Қазақстан Республикасы Ғылым және Жоғарғы білім министрлігі



Дата15.12.2022
өлшемі133.03 Kb.
#467337
Сурдо през Саб


Қазақстан Республикасы Ғылым және Жоғарғы білім министрлігі
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
«Психология және арнайы педагогика» кафедрасы


СӨЖ
Дактильді және ым-ишара тіл

6В01910 – «Дефектология» мамандығы


Орындаған:Жайкхан Сабина
Тобы: ТП-20-2к
Қабылдаған:Қарақпаева С.Қ

Шымкент-2022


«Дактиль тілі сөйлеудің кинетикалық түрі. Саусақ қимылдары, алфавит әріптерін білдіреді. Мұндағы әріптерді дактилема деп атайды. Дактиль тілінің көмегімен сөйлесуде, жазба тілдегі ережелер сақталады. Дактильдеу, міндетті түрде ауызша сөйлеумен қатар қолданылады. Қазіргі кездегі саңырауларды оқыту жүйесінде, дактиль тілі мектепке дейінгі жастан бастап үйретіледі, ауызша сөйлеуді қалыптастыруға негіз болады. Мұнда балалар, сөздің дыбыстық құрамын анағұрлым толық меңгереді. Дактильдеу сөйлеуді, естіп-көріп қабылдауды жеңілдетеді, әсіресе, ерін қимылынан қабылдауға қиын дыбыстарды түсінуде, өзінше жеңілдіктер туғызады.
«Дактиль тілі сөйлеудің кинетикалық түрі. Саусақ қимылдары, алфавит әріптерін білдіреді. Мұндағы әріптерді дактилема деп атайды. Дактиль тілінің көмегімен сөйлесуде, жазба тілдегі ережелер сақталады. Дактильдеу, міндетті түрде ауызша сөйлеумен қатар қолданылады. Қазіргі кездегі саңырауларды оқыту жүйесінде, дактиль тілі мектепке дейінгі жастан бастап үйретіледі, ауызша сөйлеуді қалыптастыруға негіз болады. Мұнда балалар, сөздің дыбыстық құрамын анағұрлым толық меңгереді. Дактильдеу сөйлеуді, естіп-көріп қабылдауды жеңілдетеді, әсіресе, ерін қимылынан қабылдауға қиын дыбыстарды түсінуде, өзінше жеңілдіктер туғызады.

Белгімен ымдау тілі бұл саңырауларда қарым-қатынас қажеттілігінен туындайды. Ымдау тілін зерттеуші маман-ғалым Г. Л. Зайцева, өте күрделі құрылым екендігін айтады, себебі оған екі түрлі ымдау тілі енеді: қазақ тілі және калька арқылы көрінісі түріндегі тіл. Қазақша ымдау тілі, кәдімгі тілдегі ымдау белгілерінің көмегімен қарым-қатынас жасау, яғни өздігінен пайда болған лингвистикалық жүйе. Оның өзіндік лексикасы, грамматикасы бар. Ауызша сөйлеу мұнда қолданылмайды. Калька түріндегі ымдау тілі – екінші белгілік жүйе, ол ауызша сөйлеудің базасында және тілді меңгеру барысында игеріледі. Мұнда ымдау белгілері, сөз эквиваленті болып табылады, яғни ымдау тілі, заттар мен құбылыстарды, қимылдарды, белгілермен түсіндіреді. Оларды қолдану реті, сөйлемдегі сөздер ретіне сәйкес болады. Мұнда да дактиль тілі сияқты, ерін қимылы бірге қолданылады».
Саңырау балалардың көпшілігі, жоғарыда аталған қарым-қатынас тілдерінің барлығын қатар меңгереді. Г. Л. Зайцеваның айтуынша, сөйлеу-ымдау тәрізді қостілділікке, әрбір тілдік жүйенің өзара байланысы мен өзара әрекеттілігі, әр тілдегі коммуникативті қызметтердың таралуы сияқты белгілер тән. Саңыраулардың сөйлеу-ымдау қостілділігі, олардың тұтас психикалық дамуына әсер етеді, олардың жеке жақтары есте сақтау, ойлау қабілеттеріне, тұлғалық дамуға өз ықпалын тигізеді. Кинесика - адамның сөйлеу, тыңдау, ойлану мен жауап беру барысында дене мүшелері мен ым-ишарасының түрліше өзгеруінің астарын зерттейтін ғылым.
Ал кинесика кез келген адамның жасырын құпиясын ашуға көмектеседі. Белгілі классик Лорд Честерфилд: «Ақпаратты әңгімелесушіден тек естіп қана емес, көріп те үйреніңдер»,- деп өсиет еткені осы жайында болса керек. Кинесика ғылымына әлемнің көптеген психологы қызығушылық танытып, жан-жақты зерттеген. Нәтижесінде тұлғараарлық қарым-қатынас кезінде сөз арқылы ақпараттың 30 %-ы, ал ым-ишара арқылы 70 %-ы берілетіндігі анықталған.
Ерте Жапония мен Қытай мемлекетінде ым-ишара мен дене тілі ғылымына үлкен мән берілген. Тіптен адамның ым-ишарасы мен дене тілін меңгертетін арнайы мектептері болған. Адамның бет әлпетінде болатын өзгеріс пен әжімді, сол секілді түрлі жағдайда терінің өзгеру қабілетіне аса назар аударылып, мұқият зерттелінген. Әлемді өз өнеріне бағындырған суретші Леонардо да Винчиді де еске түсіре кетейік. Оның суреттерінің аса көркем және адамға тылсым түрде әсер етуінің мәні – атақты суретшінің ым-ишара мен дене қалпының психологиясын толықтай игеруінде деген болжам бар. Адам 5 сезім мүшесіне ие: мұрын, құлақ, тіл, көз, түйсік, осылардың ішіндегі төртеуі адамның бетінде орналасқан. Сондықтан ым-ишара ақпараттың негізгі гаммасын беруі заңдылық болып саналады. Кез-келген дене мүшелерінің қозғалысы адамның ойымен тығыз байланысты.
Өтіріктің алғашқы белгісін мұрыннан байқауға болады. Егер серіктесіңіз санасыз түрде әңгімелесу, сұрақ қою барысында мұрнын қасып, жиі ұстай бастаса, онда сізге берілген ақпараттың толықтай шынайылығына күмәндануға болады. Себебі мұрынның қышуы немесе жыбырлауының себебі физиологиялық тұрғыда түсіндіріледі. Кез келген өтірік адамның санасыз түрде қобалжуына әкеледі. Ол өз кезегінде, қан қысымын көтеріп, мұрын ұшында орналасқан жүйке талшықтарына әсер етеді.
Көре білген адамға ақпараттың негізгі легін – көз, құлақ, қол мен аяқ, дене қалыбы береді.
«Көз адамның –айнасы» деп ата-бабамыз бекер айтпаған көрінеді. Америкалық философ, ақын Р.Эмерсон: «Егер көз бен тілдің айтқаны сәйкес келмеген жағдайда, тәжірибелі адам көздің айтқанын басшылыққа алады»,- деп айтқан.
Адамның көзі сығырайтып, тісін көрсетсе ол шынайы болып сналмайды. Шынайы күлкі – көз қиығының көтерілуімен, көз қарашығының сәл үлкейіп, жылтырауымен сипатталады. Серіктесіңіздің көзі сөйлесу барысында жанарыңызбен жиі тоғысатын болса, ол адам сізден қорықпайды, сізді қызық жан деп қабылдап, жағымды қарым-қатынаста байланыс орнатқысы келетіндігін білдіреді.
Егер адам басын бір жақ иығына қисайтып отыратын болса, - ол көзқарасқа қызығушылықтың бар екендігін айғақтайды. Басты тік ұстап, көзді бөлменің төбесіне, еденге ауыстырып, ол иықты көтерумен жалғасса, ойдың жоғалғандығын білдіреді. Көзді жоғары бағыттап, басты төмен иіп немесе жоғары көтерсе - өтініш: «Сәл күте тұрыңызшы, мен ойланып алайын» дегенді білдіреді.
Әңгімелесушінің көзге ұзақ және қозғалыссыз қарауы оны өзіне бағындырумен сипатталады. Төмен, аяқ астына қарау – бағынуға дайындықты, жан-жаққа қарау – серіктеске деген көңіл толмаушылық пен оны елемеуді білдіреді.
Көзді тіке-жоғары немесе жоғары-оң жаққа қозғалтса, адам көрген нәрсесін еске түсірумен сиптатталады.
Көздің оң жаққа қозғалысы – адамның естігенін еске түсіруін көрсетеді.
Көздің сол жаққа-төмен қозғалысы – басынан өткен сезімін еске түсіреді.
Көздің оң жаққа-төмен қозғалысы – адамның ішкі ойын талдап отырғандығын білдіреді.
Көздің сол жаққа-жоғары қозғалысы – көз алдына қандай да бір бейнені елестетуін білдіреді.
Сонымен көз – ақпаратты ең көп тарататын мүше болып табылады. Лев Толстой өз еңбектерінде адам көзінің ішкі күйді бейнелейтін 85 түрін анықтап көрсеткен. Адамның көз қарашығының үлкею мен кішірею ішкі күйдің сол нәрсеге деген қатынасын анықтауға көмектеседі. Өзіне жағымды нәрсені көрген уақытта көз қарашығы 45 %-ға кеңейеді екен. Шығыс елінің саудагерлері сатып алушының көзқарашығының үлкеюі мен кішіреюіне байланысты тауардың бағасын көтеріп немесе түсіріп сатқан. Егер адамның көзінің қарашығы үлкейсе онда сатып алушының тауарға деген қызығушылығы артқанын және бағаны көтеріңкі қойып сатуға болатындығын білген. Ал көз қарашығының кішіреюі көңіл-күйі жоқ, ашулы адамда жиі байқалады. Әдетте, карта ойынымен шебері ойын барысында қара көзілдірік тағуды жөн деп санайды. Себебі шебер ойыншы қарсыласының көзқарашығына қарап-ақ оның қолындағы картаның салмағының қаншалықты екендігін болжай алған. Тіптен қолындағы картасы мәз болмаған сәтте де, қулыққа салып, көзілдірікті жаймен шешіп, жақсылап бақылай отырып, уақыт созған. Уақыт соза отырып, қарсыласының көз қозғалысы мен ым-ишарасынан барынша көбірек мағлұмат алуға талпынған.
«Ым-ишара – тәннің емес, жанның қозғалысы»,- деп Ф.Шаляпин айтып өткен.
Әр елдің салты басқа демекші ... ым-ишара әр елде түрліше болып саналады. Саусақты самайға қою Ресейде – «есіңнен адасқансың ба?» дегенді, ал Францияда – «сен ақылға қонымды сөз айтып тұрсың» дегенді, АҚШ-та – «мен не жасап тұрғанымды жақсы білемін» дегенді білдіреді.
Қорытындылай келе, «ым-ишараны бақылау –адамның тұлғалық қасиеті мен ерекшелігін анықтауда ең қол жетімді және пайдалы әдісі болып саналды».
Ым-ишара кейде тек бір адамға ғана тән болса, ал кейбірі барлық адамда көрініп жатады.
Адамның ым-ишарасының мағынасын игере отырып, оның ойын да оқып-үйренуге болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет