Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Д.СЕРІКБАЕВ атындағы
ШЫҒЫС-ҚАЗАҚСТАН ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Жер туралы ғылымдар мектебі
ЕСЕП
Өндірістік іс-тәжірибесін өту туралы
4 курс 19-ЗУК-1 тобының білім алушысы
6B07307 «Жерге орналастыру» мамандығы
(шифр, білім беру бағдарлама атауы)
Қалмахан Есдаулет Анарбекұлы
(студенттің аты-жөні, тегі)
Іс-тәжірибе өтетін жері
«Құрылыс-Комфорт» ЖШС
(кәсіпорын,мекеме атауы)
Өндірістен тағайындалған іс-тәжірибе жетекшісі: Айнабекова А.Ж
Іс-тәжірибе мерзімі:
Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ іс-тәжірибе жетекші:
Сеильханова Алия Бакытовна оқытушы
Қолы/(аты-жөні, тегі, ғылыми дәрежесі, лауазымы)
Өскемен
2023 ж.
Мазмұны
|
Кіріспе
|
3
|
1
|
Дайындық жұмыстары
|
4
|
1.1
|
Кәсіпорын туралы мәліметтер
|
5
|
1.2
|
Жалпы қауіпсіздік ережелері
|
8
|
2
|
Тәжірибені ұйымдастыру және басқару
|
10
|
3
|
Жерге орналастыру жобасын әзірлеу қағидалары
|
12
|
4
|
Жерге орналастыру жобасын геодезиялық қамтамасыз ету
|
|
4.1
|
Камералдық жұмыстар
|
17
|
4.2
|
Жамбыл ауданында орналасқан ауданы 1000 га шаруа қожалығын жүргізу үшін берілетін жер учаскесінің шекарасын жер бетіне көшіру
|
19
|
4.3
|
Геодезиялық түсірістер
|
22
|
4.4
|
Жер телімдерінің ауданын анықтау әдістері
|
25
|
|
Қорытынды
|
27
|
|
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
|
28
|
|
Қосымша А
Жер кадастрлық ісі
|
29
|
|
Қосымша Б
Жер учаскесіне акт
|
30
|
|
Қосымша В
Жерге орналастыру жобасының титул парағы
|
31
|
Кіріспе
Жерге орналастыру ұғымы – жер қорын жер санаттары, облыстар, аудандар, халық шаруашылығы салалары арасында бөлу, әр түрлі қажеттіліктерге жер телімдерін бөліп беру, ауыл шаруашылығы алқаптары құрамын және қатынастарын бекіту, жерді есепке алу және тіркеу, құқық беретін құжаттарды дайындау, инвентаризациялау, мониторинг және жерді қорғау, бұзылған жерлерді рекультивациялау және орнына келтіру, кез келген қажеттілікке жер бөлу жобасына экспертиза жүргізу және т.б. жұмыстар құрамынан тұрады.
Өндірістік іс-тәжірибенің негізгі мақсаты - университетте оқу процесінде алынған теориялық білімді бекіту және тереңдету, студенттің жаңа жұмыс жағдайларға бейімделу мүмкіндіктерін іске асыру, сондай-ақ кәсіби мемлекеттік қызметшіге қажетті білім дағдыларын меңгеру мен әзірлеу.
Өндірістік практиканың мақсаты:
Білім беру мекемесінде алған білімдерін бекіту және тереңдету;
Оқу практикасынан өту кезінде алған дағдылары мен іскерліктерін дамыту;
Меңгерілетін мамандық бойынша тікелей жұмыс кезінде оқу орнында алған білімдерін практикада қолдану мүмкіндігін тексеру;
Ұжымда жұмыс істеу дағдыларын игеру;
Өздік жұмыс үшін өзінің кәсіби жетілуін бағалау.
Өндірістік іс-тәжірибенің негізгі міндеттері:
Маманның біліктілік сипаттамасының талаптарына сәйкес кәсіби дағдылар жүйесін қалыптастыру.
Белгілі бір кәсіпорынның жұмысын терең зерттеу негізінде білімді кеңейту, жүйелеу және шоғырландыру.
Студенттерді технологиялық және бакалавриат практикасынан өтуге дайындау.
Кәсіпорындағы жеке мінез-құлық ережелерін игеру.
Қауіпсіздік техникасы талаптарын сақтау.
Өндірістік іс-тәжірибе наурыз айының 16 – нан бастап, сәуір айының 19– ы аралығында «Құрылыс-Комфорт» жауапкершілігі шектеулі серіктістігінде өтілді.
Өндірістік іс-тәжірибенің мақсаты - шоғырландыру және оқу процесінде алған білімдерін тереңдету және қызмет саласында практикалық дағдыларды сәйкес мамандық бойынша игеру.
Достарыңызбен бөлісу: |