiк пысықталуына ғана емес, сонымен бiрге әлеуметтiк, экономикалық, қаржылық маңызды мәселенi шешудiң пысықталуына, статистикалық деректердi зерделеуге, құқық қолдану практикасын талдауға, оң халықаралық тәжiрибенi қолдануға да байланысты болмақ.
      Осыған байланысты нормашығармашылық қызметтiң сапасын арттыру стратегиялық бағытпен айқындалды.
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 18 ақпандағы № 184  қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң заң жобалау жұмыстарының 2009 жылға арналған жоспарымен 38 заң жобасын (түзетулер ескерiлiп) әзiрлеу көзделген, оның 4-iне Мемлекет басшысы қол қойды, 1-еуi Мемлекет басшысына қол қоюға жiберiлдi, 33-i Қазақстан Республикасының Парламентiнде.
      2009 жылдың қорытындысы бойынша Әдiлет министрлiгi 133 заң жобасына құқықтық сараптама жүргiздi, 34-i келiсiлдi (2008 жылы 150 заң жобасына құқықтық сарпатама жүргiзiлдi, 74-i келiсiлдi). Сонымен бүгiнгi таңда мемлекеттiк органдар әзiрлейтiн заң жобалары сапасының төмендiгi өзектi болып қалуда.
      Сол бiр заңға әртүрлi заңнамалық актiлермен өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудi көздейтiн заң жобаларын әзiрлеу жағдайларын болдырмау, оларды өткiзудiң барлық сатыларында заң жобалары мониторингiсiнiң тиiстi жүйесiн енгiзу жөнiнде ұсыныстар енгiзу мақсатында қазiргi уақытта барлық заң жобалары бойынша деректер қорын құру мәселесi пысықталуда.
      «Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мәтiндерiн кейiннен ресми жариялау ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 22 тамыздағы № 938 қаулысына сәйкес кейiннен ресми жариялауға құқық алған жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi жыл сайын тексеруге ұшырайды.
      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары С.Н. Ахметовтiң төрағалық етуiмен 2009 жылғы 13 қарашада өткен кеңестiң қорытындысы бойынша Әдiлет министрлiгi әзiрлеген нормативтiк құқықтық актiлердiң ресми мәтiндерiн кейiннен жариялау саласында сараланған мемлекеттiк бақылау және тәуекелдердi басқару жүйесiнiң тұсауы кесiлдi, онда маңызды емес тәуекелмен байланысты жоспарлы тексерулердiң 5 жылда 1 рет болатын мерзiмдiлiгi (жарияланған НҚА мәтiндерiн салыстыру «Әдiлет министрлiгiнiң ресми мәтiнi» деген мөртабан қойылған макетпен жүзеге асырылады) мақұлданды.
      Бүгiнгi таңда 2002 - 2010 жылдарға арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасында көзделген заңнаманы жетiлдiрудiң негiзгi бағыттары тиянақты аяқталды және заңнаманы дамытудың жаңа кезеңiн бiлдiредi.
      Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2009 жылғы 24 тамыздағы № 858 Жарлығымен әлеуметтiк-экономикалық және қоғамдық-саяси қатынастарды барабар реттеуге бағытталған Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейiнгi кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы (бұдан әрi - Тұжырымдама) қабылданды.
      Құжатта мемлекеттiк құқықтық реформалар жүргiзудiң және мемлекеттiң құқықтық институттарын жетiлдiру әрi дамыту үшiн заңнамалық алғы шарттарды жасаудың, заңның күшi мен оны қолдану мониторингiн қамтамасыз етудiң нақты тетiктерi көрсетiлген, бұл бiздiң мемлекетiмiзде құқықтық негiздердiң тұрақтылығы мен құқықтық реттеудiң сапасын қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.
      3. Қылмыстық-атқару жүйесiн халықаралық стандарттарға жақындату.
      2009 жылдың iшiнде «Еуропаға жол» мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру шеңберiнде пенитенциарлық жүйе қызметiне халықаралық стандарттарды енгiзу және тәжiрибенi зерделеу мақсатында Польша түрме қызметiне iссапарлар жүзеге асырылды.
      АҚШ елшiлiгiнiң өкiлдерiмен, түрме мәселелерi саласындағы бiрлескен жобаларды iске асыру жөнiндегi Freedom House үкiметтiк емес құқық қорғау ұйымы жобаларының ассистентiмен, Джонатан Айткен (Англия) және KNCV түрме мәселелерi жөнiндегi сарапшылармен, Техникалық Ынтымақтастық жөнiндегi Немiс Қоғамының (GTZ), ISDG NV (Бельгия) компаниясының, БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) өкiлдерiмен, Польша түрме қызметi сарапшыларымен Қазақстанның пенитенциарлық мекемесiнiң қызметiн сараптамалық бағалауды жүзеге асыру және қылмыстық-атқару жүйесi қызметкерлерiне семинар-консультациялар өткiзу үшiн қосымша кездесулер өттi.
      Дегенмен, қылмыстық-атқару жүйесiн халықаралық стандарттарға жақындату мәселесiнде оның тиiмдiлiгiне терiс әсер ететiн шешiлмеген проблемалар әлi де қалып отыр.
      Өткен ғасырдың басында-ортасында, ал кейбiреулерi 18 және 19 ғасырларда салынған қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнiң көптеген ғимараттары мен құрылыстары тозған, көбiнесе авариялық күйде түр, санитарлық, техникалық талаптарға, сондай-ақ халықаралық стандарттардың талаптарына жауап бермейдi.
      Бас бостандығынан айыру орындарында ұстаудың тиiстi жағдайларын қолдау мақсатында қылмыстық-атқару жүйесi жүргiзген белгiлi бiр жұмыстарға қарамастан, жұмыс iстейтiн мекемелердi күрделi жөндеу мен реконструкциялауға, сондай-ақ сотталғандарды камерада ұстау үшiн халықаралық стандарт талаптарына жауап беретiн қылмыстық-атқару жүйесiнiң жаңа мекемелерiн салуға қажеттi қаржы қаражатын бөлу талап етiледi.
      2009 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша республиканың қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде 63 655 (2008 жылы - 59 092) сотталғандар мен тергеу-қамаудағылар ұсталған.
      Сондай-ақ, жүйеде сотталғандарды қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазалауды орындау бойынша күрделi ахуал қалыптасқан. Қоғамнан оқшаулаусыз жазалауды орындайтын қылмыстық-атқару инспекциясы қызметкерлерiнiң жүктемесi белгiленген нормативтерден асады. Сонымен бiрге мемлекеттiң жүргiзiп отырған қылмыстық саясатты iзгiлендiруге байланысты бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазалауға сотталған адамдар саны жыл сайын тек кебейетiн болады.
      Республиканың қылмыстық-атқару инспекцияларының есебi бойынша 63 509 сотталғандар қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаға тартылған, бұл өткен жылдың осы кезеңiмен салыстырғанда 4 760 адамға (2008 жылы - 58 749) көп.
      Сотталғандарды қоғамдық-пайдалы еңбекке орналастырудың төмендiгi түзеу мекемелерiнде тәртiптi ұстап тұруға ықпал етпейдi және қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнiң алдына қойылған мiндеттердiң қол жеткiзiлуiне тұтастай терiс әсер етедi.
      2009 жылғы 20 желтоқсанда қылмыстық-атқару жүйесiнiң түзеу мекемелерi аумағында сотталғандар жасаған 247 қылмыс тiркелдi, бұл өткен жылдың осы кезеңiмен салыстырғанда (2008 жылы - 295) 48 фактiге аз.
      Инженерлiк және техникалық қорғау құралдары қанағаттандырмайды, осыған байланысты қылмыстық-атқару жүйесi объектiлерiнiң тиiстi қауiпсiздiгi қамтамасыз етiлмеген.
      Қылмыстық-атқару жүйесi ауруханалары мен медициналық бөлiмдерiнiң медициналық жабдықтары және аппараттары техникалық жағынан тозған әрi моральдық ескiрген. Медициналық бөлiмдердiң барлығы бiрдей қарапайым диагностикалық аппаратурамен қамтамасыз етiлмеген.
      «Әдiлет органдары туралы» Заңның 20-бабына сәйкес қылмыстық-атқару қызметi саласында әдiлет органдары функцияларының бiрi «қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтiк бейiмдеу мен оңалтуды ұйымдастыру және жүзеге асыру» болып табылады.
      Көрсетiлген норманы iске асыру мақсатында Үкiметтiң 2007 жылғы 10 қыркүйектегi № 783 қаулысымен Өскемен және Шымкент қалаларында бас бостандығынан айыру орындарынан босаған адамдар үшiн Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң Оңалту орталықтары құрылды, оны ұстауға республикалық бюджеттен 2008 жылы 88,6 млн. теңге бөлiндi.
      Мұнда келетiн адамдар санының аз болу себептерiнiң бiрi - осы Орталықтардың Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң қарамағында болуы. Бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан сотталғандар қылмыстық-атқару жүйесi қызметкерлерiне теңестiрiлген қызметкерлердiң ұдайы бақылауында болады деп есептей отырып, психологиялық жағынан қолайсыз сезiнедi.
      Бұдан басқа, көрсетiлген Орталықтардың ашылуы олардың қызметiн Үкiметтiң 2000 жылғы 16 наурыздағы № 408 қаулысымен жергiлiктi атқарушы органдардың жанынан әрбiр облыс орталығында құрылған Белгiлi бiр тұратын жерi жоқ адамдарға арналған әлеуметтiк бейiмдеу орталықтарының қайталауына әкелдi. Бұл Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 10 ақпандағы № 147 қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттiк басқару деңгейлерi арасындағы өкiлеттiктердi ажырату және бюджетаралық қатынастарды жетiлдiру тұжырымдамасымен келiспейдi.
      Әдiлет министрлiгi Президент Әкiмшiлiгi мен Үкiметке бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әлеуметтiк бейiмдеу және оңалту функцияларын жергiлiктi атқарушы органдардың жанынан құрылған белгiлi бiр тұратын жерi жоқ адамдарға арналған әлеуметтiк бейiмдеу орталықтарына берудiң мақсатқа сәйкестiгi, ал Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң жанында жұмыс iстейтiн Орталықтарды тарату туралы ұсыныс енгiздi.
      Осы ұсынысты Қазақстан Республикасының Президентi мақұлдады.
      Осыған байланысты Iшкi iстер министрлiгiне «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Заң жобасына, «Әдiлет органдары туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңдарға кейбiр түзетулердi енгiзу мүмкiндiгiн қарастыру туралы ұсыныстар жiберiлдi.
      Қылмыстық-атқару жүйесi қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында Стратегиялық жоспарда сотталғандарды ұстау жағдайларын жақсартуға, қоғамнан оқшаулаусыз жазалауды орындайтын қызметтi дамытуға, сотталғандарды еңбекке және/немесе оқуға тартуға, қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған бiрқатар iс-шаралар көзделген.
      4. Сот-сараптама жүйесiн халықаралық стандарттарға жақындату.
      Сот-сараптама қызметiн халықаралық стандарттарға көшiру бойынша стартегиялық мақсаттарға қол жеткiзу мақсатында 2009 жылы мынадай елдердiң: АҚШ, Англия және Францияның сот сараптамасы саласындағы халықаралық тәжiрибесi зерделендi, сондай-ақ халықаралық аккредиттеудi алу бойынша ТМД елдерi - Ресей, Украина, Белоруссияның жұмысы зерделендi.
      Материалдық-техникалық және кадрмен қамтамасыз етуге қатысты проблемалар сот сараптамасы органдарында да бар.
      Мысалы, Сот сараптамасы орталығы бөлiмшелерiнiң штат санын көбейту талап етiлген қажеттiлiктен 50%-ға темен жүзеге асырылған. Сарапшылардың саны бұрынғы деңгейде қалса да, 10 жыл жұмыста орындалған сараптамалардың саны 4,7 есеге көбейген.
      2009 жылы Сот сараптамасы орталығының бөлiмшелерi 67 530 сараптама жүргiздi, бұл былтырғы жылдың осы кезеңiмен салыстырғанда 1 397 сараптамаға артық (2008 жылы - 66 133).
      Сондай-ақ 2009 жылы Сот сараптамасы орталығының Ғылыми-әдiстемелiк және Ғылыми кеңестерiнде қарау әрi бекiту үшiн құрылыс сараптамасы жөнiндегi әдiстемелер дайындалды.
      Сот сараптамасы орталығын шетелдiк озық сот-сараптама мекемелерiнiң деңгейiнен қалыспайтын күйге дейiн дамыту үшiн халықаралық мекемелермен өзара iс-қимылды кеңейту қажет. Сот сарпатамасы орталығының зертханаларында жүргiзiлген сот-сараптама зерттеулерi нәтижелерiнiң халықаралық тұрғыда мойындалуына қол жеткiзу халықаралық аккредиттеу алғаннан кейiн ғана жүзеге асырылмақ.
      Сот сараптамасын ғылыми-зерттеу және оқу-әдiстемелiк қамтамасыз ету мәселелерiн одан әрi жетiлдiру, кадр әлеуетiн күшейту, халықаралық ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ материалдық-техникалық базасын нығайту талап етiледi.
      5. Зияткерлiк меншiк құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтi Дүниежүзiлiк сауда ұйымының стандарттарымен сәйкес келтiру.
      Қазақстан Республикасының алдында тұрған стратегиялық мiндеттердiң бiрi Дүниежүзiлiк сауда ұйымына (бұдан әрi - ДСҰ) кiру болып табылады. Осыған байланысты қолданыстағы заңнаманы ДСҰ шеңберiнде жасалған Зияткерлiк меншiк құқықтарының сауда аспектiлерi жөнiндегi келiсiмнiң талаптарына сәйкес келтiру шараларын қабылдау қажет.
      Зияткерлiк меншiк саласындағы қатынастарды дамыту үшiн Қазақстанда қолайлы жағдайды қалыптастыру мақсатында Әдiлет министрлiгiнiң Стратегиялық жоспарында көзделген iс-шаралар контрафактiлi өнiммен қарсы күрес шараларының тиiмдiлiгiн арттыруға, құқықтық түсiндiру жұмыстарын көбейтуге, осы саладағы заңнаманы жетiлдiруге, халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты арттыруға, сондай-ақ құқық қорғау органдарымен өзара iс-қимылды жандандыруға бағытталған.
      Әдiлет органдарының статистикалық деректерiне сәйкес 2009 жылы республикада 711 (2008 жылы - 663) тексеру жүргiзiлдi, зияткерлiк меншiк объектiлерiн пайдаланатын субъектiлердiң 655 (2008 жылы - 656) құқық бұзушылық фактiлерi анықталды. Заңсыз айналымнан жалпы сомасы 36 714 590 (2008 жылы - 93 824 126) теңге болатын 132 893 (2008 жылы - 194 130) бiрлiкте контрафактiлi өнiм алынған.
      Қазақстан Республикасы зияткерлiк меншiк құқықтарын баламалы құқықтық қорғауды қамтамасыз етпейтiн елдер туралы ақпаратты көздейтiн «Special 301 Report» тiзiмiнде жоқ.
      ҒБҚИ рейтингiнде Қазақстан 2009 жылдың қорытындысы бойынша «Авторлық құқықтарды қорғау» индикаторы бойынша 78 орынды иелендi, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 3 ұстанымға төмен.
      Осы көрсеткiштiң төмендеуiне көбiнесе 2009 жылғы 17 ақпан мен 1 шiлде аралығында шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiн тексеруге мораторийдiң жариялануына байланысты тексеру жүргiзудiң едәуiр қысқаруы әсер еттi.
      Бұдан басқа, 2009 жылы 17 шiлдеде мемлекеттiк органдардың жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiн тексеруiн оңтайландыру мен реттеудi көздейтiн «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне жеке кәсiпкерлiк мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.
      Атап айтқанда, Заңмен рейдтiк тексеру жүргiзу алып тасталды, осыған байланысты контрафактiлi өнiм сатылатын жаппай сату орындарында, базарларда, вокзал маңындағы алаңқайларда тексеру жүргiзуге мүмкiндiк болмады.
      Сондай-ақ Әдiлет министрлiгi зияткерлiк меншiк құқықтарын қорғау саласында ұлттық заңнаманы жетiлдiру бойынша белгiлi бiр жұмыстар жүргiздi.
      Бұдан басқа, 2008 жылы жарияланған ҒБҚИ рейтингiнде «Өнеркәсiптiк меншiк құқықтарын қорғау» индикаторы көзделдi, ол бойынша Қазақстан Республикасы 72 ұстанымды иелендi. Бұл ретте 2009 жылы жарияланған рейтингтерде осы индикатор жоқ. Бұған қарамастан Әдiлет министрлiгi осы бағытта жұмысты жалғастыратын болады.
      6. Дiни сенiм бостандығын қамтамасыз ету және мемлекеттiк органдардың дiни бiрлестiктермен өзара iс-қимылын жетiлдiру.
      Дiни ахуалдың тұрақтылығы мен азаматтық әлемдi сақтау көбiнесе конфессияаралық татулықты сақтауға байланысты. Мемлекеттiк-конфессиялық салада жаңа құбылыстар мен проблемалардың туындауы осы бағыттағы бiрқатар тұтас мәселелер бойынша қолданыстағы заңнаманы жетiлдiру қажеттiгiн көрсетедi.
      Республикадағы дiн ахуалдың жай-күйi мен даму беталысын тереңiнен зерделеу мақсатында 2009 жылдың iшiнде «Қазақстан Республикасының аумағында радикалдық бағыттағы дiни ағымдар қызметiн зерделеу», «Дiннiң халықтың түрлi тобынан әсер ету тереңдiгiн зерттеу» тақырыптарында әлеуметтiк зерттеу, Қазақстан Республикасында дiни ахуалды зерделеу мониторингi мен талдау жүргiзiлдi.
      2009 жылы құрамына Комитеттiң, дiн, ұлттық-мәдени орталықтардың өкiлдерi, теологтар мен ғалым-дiнтанушылар кiрген үгiт-насихат топтарының қызметiн қамтитын түсiндiру жұмыстары жүргiзiлдi. Азаматтардың дiнтану сауаттылығын арттыру бойынша барлық ақпараттық-насихат жұмыстарымен 18 087 адам қамтылды.
      Министрлiктiң Стратегиялық жоспары конфессияаралық қатынастарды үйлестiруге, дiни экстремизм көрiнiстерiнiң алдын алуға бағытталған кешендi ұйымдық-құқықтық және ақпараттық-насихаттау шараларын кеңейтудi көздейдi.
      Сондай-ақ дiни ахуалға зерттеулер мен талдау жүргiзу, консультациялық және талдау жазбаларының, практикалық ұсынымдарды әзiрлеуге бағытталған әлеуметтiк зерттеулер санын мен сапасын көбейту жоспарлануда.
      7. Бағалау қызметiн жетiлдiру және халықаралық талаптарға сәйкес келтiру.
      2000 жылы бағалау қызметiн одан әрi дамытудың негiзгi iргетасы болған «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметi туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрi - Заң) қабылданды. Өткен 9 жылда бағалау қызметi құқықтық реттелуi ұдайы көңiл аудару мен жетiлдiрудi талап ететiн нарықтық қатынастардың маңызды институтына айналды.
      Бағалау қызметi адамның тiршiлiк әрекетiндегi маңызды салаларын қозғайды. Республикада әлеуметтiк, экономикалық, тұрғын үй реформалары болып жатқаны белгiлi. Банк қызметi, құрылыс қарқынды дамуда. Мысалы, құрылыс пен жылжымайтын мүлiк ипотекасы кең ауқымға ие тек Астана мен Алматы қалаларында мүлiктi бiлiктi бағалайтын кәсiби бағалаушылар өте қажет. Қазiргi кезде бағалау бойынша сапасыз әрi дұрыс жасалмаған есептерден тапсырысшылар, орындаушылар мен басқа да мүдделi тараптар арасындағы сот ауыртпалықтары санының көптiгi туралы айтпағанда, бағалау қызметiнiң барлық субъектiлерi зардабын тартуда. Бұл бiрiншi кезекте елiмiздiң қаржы, құрылыс нарығы мен банк-сақтандыру жүйесiне терiс әсер етедi.
      Заң қабылданған сәтте Қазақстан бағалау қызметiн қалыптастыру сатысында едi. Уақыт өте келе бағалау теориясы мен тәжiрибесi, сондай-ақ нарықтық жағдайлар үнемi өзгерiске ұшырап отырды және сондықтан бағалау қызметi туралы қолданыстағы заңнаманы түзету қажеттiгi туындады.
      Осыған байланысты мемлекеттiк бағалау стандарттарын белгiлеуге, бағалау қызметiн халықаралық талаптарға сәйкес келтiруге, мемлекеттiк реттеу жүйесi мен бағалау қызметiн өзiн-өзi реттеудi жетiлдiруге бағытталған кешендi ұйымдастырушылық-құқықтық шаралар қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет