Фармацевтика өнеркәсібін дамыту
Фармацевтика өнімдерінің өндiрiс көлемі нақты көріністе 2012 жылы 33,8 млрд. теңгеден, 2013 жылы 36,5 млрд. теңгеге, ал 2014 жылы 38,04 млрд. теңгеге дейін өсті.
2012 жылы фармацевтика өнімдері өндірісінің НКИ-і 105,8 %-ды, 2013 жылы 101,3 %, 2014 жылы 102,7%-ды құрады.
Саладағы еңбек өнімділігі 2012 жылы 58,4 мың АҚШ долл./адам, 2013 жылы 45,7 мың АҚШ долл./адам, 2014 жылы 25,4 мың АҚШ долл./адам құрады.
Жасалған ұзақ мерзімді шарттар бойынша атаулар саны 2010 жылы отандық өндірістің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарының 152 атауынан (5 млрд. теңге) 2012 жылы 168 атауға (9,3 млрд. теңге) дейін өсті.
Бірыңғай дистрибьютордың сатып алу құрылымында отандық өндірушілер үлесі заттай көріністе 2012 жылы 68 %-ды, 2013 жылы 67 %-ды, 2014 жылы 16,5 %-ды құрады.
2014 жылдың қорытындысы бойынша 2013 жылмен салыстырғанда ішкі нарықта отандық дәрілік заттардың заттай көрінісінің үлесі – 15,4 %-дан 12,6 %-ға дейін қысқарды, ал 2012 салыстырғанда 14,7%-ға қысқарды.
Қазақстанның фармацевтика өнеркәсібі импорттық субсидиялар мен ішкі нарыққа және ТМД елдерінің нарығына бағытталған дәстүрлі қымбат емес дәрілік препараттар негізінде әсіресе дженериктер білдіреді. Қазақстандық нарықта дженерикті препараттардың басым жағдайы инновациялық өнімді жасау үшін жағдайдың болмауына байланысты. Фармацевтикалық сала импорттың жоғары деңгейінде қалады, ал Қазақстанның фармацевтика өнеркәсібі өндірістік кәсіпорындарының технологиялық деңгейі өндірістік қазіргі заманғы стандарттарға жауап бермейді.
Сонымен қатар, ғылыми зерттеулер саласындағы сәттілік фармацевтика саласындағы бәсекеге қабілеттіліктегі маңызды роль атқарады, мемлекет тарапынан іргелі зерттеулерді инвестициялау және фармацевтика өнеркәсібіндегі инновациялық процестерге жәрдемдесу қажет.
Фармацевтикалық кәсіпорындарды техникалық жаңғыртуды жүзеге асыру үшін жинақталған теориялық және практикалық отандық және шетелдік тәжірибені ескере отырып, инвестициялық саясаттың тұжырымдамалық ережелерін әзірлеуге үлкен назар аудару қажет.
Дженерикті препараттар негізінен кең қауымға шығарылады, оның салдарынан дженериктер бұл өзінің патенттік қорғауды жоғалтқан сол дәрілік заттар. Қазақстан нарығы еуроодақтың немесе Ресейдің сондай нарықтарымен салыстырғанда шағын болып табылады. Қазақстанда өндірістік қуаттар мен мамандандырылған өндірістер көп емес, бұл рентабельдігі жоғары дженерикті препараттарды шығаруды қатты шектейді.
ҚР-да «inbulk» импортты дәрілік заттарды өлшеп салумен айналысатын компанияларды, сондай-ақ толық циклді кәсіпорындарды қоса алғанда, шамамен 80 тіркелген фармөнімдер өндірістері жұмыс істейді. Бұл ретте, олардың екі-үші ғана GMP стандартына сәйкес келеді. Кейбір кәсіпорындарда жеке өндірістік учаскелер халықаралық стандарттар бойынша жұмыс істейді. Жеке өндірушілер ISO бойынша сертификаттаудан өтті және қазіргі заманғы жабдықтарға ие.
Шағын капиталдандырылған шағын және орта фирмаларға келер болсақ, олар техникалық қайта жарақтандыру және қазіргі заманғы жоғары технологиялық процестерді енгізу үшін жеткіліксіз әлеуетке ие. Олар үшін жаңғырту ҒЗТКЖ-ға ең азы 10 млн.долл. инвестициялау құнымен кәсіпорынды толық қайта салуға әкеледі, бұл фармсаласы үшін аз. Сарапшылар бағалауы бойынша әлемде бір инвестициялық препаратты әзірлеу және жылжытуға жұмсалатын шығын 1 млрд.долл. құрайды. Қазақстанда бұл шығындар қазіргі уақытта шамамен 1 000 есеге төмен. Отандық фармөндірушілердің көбі бірегей препараттарды жасау бойынша ұзақ және қымбат тұратын жобаларға үлкен қаражат сала алмайды.
Осыған байланысты отандық фармацевтика өнімдерінің жоғары үлесімен ішкі нарықты қамтамасыз ету мүмкін емес.
ҮИИДМБ шеңберінде 39,46 млрд. теңге құрайтын 25 жоба іске асырылады.
Негізгі мәселелерді талдау
Қазақстанда фармацевтикалық өнеркәсіп негізінен импортталатын субстанциялар негізінде жасалған дженериктар мен дәстүрлі қымбат емес дәрілік препараттард ұсынады, олар ішкі нарық пен ТМД елдерінің нарығына бағытталған. Инновациялық өнімдерді жасау үшін жағдайлардың болмауы салдарынан, Қазақстан нарығында дженерик препараттары үстем жағдайда.
Фармацевтика нарығының дамуын тежитін өзекті проблемалардың бірі бейімді мамандардың жоғары қажеттілігі болып табылады, ол кәсіби даярлықтың жеткіліксіз деңгейімен және білікті кадрлардың тапшылығымен шарттасады.
Сонымен қатар, Қазақстанның фармацевтикалық кәсіпорындарында GMP сертификатының, ғылыми саланың болмауы, ғылыми зерттеулердің, дамымауы, жаңа әзірлемелер мен препараттардың болмауы туралы атап өту қажет.
Осы мәселелерді шешу үшін, келесі жұмыстар жүргізіледі.
Соңғы жылдары салаға шамамен $ 300 млн доллар жеке инвестициялар инвестицияланды. Қазір Қазақстанда фармацевтикалық аса ірі компания «Санофи-Авентис» (Sanofi-Aventis) келісімшарттық өндіріс ашты, Pfizer (Pfizer) және Мерк (Merck) компанияларымен келіссөздер жүргізілуде. Осындай ірі халықаралық компаниялармен ынтымақтастық елге технология трансферын береді, ал ол саланың дамуының маңызды аспектісі.
Алайда, 2010 жылдан бастап осы күнге дейін «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ (бұдан әрі - «ТДҰА» АҚ) фармацевтикалық өнеркәсіптің 20 жобасына 224.3 млн теңге сомасында қолдау көрсеті, оның ішінде 8 инновациялық гранттар 133,4 млн теңге сомада, 12 технологиялық бизнес-инкубациялау 90,9 млн. теңге сомада.
Сонымен қатар, «Өнімділік -2020» бағдарламасы шеңберінде «КИРИ» АҚ төрт отандық фармацевтикалық өнеркәсіпке жалпы сомасы 3 248 мың теңгені құрайтын кешенді жоспарларын дамыту/сараптау шығындарын өтеді, оның ішінде:
- «Павлодар фармацевтикалық зауыты» ЖШС - 373 мың теңге;
- «ФК «Ромат» Медициналық препараттар зауыты» ЖШС - 125 мың теңге;
- «JuldyzKenanСО. LTD» ЖШС- 1 500 мың теңге;
- «Химфарм» АҚ- 1 250 мың теңге.
«2009-2014 жылдарға арналған инфекцияға қарсы жаңа препараттарды әзірлеу» ғылыми-техникалық бағдарламасы шеңберінде «Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы» АҚ (бұдан әрі-Орталық) жаңа препараттарды жасаумен белсенді түрде айналысты. 2014 жылғы 31 наурызда Орталық GLP халықаралық стандарты бойынша аккредитациядан өтті. Орталық жаңа дәрілік қалыптар (таблеткалар, капсула мен инъекция ерітінділері) өндіру технологиясын әзірледі. Қызметкерлерді әртүрлі бағытта (оқыту, машықтану, семинарлар және сертификаттау )мамандандыру және тиісті тәжірибе бойынша дайындық жүргізіледі.
Саланың негізгі мәселелері болып табылады:
кепілді нарықтың болмауы. Екінші деңгейдегі банктер арқылы қаражатты қарызға алу жолымен отандық өндірушілердің дәрі-дәрмектерін ұзақ мерзімді келісім-шарттар бойынша мемлекеттік сатып алу;
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі құзіретіндегі «Дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығы» РМК-да отандық өндірушілер үшін дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы мемлекеттік тіркеу мерзімінің ұзақтығы ;
Қазақстан Республикасының нарығында ЕО, Үндістан, Түркия фармацевтикалық компаниялардың үстем жағдайы;
халықаралық GMP стандартының сәйкессіздігіне орай экспорттық әлеуетің төмендігі;
жеткіліксіз даярлау және білікті кадрлардың жоқтығына байланысты салалық мамандарға сұраныстың жоғарлылығы;
ғылыми зерттеулер мен жаңа препараттардың дамымауы;
ішкі және сыртқы факторлардың негізгін бағалау.
Сыртқы факторлар:
фармацевтика ресурсты толтырудан импорттық басымдылық байқалады (64,7%), провитаминдер, витаминдер және олардың туындылары (96,1%).
Ішкі факторлар:
Мемлекеттік сатып алу құрылымы, СК-Фармацияның отандық тауар өндірушілермен соттық процесстер;
Қазақстанның фармацевтикалық кәсіпорындарында GMP сертификатының болмауы (қазіргі уақытта 80 компаниялардың тек 2-де бар)
жеткіліксіз даярлық және білікті кадрлардың жоқтығынан, мамандарға деген сұраныстың жоғарылығы;
өнеркәсіпте инновациялық өнімдерді құру үшін жағдайдың болмауы;
әлемде инновациялық препаратты дамытуға және ілгерілетуге құны1 млрд. АҚШ долларын құрайды. Қазақстанда осы шығындар 1000 есе төмен. Барлық отандық фармацевтикалық өндірушілер түпнұсқалы препараттарды дамытуға ұзақ және қымбат жобаларға айтарлықтай қаражат сала бере алмайды.
Жеңіл өнеркәсіпті дамыту
2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша елдің жеңіл өнеркәсібінде 1538 кәсіпорын тіркелген, атап айтқанда 751, оның ішінде 677 шағын, 55 орта және 19 ірі кәсіпорын белсенді жұмыс атқаруда.
Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың ішінде 58%-ын киім шығаратын кәсіпорындар, 31%-ын тоқыма өнімдерін шығаратын кәсіпорындар, былғары және оған жататын өнімдерді шығаратын кәсіпорындар 11 %-ды құрайды.
ҮИИДМБ іске асыру жылдары салада оң үрдіс байқалды.
Жеңіл өнеркәсіптің ЖҚҚ-ы 2012 жылы 34,6 млрд. теңгені, 2013 жылы 35,2 млрд. теңгені, 2014 жылы 36,7 млрд. теңгені құрады.
Жеңіл өнеркәсіп дайын өнім экспорты құндық мәнде 2012 жылы 91,4 млн. АҚШ долларын, 2013 жылы 97,5 млн. АҚШ долларын, 2014 жылы 71,7 млн. АҚШ долларын құрады.
Жеңіл өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2012 жылы 53608 млн. теңгені, 2013 жылы 64978 млн. теңгені, 2014 жылы 63189 млн. теңгені құрады.
2014 жылы жеңіл өнеркәсіп өнім өндірісінің нақты индекс көлемі 2013 жылғы деңгейге қарағанда 104 % құрады.
Саланың еңбек өнімділігі 2012 жылы 14,3 мың АҚШ долл./адам, 2013 жылы 14,5 мың АҚШ долл./адам, 2014 жылы 9,1 мың АҚШ долл./адамды құрады.
Индустриаландыру катасы шеңберінде 2012-2014 жылдар аралығында жалпы соммасы 9,6 млрд. теңгеге 21 өңірлік жеңіл өнеркәсіп жобалары жүзеге асырылды, жалпы өндіріс көлемінде дайын өнім үлесі 9,7 %-ды (6,5 млрд. теңге) құрады.
Картаның маңызды жобалары:
ОҚО-да «БалТекстиль» ЖШС – жобалық қуаттылығы 2,3 млн. м2 кілем өнімдерін шығаратын кілем өнімдерін өндіру фабрикасы;
Алматы облысындағы «GLASMAN» ЖШС – тігін өндірісін жаңғырту, жылдық қуаттылығы 62 508 дана ерлер костюмдері және мектеп формалары;
Қарағанды облысындағы «Ютария Ltd.» ЖШС – қуаттылығы 1,8 млн. дана болатын тігін өндірісін жаңғырту.
Негізгі проблемаларды талдау
Жеңіл өнеркәсіп саласындағы оң серпінге қарамастан, мынадай бірқатар жүйелі проблемалар бар:
-
негізгі қорлардың айтарлықтай тозуы және өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің төмен деңгейі;
-
отандық салалық өнімді тұтыну үлесінің төмендігі;
3) еңбек жағдайларының қолайсыздығына байланысты білікті кадрлық ресурстардың жетіспеушілігі;
-
жүн және былғары шикізат сапасының төмендігі;
-
салаға капитал салудың болмауы;
-
қосылған құны төмен тауарлар экспортының жоғары үлесі;
-
отандық брэндтердің шын мәнінде толық болмауы.
Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау
Жеңіл өнеркәсіп жай-күйін талдау кейбір оң үрдістің болуы кезінде оның дамуында барлық сегменттер үшін ортақ факторлар оның қызметінің нәтижесінде көрініс табуда, бірақ бұл болашақта пайда болуы мүмкін және саланың экономикалық өсуіне және қаржылық тұрақтылығына теріс әсерін тигізуі мүмкін.
Осындай факторлардың бірі саланың әлемдік деңгейден техникалық-технологиялық артта қалушылығының одан әрі жалғасуы болып табылады, бұл ішкі және сыртқы нарықтағы талап етіліп отырған өндірістік өнімнің түрлеріне шығатын және сала дамуының құрылымдық шектеулерін алуға мүмкіндік беретін инновациялық және инвестициялық жобаларды енгізу және оларды жаңғырту үшін қажетті инвестицияның болмауымен байланысты.
Жаңа технологиялардың келу ағынының елеулі төмен деңгейі өнім ассортиментін және оның сапасын кеңейтуде теріс ықпал етуі мүмкін, қазіргі заманғы технологияларды, оның ішінде нанотехнологияларды пайдалана отырып, оған жаңа функционалдық және тұтыну мүмкіндігін береді. Бұл жағдайда, сала одан әрі шетел фирмаларымен бәсекеге түсе алмайды (әсіресе, Қазақстан ДСҰ-ға кіргеннен кейін), бұл отандық кәсіпорындардың өз позицияларын және ел ішіндегі нарық сегменттерін жоғалтуға әкеп соғуы, сондай-ақ отандық тауарларды БЭК елдері нарықтарында және шетелдік нарықтарда ілгерілетуде проблемалардың пайда болуына әкелуі мүмкін.
Саланың болашақта көтерілуінің және жеңіл өнеркәсіптің бәсекеге қабілетті өнімінің өсуінің әлеуетті проблемасы кәсіби және білікті жұмысшы кадрларды дайындау шарттарының нашарлауы, еңбек беделінің төмендігі және төмен жалақы болып табылады, бұл жыл сайынғы санның қысқаруына, негізінен жас және перспективалы қызметкерлердің қысқаруына әкеледі.
Қазақстанның негізгі нарықтан – өнімді тұтынушылардан географиялық алшақтығы ақпараттық-коммуникацияның төмен ағынына байланысты, бұл әсіресе «жылдам сән» сегментінде дайын өнімдерді дайындау саласында аса маңызды болып табылады, жетекші шетелдік компаниялар мен брендтер үшін (олардың өнімін негізгі нарықтарда одан әрі өткізу мақсатында) өндірістерді және тапсырыстарды орналастыру тартымдылығының төмендеуіне ықпал етеді.
Бұдан басқа, әлемдік қаржы дағдарысының терең әсеріне байланысты тәуекелдер болуы мүмкін. Соңғы жылдары оң нәтижелерге қол жеткізген кәсіпорындар да жақын арада өндірістің көлемдерін қысқартуға және ұзақ мерзімді салымдардан мынадай жағдайлар себебінен бас тартуға мәжбүр болады: банк кредиттерін тартуына, сұраныстың азаюына, нарықтың ашықтығы жағдайында ресми тауарлар импорты көлемінің ұлғаюына және т.б. байланысты қиындықтар.
Жеңiл өнеркәсiптi дамыту үшiн Қазақстан жеткiлiктi әлеуетке ие, республикада қолайлы факторлар мен алғышарттар бар.
Шикiзат ресурстарының толық спектрінің болуы және iрi нарықтарға (Ресей, Қытай, Үндiстан) жақындық iшкi және әлемдiк нарықтардағы өскелең сұраныстың, сондай-ақ өндiрiстiк әлеуеттiң болуы жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің меншікті өндірісін ұйымдастыруды ынталандыратын факторлар болуы тиіс.
Кеден одағы мен БЭК-ге кіру өткізу нарығын кеңейтуге мүмкіндік берді, сондықтан шикiзатты, оның ішінде мақтаны, жүнді және былғарыны өңдеу бойынша өндiрiстерді дамытуға күш салу қажет. Толлингтi, алыс-берiс шикiзат өндiрiсiн, сондай-ақ технологиялық көшбасшылардың тәжiрибесiн пайдалана отырып, өндiрiстi ұйымдастыру жолымен технологиялар трансфертін дамыту басым бағыттардың бірі болуы тиіс.
Жеңіл өнеркәсіпті дамыту мақсатында жергiлiктi шикiзатты (мақта, жүн, былғары) тоқыма, тiгiн, былғары және аяқ-киiм өндiрiстерiне қайта өңдеу бойынша өндiрiстердi жаңғырту және әртараптандыру бойынша жұмысты жалғастыру жоспарланып отыр.
Мемлекеттiк қолдаудың секторалдық және жобалық шаралары шеңберiнде бiлiктi кадрлық ресурстармен қамтамасыз ету, техникалық регламенттің талаптарына жауап беретін және/немесе тиісті халықаралық стандарттарға сәйкес келетін стандарттарды әзірлеу және қабылдау жөніндегі iс-шаралар жүзеге асырылатын болады.
Өндіріс объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамсыз ету қамтамасыз ету аварияларда, республиканың қауіпті өндірістік объектелерінде пайда болатын қауыпты өндірістік факторлардың зиянды әсерін алдын ала сақтандыруға жіберіледі.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мемлекеттік қадағалау өндірістін көмір, тау-кен рудасы, металлургиялық, мұнай өндіруші мұнай шығаратын, газ өңдейтін, мұнай-химия, химия, геологиялық барлау салаларының қауіпті өндіріс объектілерінде, атом энергиясын пайдалану объектілерінде, қазан шұңқыр-газ шаруашылығының, қопарғыш жұмыстар, барлығы 13 618 кәсіпорында қауіпті өндіріс объектілерін пайдаланатын, және 135 045 қауіпті техникалық жабдықтарда жүзеге асырылады.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында 2012 жыл үшін шаруалық субъектілерін 5990 тексеру өткізілді, 2013 жылы – 3455, 2014 жылы - 858.
Барлығы 2012 жыл үшін қауыпты өндірістік объектілерінде 100592 өнеркәсіптік қауіпсіздіктің талабын бұзылуы табылды, 2013 жылы – 77079, 2014 жылы – 37482, 2012 жылы 2656 әкімшілік жаза қолданды, 2013 жылы – 3168, 2014 жылы – 1147, кісілердің өміріне және денсаулығына қауіп ететін 2012 жылы 4534 объектілерінің пайдалауына тыйым салынды, 2013 жылы – 4534, 2014 жылы - 1204.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейін көтеру бойынша қабылданып жатқан кешенді шаралар өндірістік травматизмнің санын азайтты. Бұлай, 2012 жылы қауыпты өндірістік объектілерінде 17 кісі қаза тапты, 2013 жылы – 14, 2014 жылы – 14. 2012 жылы 12 кісі ауыр жарақат алған, 2013 жылы – 9, 2014 жылы - 17.
Мемлекеттік Басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында шағын, орта бизнес (бұдан әрі - ШОБ) үшін әкімшілік тосқауылы төмендету бойынша, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету электрондық форматта беріледі.
Негізгі проблемаларды талдау
Тау-кен өндірісі саласында минералды шикізат ресурстарды игеру арқылы Қазақстанды индустриялық дамудың басым бағытын ескере отырып, қауыпты өндірістік объектілерінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету әлеуметтік-экономикалық маңызды факторларының бірі болып қалады.
Бұл ретте аварияларға және жазым оқиғаларға ең жиі болуы, көмір және кен-руда өнеркәсібтің салары, олардың үлесі бәрлық республикада тіркелінген оқиғалардың 80 пайызына дейін келеді.
Көмір шахталарында жаңа горизонттарды, желдеткіш діңгектерді және төменде жатқан көмір кенін ашу үшін күрделі қазбаларды салу бойынша төмен қарқыны негізгі проблема болып қалады.
Көмір және газ кенет шығару, эндогендік өрт және көмір қабатының жабын басқаруын бұзу нәтижесінде авариялар болуы жоғары ықтималдығы бар.
Тау-кен рудасы кәсіпорындарда негізгі проблемалар тау қазбалардың қауіпсіздік әл-ахуалға келтіру бойынша жұмыстар ұйымдастыру болып қалады.
Өнеркәсіптің металлургиялық, химия және мұнай-химия салаларында негізгі проблемамары техникалық жабдық тозуының жоғарғы деңгейі (50 пайыздан 70 пайызға дейін) болады.
Негізгі ішкі және сыртқы факторларды бағалау
Сыртқы факторларға аномалиялық табиғи көрініс, шиеленісті тау-геологиялық жағдайлар жатады.
Ішкі факторларға негізгі технологиялық жабдықтың тозуы, кеш техникалық қызмет көрсету (сапасыз), қауіпсіздікті қампамасыз ету қаражаттардың жарамсыздығы (жоқтығы), жұмысты ұйымдастырудың төмен деңгейі, қауыпты өндірістік объектілердегі жұмысшылар білімінің төмен деңгейі, адамдық факторы.
Экспорттық бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыру
Экспорттық бақылаудың ұлттық жүйесі жаппай қырып-жоятын қаруды жасау, оны тасымалдау, қару-жарақ және әскери техниканы жасау, сонымен қатар ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қолданылуы мүмкін өнімдердің экспорт, импорт және транзитті жүзеге асыру рұқсат ету механизміне негізделген. Экспорттық бақылау жүйесіне еліктірілген мемлекеттік органдармен (ҰҚК, ҚМ, ІІМ және т.б.) келісу бойынша лицензияны (рұқсатты) беру немесе беруден бастарту жайлы шешім сыртқыэкономикалық операциялармен байланысты кешенді бағалау негізінде қабылданады.
2012, 2013, 2014 жылдары 2176, 2650 және 2615 сәйкесінше рұқсатнамалық құжат берілген, соның ішінде: экспорт/импортқа лицензия, кепілдік міндеттеме (түркі пайдаланушы сертификаты), транзитке рұқсатнама, ҚР территориясы шеңберінде өнімді қайта өңдеуге рұқсатнама, тауарлар, технологиялар, жұмыстар, қызметтер, ақпараттардың экспорттық бақылауға жататын өнімге жатқызу туралы қорытынды беру).
Рәсімнің айқындығын, сонымен қатар рұқсат құжаттарды алуға қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызмет көрсету рәсімі толық автоматтандырылған, яғни оларды «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқор» ақпараттық жүйесі арқылы қағаз және электронды нысанда көрсету қарастырылған.
3-стратегиялық бағыт.
Экономиканы шикізат ресурстарымен қамтамасыз ету
Ағымдағы жағдайды талдау
2012 жылдан бастап жоспарлы түрде аудандардың геологиялық құрылысын зерттеу мен пайдалы қазба кенорындарын бағалау және жерасты суларын іздеу-барлау жұмыстарын жүргізуге негіздеуге бағытталаған ауданды геологиялық жете зерттеулер (АГЖ-200), кенді аудандарды геологиялық минерагенді карталау (ГМК-200), 1:200 000 масштабта тереңдікті геологиялық карталау (ТГК-200), инженерлік-геологиялық зерттеулер гидрогеологиялық жете зерттеулерді қамтитын аймақтық геологиялық зерттеулер жүргізілді.
2012 және 2014 жылдары АГЖ-200 бойынша 5 нысанда жұмыстар аяқталды, барынша перспективті аудандар бойынша болжамды ресурстар бағаланды: алтын 2012 жылы – 103,8 тонна, 2014 жылы – 375,4 тонна, мыс 2012 жылы – 2,5 млн.тонна, 2014 жылы – 31,5 млн.тонна, полиметалдар(қорғасын және мырыш) 2012 жылы – 5,3 млн. тонна, 2014 жылы – 13,0 млн.тонна; молибден 2012 жылы – 100,0 мың тонна, 2014 жылы – 230,5 мың тонна; темірлі-марганецті рудалар 2012 жылы – 312,0 млн. тонна, 2014 жылы – 268,3 млн.тонна. Сондай-ақ, 2015 жылдан бастап АГЖ -200 бойынша 6 жаңа нысанда жұмыстар басталды.
ГМК-200 бойынша 2012 жылы 3 нысанда және 2014 жылы 2 нысанда жұмыстар аяқталды, нәтижесінде келесі болжамдық ресурстар бағаланды: алтын 2012 жылы – 555,5 тонна, 2014 жылы – 103,0 тонна, мыс 2012 жылы – 14,2 млн. тонна, 2014 жылы – 0,7млн.тонна, қорғасын 2012 жылы – 2,6 млн.тонна, 2014 жылы –7,4 млн.тонна, мырыш 2012 жылы 15,3 млн.тонна, 2014 жылы – 8,2 млн.тонна; молибден 2012 жылы 200 мың тонна, 2014 жылы – 200 мың тонна, ванадий, сирек жер металдар. Сондай-ақ, 2015 жылдан бастап ГМК-200 бойынша 1 нысанда жұмыс басталды.
ТГК-200 бойынша 2014 жылы 2 нысанда жұмыстар аяқталды, нәтижесінде келесі болжамдық ресурстар бағаланды: алтын – 450,0 млн.тонна, полиметалдар – 4,5 млн.тонна, темір рудалары – 430,0 млн.тонна. Сондай-ақ, 2015 жылдан бастап ТГК-200 бойынша 2 нысанда жұмыстар басталды.
2012 жылмен салыстырғанда, жұмыстар көлемі және арнаулы индикаторлар 2014 жылы АГЖ-200,ГМК-200 және ТГК-200 бойынша жұмыстар нәтижесі алдыңғы деңгейде қалады.
2012-2014 жылдар аралығында 1:200 000 масштабты инженерлік-геологиялық зерттеулермен гидрогеологиялық жете зерттеуде: Орталық, Солтүстік және Оңтүстік, Шығыс және Батыс Қазақстанның шекаралы аймақтарында, жерасты тұщы су тапшы аудандар мен қарқынды техногенді жүктерді сезінетін аймақтарда ауданы 92,355 мың шаршы км.болатын ауданда 16 нысанда жұмыстар аяқталды.
Минералды-шикізат базасын, жер қойнауын тиімді және кешенді пайдалану мақсатында 2014 жылықатты пайдалы қазбаларға іздеу, іздеу-бағалау және жерасты суларына іздеу-барлау жұмыстары жүргізілді. Іздеу жұмыстары 2014 жылы 4 нысанда аяқталды. Жұмыстар нәтижесінде болжамдық қорлар бағаланды: алтын – 54,1 тонна, мыс – 4,8 млн.тонна, молибден – 15,1 млн.тонна. Сондай-ақ, 2014 жылы 6 жаңа нысанда іздеу жұмыстары басталды.
2012 жылы 10 учаскеде және 2014 жылы 16 учаскеде іздеу-бағалау жұмыстары аяқталды, нәтижесінде С2 категориясы бойынша қорлар есептелді: алтын 2012 жылы – 8,9 тонна, 2014 жылы – 24,7 тонна, күміс 2012 жылы – 29,0 тонна, 2014 жылы – 632,4 тонна, мыс 2012 жылы – 65,7 мың тонна, 2014 жылы – 1,3 млн.тонна, қорғасын 2012 жылы – 212,8 мың тонна, 2014 жылы – 151,3 мың тонна, мырыш 2012 жылы – 260,2 мың тонна, 2014 жылы – 310,2 мың тонна; молибден 2014 жылы – 19,2 мың тонна, сондай-ақ болжамдық ресурстар бағаланды, барлығы: алтын 2012 жылы – 20,6 тонна, 2014 жылы – 48,7 тонна, мыс 2012 жылы – 76,5 мың тонна, 2014 жылы – 1,0 млн.тонна, мырыш 2012 жылы 600,0 мың тонна, 2014 жылы – 1,0 млн. тонна, титан 2012 жылы – 419,0 мың тонна, 2014 жылы – 442,0 мың тонна. Сондай-ақ, 2014 жылы 1 жаңа нысанда іздеу-бағалау жұмыстары басталды.
2012 және 2013 жылдармен салыстырғанда, жұмыстар көлемі және арнаулы индикаторлар 2014 жылы іздеу және іздеу-бағалау жұмыстары бойынша жұмыстар нәтижесі алдыңғы деңгейде қалады.
Жерасты суларына іздеу-барлау жұмыстары:, 2013 жылы басталған 216 сел және 30 кенорынның қорын есептеумен бірге іздеу-барлау жұмыстары 2014 жылы аяқталды. Сондай-ақ, 2014 жылы 744 сел және 40 кенорында жаңа жұмыстар басталды, сонымен қатар 480 сел және 35 кенорында 2015 жылы басталатын жұмыстарға ЖСҚ жасалды.
2012 жылдан осы уақытқа дейін мемлекеттік тордағы жерасты суларының 4975 пунктінде, жерсілкінудің гидродинамикалық нышанын зерттеу бойынша 12 постта, жерасты суларының техногенді ластананған 5 полигонында, қауіпті геологиялық процесстерді 39 постта және 2 полигонында жерасты суларына және қауіпті геологиялық процестеріне мониторингі жүргізілуде. Осы уақытқа дейінгі орындалған жұмыстар бойынша мағлұматтар мүдделі мемлекеттік органдарға және облыстық әкімдіктерге жіберілді.
2014 жылы жер қойнауын пайдаланушылар есебінен қорларды ұлғайтуда Мемлекеттік сараптама жүргізу нәтижесінде төмендегі пайдалы қазбалар қорларының өсімі анықталды: алтын (103,2 т), уран (109,2 мың.тонна), молибден (37,9 мың. тонна), мыс (3 469,7 мың.т), қорғасын (4,75 мың.т), мырыш (29,22 мың.т), күміс (1 239,8 мың.т), күкірт (9,9 мың.т), марганцті рудалар (147,3 мың.т), кадмий (157,4 т), калий тұздары (330 118,0 мың.т), мұнай (117 987 мың.т), газ (126 293 млн. м3), конденсат (86 705 мың.т), техникалық сулар (49 613 мың.м3/тәу.).
Қазақстан Республикасының минералды-шикізат қорының қазіргі таңдағы жағдайымен мемлекеттік органдарды анықтамалық-аналитикалық мәліметтермен қамтамасыз ету мақсатында және Қазақстан Республикасының минералды-шикізат базасына 2014 жылы мониторинг жасауда елдің геологиялық қызметін дамыту барысында анықтамалық-аналитикалық жүйесі 35 түрлі қатты пайдалы қазбалар бойынша жаңа мәліметтермен толықты, 2009-2014 жылдар аралығында мұнай, конденсат, газ және жерасты сулары бойынша, Қазақстан Республикасы аумағында көмірсутек шикізаты, қатты және кең таралған пайдалы қазбалар бойынша мониторингтік карталар жаңартылды және қолданысқа енгізілді, 2013 жыл бойынша республикадағы минералды шикізат ресурстарын пайдаланылуы мен жағдайы туралы анықтама жасалды. «Геология және жер қойнауын қорғау» журналының төрт номері баспаға шығарылды.
Жер қойнауын пайдалану.
Пайдалы қазбаларды өндіру көлемі бойынша Қазақстан әлемде 10 орында, бірінші – уран бойынша, екінші – хром, 3-ші – галлий, 4-ші – ванадий және кадмий, бесінші – мышьяк және висмут, алтыншы – марганец, сегізінші – бокситтер және мырыш,көмір, он бірінші мыс бойынша, 12-ші күміс бойынша. Пайдалы қазбалардың дерлік 90%-ы экспорттқа шикізат және жартылай өнім ретінде шығарылады, 70 млрд.АҚШ доллары көлемінде.
2015 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қатты пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалану нысандарының жалпы саны (ҚПҚ)-432 (барлау-123, өндіру-191, барлау/өндіру-118), жерасты сулары (ЖС)-186 – (барлау-6, өндіру-170, барлау/өндіру-10).
Жер қойнауын пайдаланудың минералдық шикізат кешеніне 2012 жылдан 2014 жылға дейін аралығында салынған инвестициялар 3 531,2 млрд.теңгені құрады, соның ішінде: 2012 ж.-1 186,6 млрд. теңге, 2013ж.-1 123,7 млрд. теңге,
2014 ж.-1 220,9 млрд. теңге. Серпінге қарайтын болсақ алғашқыда кішкене құлдырау байқалады, бұл әлемдік дағдарыспен байланысты, 2014 жылы 2013 жылмен салыстырғанда өсім байқалады – жер қойнауын пайдалануға көбірек келісімшарттар жасалған.
Негiзгi проблемаларды талдау
Геология саласының басты проблемалары мыналар болып табылады:
1) Ғылыми-қолданбалы зерттеулер жүргізуде геологиялық инфрақұрылымның, заманауи зертханалық базаның, тас материалдарды сақтау қоймасының жоқтығы;
2) геологиялық барлау жұмыстарының бүкіл топтамасын жүргізуде саланың кәсіпорындарының техника және құрал-жабдықтар импортына толық тәуелділігі;
3) нарықтың сыртқы және ішкі конъюнктурасына тәуелділігі;
4) геологиялық барлау кешенінде ақпараттық технологияларды пайдаланудың жеткіліксіз деңгейі;
5) салада білікті мамандардың, сондай-ақ әйгілі кәсіби ассоциациялардың мүшесі болатын тәуелсіз сарапшылардың жетіспеушілігі;
6) геологиялық қорларға аудандардың жетіспеушілігі, бұл геологиялық мәліметтердің сақталуын қауіп астына қояды.
Жер қойнауын пайдаланудың өзекті мәлеселер тізіміне мыналар жатады:
- артта қалған техникалық база, ғылыми-зерттеу және тәжірибелі-конструкторлық жұмыстардың қысқартылуы, минералдық-шикізат кешенінің стратегиялық дамуын мемлекеттік басқарудың тиімді механизимдерінің болмауы;
- минералдық-шикізат, тау-кен қайта өңдеу және металлургиялық кешеннің ғылыми-техникалық және ұйымдастырушылық-құрылымдық потенциалының әлсіз ықпалы, сондай-ақ Қазақстанның минералдық-шикізат базасын зерттеу мен игеру процестерін реттейтін тиімді жүйенің жетіспеушілігі;
- шикізаттық кешендерді реттеуді қамтамасыз етуге және кешеннің дамуына жаңа серпінді қалыптастыруға барынша мүмкіндік бермейтін нормативті құқықтық базаның мүлтіксіз болмауы.
Достарыңызбен бөлісу: |