Өнеркәсіп салаларын дамыту
Белгілі бір нәтижелерге қарамастан, индустриялық-инновациялық даму саясаты дамушы нарықтары бар елдерге тән бірқатар жүйелік әсерлердің болуына байланысты толық көлемде іске асырылған жоқ, экономиканың шикізаттық бағыты сақталып отыр. Сондықтан Министрліктің Стратегиялық жоспарының негізгі құраушысы - өнеркәсіп салаларында отандық өнімнің жаңа, жоғары технологиялық, бәсекеге қабілетті өндірістерді дамытуға ықпал елетін жағдайлар жасау болып табылады.
Тиісінше бұл үшін инновациялық қызметті ынталандыруға, қолайлы инвестициялық ахуал жасауға, техникалық реттеу және метрология саласын жетілдіруге, Қазақстандық қамтуды дамытуға, сондай-ақ шикізат ресурстарымен қамтамасыз етуге бағытталған шаралар іске асырылатын болады.
Өнеркәсіп
2009 жылы тұтастай алғанда өнеркәсіп 9,1 трлн. теңгеге өнім өндірген, бұл 2008 жылдың деңгейімен салыстырғанда 102,7 %-ды құрады.
Тау-кен өнеркәсібі мен карьерлер әзірлеуде 2009 жылы өнім өндірісі көлемі 5,5 трлн. теңгені құрап, нақты көлем индексі (бұдан әрі – НКИ) 2008 жылмен салыстырғанда 107,2 %-ды құрады. Тау-кен өнеркәсібіндегі өсім шикі мұнайды өндіруді 8,2%-ға және табиғи газды 5,5 %-ға өсіру есебінен қамтамасыз етілген.
Өңдеуші кәсіпорында 2,9 трлн. теңгеге өнім өндірілген, 2008 жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 97,1 %-ды құраған. НКИ деңгейіне барынша жоғары әсер еткен тамақ өнімі өндірісі 102,2%, кокс және мұнай өңдеу өнімдерін өндіру– 104,7%, химия өнеркәсібі – 75,7%, өзге де минералды емес өнім өндірісі – 91,3%, металлургия өнеркәсібі – 96,5%, машина жасау – 82,5% болды.
Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны желдетуде 574,5 млрд. теңге сомасына өнім (тауарлар және қызметтер) өндірілді, ол 2008 жылғы деңгеймен салыстырғанда 99,0 %ды құрады. Бұл көрсеткіштің негізгі құрамдасы 417,3 млрд. теңге сомасына электр энергетикасын өндіру, беру және бөлу болып табылады НКИ деңгейімен - 98,1%.
Өңдеуші өнеркәсіп
Тау-кен металлургия кешені
Металл кендерін өндіру көлемі 419,8 млрд. теңгені құрады, НКИ деңгейі 104,8%. Олардың ішінде темір кенін өндіру 135,2 млрд. теңге және түсті металдар кенін өндіру 284,7 млрд. теңге, КНИ деңгейімен тиісінше 100,1% және 107,3%. Металл кендерін өндіру үлесі республикалық деңгейде 2008 жылмен салыстырғанда 0,2%-ға ұлғайып, 4,4%-ды құрады.
Металл өнеркәсібі өнімі өндірісінің көлемі 1,08 трлн. теңгені құрады, НКИ деңгейімен 96,5%. Металлургия өнеркәсібінің үлесі республикалық деңгейде 2008 жылмен салыстырғанда 2% төмендеп, 11,8% құрады.
Машиналар мен жабдықтардан басқа, дайын металл бұйымдары өндірісінің көлемі 105,3 млрд. теңгені құрады, НКИ деңгейімен 102,4%. Бұл кіші сала үлесі республикалық көлемде 2008 жылмен салыстырғанда 0,1%-ға ұлғайып, 1,2% құрады.
Тау-кен металлургия кешенінің негізгі проблемалары шикізат базасының тозуы, пайдаланылатын шикізат кешенділігінің төмендігі, негізгі өндірістік қорлардың тозуының жоғары деңгейі, өнімнің жоғары дәрежеде энергияны, еңбекті және материалды қажетсінуі.
Бұл тау-кен металлургия саласын дамытудың салалық бағдарламасы шеңберінде энергетика және көліктік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, білікті кадрларды даярлау бойынша шаралар кешенін, сондай-ақ металлургия саласында техникалық реттеу саласын жетілдіру, кәсіпорындарды технологиялық жаңғырту және инвестициялар тарту бойынша жағдайлар жасау арқылы саланы дамытуды қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар іс-шараларды іске асыру жоспарлануда.
Химия өнеркәсібі
2009 жылы химия өнеркәсібі өнімін өндіру көлемі 85,5 млрд. теңгені құрады, НКИ көлемімен 75,7%. Өндірістің республикалық көлеміндегі үлесі 2008 жылмен салыстырғанда 0,1%-ға азайып, 0,9%-ды құрады.
Химия саласын дамытудың негізгі проблемасына шикізатты қайта өңдеудің төменгі деңгейін, негізгі қорлардың тозуын және негізгі қорларды жаңартудың төменгі коэффициентін, өнімді одан кейінгі қайта бөлу өндірісі үшін бірқатар базалық өндірістің жоқтығын жатқызуға болады.
2010-2014 жылдары жоғары қайта бөлудің химия өнімі өндірісі мақсатында шикізатты кешенді қайта өңдеуді ұйымдастыруға бағытталған жобаларды іске асыру көзделетін болады. Атырау облысында полипропилен политені өндірісін, минералдық тыңайтқыштар, арнайы химикаттар мен тұтыну химиясын өндіруді ұйымдастыру көзделеді, бұл тұтастай алғанда 2014 жылы химия өнімі өндірісі көлемін 2 есеге жеткізуге мүмкіндік береді.
Машина жасау
Машина жасау саласы 281,3 млрд. теңгеге өнім өндірген, НКИ деңгейі 82,5%-ды құраған.
Бұл ретте өндірістің республикалық көлемдегі үлесі 2008 жылмен салыстырғанда 0,1%-ға ұлғайып, 3,1%-ды құрады.
Қазақстандағы машина жасау өніміне сұраныс толықтай дерлік импорт есебінен қанағаттандырылады, ол ішкі өндіріс пен экспорттан 5 еседен астамға артық: 2009 жылғы импорт көлемі 11,2 млрд. АҚШ долларын, ал ішкі өндіріс шамамен 2,0 млрд. АҚШ долларын құрады.
Машина жасау саласын дамытуға машина жасау өнімінің бәсекеге қабілеттігінің төмендігі мен Қазақстандық машина жасау өнімін тұтынудың төменгі үлесі мен саладағы инновациялық белсенділіктің елеусіз деңгейі кедергі болуда. Сонымен қатар, Кеден одағына кіруді және өндірілетін өнімді өткізу нарығының тиісінше ұлғаюын және шикізат пен жинақтауыштардың экспорты мен импорты рәсімінің оңайлайтынын ескерсек, бұл саланың дамуының үлкен әлеуеті бар.
Фармацевтика өнеркәсібі
Фармацевтика өнеркәсібінде 14,9 млрд. теңгеге өнім өндірілген, НКИ деңгейі 146,1%-ды құрады. Өндірістің республикалық көлеміндегі үлесі 2008 жылмен салыстырғанда екі есеге ұлғайып, 0,2%-ды құрады.
Шамамен 11,7 млрд. теңге сомасына дәрі-дәрмектер және 1,8 млрд. теңгеге өзге де фармацевтикалық препараттар өндірілген, НКИ деңгейімен тиісінше 137,8% және 87,3%.
Саладағы бар проблемалар негізінен отандық шығарылатын өнімнің «ауқымсыз» ассортиментімен, өндірістердің халықаралық стандарттарына (GMP және ISO 13485) сәйкес келметіндігімен және бұл саланы дамытуды реттейтін нормативтік-құқықтық базаның жеткіліксіздігімен байланысты болып табылады.
Саланы дамыту үшін дәрілік заттарды мемлекеттік сатып алу, білікті кадрлық ресурстармен қамтамасыз ету, техникалық регламенттерді әзірлеу және енгізу, тікелей инвестицияларды тарту үшін тартымды жағдайлар жасау бөлігінде мемлекеттік қолдаудың секторалдық және жобалық шаралары көрсетілетін болады.
Құрылыс индустриясы мен құрылыс материалдары өндірісі
Құрылыс индустриясының жіктемесіне сәйкес 2009 жылы мықты металл емес минералдық өнім 182,6 млрд. теңге сомасына өндіріліп,НКИ деңгейі 91,3%-ды құраған. Резеңке және пластмасса бұйымдар өндірісінің көлемі ақшалай көріністе 59,7 млрд. теңгені, НКИ деңгейі 92,4%-ды құрады. Жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдары 9,1 млрд. теңге сомасына өндірілген, НКИ 96,7%. Тау-кен өндіру өнеркәсібінің өзге де салаларында 57,1 млрд. теңгеге өнім өндірілген, НКИ деңгейі 106,6%.
Қазақстанда құрылыс материалдарын тұтынуды талдау олардың 75%-ын цемент (38%), керамика (23%), шыны (14%) өнеркәсібі салалары құрайтынын көрсетті..
Саланы дамытуға кедергі болатын негізгі проблемалардың ішінде елеулілері энергия қажетсінуінің жоғарылығы, кәсіпорындарға негізгі қорларды жаңартуға және жаңа технологияларды дамытуға инвестициялар салуға рентабелділігінің төмендегі, инженерлік және жұмысшы кадрларды даярлау мен олардың біліктілігін арттыру проблемасы болып табылады.
Құрылыс индустриясын және құрылыс материалдары өндірісін дамыту бойынша салалық бағдарлама дамыту шеңберінде ішкі сұранысты қамтамасыз етуге және экспорттық мүмкіндіктерді ұлғайтуға бағытталған жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғырту және жаңа өндірістер салу жүзеге асырылатын болады.
Жеңіл өнеркәсіп
Бүгінде Қазақстанның жеңіл өнеркәсібі кәсіпорындарының 80%-нан астамын шағын және орта бизнес субъектілері құрайды, бұл ретте сала кәсіпорындарының шамамен 80%-ы жүктелушіктің 30 - 40 %-ын құрайтын көне жабдықтармен жарақтандырылған.
Саланы дамытудың жалпы үдерісі елдің өнеркәсіп көлеміндегі оның үлесінің төмендеуімен сипатталады, ол жұмыс орындарының қысқаруымен, отандық өндірушіні шетелдік өндірушілердің ішкі нарықтан тықсыруымен қатар жүреді, бұл сындарлы сипатта болып тұр.
Егер, 2005 жылы жеңіл өнеркәсіпте жұмыс істейтіндер саны 20,0 мың адам болса, 2010 жылғы 1 қаңтардағы жай-күй бойынша ол 13,7 мың адамға азайған, бұл әлеуметтік шиеленістің өсуіне әкелмек.
Жеңіл өнеркәсіпті дамытуға бағытталған салалық бағдарлама шеңберінде жергілікті шикізатты (мақта, жүн, былғары) тоқыма, тігін, былғары және аяқ-киім өндірістеріне қайта өңдеу бойынша өндірістерді жаңғырту және әртараптандыру үшін ынталандыру жоспарлануда.
Мемлекеттік қолдаудың секторалдық және жобалық шаралары шеңберінде білікті кадрлық ресурстармен қамтамасыз ету, әкімшілік кедергілерді алып тастау, сапаның тиісті деңгейін және ғылыми-зерттеу жүргізу бойынша инженерлік орталықтар мен өнім сапасын бағалау зертханаларын құру мәселелерін қамтамасыз ету үшін техникалық регламенттерді енгізу бойынша іс-шаралар жүзеге асырылатын болады.
Экономиканың энергияны өспелі қажетсінуін қамтамасыз ету
Энергетика кешенін дамыту
Қазақстанның бірыңғай электр энергиясы жүйесі Ресейдің БЭЖ-мен және Орталық Азияның біріккен энергия жүйесімен қат-қабат жұмыс істейді.
2009 жылы электр энергиясын өндіру 78,4 млрд. кВтч құрады, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 1,6 млрд. кВтч немесе 2,0% кем, бұл 2008 жылмен салыстырғанда республикадағы энергия тұтынудың 2,6 млрд. кВтч немесе 3,3%-ға төмендеуімен шарттасып, 77,9 млрд. кВтч құрады.
Республиканың 2009 жылғы екінші жарты жылдықтағы электр энергиясын тұтынудың қалыптасқан серпіні 2010 жылы тұтыну өсімі 5,5%-ға; өндіріс – 8,0% дейін өседі деп болжауға мүмкіндік береді. Республика экономикасын тұрақтандыру және одан әрі дамытуға орай 2015 жылға дейін орташа есеппен жылына 4 % серпінімен электр тұтынудың тұрақты өсімі болжануда.
Негізгі проблемаларды талдау
Электр энергиясы саласының күшті жақтарына мыналар жатады:
арзан көмірді пайдаланатын жылу электр станцияларындағы электр энергиясы өндірісінің жоғары үлесі (2009 жылғы өндірістің жалпы көлемінің шамамен 74%-ы);
220-500-1150 кВ кернеуі бар электр берудің жүйе құраушы желілерінің дамыған схемасы;
шұғыл диспетчерлік басқарудың орталықтандырылған жүйесі
жаңартылатын энергияның елеулі әлеуетінің болуы;
Қазақстанның БЭЖ-нің Орталық Азия ОЭЖ-мен және Ресей ОЭЖ-мен қосарлы жұмысы;
электр энергиясының көтерме-бөлшек нарығының тиімді жұмыс жасауы үшін нормативтік-құқықтық база қалыптастырылды;
электр энергиясын жақын және таяу шетелге жеткізу мүмкіндігі мен республика аумағы бойынша транзиттің болуы.
Электр энергетика саласының әлсіз жақтарына мыналарды жатқызуға болады:
жинақтаушы жабдықтың парктік ресурстының елеулі түрде тозуы, бұл жұмыс істеп тұрған электр станцияларының электр энергиясы өндірісін шектейді (ұлттық маңызы бар ЖЭС-та қалдық парк ресурсі 18-30%-ды құрайды);
Қазақстан Республикасының электр желілік шаруашылығының жоғары тозуы кезінде тозған жабдықты қалпына келтіруді, жаңа электр желі объектілерін салуды, электр желілерді нығайтуды нақты қалпына келтіретін ЭТҚ-лар мен тұтынушылардың тариф белгілеу және өзара іс-қимылы көрнекілік тетігінің болмауы;
генерациялық қуаттар құрылымына гидроэлектр станцияларының төменгі үлесіне (шамамен 12%) байланысты биік жүктемелерді жабу үшін айналма қуаттардың тапшылығы;
генерациялық қуаттардың тең бөлінбеуі (Қазақстан ТЭС 42%-дық қойылған қуаттары Павлодар облысында шоғырланған);
Негізгі ішкі және сыртқы факторларды бағалау
2010 жылғы 1 қаңтарға Қазақстанда орнатылған электр станциялар қуаты 19,1 мың МВт құрады, алынатын қуат – 14,8 мың МВт. Қуат бөліністері мен шектеулері – 4,3 мың МВт құрады.
Шамамен 41% генерациялық қуаттар 30 жылдам астам өңдеп келеді, саны бойынша бұл Қазақстанның 53 жылу электр станцияларының ішінен 40 электр станция.
Сондай-ақ саланың дамуы мыналарға әсер етеді:
электр энергия саласының инвестициялық тартымсыздығы;
генерациялық станциялардағы орнатылған және қондырылған қуаттар арасындағы қуаттардың барынша ара жігі;
ОА ЭСО мен РФ ЖЭС-нің белгілі бір энергия жүйесімен электр энергия импортына байланысты болуы;
өңірлік электр желілік компаниялардың электр желілерінің тозуының жоғары дәрежесі (~ 65-70%);
Қазақстан ЖЭС-пен электр байланысының болмауына байланысты Ресейден электр энергия жеткізуден Қазақстан ЖЭС Шығыс аймақтарының (Батыс Қазақстан, Атырау облыстары) тәуелдігі;
Атом энергетикасы және өнеркәсібінің дамуы экономиканың өспелі қажетсінуін қамтамасыз етудің және бір көзі болып тұр.
Атом энергетикасы басқа энергия технологияларымен салыстырғанда маңызды принципті ерекшеліктерге ие:
ядролық отын миллиондаған есе көп энергияның шоғырлануына және іс жүзінде сарқылмас ресурстарға ие;
атом энергетикасының қалдықтары біршама аз көлемде болады және сенімді оқшауландырылуы мүмкін, ал олардың неғўрлым қауіптілерін ядролық реакторларда «біткенше жағуға» болады;
ядролық отын циклі қалдықтардың радиоактивтілігі мен радиоулылығы олардың уран ендірілетін рудадағы мәнінен асып түспейтіндей болып іске асырылады.
Осылайша, ядролық энергетика қазып алынатын органикалық отында энергетиканың едәуір бөлігінің біртіндеп орнын толтыру және басым энергия технологиясы ретінде қалыптасуы үшін барлық қажетті әлеуетті қасиетке ие болады.
Атом энергиясын пайдалану саласындағы қауіпсіздікті мемлекеттік реттеуді ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді қадағалау мен бақылауды жүзеге асыру, лицензиялау, нормативтік құжаттарды әзірлеу қауіпсіздікті мемлекеттік реттеу элементтері болып табылады. Тұтастай алғанда, рұқсаттама құжаттар саны 2014 жылы 2010 жылға қарағанда 30 %-ға төмендеуі жорамалданып отыр.
Ұзақ мерзімді перспективада елдің кепілді энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін АЭС салу және оны іске қосу көзделуде, бўл отын цикліне уранның едәуір қорын тартуға және қолда бар көмірсутек шикізатын неғұлым ұтымды пайдалануға мұмкіндік береді.
Осы міндеттерді шешу үшін Қазақстан Республикасында АЭС құрылысын негіздеуге техникалық-экономикалық зерттеу жүргізу, АЭС орналастыру үшін алаңдар таңдау, АЭС құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу, пайдаланатын ұйымды қалыптастыру, тендер жүргізу үшін нормативтік-құқықтық базаны дайындау тәрізді дайындық іс-шараларының толық кешенін өткізу қажет.
Көмір өнеркәсібі де экономиканың энергия қажетсінуін қамтамасыз ету бойынша маңызды құрамдасы болып табылады. Қазақстан Республикасы әлемдік нарықтағы ірі көмір өндірушілердің ондығына кіреді, ал ТМД елдерінің арасында қорлар бойынша үшінші орында, өндіру бойынша екінші және халықтың жан басына шаққанда көмір өндіру бойынша бірінші орында.
Сала Қазақстанда электр энергияның 78% өндіруді, іс жүзінде кокс-химия өндірісінің жүз пайыздық жүктемесін қамтамасыз етеді, коммуналдық-тұрмыстық сектор және тұрғындардың отынға сұранысын толық қанағаттандырады.
2009 жылы көмір өндірудің көлемі 94,3 млн. тонна немесе 89,9%-ын құрайды. Көмір өндіру көлемінің төмендеуінің негізгі себептері Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының тўтас электр станцияларының экономикалық дағдарыс салдарынан көмір өнімдерін тўтынуды азайтуы болып табылады.
2010 жылы бекітілген Министрліктің көмір өндіруші компаниялардың тау жұмыстарын дамыту бағдарламаларына сәйкес көмірді өндірудің болжанатын көлемі өткен жылғы 94,3 млн.тоннамен салыстырғанда шамамен 98 млн.тоннаны құрады. Өсу қарқыны - 103,9%. Өндіруді өсіру Қазақстан мен Ресей Федерациясы электр станцияларының көмірді тұтыну көлемінің ұлғаюы, республика өнеркәсіп кәсіпорындары қызметінің тұрақтылығы есебінен жоспарланады.
Негізгі проблемаларды талдау
Көмір саласының күшті жақтарына қуаттар қалдығы және өнімді өсіру үшін үлкен әлеуетті мүмкіндіктер жатады. Мәселен, Екібастұз көмірін өндіруді дамытудың әлеуетті техникалық мүмкіндіктері жылына 85,0 млн.тоннамен бағаланады, бұл ретте әсіресе экспортты тұрақсыз тұтыну 2020 жылы 76,5 млн.тонна өндіруге мүмкіндік бермейді, Шұбаркөл көмірі жылына 20,0 млн.тоннаны құрайды, ал ішкі және сыртқы өткізу нарықтарында оларға болжамды қажеттілік 2020 жылы тек 13,4 млн.тоннаны құрайды. Бұл Қарағанды ГРЭС-4 құрылысының кейінге қалдырылуына байланысты болып отыр.
Тұтынушыларды кокстелетін көмірмен қамтамасыз етудің әлсіз жақтарына Қарағанды көмір бассейнінде оларды өндірудің жеткіліксіз дамуын жатқызу қажет.
Сондай-ақ, көмір мен газдың тосын шығарындысына, Қарағанды бассейніндегі көмір қабаттарының жоғары газдылығына байланысты техногендік апаттар қаупі де бар, бұл шахталардағы бірнеше дүркін аварияларға алып келді. Шахталық газ-метанды кәдеге жарату және шахталардың газтолымдылығын қауіпсіз деңгейлерге дейін төмендету бойынша жұмыс әлсіз жүруде. Өнеркәсіптік газды пайдалануға келсек, онда бұл жұмыстар үлкен инвестициялары бар ғылыми-зерттеу және өнеркәсіптік зерттеулер жүргізудің ұзаққа созылатын кезеңін талап етеді.
Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау
шахталық және карьерлік қорды жаңарту бойынша жұмыс жеткіліксіз түрде жүргізілуде.
тарифтік саясат көлік саласында көмірдің едәуір қымбаттауына және жекеленген жағдайларда көміршілердің экспорттық мүмкіндіктерінің төмендеуіне алып келеді.
соңғы жылдары шахтерлер ұжымдары қартайып барады. Бүгінде шахтерлердің орташа жасы 45-47-ні құрайды. Шахтер еңбегінің басым еместігін, жұмыстың ауыр жағдайларына, зейнеткерлікке кеш шығуға (63 жас) байланысты жастар шахталар мен разрездерге жұмысқа бармайды.
Экономиканы шикізат ресурстармен қамтамасыз ету
Геологиялық барлау жұмыстарын орындау нәтижесінде 2009 жылдың қорытындылары бойынша қатты пайдалы қазбалардың кейбір негізгі түрлері бойынша қорлар өсімі: алтын – 55,2 тонна; мыс – 1318,6 мың тонна; молибден 8200,8 тонна; никель – 200,1 мың тонна; марганец кені– 66,2 млн. тонна; темір кені – 524,5 млн. тонна; мұнай– 45,2 млн. тонна; газ – 53,7 млрд. шаршы м. құрады.
108 учаскеде іздестіру-барлау жұмыстары жүргізілді, қатты тапшылық көріп отырған бірінші кезектегі 1650 ауылдық елді мекеннің 509-ы ауыз су қорларымен қамтамасыз етілді.
Каспий маңы ойпатының орталық бөлігіндегі Бекет-Бесоба учаскесі шегінде көмірсутегі шикізатына іздестіру-бағалау жұмыстары аяқталды. Бекет-Бесоба учаскесінде барлығы 8 іздестіру ұңғымалары орнатылды. Бекет тұзды күмбезінің сол қанатында орнатылған БК-2 ұңғымасында мұнай және газ ағыны алынды. Осылайша, жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде Бекет ашық мұнай және газ кенорны ашылды. Аталған кенорнының күтілетін геологиялық ресурстары мен мұнай қоры 16,3 млн. тоннаны құрайды.
2009 жылы республиканың минералдық шикізат қорының мониторингі нәтижесінде анықтама-талдамалық жүйе негізінде автоматтандырылған жүйе қатты пайдалы қазбалардың, мұнайдың 35 түрі, конденсат және газ, жерасты сулары бойынша жаңа деректермен толықтырылып, жер қойнауын геологиялық зерделеу саласындағы стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша Автоматтандырылған деректер банкі (558 нормативтік құжат) құрылды.
Жер қойнауының жай-күйін басқару бойынша іс-шараларды бағалау, болжау және әзірлеу мақсатында аудандарды көмірсутегін және қатты пайдалы қазбаларды қарқынды өндірудің геодинамикалық мониторингі жүйесін құру және оның жұмыс істеу бағдарламасын әзірлеу басталды.
Геология және жер қойнауын пайдалану саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер нәтижелері бойынша 2009 жылы мыналар жасалды:
1) пайдалы қазбалардың негізгі түрлерін болжамды-перспективалық бағалау үшін негіз ретінде пайдаланылатын масштабы 1:1000000 мезозой-кайнозой қабатының минерагендік картасы;
2) масштабы 1:2000000 түрлі-түсті тас шикізатының таралу картасы. Минералдардың толық сипаттамасы бар (барлығы 118 үлгі) электрондық үлгілер каталогы және кенорындарының, Қазақстанның гранитті пегматиттерінің түрлі-түсті тас шикізатының айқындалу каталогы жасалды.
Ұңғыма іші бейне суреттерді шрифтау әдісі әзірленді: әртүрлі зерттелетін объектілердің үш өлшемді құрылыстары үшін бағдарламалар мен алгоритмдер жасалды.
Көп оқпанды бұрғылау жүйесі үшін жоспарланған трассалар бойынша ұңғымалардың бүйірлік оқпанын бағдарлау технологиясы жетілдірілді: бүйірлік оқпан бағыттарын бағдарлау құрылғысын дайындау үшін конструкторлық құжаттама әзірленді.
2009 жылы 58 өздігінен төгіліп жатқан ұңғыма жойылды. Нәтижесінде 234,2 мың.м2 алаңда радионуклидті және химиялық ластану, тәулігіне 33,8 мың куб. м табиғи су ресурстарын жоғалту қаупі жойылды.
Ағымдағы жылы 19 мұнай ұңғымасы, оның ішінде құрғақта – 8 ұңғыма, Каспий теңізінің су басу аймағында – 11 ұңғыма жойылды.
2010 жылғы 1 қаңтарға барлығы 99 авариялық мұнай ұңғымасы, оның ішінде Каспий теңізінің су басу аймағында – 47, құрғақта – 52 ұңғыма және 510 өздігінен төгіліп жатқан гидрогеологиялық ұңғыма жойылды.
Геологиялық саланың негізгі проблемалары:
өндірілетін пайдалы қазбалардың көлемі, қорлардың өсім көлемінен асып отыр;
жаңа кен орындарын табудың негізгі перспективалары үлкен тереңдіктер мен жолы қиын өңірлермен байланысты;
пайдалы қазбалар сапасының төмендеуі;
сапасы төмен барланған кендердің металдарын алудың тиімді технологиясының жоқтығы, бұл оларды әзірлеуге тартуды ұстап отыр;
геологиялық барлау жұмыстарының барлық циклын өткізу үшін техника мен жабдықты сырттан жеткізуге кәсіпорындардың толық тәуелділігі;
нарықтың сыртқы және ішкі конъюктурасына тәуелділік;
білікті мамандар тапшылығы.
3. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар мен міндеттер, нысаналы көрсеткіштер, іс-шаралар және нәтижелердің көрсеткіштері
1. Индустриялық-инновациялық даму үшін жағдайлар жасау
2. Өнеркәсіп салаларын дамыту
3. Экономиканың энергияға өскелең қажеттіліктерін қамтамасыз ету
4. Экономиканы шикізат ресурстарымен қамтамасыз ету
Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы көрсеткіштер, іс-шаралар және нәтижелердің көрсеткіштері
1 Стратегиялық бағыт. Индустриялық-инновациялық даму үшін жағдайлар жасау
|
1.1-мақсат. Ұлттық инновациялық жүйені дамыту
|
Бюджеттік бағдарламаның кодтары: 001, 015, 020, 021, 027, 070
|
Нысаналы индикаторлар
|
Ақпарат көзі
|
Өлшем бірлігі.
|
Есептік жыл
(2009 жыл)
|
Ағымдағы жылдың жоспары
(2010 жыл)
|
Жоспарлы кезеңде
|
2011
|
2012
|
2013
|
2014
|
2015
|
Инновациялық белсенді кәсіпорындардың үлесі
|
СА
|
%
|
4
|
4
|
4,2
|
6,8
|
8,8
|
10
|
12
|
ЖІӨ кемінде 10%-ға төмендету
|
СА
(жылға кешіктіріліп жыл ішіндегі деректер)
|
%
|
-
|
0,5
|
1
|
2,5
|
6
|
10
|
13
|
тнэ/АҚШ долл.
|
1,77 (2008 ж. деректер)
|
1,76
|
1,75
|
1,73
|
1,66
|
1,59
|
1,54
|
1.1.1-міндет. Экономиканың нақты секторының инновациялық дамуын қамтамасыз ету
|
Тікелей нәтижелердің көрсеткіштері
|
Ақпарат көзі
|
Өлшем бірлігі
|
Есептік жыл
(2009 жыл)
|
Ағымдағы жылдың жоспары
(2010 жыл)
|
Жоспарлы кезеңде
|
2011
|
2012
|
2013
|
2014
|
2015
|
Халықаралық танылған патенттердің саны (өсімі бойынша, ВОИС бойынша)
|
Әділетмині
|
Бірл.
|
12
|
16
|
17
|
18
|
30
|
32
|
35
|
Енгізілген жаңа технологиялардың саны (өсімі бойынша)
|
СА
|
Бірл.
|
-
|
-
|
10
|
50
|
200
|
200
|
200
|
Жүзеге асырылған тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелердің саны (өсімі бойынша)
|
СА
|
Бірл.
|
-
|
-
|
20
|
60
|
160
|
160
|
160
|
Бюджет қаражаты есебінен қазіргі заманғы басқару технологияларын ендірген кәсіпорындар саны
|
ИЖТМ
|
Бірл.
|
15
|
13
|
27
|
27
|
27
|
27
|
50
|
Қосымша қаржыландырылған инновациялық жобалар саны
|
ИЖТМ
|
Бірл.
|
9
|
5
|
9
|
10
|
9
|
8
|
10
|
Құрылған венчурлік қорлар саны
|
ИЖТМ
|
Бірл.
|
-
|
1
|
2
|
3
|
2
|
3
|
4
|
«Венчурлік капиталға қол жетімділік» индикаторы бойынша ДЭФ ЖБИ рейтингін жақсарту
|
ДЭФ ЖБИ
есебі
|
орын
|
59
|
82
|
60
|
60
|
59
|
58
|
57
|
«Соңғы технологияларға қол жетімділік» индикаторы бойынша ДЭФ ЖБИ рейтингін жақсарту
|
ДЭФ ЖБИ
есебі
|
орын
|
101
|
97
|
75
|
74
|
73
|
72
|
71
|
«Тікелей шетелдік инвестициялар мен технологияларды беру» индикаторы бойынша ДЭФ ЖБИ рейтингін жақсарту
|
ДЭФ ЖБИ
есебі
|
орын
|
113
|
108
|
86
|
85
|
84
|
83
|
82
|
«Кәсіпорындар деңгейінде технологияларды пайдалану» индикаторы бойынша ДЭФ ЖБИ рейтингін жақсарту
|
ДЭФ ЖБИ
есебі
|
орын
|
85
|
105
|
80
|
79
|
78
|
77
|
76
|
«Инновациялылық» индикаторы бойынша ДЭФ ЖБИ рейтингін жақсарту
|
ДЭФ ЖБИ
есебі
|
орын
|
50
|
75
|
60
|
59
|
58
|
57
|
56
|
«Зерттеу жұмыстарына және әзірлемелерге компанияның шығындары» индикаторы бойынша ДЭФ ЖБИ рейтингін жақсарту
|
ДЭФ ЖБИ
есебі
|
орын
|
60
|
84
|
67
|
66
|
65
|
64
|
63
|
Тікелей нәтижелердің көрсеткіштеріне
қол жеткізуге арналған іс-шаралар
|
жоспарлы кезеңде іске асыру мерзімі
|
2011
|
2012
|
2013
|
2014
|
2015
|
Қолданыстағы инновациялық инфрақұрылымды құру және дамыту бойынша жобаларды іске асыру
- салалық орталықтар;
- конструкторлық бюро;
- технопарктер
|
х
х
|
х
х
х
|
х
х
х х
|
|
-
-
-
|
Ірі шетелдік компаиялармен бірлесіп жоғары технологиялық өндірістер
|
|
х
|
|
х
|
|
Өнеркәсіптік кәсіпорындармен технологиялық келісімдерді жасау және іске асыру
|
х
|
х
|
х
|
х
|
х
|
Өңірлердің, салалардың және ұлттық компаниялардың инновациялық-технологиялық даму бағдарламаларын әзірлеу және бекіту
|
х
|
|
|
|
|
Инновациялардың өңірлік кеңселерін құру ережелерін әзірлеу және бекіту
|
х
|
|
|
|
|
Заңнаманы кәсіпорындардың инновациялық белсенділіктерін ынталандыру бөлігінде жетілдіру (ҚР Салық Кодексіне, «Техникалық реттеу туралы» ҚР Заңына өзгерістер енгізу)
|
х
|
х
|
х
|
х
|
х
|
Өндірістік активтерді жаңартуға бағытталған техникалық регламенттерді әзірлеу мен енгізу және ескірген технологияларды пайдалануды шектеу.
|
х
|
х
|
|
|
|
Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне сәйкес жоғары технологиялық және орташа технологиялық болып табылатын өнімдер түрлерінің тізбесін жасау
|
х
|
|
|
|
|
«Энергия ұнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» ҚР Заңын іске асыру мақсатында заңға бағынысты актілерді әзірлеу және қабылдау:
|
х
|
|
|
|
|
Энергия үнемдеудің мемлекеттік тізілімін жасау және мониторинг
|
|
|
х
|
|
|
Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдіктерінің 2010-2015 жылдардағы кезеңде энергия үнемдеудің кешенді өңірлік жоспарларын әзірлеу.
|
х
|
х
|
|
|
|
1.2 мақсаты. Индустриялық дамытуды инвестициялық қамтамасыз ету
|
Бюджеттік бағдарламаның кодтары: 001, 015, 020, 021, 027, 070
|
Нысаналы индикаторлар
(Қол жеткізудің түпкілікті мерзімін көрсете отырып)
|
Ақпарат көзі
|
Өлшем бірлігі
|
Есептік жыл
(2009 жыл)
|
Ағымдағы жылдың жоспары
(2010 жыл)
|
Жоспарлы кезеңде
|
2011
|
2012
|
2013
|
2014
|
2015
|
ЖІӨ-дегі тікелей шетел инвестицияларының (ТШИ) үлесі
|
ҰБ
|
%
|
17.2
|
13,4
|
14
|
14,5
|
17,6
|
17,7
|
17,8
|
2020 жылға қарай экономиканың шикізаттық емес секторларына тартылған шетелдік инвестициялар кемінде 30% ұлғаяды
|
СА
|
%
|
100
|
103
|
106
|
109
|
112
|
115
|
118
|
АЭА аумақтарындағы тауарлар мен қызметтер (жұмыстар) өндірісінің көлемі
|
ИЖТМ
|
млрд. теңге
|
21,9
|
35
|
50
|
120
|
380
|
718
|
730
|
ИА аумақтарындағы тауарлар мен қызметтер (жұмыстар) өндірісінің көлемі
|
ИЖТМ
|
млрд. теңге
|
-
|
0,25
|
100
|
150
|
350
|
719
|
725
|
Өнім экспортының көлемін АЭА және ИА шығаратын өнімнің кемінде 50 % -на ұлғайту1
|
ИЖТМ
|
%
|
-
|
15
|
21
|
31,5
|
42
|
52,5
|
53
|
1.2.1-міндет. Шикізаттық емес және жоғары технологиялық өндірістерге инвестициялар тарту үшін жағдайлар жасау
|
Тікелей нәтижелердің көрсеткіштері
|
Ақпарат көзі
|
Өлшем бірлігі
|
Есептік жыл
(2009 жыл)
|
Ағымдағы жылдың жоспары
(2010 жыл)
|
Жоспарлы кезеңде
|
2011
|
2012
|
2013
|
2014
|
2015
|
2020 жылға қарай инвестициялар көздерін әртараптандыру (әрбір елдің үлесі 5% және одан да астам 10 негізгі инвестор елдер)
|
ҰБ
|
Бірл.
|
5
|
5
|
6
|
6
|
7
|
7
|
8
|
Global - 2000-ға енгізілген компаниялар тізімінен тартылған мақсатты инвесторлар саны
|
ҰБ
|
Бірл.
|
1
|
2
|
3
|
4
|
4
|
5
|
5
|
«Тікелей шетел инвестицияларын реттеу әсері»» индикаторы бойынша ДЭФ ЖБИ рейтингін жақсарту
|
ДЭФ ЖБИ есептері
|
орын
|
107
|
101
|
82
|
81
|
80
|
79
|
78
|
Тікелей нәтижелердің көрсеткіштеріне
қол жеткізуге арналған іс-шаралар
|
Жоспарлы кезеңде іске асыру мерзімі
|
2011
|
2012
|
2013
|
2014
|
2015
|
Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау саласында үкіметаралық келісімдер жасасу (жылына 2)
|
х
|
х
|
х
|
х
|
х
|
Ресми сапарлар шеңберінде Бизнес-Форумдарды тұрақты негізде жүргізу
|
х
|
х
|
х
|
х
|
х
|
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шетелдік инвесторлар үшін визалық режим шарттарын оңайлатуды қарастыру
|
х
|
|
|
|
|
Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық жобалар туралы деректер базасымен инвестициялық веб-портал құру
|
х
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |