Қазақстан республикасы ғылым жәНЕ


Алғашқы дереккөздер негізінде адамды экзистетнциалдық түсіну



Pdf көрінісі
бет2/9
Дата20.05.2023
өлшемі258.72 Kb.
#474030
1   2   3   4   5   6   7   8   9
2 ТК Боранбаев Ж.

Алғашқы дереккөздер негізінде адамды экзистетнциалдық түсіну 
жөнінде сараптамалық шолу дайындау 
Қазіргі философиядағы ең ықпалды ағымдардың бірі — экзистенциализм 
(existentia — латын сөзі, өмір сүру) философиясы. Ол Батыс Еуропа 
топырағында екі дүниежүзілік соғыстың арасында қалыптасты. XX ғ. бірінші 
жартысында ондаған мемлекеттер қатысқан қантөгісте миллиондаған қыршын 
жастар қаза болып, мыңдаған қалалар, зауыттар мен фабрикалар, ауылдық 
жерлердегі үйлер қирап, адамзат тағы да варварлық сатыға қайта келгендей 
болды. Бұл трагедия ойланатын адамдардың санасында өзінің өшпес ізін 
қалдырып, дүниетанып, оны қайта өзгертуден гөрі, сол қайғылы замандағы 
адамның өмір сүруіне, оның қайшылықтарға толы дүние тебіренісіне, оның 


өмірінің мән-мағынасын анықтауға т.с.с. сұрақтарға жете көңіл бөлінуіне 
жеткізді. 
Мұндай ахуал, әрине, өткен ғасырда өмір сүрген дат философы 
С.Кьеркогердің, 
неміс 
философы 
Ф.Ницшенің, 
француз 
ойшылы 
Б.Паскальдің, орыс жазушысы Ф.Достоевскийдің ойларының өзектілігін 
көрсетіп, олардың еңбектері экзистенциализм бағытының теоретикалық 
қайнар көзіне айналды. 
Экзистенциализм философиясының негізін қалаған ойшылдарға Мартин 
Хайдеггер 
(1888-1976 
жж.) мен Карл 
Ясперсті 
(1883-1969 
жж.) (Германия), Жан-Поль Сартр (1905-1980 жж.) мен Альбер Камюді 
(1913-1960 
жж.) (Франция), Н.А. 
Бердяев 
(1874-1948 
жж.) пен Л.И.Шестовты (1866-1938 жж.) (Ресей), Виктор Франклді (1900 
ж.) (Австрия), Хосе Ортега-и-Гассетті (1883-1955 жж.) (Испания) жатқызуға 
болады. 
Сонымен XX ғ. Еуропа цивилизациясының дағдарысы, зерде мен 
адамгершілік құндылықтарына деген сенбеушілікті тудырып, трагедияга толы 
адам мәселесін тікелей философиялық таразыға салды. Бұл саладағы 
анықталған ең бірінші жаңалық – зерденің негізінде ғылым мен техника 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет