ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ
МИНИСТРЛІГІ
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Профессор Ж.С.Ақылбаев атындағы Инженерлік жылу физикасы
кафедрасы
Физика-техникалық факультеті
СОӨЖ
Тақырыбы: Ойлау мәдениетінің пайда болуы.
Орындаған: Боранбаев Ж.А
Тексерген: Дагарова Ж.У
Қарағанды 2022
1.
Ойлау мәдениетінің анықтамасы.
Ойлау – обьективті дүниені ұғым, пікір және теория формасында бейнелеудің
белсенді процесі; бұл прцесс белгілі бір мәселелерді
шешумен шындықты
жанама бейнелендіру тәсілдерімен және оларды жалпылаумен байланысты
жүзеге асады; айрықша түрде ұйымдасқан материя – мидың жоғары жемісі.
Ұғымдар және олардың жүйелері адамзаттың тәжірибесін (жалпылап)
бейнелейді, адамдардың жинақталған білімі және шындықты одан әрі танып
білуге негіз болып табылады.
Ойлау мәдениеті – адамның ақыл-ой қызметінің әдіс-амалдарын, нормалары
мен
ережелерін меңгеру дәрежесі; міндеттерді дәлме-дәл тұжырымдап,
оларды орындаудың оңтайлы жолдарын таба білуінен, негізді қорытындылар
шығарып, оларды іс-әректте дұрыс қолдана алудан көрінеді.
Кез келген іс-
әрекеттің мақсаткерлігін, ұйымшылдығын, нәтижелілігін арттырады.
Ойлау –
объективті
шындықты
белсенді
бейнелеудің
жоғарғы
формасы, дүниені тану мен игерудің жоғарғы сатысы,
тұлғаның танымдық
әрекеті. Ойлау формалары мен құрылымдарында адамзаттың бүкіл танымдық
және тарихи-әлеуметтік тәжірибесі, материалдық
және рухани мәдениеті
дамуының басты нәтижелері қорытылып, бекемделген. Сыртқы дүниені толык
тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтын
заттар
мен
құбылыстарды
тек
ойлау
аркылы
ғана
білеміз. Түйсік, қабылдау процестерінде сыртқы дүниенің заттары мен
құбылыстары жайлы қарапайым қорытындылар жасалады.
Бірақ қарапайым
қорытындылар сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының ішкі құрылысын,
оның қажетті қатынастары мен байланыстарын толықтай ашып бере алмайды.
Адамның ой-әрекеті әсіресе түрлі мәселелерді бір-біріне жанастыра отырып
шешуде өте жақсы көрінеді.