«Физика - қоғамдық ортада»
(8 класс).
Түсінік хат.
«Физика - қоғамдық ортада» тақырыбының таңдалып алынуы ғылыми техникалық прогрестің күрт дамуына негізделген. Физикалық білім әр түрлі сфераларда техникалық және гуманитарлық бағыттарда да керек болып тұр. Бұл курстың маңыздылығы жоғары сыныптарда оқушылардың профильді таңдауларына дайындық жасау кезінде бағыт беру болып табылады.
Курс мақсаты: оқушыларға қоғам мен физиканың тікелей байланыста екендігін көрсету, кейбір мамандықтарда физика заңдары мен теорияларының кеңінен қолданылуын жеткізу.
Курс міндеттері:
-
Физикалық заңдардың тек қана техника мен технологияда емес сондай ақ әр түрлі сфераларда кеңінен қолданылуы туралы түсініктерін қалыптастыру;
-
Қазіргі заманда тиімді еңбек ету үшін интеграциялық байланыстың маңыздылығын, білімнің кең спектрінің қажеттігін көрсету;
-
Шығармашылық және ойлау қабілеттерін дамыту, физикаға қызығушылығын ояту, білімін жалғастыруда жоғары сыныптарда профиль таңдауға бағыт беру;
-
Өзіндік білім алуға және өзін-өзі дамытуға үйрету;
-
Ақпараттық мәдениетті қалыптастыру. Ақпаратты жинауды, сараптама жасауды, жалпылау және бағалауды дамыту, басқа адамдарға жүйелі ақпарат жеткізуді қалыптастыру.
Курс мазмұнын жинақтауда төменде көрсетілген мәселелер ескерілді. Курс үш бөлімнен тұрады. Бірінші №1 «Физика маған қажет!» тарауында қоғамдағы физикалық білімге мұқтаж қоғам салалары қарастырылады. Ары қарай №2 «Маған физика қажет пе ?!» бөлімде физикаға мүлдем жақындамайтындай көрінетін бірақ физикалық құралдар мен қондырғылар кеңінен қолданылатын қоғамдағы мамандықтармен таныстырылады. Үшінші бөлімде №3 «Маған физика қажет емес?!» бұл бөлімде физикалық құралдар мен зерттеу әдістерінің гуманитарлық және шығармашылық орталардағы қолданылуы туралы сөз болады. Сонымен курста оқушылардың физикадан алған білімдерінің әр түрлі бағыттарда қолданылуы көрсетіледі. «Физика-қоғамдық ортада» курсының мазмұны экскурсия жүргізуге кеңінен мүмкіндік береді. Мүмкіндіктеріңізге орай тек қана өндірістік кәсіпорындарға ғана емес сондай ақ поликлиниканың физиологиялық бөліміне, кез келген құрылыс алаңына, музейге, спорт кешендеріне экскурсия жасауға болады. Шаруашылықтың әр түрлі салалары бойынша мамандық дайындайтын оқу орындарына баруға болады. Экскурсия тек қана алған теориялық білімдерін бекітпей , оқушының саналы түрде болашақта мамандық таңдауда ішкі мотивациясын қалыптастырады.
Жүргізілетін сабақ түрлері семинар, конференция, тренинг, әр түрлі қызметтік ойындар, экскурсия т.б. Іс-әрекет түрлерінің көпшілігі (реферат дайындау, баяндама, хабарлама, презентация) түрінде болады және оқушылар бұл тапсырмаларды сабақта сондай ақ сабақтан тыс уақыттарда жасайды. Сабақта жеке-топтық іс-әрекеттер қолданылу ұсынылады. Элективті курс 8 сыныптарға арналған және 68 сағатқа есептелген. Сабақты өту барысында қосымша әдебиеттер, ғылыми-танымдық журналдар, интернет ресурстары, әр түрлі көрнекіліктер мен модельдер, демонстрациялық және зертханалық жұмыстар, суреттер мен видеоматериалдар қолданылу ұсынылады. Мұғалімнің негізгі міндеті оқу процесін басқару болып табылады: ол негізгі қажетті білімді береді, оқушылармен бірігіп жоспар құрады, оқушыларды бағыттайды және түзеп отырады.
Бақылау әдістерінің әртүрлілігі де қамтамасыз етіледі: конспект құру, тесттер жүргізу, баяндама мен реферат дайындау, әр түрлі жобалар, презентациялар, жасалған жұмысы туралы есеп жасау.
Бағдарлама мазмұны
Кіріспе . (2 сағ)
Курс мақсаты мен міндеттерін айқындау. Тапсырмаларды жоспарлау. Қазіргі қоғамдағы физиканың ролі
№ 1 «Физика маған қажет!». (24 сағ)
Өнеркәсіп. Материалдарды өңдеудің заманауи әдістері туралы түсінік (электрұшқындық және электрдоғалық). Өнеркәсіпте лазердің қолданылуы. Әртүрлі автоматтар мен манипуляторларды қолдану. Дистанционды өлшеулер туралы түсінік. Әр түрлі датчиктер.
Ауыл шаруашылық. Мал шаруашылығы мен құс шаруашылығындағы физиканы қолдану (инкубаторлар, фотореле, электрастау, термобасқарғыш). Егін шаруашылығы (дәндерді тазалау, радиоселекция, жер жыртудың әр түрлі әдістері).
Транспорт. Қозғалтқыштардың түрлері мен қолданылуы. Қозғалтқыштың ПӘК-ін көтеру жолдары. Спидометр, жүрілген жол есептеуіші және жылдамдықты реттегіш (коробка передач) құрылысы мен жұмыс істеу принципі.
Энергетика. Электр энергиясын алу (айнымалы ток генераторы), оның берілуі мен қолданылуы. Трансформатор ролі.
Құрылыс және архитектура. Тепе теңдік шарты, моменттер ережесі мен орнықтылықты білудің қажеттілігі. Статика заңдарын ескі құрылыстар мен заманауи ғимараттарда қолданылуын зерттеу. Арка мен күмбез физикасы. Әр түрлі көпірлердің тіреу нүктелеріне әсер ететін күші. Көтергіш кран әрекеті (орнықтылық, барлық күштердің теңәрекеттілігі, жүк көтергіштік).
Экскурсия. Таңдалған объекттегі физиканың практикада қолданылуын бақылау (Өндірістік өнеркәсіп, құрылыс алаңы, авто жөндейтін орталық).
№2 «Физика маған қажет пе?!». (22 сағ)
Медицина. Қарапайым медициналық құралдардың физикалық негізі (шприц, пипетка, стерилизатор, термометр, электрқыздырғыш, банкілер). Физикалық білімді диагностика мен емдеу кезінде қолдану. (кардиограммалар, рентгендік зерттеулер, Гейгер есептегіші, лазер, плазмалық скальпель, импульсивті ток).
Радио- и телебайланыс. Әр түрлі диапазондағы радиотолқындардың таралуы және қолданылуы. Байланыс дамуының болашағы. Динамик пен микрофонның құрылысы , жұмыс істеу принципі.
Тамақ өнеркәсібі. Кулинар мен кондитер мамандығындағы физика (пештер, микротолқынды пештер, тостерлер, электршайнектері, кофедайындағыштар). Сүрлеудің электростатикалық әдісі , тез мұздату. Өнімдерді сақтау және зарарсыздандыру.
Экскурсия. Таңдалған объекттегі физиканың практикада қолданылуын бақылау (медициналық өндірістер, тамақ өнеркәсібі).
Тема №3 «Физика маған қажет емес?!» (18 сағ)
Криминалистика және тарих. Компьютерлік мәліметтер базасы. Активациялық анализ. Спектрлік анализ. Инфрақызыл и ультракүлгін сәулелер. Фотоэлектронография. Люминесценттік анализ. Металліздегіштер.
Спорт. Спорттық құралдар. Қозғалыс және жаттығулар физикасы. Дискіні лақтыру техникасы, сырықпен секіру. Автотренажер. Автоматты секундөлшеуіштер. Жарық қаруы.
Театр және кино. Спектакльдерді әрлеудегі механикалық және электрлік физика. Жарық әсерлерінің ролі. Жарық музыка. Кинодағы қозғалыс әсері. Дыбыстық кино.
Көркем сурет, музыка және әдебиет. Спектрдегі түстердің жіктелуі. Көркем суреттегі жарықтың сыну және шағылу заңдары. Жарықтылықтың қабылдауға әсері. Дыбыс жиілігі мен қаттылығы. Камертон. Музыкалық аспаптар. Акустика.
Экскурсия. Таңдалған объекттегі физиканың практикада қолданылуын бақылау (музей, концерт залы, спорт зал).
Жалпылау және қорытындылау (2 сағ)
Курстың қорытындысын жасау. Жоба қорғау.
Әдістемелік бөлім
Курсты оқу нәтижесінде оқушылар оқыту профилін жеке саналы түрде таңдай алады, қоғамдағы физика ролінің маңыздылығын түсінеді.
Білу керек:
-
Заманауи қоғамдағы физиканың маңызы мен орнын.
-
Тірі және өлі табиғаттағы құбылыстарға қолданылатын физика заңдарының ортақтылығын.
-
Әр түрлі мамандықтарда физикалық заңдар мен теориялардың қолданылуын.
-
Физикалық зерттеу әдістерінің әр түрлі салаларда қолданылуын.
Орындай алады:
-
Әр түлі сала қызметтеріндегі негізгі принциптер мен физикалық теория арасындағы өзара байланысты түсіндіре алады .
-
Зерттеу әдісінде қолданылатын өндірістік процес жайлы ақпарат жинай алады.
-
Негізгі физикалық білімдерін пайдаланып жиналған ақпараттың құрылымын ажыратып бағалай алады, сараптама жасай алады.
-
Дискуссия мен талқылауларға қатысып өңделген ақпаратты жеткізе алады.
-
Эксперимент жасауда, сандық есептерді шешуде алған білімін қолдана алады.
Ұсынылады :
1. Негізгі бағытты ортақ заңдылықтар мен негізгі принциптерді зерттеуге арнау керек. Мәлімет мазмұны түсінікті, қолжетімді және оқушылар деңгейіне сәйкес алынуы керек. Оқу материалын аса тереңдетпей әр детальға терең тоқталу мақсат етілмейді.
2. Интернет ресурстарын, курс тақырыптарын көрнекі түсіндіре алатын аудио және видео құралдарды қолданған дұрыс.
3. Тапсырмаларды оқушылардың деңгейіне, қызығушылығына, жоба тақырыбына қарап дифференсацияланған түрде дайындау қажет.
4.Сабақта заманауи оқу әдістерін қолдану : ақпараттық мәдениетті қалыптастыру, оқытуды дамытатын және мотивацияны дамытатын әдістер.
5. Курста оқу жобаларын және қоғам мен физика арасындағы интеграцияны белсенді қолдану.
№
|
мақсаттар
|
Іс-әрекет
|
Ресурс
|
Рефлексия
|
1
|
Материалдарды өңдеу тәсілдерін білу
|
Өндірістерде метал өңдеуде электр ұшқынды және электрдоғалық әдістерді қолдану тәсілдерін көрсету. Лазердің ағаш өңдеу зауыттарында-ғы жұмысын және лазер құрылысын талқылау
|
http://osvarke.info/88-uchenye-filmy.html
https://www.youtube.com/watch?v=iUoKJK9_D18
http://www.lap-laser.com/ru/promyshlennyesistemy/vasha-otrasl-promyshlennosti/drevesina/
|
|
2
|
Автоматтар мен манипуляторлар құрылысымен танысу
|
Өндірісті автоматтандырудың маңыздылығы жоғары екендігін айта келе ғылыми сағаттар дайындайтын құралдар жайлы және заманауи манипуляторлар немесе роботтар көрмесі жайлы видео тамашаланады. Оқушыларға өмірде автоматтандыруға болатын жағдайларды ойластыру тапсырмасы топтарға беріледі.
|
https://www.youtube.com/watch?v=7onkbRyNIbY
https://www.youtube.com/watch?v=xEC2wuu-ukA
https://www.youtube.com/watch?v=1QfAIkfYOQ8
|
|
3
|
инкубаторлар, фотореле, электрастау, термобасқарғыш жұмыс істеу принциптерін білу
|
Құс шаруашылығындағы инкубатордың жұмыс істеу принципі туралы видео тамашалау,сондай ақ термобасқарғыш түрлерімен танысу. Қолмен электрастау жасау жобаларын ұсыну.
|
https://www.youtube.com/watch?v=oJZOD83DotA
https://www.youtube.com/watch?v=jTho9Cetb8U
https://www.youtube.com/watch?v=LAnwieweF6I
https://www.youtube.com/watch?v=yquEbl9Uz_c
|
|
4
|
Жер жырту тәсілдерін білу
|
Егіншіліктегі физика. Жылыжай құрылысы. Тамшылап суару әдісіндегі физиканы оқушылардан суару. Оқушылар жылуөткізгіштік туралы, су қысымы туралы еске алулары керек. Топқа қолдан жылыжай макетін жасау тапсырмасын беруге болады
|
https://www.youtube.com/watch?v=7dC4yobgkcM
|
|
5
|
Қозғалтқыштың жұмыс істеу принципін білу
|
Автомобильдің іштен жану двигателінің 3D моделі көрсетіледі, жұмыс істеу принципі жұптарда талқыланады да машина моделін жасайды.
|
https://www.youtube.com/watch?v=ilZyCD-QlJg
https://www.youtube.com/watch?v=Ue6cDpSOKu4
|
|
6
|
Спидометр, жол есептеуіш, құрылысын білу
|
Күнделікті машиналардағы автомат және механика арқылы жылдамдықты реттеу туралы видео көру және оқушылардың ойын тыңдау. Спидометр қызметін түсіндіру.
|
https://www.youtube.com/watch?v=f4ANxkdDu_k
https://www.youtube.com/watch?v=5wJNqM30t2Y
https://www.youtube.com/watch?v=IqRM7mnIO7s
|
|
7
|
Электр энергиясын алу жолдарын білу
|
Электр энергиясын су, жел, күн көзінен алу жолдарын көрсету. Оқушылардан басқа да электр энергия көздерін ұсынуды сұрау. (биоэнергия, сутегінен, жол тербелісінен, өсімдіктерден т.б.)
|
https://www.youtube.com/watch?v=cSQTE6iyDE0
https://www.youtube.com/watch?v=7dhnUfNZBoo
https://www.youtube.com/watch?v=ezvlQDCB3_4
|
|
8
|
Трансформатор құрылысын мен қолдану мақсатын білу
|
Трансформатор құрылысын және қолданылуын зерттеп кітапша жасау
|
https://www.youtube.com/watch?v=M_iDkOIaFy4
https://www.youtube.com/watch?v=dgoFznbxQPs
|
|
9
|
Статика заңдарының құрылыстағы қолданылуын түсіну
|
Ескі және жаңа құрылыстардан физиканы іздеуді сұрану. Пирамидаларды тұрғызу барысы туралы видео.
|
https://www.youtube.com/watch?v=xrU3l1RvyiE көпірдегі күштер
https://www.youtube.com/watch?v=C1y8N0ePuF8 пирамида
https://www.youtube.com/watch?v=MBWSBNU8_FY күмбез және арка физикасы туралы фильм
https://www.youtube.com/watch?v=CdNYTjXJPKE
|
|
10
|
Медициналық құралдардың физикалық мағынасын түсіну
|
Қарапайым шприц, пипетка, термометр құралдарды оқушыларға беріп оның қалай іске асатынын қандай физикалық құбылыстар орын алатынын сұрау.
|
шприц, пипетка, термометр
http://www.1tv.ru/sprojects_utro_video/si33/p60640
http://www.1tv.ru/sprojects_utro_video/si33/p58509
|
|
11
|
Емдеу кезіндегі қолданылатын физикалық құралдарды білу
|
Рентген аппарат, Магнитті резонансты томография, кардиограммалар, рентгендік зерттеулер, Гейгер есептегіші, лазер, плазмалық скальпель, импульсивті ток жайлы мәліметтер беру
|
https://www.youtube.com/watch?v=BOj1JxDHmWQ МРТ туралы
https://www.youtube.com/watch?v=CoiJ3G_iztY рентген
https://www.youtube.com/watch?v=WqCBhJ4_rm0 рентген түтікшесі
|
|
12
|
Радиотолқындар және олардың қолданылуын білу
|
Радиотолқындар олардың қолданылуын топтарда талқылау. Конференция – «Қазақстан – Каzsat1,2 »
|
https://www.youtube.com/watch?v=8eZ2PmEQrW0 радиотолқындар таралуы
https://www.youtube.com/watch?v=jAClvOlQ_oE ерекшеліктері
|
|
13
|
Микрофон мен динамик жұмыс істеу принципін білу
|
Видеоны талқылау
|
https://www.youtube.com/watch?v=hv2t2mLloaw
|
|
14
|
Кулинария мен кондитерліктегі физика ролін білу
|
Фиксики мульфильмін көру және шайнек, микротолқынды пеш пен тостер құрылыс ы туралы мәлімет алмасу топтарда
|
https://www.youtube.com/watch?v=HZ_rxyNkhEE электр чайник туралы
https://www.youtube.com/watch?v=xqTDAqkt2B0 тостер
https://www.youtube.com/watch?v=qoaQz9yjVyQ микроволновка
|
|
15
|
Спектрлік анализдің қолдану мақсаттарын білу
|
Тарихта, археологияда спектрлік анализдің маңыздылығын айқандау топтарда, спектрлік анализ қолданылатын қандай салалар барын білуді ұсыну.
Қолдан спектроскоп жасап электр шамдардың спектрін бақылау
|
https://www.youtube.com/watch?v=U3lWiBmDiPM спектр сложение цвет
https://www.youtube.com/watch?v=xAexx2n5UOU шаштың спектрлік анализі
https://www.youtube.com/watch?v=di0_fB8i5iU спектроскоп жасау қолмен
|
|
16
|
Спорттағы физика ролін түсіну
|
Спорт құралдарындағы физика. Сырықтан секіру бойынша әлемдік рекорд видеоролигін көрсетігк болады.
|
https://www.youtube.com/watch?v=HcR8NU8p24I спорттағы күш
https://www.youtube.com/watch?v=5r7vhyzJfyc физика ударов
https://www.youtube.com/watch?v=x95yLT7lU74 прыжок с шеста
|
|
17
|
Театрда спектакль қоюда жарық , дыбыс, электр маңыздылығын түсіну
|
|
https://www.youtube.com/watch?v=-N-QCK909Uc жарықтылық
|
|
18
|
Кинодағы қозғалыс физикасын бақылау
|
Оқушылар оқиға құрастырып кино құрастыру және дәптерге өндеу
|
https://www.youtube.com/watch?v=8QmB0e3HwKk
https://www.youtube.com/watch?v=xLbkQsp78G0
\ https://www.youtube.com/watch?v=9vFUzcKRBSw
|
|
19
|
Көркем суреттегі физика маңызын түсіну
|
Оқушыларға көркемсуреттегі түстердің физикасы жайлы мәлімет беру,Сурет салдыру.
|
https://www.youtube.com/watch?v=k7q-GrzqBfE көркемсурет сабақтары
|
|
20
|
Музыкалық аспаптар физикасын түсіну
|
Музыкалық аспаптар түрін жіктеу. Акустика ұғымын топтарда талқылау. Музыкалық аспапта орындаушылар болса тыңдау
|
https://www.youtube.com/watch?v=Opi9zutH3xM дыбыс қаттылығы
https://www.youtube.com/watch?v=KrSLUE8lbUs дыбыс
https://www.youtube.com/watch?v=n5WZf_OKeuE Сид мультфильм
|
|
Күнтізбелік тақырыптық жоспары
№
|
Сабақ тақырыбы
|
Сағат саны
|
Күні
|
1
|
Кіріспе
|
2
|
|
2
|
Өнеркәсіптегі физика
|
2
|
|
3
|
Материалдарды өңдеу әдістері
|
2
|
|
4
|
Автоматтар мен манипуляторлар
|
2
|
|
5
|
Мал шаруашылығы мен құс шаруашылығындағы физика
|
2
|
|
6
|
Егін шаруашылығындағы физика
|
2
|
|
7
|
Қозғалтқыш түрлері. Қозғалтқыштың пәкін көтеру
|
2
|
|
8
|
Спидометр, жүрілген жол және жылдамдықты реттегіш құрылысы мен жұмыс істеу принципі
|
2
|
|
9
|
Электр энергиясын алу жолдары
|
2
|
|
10
|
Трансформатор
|
2
|
|
11
|
Статика заңдары құрылыста. Арка мен күмбез физикасы
|
2
|
|
12
|
Әр түрлі көпірлер. Көтергіш кран.
|
2
|
|
13
|
Экскурсия
|
2
|
|
14
|
Медициналық құралдар
|
2
|
|
15
|
Диагностика мен емдеудегі физика
|
2
|
|
16
|
Зертханалық жұмыс Гейгер есептегіші
|
2
|
|
17
|
Радиотолқындар
|
2
|
|
18
|
Байланыс болашағы
|
2
|
|
19
|
Динамика мен микрофон құрылысы
|
2
|
|
20
|
Конференция «Қазақстан - КазСат»
|
2
|
|
21
|
Кулинар мен кондитер мамандықтарындағы физика
|
2
|
|
22
|
Сүрлеу әдістері, тез мұздату
|
2
|
|
23
|
Өнімдерді сақтау және зарарсыздандыру
|
2
|
|
24
|
Экскурсия
|
2
|
|
25
|
Компьютерлік мәліметтер базасы
|
2
|
|
26
|
Спектрлік анализ. Инфрақызыл, ультракүлгін сәулелер.
|
2
|
|
27
|
Спорттағы физика
|
2
|
|
28
|
Автотренажер . автоматты секундөлшеуіш.
|
2
|
|
29
|
Театрдағы физика
|
2
|
|
30
|
Кинодағы физика
|
2
|
|
31
|
Көркемсуреттегі физика
|
2
|
|
32
|
Музыкалық аспаптар. Акустика
|
2
|
|
33
|
Экскурсия
|
2
|
|
34
|
Қорытынды сабақ
|
2
|
|
Қолданылған әдебиеттер
-
Ланина И.Я. Не уроком единым. Развитие интереса к физике.- М.; Просвещение, 1991
-
Хилькевич С.С. Физика вокруг нас. - М.; Наука, 1999
-
Энциклопедия для детей. Физика./Под ред. М. Аксеновой – М.; Аванта +, 1999
-
Алешкевич В.А., Пурышева Н.С. Программа элективного курса «Оптика» // Программы элективных курсов. Физика.- М.; Дрофа, 2005
-
«Физика в твоей будущей профессии», Стенькина Ираида Владимировна , БОУ «СОШ №151» г. Омска.
-
http://galileo-tv.ru/
-
http://class-fizika.narod.ru/9_10.htm
-
http://dmitryukts.narod.ru/kopilka/video.html
-
http://larmin.net/
-
http://www.pochemu-chka.ru/
-
http://all-fizika.com/
-
http://livescience.ru/
-
http://1001vopros.com/about.html
Достарыңызбен бөлісу: |